Автор:
Гүлназ Тасжарғанова (Қызылода, Қазақстан)
Әлемдік өркениеттің маңызды қозғаушы күші атом энергетикасы болып отыр. Олай дейтін себебіміз, адамзаттың XXI ғасырдағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде және энергетикалық сұраныстарын қанағаттандыруда ядролық қуат көздері айтарлықтай үлес қосуда. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай көмірсутегімен салыстырғанда атом энергетикасының үлкен экономикалық тиімділігі шешуші рөл атқармақ. Сондықтан, Қазақстан энергетикасы да осы жолға бет бұра бастады. Қазақстанның атом энергетикасын дамытуға мүмкіншілігі жетеді. Оның ең басты дәлелі ретінде елімізде әлемдік барланған уран қорының 19 пайызының шоғырланғанын айтуға болады.
Қазақстан соңғы жылдары уран өндіруден алдыңғы қатарлы елдердің өзін басып озуда. Өйткені, Қазақстанның дамыған уран өндіретін және қайта өңдейтін өз өнеркәсібі дамып келеді. «Қазатомөнеркәсіп» холдингі жүзеге асыратын толық ядролық-отын циклына ие компания құру жөніндегі стратегия отандық атом энергетикасын елімізде өндірілген отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл электр энергиясына барынша төменгі тарифтер белгілеуге септігін тигізуде десек те уран өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін әсері жөнінде ойланғанымыз жөн.
Уран кен орындарын игеру барысында топырақ, су және атмосфера әртүрлі химиялық заттармен ластанады. Қоршаған ортаны қорғау мәселесі өте өткір болып отыр. Қазіргі кезеңде экологиялық-аналитикалық бақылау немесе кешенді зерттеулер жүргізілмейді. Қоршаған ортаның уран өндіру барысында ластану мәселесі күрделі экологиялық өзгерістерге әкелетіні белгілі. Сондықтан қоршаған ортаға өндірістің түрлерінен болатын әсерге баға беру арқылы зиянды әсерді анықтап, зерттеу арқылы жағымсыз экологиялық ахуалдың алдын алуға болады.
Қазақстан территориясының техногенді қызмет әсерінен радиоактивті ластануы уран өндіру кен орындарымен, ядролық зерттеу және энергетикалық құрылғылар, полиметалдық, мұнай және газ кен орындарындағы өндіру және өңдеу жұмыстарымен байланысты. Бұл жұмыстар уран радий және торий қатарының элементтерінің әсерінен радиоактивтіліктің жоғары болуымен сипатталады.[1,б 76]
Біздің еліміз қазір дүние жүзінде уран өндірісінен алдыңғы қатарда келеді. Бұл бағалы байлықтың жер астында мол қоры бар екендігін ескерсек, алдағы уақыттарда бірінші орынға шығуға мүмкіншілігіміз бар. Сондықтан да, уранды өндіретін жаңа кен орындар ашылып жатыр. Осындай кен орындарының бірі Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы №6 кен басқармасын айтуға болады.
Шиелі ауданының жұртшылығын және осы маңдағы өзге де тұрғындарды уран өндірісінің пайдасымен бірге қоршаған ортаға тигізер әсері, тіршілік иелеріне деген ықпалы аландататыны рас.
Біз қарастырып отырған географиялық аумақтағы ауа ластану деңгейінің метрологиялық факторлармен өзара сәйкес келуін, ауа ластануының потенциалы деп атайды.[2,б107]
Ауаның ластану потенциалының жоғарылауын анықтаудың, негізгі факторы аталған аумақта аз мөлшердегі жауын-шашынның (130-150мм/жыл) әсерінен аптап ыстықтарда өздігінен шаңдану процесі болып табылады.
Жауын болмаған, өте қатты шаңданған ауада көп уақыт бойына қоспалардың жоғарғы концентрациясы болуы мүмкін. Сонымен қатар қарастырып отырған аумағымыздағы күн сәулесінің радиациясының күшейтілуі ластанған ауада фотохимиялық реакциялардың орын алуына жағдай жасауы мүмкін. Осы процестің салдарынан аса улы заттар пайда болуы мүмкін.[3, б 97]
«Казгидромед» РММ-нің 21.03.2008 жылғы №01-10/408 санды хатына сәйкес Шиелі кенті бойынша анықталғаны: шаң – 0,23 мг/м3, азот диоксиді – 0,04 мг/м3, күкірт диоксиді – 0,03 мг/м3, көмірқышқыл диоксиді – 1,0 мг/м3 .
Ауданның гидрогеографиялық жүйесі Сырдария өзені және көптеген каналдармен сипатталады. Сырдария өзенінің топырақты судың теңескен режимінің қалыптасуына әсер етуі жағалау тереңдігінен 2-5 км дейін таралады. Оаған қоса арнадан өзеннің ығысуымен алыс бақылау нүктелері үшін 1,5 айға дейінгі максиммумның кешігуі, алыс скважиналар үшін 2,2 м-ден 0,5 м-ге дейін топырақты су тербелісінің жылдық амплитудасының уақытша азайтылуы бақыланады.
Сырдария өзенінің оң жағалауындағы үстіңгі сулар бойынша радионуклиндердің орналасуы Бк/кг
Кестеде көрсетілген мәліметтер радионуклидтер және салыстырмалы альфа және бета-активтілерінің максимальды мәнін көрсетіп отыр. Бұл көрсеткіштер жақын жерде орналасқан топырақты су жағдайына жақын орналасқан су көзіне қатысты болып келеді. Салыстырмалы альфа және бета-активтілігі араласқан теңдіктер көп жағдайда шектен шыққан болып жатады, бірақ уран, негізгі мөлшерді реттеуші радионуклиндерге қатысты ол өз қалпында болады, сондықтан беткі және топырақты сулар зерттеп отырған аумағымызда радиокативті деп айтуға келмейді.
«Казгидромет» РКК берген мәлеметтеріне сүйеніп Сырдария өзені бойынша талдау жүргізетін болсақ, онда өзеннің жағдайы төменгі және жоғарғы сағалары бойынша ластанған болып табылады.
Сырдария өзені суының сапалық жағдайы
Кестеден көретініміз су ластаушы негізгі ингридиенттер, яғни медь, темір, магний суда бірдей деңгейде бар, Сондықтан кен орнындағы су Сырдария өзеніне әсер етпейді деп есептеуге болады.
Қарастырып отырған ауданымызда жер асты сулары 100 метрден аса қуаттылықпен өзара бөлінген. Су ағынының арасында аз қуатты ағынды сулар кездеседі.
Ауданның жер асты сулары жоғары минералды және химиялық құрылымды болып келеді, Далалық минералдау бойынша олар құмды және минералды болып бөлінеді.
Сырдария өзенінің аумағында су тұтқыш көк жиектер мен кешендер көп кездеседі.
Кешеннің тиімді қуаттылығының қосындысы 100-150 метрді құрайды. Жоғарғы су тұқышты саз балшық құрайды. Сапалық құрамы бойынша жер асты сулары ауыз суға қойылатын нормативтік талаптарға толығымен сәйкес келеді. Су қорегі атмосфералық жауын-шашынның, тау жылғаларының еруінің әсерінен болады.
Қаратау тауынан бірінші метрден Сырдария өзенінің алқабындағы 100-120 метрге дейін жер асты сулары тербеледі. Жер асты сулары сульфат, натрий және гидрокарбонатты құрамға ие.
Жер асты суларында улы элементтер өте аз кездеседі. Су тұтқыш кешеннің қоректенуі негізінен тізгінді сулардың әсерінен жүреді. Аудандағы су қақпа (Шиелі кентінде орналасқан) 3.2 - кестесінде көрсетілгендер бойынша сипатталады.
Халықтың әлеуметтік-демографиялық және денсаулық жағдайына келетін болсақ, экологиялық орталықтың жасаған медициналық статистикалық талдау нәтижесі бойынша кен орнындағы орташа жұмыс кезеңінде халықтың өмір сүру ұзақтығы оң тенденция бергендігі анықталған. Дегенмен, кен орнының әсері бірден байқалмауы мүмкін, жыл сайын медициналық тексеру жүргізіп отырған дұрыс. Халықтың әлеуметтік – демографиялық жағдайын қадағалау мақсатында төмендегідей іс-шаралар ұйымдастыруда.
-
әкімшілік органдар арқылы аудан халқын қоршаған ортаның жағдайы туралы, көптеген ластану көздері сонымен қатар осы құбылыстардың алдын алу туралы хабарландырып тұру;
-
өнеркәсіпке жақын жерде жұмыс жасайтын жұмысшыларға, фермерлерге радиацияның қоршаған ортаға әсерін түсіндіру.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Досманбетов Б., Маханов Т., Төлеутаев Қ. Арал аймағы: медициналық,
әлеуметтік-демографиялық сипаттама. Қызылорда.Нұр-Сәулет, 1998.
2. В.М.Боровский, А.И.Волков, А.М.Нургизаринов Қызылорда облысының
табиғи-климат жағдайы. Алматы, «Қайнар», 1998
3. А.В.Hуднев Радиационная экология М. Изд-во МГУ 1990