Увага! Всі конференції починаючи з 2014 року публікуються на новому сайті: conferences.neasmo.org.ua
Наукові конференції
 

ВОКАЛЬДІК ТЕХНИКА ЖӘНЕ ОНЫҢ ОРЫНДАЛУ ТАПСЫРМАСЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ

Автор: 
Аға оқытушы Умирзахова Нургуль Алпысбаевна (Шымкент, Қазақстан)

Вокальді-педагогикалық процесті И.П.Павловтың оқытуы негізінде кейбір сұрақтарды қарастырамыз.

Ән айту, организмдегі басқа да танымдық қызмет түрлері тәрізді ми арқылы басқарылады. Оның жұмысының маңызды механизмдері бұл рефлекторлық шартты механизмдердің байланысы және талдауыш механизмі. Тітіркенулер іс-әрекетінің қайталануы және бір сәттілігі байланысты қалыптастырудың шарты болып табылады, сондықтан есте сақтап қалу және айтуға үйрету ән айту кезіндегі қимыл-қозғалыс стреотипінің мәнерін қалыптастырумен байланысты.

Әртүрлі музыкалық орындаулар үнемі эмоционалдық күйде бейнеленген бірқатар үлгіде өтеді. Ән айту техникасын сөйлеу қимылының талдауындағы көптеген байланыстың қалыптасу, қандай да болмасын орындау тапсырмаларын іске асыру үшін туындайтын байланыс нәтижесі ретінде қарастыру қажет. «Кәсіп өнердің астарында болып табылады» афоризмі белгілі. Алайда, өнер жетілген кезде кәсіп жойылып, байқалмай кетеді. Тек образ, әсерленіп қамығу тікелей қабылданады, ал техника «орындаушылық кезінде еріп кетеді». Мысалы: Галина Уланова билеген сәтте, біз биде орын алған техника элементтерін байқамаймыз, тек пластикалық үлгіні іске асыру кезінде айқындалған образды, әсерленіп қамығуды көреміз. С.Рихтер ойнаған сәтте, біз ешбір техникалық элементтерді естімейміз, тек біз образды құрау арқылы жеткізіп отырған музыканы ғана қабылдаймыз. Ф.Шаляпиннің ән шырқауы туралы да дәл осыны айтуға болады. Егер біз көптеген әншілердің, жабық нотаның мөлшерінде жетік және дұрыс қойылған жалпы әдемі дауысына, пассаждың жарқырауына көңіл бөлсек, ал Шаляпинде біз Бориске қайғыру, Мефистофельдің кекесін мысқылын, қорқақ Фарлафтың ақымақтығын және мақтаншақтығын және т.б. естиміз. Мұндай актерлар жайында былай деп айтады: «Бұлар таланттылар ғой, оларда бәрі де өздігінен жеңіл жасалады, оларға бірнәрсеге оқудың да қажеті жоқ!».

Кімде кім ірі орындаушылардың өмірбаянымен таныс болса, олар орындаушылардың бала кезінен бастап, өмірлері күн сайынғы тер төгу және мақсатты бағытта жұмыс атқарумен толы болғанын біледі.

И.П.Павловтың физиологиялық оқытуында организмнің барлық реакциясына - детерминизм қағидасына қатысты себепті келісу қағидасы негіз болып табылады. «Сіздердің жеке ойларыңыз немесе үнсіз сөздеріңіз сым арқылы нерв талшықтары бойынша жүгіріп қоздырады, ал қоздыру орталық нерв жүйесіне шабады, ол жерден белгілі байланыстардың көмегімен, өз кезегінде осы органдағы клеткалардың арнайы процесіне орналаса отырып, өзге сымдар арқылы жұмыс органына келеді. Сонымен, осы немесе өзге агент себепті әсер ретінде организмнің осы немесе өзге қызметімен байланысады» (И.Павлов, IV том, 22 бет). Біздің жағдайда музыкалық образдар - себеп, ал оны техникалық іске асыру - әсер. Олар рефлекторлық байланыста болуы тиіс. Осылайша, тап осы дыбыстық образдар дыбысты іске асыру үшін орындаушыға әдістерді, техникалық құралдарды баяндап отыруы тиіс, сонда ғана оның барлық техникасы белгілі музыкалы-орындаушылық тапсырмаларын айқындау ретінде құрастырылатын болады. Орындалуы тиіс шығарма, яғни орындаушы оны дыбыспен іске асыру үшін, оның қандай құралдарды қолдану қажеттілігін іштей елестету ұғымын тудырады. Орындаушылық әдістерді іріктеу, дауыстық аппарат пен іс-қимылды нақтылаудың тиісті байланыстарын дамыту жолымен жүреді. Іске асырудың тиісті құралдарын іріктеп таңдау процесінде, талдауыш жүйелеріне үлкен рөл атқару жүктеледі - қол жеткізген дыбыстың сапасы туралы баяндап отыратын, есту, көру, резонаторлық және қимыл-қозғалыс. Бірақ, егер орындаушыға қажетті дыбыс нәтижесіне қол жеткізу мүмкін болса және шығарма ойдағыдай шықса, онда іріктеу және нақтылау процесі осымен аяқталмайды. Орындау процесі кезінде, жұртшылықтың қабылдауына, залдың акустикасына және басқа да орын алуы мүмкін сәттерге қатысты баяндалатын, әншінің, орындаушылық тапсырмасына өзінің түзетулерін енгізетін жаңа талаптар пайда болады. Сонымен бірге, уақыт өте шығарма «тозығы жеткен соң», оның мазмұны қайта қаралып, шексіз өзгерістерді және айқындалған құралдарды нақтылауды талап етеді. Сондықтан шебер өзінің техникасын әркезде өңдей отырып, үнемі оқу үстінде болады. Ол әрқашан орындаудың жаңа мүмкіншіліктерін іздеп жүреді.

О.П.Тарская «Менің вокальді-педагогикалық қағидаларым» атты мақаласында былай деп жазады: «ән айту процесі - жиынтықты, күрделі және бір жағынан жабық деңгейдегі құбылыс. Осы процеске тереңдеп бойлау, оны оқып зерделеу, әсіресе жетекшілік жасау - ерекше қиын тапсырма» (137 бет, Вокальдік педагогика сұрақтары В.Л.Чаплиннің 4-шығарылымы).

Қазіргі таңда ғылым ән айту қызметін бүтін автоматты процесс ретінде анықтайды, оның барлық бөлігі бірін бірі өзара алдын ала айқындайды және шартпен ескертеді. Ән айтуды үйренуді табиғи автоматизмді жасырып, жиынтық түрде және жеке бастау қажет. Тыныс алу әрі резонаторлар ретінде қамтамасыз етілетін жұтқыншақ дыбыс операторы болып табылады. Есту қабілеті тек бақылаушы емес, сондай-ақ ән шырқау дауысын жаратушы. Оқушы сыртқы есту қабілетімен шырқалатыны, ал ішкі есту қабілетімен қалай шырқау қажеттілігін бірмезгілде тыңдауы тиіс. Қазіргі таңдағы ғылыми деректер ән айту дыбысының туу бойынша мидың (Юссон) басқарушы рөлін анықтауда. Ән айту дыбысы қайту нервісімен мидан өтетін импульстар арқылы шақыртылған дауыс бұлшық еттерінің қысқаруымен қалыптасады. Қанша күш болса, сонша діріл /вибрация/ болады. Сонан соң түйіннің шетінен бастап түбіне қарай айқасып өткен, екі бастап жіберу түрінде дауыс бұлшық еттерінің құрылысын гистологиялық ашылулар (Гертлер), тек тарту түйінінің өзіндік жұмысын ғана емес, сондай-ақ дауыс саңылауының барлық конфигурациясын өзгертетін дауыс бұлшық еттерінің бұрылуын да айқындады. Дыбыс күші дыбыстың жеңілдігіне және аппараттың иілгіштігіне қарай құрастырылады. Әр дыбыста келесі кезектегі дыбыс потенциалды түрде сезілетін болса, сол кезде дауыс бос шығады, немесе ән айту - дыбыс жолағын қосу, байланыстыру. Жаттығуларды таныс өлеңдерден, әуендерден, ариялардан өз бетінше жеке таңдау, сондай-ақ бірте-бірте күрделенген пьесалардың репертуарларын және вокализдарын қолдану қажет. Бос дауыс дыбыс үлгісі бойынша құрастырылған. Дыбыс «жиектелген» тыныштық тәрізді жеткізіледі. Ол баурап алады, сергітеді және шыңдайды. Ол - өмір сүрудің өзі.

Бұл музыкантшы шебердің дыбысы. Н.М.Малышев «Вокальдік педагогика үшін К.С.Станиславский қағидаларының маңызы» деген еңбекте (Вокальдік педагогика сұрақтары В.Л.Чаплиннің 4-шығарылымы) былай деп жазады: «К.Станиславскийдің «Жүйесі» - бұл актерлық елестету қабілетін дамыту бағыты, оның көмегімен әртіс өзінің «мен» деген сахналық образын орнықтырады. «Жүйенің» элементтері: «объект», «шеңбер», «дөң», «сұхбаттасу», «сезім логикасы», «рөлдің өрлеу сатысы», «аралық іс-қимыл» және т.б. - актерлық елестету қабілетінің саласын қызықтыратын және кеңейтетін сол «үнтақтаулар», сол магниттер болып табылады. Станиславсикйдің «егер де» деген атақты сиқыры актерлық елестету қабілетін толықтырып байытуға бағыт болып табылады. Актер елестету қабілетінің көмегімен «алдын ала болжалынған жағдайларда» «шынайы құмарлығын» іске асыра алады (драмалық іс-қимыл туралы Пушкиннің белгілі формуласына сәйкес).

Әншілер Станиславскийдің «Актердің өз-өзіне жұмыс істеуі» еңбегімен («Өнер» Мәскеу, 1986 ж.) осы сала бойынша қарапайым түрде танысуы студенттерге, олардың тек сахналық тәжірибеде ғана емес, сондай-ақ оған шығармашылық көзқарас елесінің жанды әлементтерін енгізе отырып, дауысты орнату жұмысының процесінде де көмек беруі мүмкін.

Кәсіби әншіге кәсіби дауысты, музыкалылық, әртістік қабілетті меңгеру қажет. Осы үш қабілеттің бірігіп үйлесуі өте сирек кездеседі. Вокальдік тәжірибе әр педагог әншілерді өзінің жеке өңдеген тәсілдері арқылы үйрететіні айқындалды. Ұстаздың тәсілі - бұл педагогтың жан дүниесінің қалыптасуынан қалқып шыққан ішкі тәжірибесінің қорытпасы. Вокалист-педагогтардың тапсырмасы «Бірыңғай тәсілді» өңдеу емес, бірыңғай қағидалармен әншілерді тәрбиелеу, вокальдік «идеалды» бірыңгай түсіну тапсырмаларын өңдеу болып табылады. Дыбыстың толық естілуі - бұл дауыс бостығының тығыздығына тең түрі («шапшаңдық», «жинақтылық», «металдық»).

Дауысты жетектеу туралы

Вокалист legato, staccato, martelatto, marcato әдістерін меңгеруі

тиіс.

Legato ән айту кезінде вокальдік буындардың бірігуін және дыбыстық ағынның үздіксіздігін талап етеді.

Staccato ән айту кезіндегі әр вокальдік дыбыстағы қысқа, үзінді дыбыс.

Martelatto ән айту кезіндегі үзінді, бірақ staccato ән айту кезіндегіге қарағанда дыбысталуы айтарлықтай ұзынырақ.

Marcato ән айту кезінде әр дыбысқа legato, staccato ән айту кезіндегі тәрізді тікелей көңіл бөлу.

Сонымен бірге кантиленаны және түрлі үлгідегі речитативті меңгеруі тиіс.

Кантилена - бұл вокалдың поэзиясы. Оның дыбысталуы созылмалы және серпінді ресімделуі қажет. Речитатив - сөйлеу екпінімен ән айту («құрғақ» речитативтен бастап (secco)

мелодиялыққа дейін). Операда бұл эмоционалдық мазмұнның

ауысуларын, оның әлсіреуін және қоюланған сәтін жеңіл

байқауға болады.

Опералық ария - қандай да болмасын батырдың құмарлығына немесе сезіміне барлық күшті бейнелеу арқылы үйлестіре отырып, үнемі сюжеттің дамуын тоқтатады.

Речитатив сюжетке оның бастапқы іс-қимылын қайтарады.

К.Станиславский: «Қалай үздіксіз жол құрылады, сол сәттен бастап өнер басталады» деп айтты. «Ән айту» деген сөздің өзі дыбыстың үздіксіз шығуы, әуеннің төгіліп тұрғаны туралы ұғымды елестетуді білдіреді.

Леонар до Винчи өзінің шәкірттеріне көлеңкелі сәуле көркем сурет туындысы туралы былай деді: «Байқаңыздар, бояулар бір бірінен сызбасыз және контурсыз, түтін ретінде ауысады...». Мұны образды түрде вокальдік сөйлемде әншілердің дауыстыларын қатарластыруға жатқызуға болады. Ән айтуда дауыстылар сөзбен органикалық түрде сәйкестендіріліп жетілген. К.Станиславский: «Музыка - «қалай» деген сөз, яғни музыка батырдың «қалауын» түпнұсқада ішкі жай-күйін айқындайды» деп айтқан еді. Сөз, оның қалай іс-қимыл жасайтынын, бұл іс-қимылдар «алдын ала болжалынған жағдайларда» қалай өтетінін анықтайды. Сөз - бұл вокальдік шығарманың «бағдарламасы» тәрізді. Оның мәтіндік ой-пікірі музыка элементтерімен бейнеленеді: әуенмен, үйлесіммен, ритммен, метрмен, қарқынмен. Олардың барлығы сөздің осы немесе өзге эмоционалдық бояуын суреттейді. Композиторлар түрлі вокальдік әдістерді қаншалықты бай және жан жақты қолдануын және олардың мәтіндері қандай екенін, біз келесі мысалдардан байқауымызға болады: Глинка («Руслан» және «Людмила») Рондо Фарлафта staccato- ға белгіленген сөйлемдер түсірілуі тиіс деп тұжырымдайды. Драмалық түрде бұл былай «ақталады»: Наина Фарлафқа әйелдікке Людмиланы беруді уәде еткен соң, Фарлаф қуаныш келуін бастан өткереді. Ол ән айту кезінде: «Княжинаны меншікке алу ойы кезінде» деген сөздермен бақыттан басы айналып, тіпті тынысы тарылады. Ойда жоқта ол кантиленамен ән айтуға ауысып кетеді: «жүрек қуанышты сезеді» - деп тамсанудан үні шықпай қалғандай болады. Әрі қарай ол staccato ән айтады: «және алдын ала сүйсіндіреді» - деп тағы да бұрынғы legato мәтінінде ән айтады: «махаббат пен кек тәттілігі».

Көркемдеп ән айту қиындығы, яғни әнші музыкалы-вокальді-сөйлеу образын іске асыру үшін ол бірмезгілде бірнеше тапсырмаларды орындау шартымен тұжырымдалуы басты міндет болып табылады.

Ф.Шаляпин өзінің «Маска және жан» атты кітабында «Нағыз әртіс, сахнада жұмыс жүргізе отырып, ол бірден екі тұлғаны бірге алып жүруі тиіс - бірі іс-ірекеттегі, басқасы өзінің іс-әрекетін бақылаушы. Ол бір мезгілде әнші де режиссер де» деп жазды.

Мысалы, романс орындау қысқа уақыт аралығына созылады, әртіс осы уақыт аралығында адам өміріне тән қайғы-қайсіретті сан алуан үлгіде көрсете білуі тиіс. Романс алдын ала сюжеттік ешбір дамусыз тыңдаушының алдында туындайды. Сондай-ақ, романстың дамуы және кульманициясы бар құрастырылуы белгілі және жіңішке үлгісі болады. Ол әнді тыңдаушының жадында және жүрегінде қиылып мәңгілікке сақталып қалатындай айтуы қажет. Романсты орындау әншіден жоғары әртістік, жоғары вокальді техникалық қабілетті, музыкалық үлгіні өткір қабылдауды және іске асыруды талап етеді.

О.Далецкий «Халық әндерін сараптау негізінде әдістемелік материалдың вокальділігін бағалау» еңбегінде (Вокальді педагогика сұрақтары. Л.Б.Дмитриевтің 5-шығарылымы, 231 бет), - бұл жұмыстың кейбір қағидаларын анықтау міндет, оның көмегімен музыкалық шығарманың, ән айту жаттығуларының, әуен аралықтарының вокальдік деңгейін анықтауға болады- деп жазады.

Вокальдік қағидаларды білу әсіресе композиторларға өте қажет. Әнші-композитор жалпы өлеңнің оңтайлы шегін диапазонын өзіне нақты елестетуге міндетті. Тәжірибе кезінде көптеген композиторлар болашақ орындаушылардың дауыс дәрежесін ескермейді, бұл олардың шығармаларының әуендік қиылысулары, орындау аралығының күрделі болуы, төмен немесе өте жоғары ноталардың жөнсіз тұйықталып үйлесуіне ықпал етеді. Фольклорлық әндер дауыс қасиеттерінің сипатына жауап береді және ән айтуда өте ыңғайлы, бұлар бұрынғы өткен әнші ұрпақтармен сүзектен өткен.

Халық әні құрамында көпеген вокальдік ыңғайлылықтар бар: орта шек диапазон (октава), ал өз кезегінде, орнықпаған әнші дауыстары үшін ыңғайлы әншілік шек диапазон.

Халық әндерінің диапазонын анықтау үшін біз түрлі ұлттардың және түрлі кезеңдердің фольклорлық жинақтарын қарастырдық: Львов-Причтің, М.Балакиревтің, Н.Римский-Корсаковтың, Н.Лопатиннің, В.Прокуниннің, Е.Линеваның, А. Ладовтың және т.б. классикалық фольклорлық еңбектері.

Халық әндерінің диапазондарын салыстырған қызықты: татар (нона-децима), орыс (октава-нона) лирикалық ақырын, қазіргі таңдағы орыс (октава-нона), дон казактары және украин (октава); якут (кварта-квинта), мордова (секста), орыс (секста), ежелгі-күнтізбелі орыс, украин, беларус (кварта, терция, секунда) әндерінде ең жіңішке диапазон.

Қазақ және орыс лирикалық ақырын өлеңдері халықтың ән шығармашылығының музыкалық биік белесі болып саналады. Орыс, қазақ жеке дауысты ер азаматтардың әндерінің диапазоны жарты октаваға жетеді.

Халық әндерінің сараптамасы авторлық шығарманың вокальді-техникалық қиындығына нақты баға беруге әсер етеді. Педагогикалық материал неғұрлым халық әндерінің вокальдік қағидаларына сәйкес болса, ол соғұрлым бастапқы үйрену кезеңі - әншінің қалыптасуы бойынша жауапты кезеңі үшін бағалы.

Вокальділік - музыкалық-естуде тарихи-ұлттық құбылыс қатынасы. Есту қабілетін тәрбиелеу түрлі ұлт кезеңдерге қатысты музыкалық аумақмен айқындалады. Халық әндерінің өзінің ұлттық ырғағы, музыкалық әдемілігі, орындау мәнері бар, сондықтан әртүрлі ұлт әншілерлі үшін осы және тек осы ғана фольклорлық әуеннің вокальдік жағы әртүрлі болады. Орындаушы тәрбиеленген халық әні ол үшін әдетте вокальдік жағынан ыңғайлы үлгі болып табылады. Сондықтан, студенттердің репертуарына әртүрлі халықтардың әндерін, сондай-ақ музыканың жаңа қол соғу /ладово/ - дауыс ырғақты-үйлесімдік құралдарымен танысу үшін қазіргі таңдағы композиторлардың музыкалық шығармаларын енгізген мақсатты болады.

Әдебиеттер

  1. Дмитриев Л.Б. «Вокальді әдістеме негіздері» - М., 1963 ж.

  2. Чаплин В.Л. «Вокальді педагогика мәселелері» - М: Музыка, 1969 ж. - 4 шығарылым.

  3. Дмитриев Л.Б . «Вокальді педагогика мәселелері» - М: Музыка, 1969 ж. - 5 шығарылым.

  4. Станиславский К. С. «Актердің өзіндік Жұмысы» - М: Өнер, 1985ж.

  5. Шаляпин Ф.И. «Бетперде және адам жаны» - Алматы: Өнер, 1983 ж.