Автор:
Халел Кусаинов, Айнур Кемалова (Ақтөбе, Қазақстан)
Қазақстан республикасының реформасының негізгі мақсаттарының бірі - әлеуметтік мемлекет құру. Бірақ мұның мәнін кез-келген қарапайым адамның түсіндіріп беруі мүмкін емес. Себебі, ұсынылған идея бұқара халықтың қоғамдық санасында, күнделікті өмірінде өте төменгі деңгейде тараған. Қалай дегенде де бұқара халық белгілі бір дәрежеде, әлеуметтік мемлекет дегеніміз не, оның қасиеті, белгілері, өзіне тән ерекшеліктері, қызметі туралы нақты білуі қажет[1].
Сондықтан, әлеуметтік мемлекет мәселесі өзекті де маңызды мәселелердің бірі екендігін атап көрсетеміз.
Әлеуметтік мемлекеттің басты тұжырымдамасының негізі - өте ертеде пайда болған әлеуметтік саясатқа келіп тіреледі. Ертеде көптеген билеушілер, мысалы, Рим цезарлары жағдайы өте төмен адамдарға нан тарату мен ойын-сауықтар ұйымдастыру арқылы қамқорлық жасаған. XIX ғасырдың екінші жартысында «әлеуметтік мемлекет» ұғымын алғаш рет ұсынған неміс ғалымы Лоренц Фон Штайнер болды. Ол «әлеуметтік мемлекет өз азаматтарын экономикалық және қоғамдық дамуға дағдыландырып, үйретуге міндетті, себебі, бірінің дамуы – екіншісінің дамуына шарт болуы қажет, әлеуметтік мемлекеттің негізгі мәні де осы болып табылады» деп көрсеткен.
1930 жылы неміс ғалымы Герман Геллер әлеуметтік-саяси әдебиетке әлеуметтік құқықтық мемлекет ұғымын ендірді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірқатар Батыс Еуропалық мемлекеттердің Конституциясында әлеуметтік мемлекет формуласы жазылған еді. XX ғасырдың 60 жылдары шамасында алғашқы әлеуметтік мемлекеттер, мысалы, Францияда, Германияда, Швецарияда және Англияда, т.б. елдерде құрыла бастады. Олардың негізгі өмір сүру шарты – қоғамдағы жағдайы нашар топты қолдау үшін халықтық табыстың белгілі бір бөлігін бөле алатын экономикалық дамудың ең жоғарғы деңгейі болып табылады.
Әлеуметтік мемлекеттің мәнін терең түсіну үшін оның белгілерін ажырата білу қажет. Бірінші белгісіне - әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы құқықтық табиғаты, мемлекеттің әлеуметтік процестерді бақылау және бағыттау міндеті жатады, екінші - әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жасақталуын айтуға болады, үшінші – бюджеттік-әлеуметтік төлемдер, төртінші - әлеуметтік қамсыздандыруды, жұмыспен және мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттк жүйенің болуы саяды, бесінші – қоғамның әрбір мүшесіне мемлекеттің әлеуметтік қолдау көрсетуіне жатады, алтыншы - өз азаматтарының әл-ауқатының жоғары денгейі үшін, жауапкершілігін арттыруменсабақтасқан.
Әлеуметтік мемлекеттің пайда болуы – құқықтық мемлекет құру принциптерінің рөлін төмендеткен (әлсіреткен) жоқ.
Әлеуметтік мемлекеттің мәні мен мақсаты – қоғамдағы бейбітшілік пен татулық үшін жағдай жасау, әлеуметтік серіктестік институттарын дамыту, еңбекшілерге әділетті де лайықты еңбекақы төлеу құқығына және қауіп-қатерден қорғауға кепілдеме беру. Осындай мемлекетті құрудың міндетті шарты – саяси және экономикалық билік бөлісі болып табылады.
Соған қарамастан, белгілі сипаттамасы бар әлеуметтік мемлекет туралы ереже Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілуге тиіс, ол өкімет билігіндегі және қарапайым азаматтардың өз міндеттерін есіне салатындай болуы керек. Ол мемлекеттің негізгі функциясы мұқият қарастыруды қажет ететін маңызды мәселе болып табылады. Әлеуметтік мемлекеттің пайда болуы мен қалыптасу тарихын саралап талдау, әлеуметтік қамсыздандыру функциясының кезек күттірмейтін проблема екендігін дәлелдеді. Ол – мемлекеттің алғаш заңдастырылған міндеттері болғандықтан және әлеуметтік сапаға жетуге жасаған қадамы болғандықтан, қоғам және тұлға қатынастарының өзгеруінің бастамасы болды. Сондай-ақ, әлеуметтік қамсыздандыру өндірістегі материалдық игілік – жасына, жынысына, денсаулық, т.б. жағдайына қарамастан қоғамның барлық мүшесіне тиісті болуы керек. Әлеуметтік қамсыздандыруды қалыптастыру кезеңі құқықтың негіздің пайда болуы мен әлеуметтік процестерді құқықтық реттеу функциясын мемлекеттің өз міндетіне алуымен тікелей байланысты.
Одан әрі бұл функция әлеуметтік бағдарламаны бюджеттік қаржыландыру арқылы және әлеуметтік қамсыздандырудың мемлекеттік құрылымын құру барысында жүзеге асырылады. Осындай мемлекеттің басқа да атрибуттары - әлеуметтік сақтандыру, әл-ауқат деңгейі үшін мемлекеттің жауапкершілігі, әлеуметтік қолдау мүмкіндігін алуы - әлдеқайда кейінірек.
Әлеуметтік мемлекеттің екінші функциясы – білім және денсаулық сақтау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету. Бұл екі функция тек әлеуметтік мемлекетке ғана тән еместігін айта кеткен жөн. Адамдардың физикалық және экономикалық өмірінің маңызды алғы шарттары болғандықтан олар кез келген мемлекеттіңтипіне қарамастан жүзеге асырылады.
Әлеуметтік мемлекеттің үшінші функциясы - әлеуметтік қорғау. Оның пайда болуы, ең алдымен, азаматтардың әл-ауқатының деңгейіне мемлекет жауапкершілігінің қалыптасуына байланысты еді. Әлеуметтік мемлекеттің төртінші функциясы - әлеуметтік теңсіздікті бәсеңдету. Оны жүзеге асыру – барлық адамдардың бірдей әлеуметтік қолдау табу атрибутының пайда болғанынан бастап мүмкін болды. Әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қамтамасыз етудің ертеректе қалыптасқан механизмі мен жалпыға бірдей әлеуметтік қолдау принциптерін жүзеге асыру – теңсіздікті толығымен жоюға мүмкіндік береді[2].
Әлеуметтік мемлекеттің бесінші функциясы – еңбекпен қамтамасыз ету. Германияда Веймар Республикасы кезінде мемлекеттік функция ретінде пайда болған және Ф. Рузвельттің «Жаңа курс» саясатында маңызды рөл атқарған бұл функция тек қана екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, шын мәнінде, мемлекеттің ажырамас қызмет бөлігіне айналған.
Қорытындылай келе, өркендеген елдердегі әлеуметтік мемлекеттің құрылуы мемлекеттік құрылыстағы жаңа қадам деп тұжырымдауымызға болады. Әлеуметтік мемлекет жоғарыда айтқанымыздай - өз азаматтарының өмір сүруіне лайықты жағдаймен қамтамасыз етуге, әлеуметтік жағдайының қорғалуына, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, өндірісті басқаруға, қоғам мен мемлекет іске араластыруға ұмтылатын мемлекет. Бұл мәселе – жағдайы нашар қамтамасыз етілген топтың пайдасына ұлттық табыстың қайта бөлудің көмегімен, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, білім алу, денсаулық сақтауды, бүкіл қоғамның мәдениетін, т.б. дамыту саясатын жүргізуді жүзеге асыру барысында кол жетіп, орындалады. Әлеуметтік мемлекет қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік және т.б. теңсіздіктерді бәсеңдетуге, жуып-шаюға бар күш-жігерін жұмсайды.
Алға қойылған мiндеттердi iске асыру үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет:
- әлеуметтiк көмек көрсетудiң атаулы сипатын күшейту;
- аз қамтылған халықтың еңбекке қабiлеттi бөлiгiнiң кедейшiлiгiн белсенді еңсерудің нақты тетіктерін пайдалану.
Лайықты еңбек мүмкiндiктерiн кеңейту, икемдi еңбек нарығын арттыру мақсатында:
- өңiрлiк орталықтарда өндiрiстi оңтайлы орналастыру, салалардың кластерлiк дамуы, экономиканың шикiзаттық емес секторын дамыту негiзiнде жұмыс орындарын құруды;
- кәсiби оқыту жұмыс берушiлердiң персоналды iшкi өндiрiстiк оқытуды, кадрларды кәсiби даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыруда қатысуын ынталандыру арқылы жұмыс күшiнiң кәсiби-бiлiктiлiк деңгейiн арттыруды;
- жұмыссыздардың еңбек нарығында бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру бойынша тиiмдi әлеуметтiк қолдау көрсетудi көздейтiн жүйелiшаралар қабылданатын болады
Жастардың кәсiби бiлiм алуына, жеке кәсiп ашуына, жастарды шағын және орта бизнес саласына тартуға арналған кредит беру және гранттар бөлу бағдарламасын iске асыру арқылы оларды жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүргiзу жөнiнде шаралар қабылданатын болады[3].
Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін міндеттердің болғандығы орынды. Дегенмен де дамып келе жетқан Қазақстан алдында әлеуметтік қорғау жүйесінде орын алған мәселелер жеткілікті:
-
Қазіргі кезде экономикалық табиғи ресурстарға байланысты.Бұл әлемдік сұраныстың құбылмалығына бағынышты. Мұнай саласына байланысты жұмыссыздықтың өсуіне, яғни отандық жұмысшыларға сұраныстың болмауы, бұл өз деңгейінде кедейліктің азаюына алып келмейді.
-
Адамдық капиталға инвестициялық құралдардың жетіспеуі. Денсаулықты сақтау, білім беру және әлеуметтік активті адамдар жаңа глобальды экономикада бәсекегеқабілетті бола алмайды.
-
Демографиялық тенденция елеміздегі ең маңызды мәселелердің бірі халықтың санын көбейту ең басты мақсат болып табылады.
-
Қазақстанда кедейліктен зардап шегіп отырған бұл-экологиялық аспектілерді басқару болып табылады, экологиялық қасіреттер (Арал теңізі, Семей ж.т.б) бұл денсаулықты сақтауда ішкі көші-қон мәселесі және аймақтық теңсіздіктің өсуіне алып келеді.
-
Соңғы жылдары тұрақты экономикалық өсім болған жағдайда да ЖІӨ әлеуметтік салаға шығындардың үлесін қысқартып отыр. Әлеуметтік саланы «2030 және 2010» стратегияға байланысты бюджетті дамытуға бағытталуы керек. Денсаулықты сақтау және білім беруде қажетті инвестиция тартуды басқару ресурстарды сонымен бірге халықтың кедей топтарының азаюы орын алуы керек.
-
Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалған топтары Үкімет тарапынан ерекше назар аударуды талап етеді. Егер өз уақытында шара қолданбаса, ұзақ мерзімді кедейлікті азайта алмайды.
Әлемдік дағдарыстың шарпуына қарамай, еліміздің қарқынды дамуы өткен жылы сыр берген жоқ. Қай салада да өсіп - өркендеу айқын байқалады. Әр жыл сайынғы халыққа Жолдауында әлеуметтің әлеуетін арттыру жөніндегі Президенттің нақты тапсырмалары жоғарыдағыдай шешімін тауып, халықтың тұрмыс-тіршілігін, күнкөріс қарекетін жақсартуға септігін тигізіп келеді. Осыған байланысты жасалып жатқан іс-шаралар оң шешімін табады деп айтуға болады.
Қолданылған әдебиеттер:
-
Н.Ә. Назарбаев «Жаңа онжылдық-Жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» -Елбасының Қазақстан халқына жолдауы.-Астана, Ақорда.2010ж
-
Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы.- Алматы: Дәуір, 1992.- 56 б.- 2021 б \
-
Кажыкен. М Некоторые аспекты планирования социальной политики в контексте устойчивого развития// Труд в Казахстане, Алматы, 2009-35-38
Кусаинов Халел Хаймуллиевич
Ақтөбе қаласы, Маресьева к 83
87132 53-24-99
С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті
Ректор, э.ғ.д., профессор
Кемалова Айнур Советовна
С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті
э.ғ.к.