Увага! Всі конференції починаючи з 2014 року публікуються на новому сайті: conferences.neasmo.org.ua
Наукові конференції
 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ ҚОЛДАУ

Автор: 
Мейрамбек Абильдаев (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің негізгі бағыттарының бірі –жоғарғы техникалық және технологиялық деңгейді сақтай отырып, кәсіпорындар мен импорттар ауысуына қолдау көрсету болып табылады.

Әлемдік тәжірибе талдауы –экономикадағы мемлекеттік инвестициялық процестерге қолдау көрсету құрылымдық қайта құрулар шарттарын шешуін қарастыратын, экономикалық өсуде тұрақты қарқынды ұстап тұратын және нақты жетістіктер әкелетінін анықтады.

Қазақстандағы инвестицияны ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздері Қазақстан Республикасының «инвесторлар жөніндегі» (2003 жылдың 8 қаңтар) Заңында анықталған [1]. Заң инвесторлар құқығын қорғауды кепілдендіреді және инвестицияны мемлекеттік қолдау шараларын анықтайды.

Инвестицияны мемлекеттік қолдау экономиканың дамуы үшін және іс -әрекет етуші кәсіпорындардың жаңаруы,кеңеюі мен жаңа кәсіпорындар құру, соңғы жетілдірілген технологияларды тартуды қолайлы инвестициялық климат орнату мақсатында жүзеге асырылады. Инвестицияны мемлекеттік қолдау келесі шарттар түрінде орындалады:

-Инвестициялық салықтық артықшылықтар;

-Кеден салықтарынан босату;

-Мемлекеттік кепілдіктер.

Өңдеуші кәсіпорындардың дамуы үшін инвестицияға сұранысы бар,тауарлар экспорттайтын салаларға бағытталуы керек,оларға бюджеттік қаржыландыру түрінде көмек көрсету, салықтық қысымды азайту;мемлекеттік тапсырысты ұлғайту, протекционистік саясат түрінде көмек көрсету керек.Халықтың өмірлік игіліктері деңгейін қалпына келтіру бойынша және олардың отандық өнімдерге деген төлем қабілеті бар сұранысын қалпына келтіру бойынша іс –шараларды жедел қабылдау қажет.Бұл кәсіпорындарға мультипликативті әсер беріп, жаңа инвестициялар іздеуге жол ашады. Халық игілігін көтеру және экономикалық өсу үшін кәсіпорындардың өздерінің қаржыларының және халықтардың өздерінің қорларын инвестициялық қорлар және басқа да институтционалды инвесторлар отандық капитал рыногының дамуына өз әсерлерін тигізіп отыруы қажет. Басқада ТМД елдерімен салыстырғанда ҚР инвестициясы тартымдылығы бойынша жоғары несиелік рейтингті иеленеді. Батыс сарапшыларының пікірінше, Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығы саяси дамуының тұрақтылығының ерекшелігіне байланысты деп көрсетеді. Салықтық тәртіптің тұрақтылығы, қоғамның демократиялануы, рыногтік реформаларының жалғасуы қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ел экономикасы үшін маңызды және тиімді жобаларға, сонымен бірге жеке кәсіпкерліктің негізі болатын инфрақұрылымдық обектілерді құруға мемлекеттің тікелей қатысуы қажет. Сонымен бірге инвестицияны мемлекеттік қолдауды жетілдіру үшін мынадай шараларды жүзеге асыру қажет, олар инвестициялық қызметті заңдық қамсыздандыру, жеңілдіктер мен префенциялар жүйесін құру, елді инвесторлар алдында көрсететін бірегей мемлекеттік органның болуы және т.б.

Республикада қолайлы инвестициялық ахуал жасау және инвестицияларды тарту саясатын жалғастыру үшін, мемлекет қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңартуға инвестицияларды жүзеге асыратын инвесторларды ынталандыру шараларын қолдануда [2].Қазақстан және дүние жүзінің басқа елдеріндегі салаларды дамыту беталысын талдау негізінде, бәсекеге қабілетті салалар мен кластерлерді құру мақсатындағы инвестициялаудың басымды бағыттары анықталды.

Инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларына Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитетімен келісім –шарт жасасу арқылы инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде инвесторларға берілетін инвестициялық преференциялар жатады.

Заңға сәйкес комитетпен келісім –шарт жасау жолымен мынандай инвестициялық преференциялар берілді;

1.Инвестициялық салық преференциялары;

2.Кеден бажын салудан босату;

3.Мемлекеттік заттық гранттар.

Инвестициялық салық преференциялары тіркелген активтерге инвестициялардың көлеміне байланысты мерзімге беріледі.

Инвестициялық салық преференциялары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысына сәйкес тіркелген активтерге инвестициялардың көлеміне байланысты анықталаын мерзімге беріледі. Инвестициялық салық преференцияларын қолдана бастаудың күні Қазақстан Республикасының салық кодексіне сәйкес контрактіде белгіленеді.Преференциялардың қолданыс мерзімі өткеннен кейін инвесторлар салықты Қазақстан Республикасының заңдылығында белгіленген тәртіпте төлейді [1].

Инвестициялық преференциялар берудің негізгі шарты –қызметтің басым түрлеріне инвестицияларды жүзеге асыру болып табылады. Қызметтің басым түрлерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылы бекітілген және оған ауыл шаруашылығы,ұқсату өнеркәсібі (тағам өндіру өндірісі, тоқыма өнеркәсібі, ағаш өңдеу, целлюлоза –қағаз өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, пластмасса және резина бұйымдарының өндрісі,металл емес минералдық өнімдер өндірісі, дайын металл бұйымдарының өндірісі,машиналар мен жабдықтар өндірісі, электр жабдықтар өндірісі),көлік,электро –энергиялық газ бен судың өндірісі және оны тарату,туризм, жылжымайтын мүлікпен операциялар (жалға беретін тұрғын үй)сияқты салалардағы 246 қызмет түрі енеді.

Инвестициялық қорларды тиімді пайдалану үшін төмендегі талаптарды сақтаған орынды:

-Республикадан заңсыз жолмен валютаны сыртқа шығаруға жол бермей валюталық бақылау жүйесін жетілдіру;

-Шетел капиталын елімізге тартуға мемлекеттік кепілдеме беруді шектеу;

-Экономикалық өсу тұрақты болуы үшін оны отандық инвестициямен жарақтандырып,халықтың төлем төлеу қабілетін жоғарлату.

Осыған байланысты еліміздің алдында тұрған басты міндеттер [3].

-инвестициялық белсенділікті көтеру ішкі рыноктың тұрақты дамуын қамтамасыз ету;

-экспорттық потенциалды көтеріп, шетелден тасмалданатын тауарды елімізде өндіру.Ал, оның басты бағыттарына төмендегі мақсаттар жатады:

-инвестицияны өндірістік салаларға молырақ бөлу;

-ауыл шаруашылығында жерді тиімді пайдалана білу.Оны жеке меншікке біржолата сатып жібермей, жалға беру, түсетін жалдау төлемінің есебінен бюджетті толықтырып отыру;

-шетелдіктерге жерді пайдалануға шек қою;

-өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық тауарларына баға қоюдағы арақатынасты реттеп, олардың арасындағы алшақтықты болдырмау;

-отандық тауарлар есебінен ішкі рыноктың дамуына жағдай жасау.

-шетелдік инвесторларға мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеу.

Инвестицияның жоғарға қарқынмен дамуының, жақсы экономикалық көрсеткіштердің халықтың әл –ауқатына тікелей әсері мол. Бұған дәлелді инвестициямен жан –жақты қамтылған батыс аймақтардан көптеп келтіруге болады.

Сонымен қатар мұнай –газ, металургия және басқа да шикізат көздері инвесторларға былай да тартымды екенін ескере отырып, әлеуметтік саланы,инфрақұрылымды дамытуға бағытталған инвестицияларды тартуды қолға алу керек.Бұл мәселеде, яғни экономиканың әлеуметтік бағыттылығын күшейтуде мемлекеттің рөлі ерекше.

Әлеуметтік жобалар тез қайтарымды және де табысты жобаларға жатпайды.Сондықтанда бұл саладағы жобаларды мемлекеттік кепілдік беру арқылы,бюджеттен қаржы бөлу арқылы жүзеге асыру қажет.

Әлеуметтік жобаларды қаржыландырудың бір түрі –ол мемлекеттік несиелендіру. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергілікті атқару органдары тек қана аймақтық инвестициялық жоспарлар бойынша тікелей қарыз алуға мүмкіншіліктері бар. Осы жоспарларға жергілікті атқарушы органдарының қарыз алу негізінде қаржыландыруды көздейтін жобалар қамтылады. Бұл қарыздарға жеогілікті бюджет кепілдік береді.

Сонымен қатар шетел инвестициясын әлеуметтік салаға тартудың тағы да бір тиімді әрі озық әдістеріне муниципалдық құнды қағаздар шығару жатады. Инвесторлар үшін көптеген корпаративтік құнды қағаздардың тиімсіздігін ескере отырып, мемлекеттік құнды қағаздардың Қазақстан құнды қағаздар нарығында инвестициялық белсенділікті арттыратын негізгі тетік екенін атап өткен жөн.

Инвестицияны әлеуметтік салаға тартудың жоғарыда көрсетілген бағыттарынан басқада тетіктеріне кепілдік қоры, ипотекалық несиелендіру және де инвестицияның тұрақты, уақыт талабына сай заңдық негіздерін құру жатады. Сонымен, инвестициялық процесті пайда тауып, жоғары әлеуметтік тиімділікке жеткізетін процес ретінде қарастыру керек.Инвестициялық іс -әрекетті талдауды оның тиімділігіне экономикалық факторлардан кем әсер етпейтін әлеуметтік факторларды есептемей жасау мүмкін емес.

Шетел инвесторларының басқосуының негізгі міндеттерінің қатарына –ҚР Үкіметі мен біздің елімізде жұмыс жасайтын шетел инвесторлары арасында тікелей байланысты қамтамасыз ету, инвестициялық қызметтерге байланысты мәселелерді шапшаң түрде шешу, инвестициялық ахуалды жақсарту, еліміздің экономикасының әлемдік экономикалық үдерістерге одан әрі ықпалдасуы туралы істері енеді. [4].

Бұл кеңестің құрамына Қазақстан жағынан Премьер –Министр,Ұлттық банк төрағасы,Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Президенттіңкөмекшісі, Премьер –Министрдің орынбасары,Сыртқы істер, Индустрия және сауда,Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлері,қос министрліктің инвестициялар жөніндегі комитеттерінің төрағалары кіріп отыр.Ал,кеңес құрамына кіретін шетелдіктерді 21 компания мен ұйым құрайды. Бұлардың қатарына Лукойл, Бриджи групп, Эни, Тоталь, Шеврон, Тексако, Арселор Миталл, Еуропа қайта құру және даму банкі, Дойче банк, АБМ Амро банк, НВ сияқты тарнсұлттық және халықаралық қаржы институттары кіреді. Демек, мемлекеттік қолдау жасаудың маңыздылығы сонда –шетел инвесторларын тиімді салаға тартуда шетел компанияларымен келісім шарт –шарт жасасу.

Ал, жергілікті жерлердегі қолдауға келетін болсақ,Қызылорда облысы бойынша Араб әмірлігінің Кувейттік даму қорынан қарыз есебінен жүргізіліп жатқан (КФАЭР) «Арал қаласын сумен жабдықтау»жобасы бойынша су құбырларының магистральді және тарту желілерінің,сервистік линияларының, су есептегіштерін орнатумен қоса үйлерді қосу линияларының құрылысы жүргізілуде. Германия гранты есебінен жүргізіліп жатқан«Қазалы қаласын сумен жабдықтау»жобасы бойынша бас мердігер болып Gelsenwasser/poshs&parthers/Dywidag консорциумы айқындалды.

Дүниежүзілік банк есебінен жүргізіліп жатқан«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасы бойынша және «Арал теңізінің солтүстік Плотинасы және Ақлақ су кешені», «Қызылорда су кешендерін қайта жаңғырту» компаненттері бойынша жұмыстар жалғасып, қолдау көрсетілуде.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. ҚР «Инвестициялар туралы » [Заңы,2003.-8 қаңтар,№373-11]

  2. Н.Н.Кадерова, А.А.Макенова, Ж.М.Әбуова. «Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу».[ Алматы, 2011]

  3. Аньшин В.М. Инвестиционный анализ.[ М.6 Дело, 2000.]

  4. Бирман Г., Шмидт Экономический анализ инвестиционных проектов. М.: Банки и биржи,[ ЮНИТИ, 2010.]

  5. Бланк Н.А. Инвестиционный менеджмент. [Киев, 2009].

  6. Блохина В.Г. Инвестиционный анализ. [Ростов: Феникс, 2004, 320 с]