Увага! Всі конференції починаючи з 2014 року публікуються на новому сайті: conferences.neasmo.org.ua
Наукові конференції
 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАР: 2012 ЖЫЛҒЫ САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША

Автор: 
Асем Кульбаева (Астана, Казахстан)

Саяси партиялар мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын негізгі институттардың бірі. Заманауи саяси партиялар мемлекеттік саясаттың ішкі де, сыртқы да элементтері бола алады.Қазақстан үшін көп партиялық пен саяси алуандылық конституциялық құрылыстың, демократияның дамуының және құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам орнатудың алғышарттарының бірі болып табылады. Қазақстанның демократиялық өрісінде толық-қанды, пәрменді, беделді, халықтың небір әлеуметтік топтарын өз жұмысына ынталы қылып, топтастыра алатын партиялық жүйе құру – Қазақстанның бүгінгі ішкі саясатының түйінді мәселелерінің бірі [1].

«Нұр Отан» ХДП-ң негізі болған «Отан» республикалық саяси партиясы алғашында мемлекет басшысының бастамаларын қолдау және Н.Назарбаевтың 1999 жылғы президент сайлауындағы үгіттеу штабының негізінде құрылған болатын «Отан» партиясының құрамына бұған дейін қалыптасқан билік партиялары - Қазақстан халықтар бірлігі партиясы, Демократиялық партия, Либералды қозғалыс, Әділеттік партиясы мен «Қазақстан 2030 үшін» қозғалысы кірді.Осылайша, «Отан» билік партиясы рөлін өз қолына алып, партиялық жүйенің «локомотиві» ретінде таныла бастады.

«Отан» партиясының 2004 жылы өткен VI съезінде партия төрағасы болып Н.Назарбаев сайланды. «Отанның» басшылығына келген Елбасы саяси алаңның кейбір жаңа субьектілері көрсеткісі келгендей «Отан» партиясының өз мүмкіндіктерін сарқымағанын білдіре келіп,саяси көшбасшы позициясынан түспейтініндігін көрсетті. Съезд «Отан» партиясы негізінде биліктің саяси, әкімшілік және экономикалық ресурстарының кейбір элементтерін біріктіру мүмкіндігі бар екенін танытты. Осылайша, «Отанды» билік партиясы бейнесінен билік, бизнес және саяси элита мүдделеріне әсер етудің тиімді механизмі – «Президенттік партия» бейнесіне енгізуге қатысты талпыныс жасалынды. Осыдан соң, партияның құрамында өзгерістер орын алды, яғни оның негізгі әрекет етуші тобы қатарына облыс әкімдері мен үкімет өкілдерінің кіруі «партия иерархиясын» күшейтіп, оны тұрақты және тұғырлы етті.Қалыптасқан саяси жағдай мен саяси дамудың тенденциясы талаптарына сай «Отан» партиясын өзгертудің келесі стратегиялық қадамы ретінде 2006 жылдың шілдесіндегі «Отан» партиясының кезектен тыс съезінде оның құрамына «Асар» партиясының қосылуын айтуға болады. Елдегі ірі екі партияның бірігуі президентті жақтаушы күштердің белсенділігіне алып келді. Осыдан бірнеше айдан соң «Отанның» құрамына Қазақстан азаматтық партиясы мен Қазақстан аграрлық партиясы қосылды. Ал сол жылдың желтоқсанындағы «Отан» РСП-ның кезектен тыс ХХ съезінде партия өзінің бүгінгі «Нұр Отан» атауына иемденді. [2].

Ал енді осы «Нұр Отан» партиясының 1999жылдан 2012 жылға дейінгі саулау нәтижесіндегі қорытындысын есептеп көрелік [3].

Кесте 1. 1999ж.Парламент Мәжілісіне депутаттарды партиялық тізім бойынша сайлау нәтижесі

N

Партиялар аты

Сайлаушылар дауысы

Парламенттен

алған орны

1

Қазақстан коммунистік партиясы

17,75%

2,6%

2

Қазақстанның аграрлық партиясы

12,63%

7,8%

3

Республикандық Отан саяси партиясы

30,89%

49,3%

4

Қазақстанның халықтық конгресс партиясы

2,83%

-

5

Қазақстанның дәуірлеу партиясы

1,97%

1,3%

6

Қазақстанның демократиялық Азамат партиясы

4,57%

-

7

Қазақстанның Алаш ұлттық партиясы

2,76%

-

8

Республикандық еңбек саяси партиясы

1,38%

-

9

Қазақстанның Азаматтық партиясы

11,23%

20,8%

Кесте 2. 2004ж.Парламент Мәжілісіне депутаттарды партиялық тізім бойынша сайлау нәтижесі

N

Партиялар аты

Сайлаушылар дауысы

Парламент-тен алған орны

1

Республикандық Отан саяси партиясы

60,61%

67%

2

Қазақстанның демократиялық «Ақ жол» партиясы

12,04%

1,3%

3

Республикандық « Асар» партиясы

11,38%

5,2%

4

«АИСТ» сайлау блогы

7,07%

14,5%

5

Оппозициялық Коммунистердің халықтық одағы мен ҚДТ

3,44 %

-

6

Қазақстан халықтық коммунистік партиясы

1,98%

-

7

«Ауыл» социал-демократиялық партиясы

1,73%

-

8

Қазақстанның демократиялық партиясы

0,76%

1,3%

9

Қазақстанның Патриоттар партиясы

0,55%

-

10

Руханият партиясы

0,44%

-

Кесте 3. 2007ж.Парламент Мәжілісіне депутаттарды партиялық тізім бойынша сайлау нәтижесі

N

Партиялар аты

Сайлаушылар дауысы

Парламент-тен алған орны

1

Халықтық демократиялық «Нұр Отан» саяси партиясы

88,41%

98%

2

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия

4,54%

0

3

Қазақстанның демократиялық «Ақ жол» партиясы

3,9%

0

4

«Ауыл» социал-демократиялық партиясы

1,51%

0

5

Қазақстан халықтық коммунистік партиясы

1,29%

0

6

Қазақстанның Патриоттар партиясы

0,78%

0

7

Руханият партиясы

0,37%

0

Жалпы жоғарыда келтірілген Парламент Мәжілісіне сайлау нәтижелері партиялардың тиімді санының бірте-бірте төмендегенін көрсетеді.

Саяси партиялар арасындағы бәсекелестік партиялық алаңдағы күштер қарым-қатынасын анықтайды. Осы орайда, біздің елімізде партиялар арасында саяси бәсекелестік бар деп айту қиын. Бұған дәлел - бірпартиялық парламент. 2007 жылы пропорционалдық жүйе негізінде өткен парламенттік сайлау нәтижесі еліміздегі партиялардың қуыршақ партиялар екенін көрсетті. Сондықтан партиялар арасындағы саяси бәсекелестіктің жоқтығы бүгінгі күнгі басым партиясы бар партиялық жүйені қалыптастырып отыр - дейді, саяси ғылымдарының докторы, профессор Гүлшат Нұрымбетова [4].

Кесте 4. 2012ж.Парламент Мәжілісіне депутаттарды партиялық тізім бойынша сайлау нәтижесі. Орталық сайлау комиссиясының шешімі бойынша әкімшілік-аймақтық сайлау қорытындысы:

Область

НДП «Нур Отан»

ППК

ДПК «Ак жол»

ОСДП

КНПК

КСДП «Ауыл»

ДП «Адилет»

Всего по Казахстану

5 621 436 (80,99 %)

57 732 (0,83 %)

518 405 (7,47 %)

116 534 (1,68 %)

498 788 (7,19 %)

82 623 (1,19 %)

45 702 (0,66 %)

Акмолинская область

280 711 (77,00 %)

4375 (1,20 %)

29 529 (8,10 %)

13 489 (3,70 %)

27 342 (7,50 %)

7657 (2,10 %)

1458 (0,40 %)

Актюбинская область

282 549 (83,61 %)

1826 (0,54 %)

24 619 (7,29 %)

1689 (0,50 %)

22 951 (6,79 %)

2898 (0,86 %)

1404 (0,42 %)

Алматинская область

700 201 (84,02 %)

8474 (1,02 %)

58 813 (7,06 %)

778 (0,09 %)

52 931 (6,35 %)

10389 (1,25 %)

1795 (0,22 %)

Атырауская область

205 890 (84,72 %)

977 (0,40 %)

17 027 (7,01 %)

754 (0,31 %)

15 966 (6,57 %)

1214 (0,50 %)

1188 (0,49 %)

Восточно-Казахстанская область

559 131 (80,69 %)

4851 (0,70 %)

57 804 (8,34 %)

3392 (0,49 %)

56 008 (8,08 %)

6939 (1,00 %)

4851 (0,70 %)

Жамбылская область

320 605 (79,20 %)

821 (0,20 %)

31 995 (7,90 %)

10799 (2,67 %)

33 179 (8,20 %)

5965 (1,47 %)

1452 (0,36 %)

Западно-Казахстанская область

232 602 (82,66 %)

3602 (1,28 %)

21 611 (7,68 %)

4981 (1,77 %)

11 903 (4,23 %)

2532 (0,90 %)

4165 (1,48 %)

Карагандинская область

517 957 (85,63 %)

358 (0,06 %)

40 772 (6,74 %)

1176 (0,19 %)

43 996 (7,27 %)

390 (0,06 %)

231 (0,04 %)

Костанайская область

389 684 (83,10 %)

2200 (0,47 %)

36 443 (7,77 %)

1935 (0,41 %)

34 237 (7,30 %)

2503 (0,53 %)

1906 (0,41 %)

Кызылординская область

243 678 (78,74 %)

3442 (1,11 %)

25 357 (8,19 %)

5169 (1,67 %)

20 609 (6,66 %)

8159 (2,64 %)

3045 (0,98 %)

Мангистауская область

156 388 (79,51 %)

2459 (1,25 %)

13169 (6,70 %)

6630 (3,37 %)

12055 (6,13 %)

3007 (1,53 %)

2987 (1,52 %)

Павлодарская область

271 405 (79,92 %)

3087 (0,91 %)

24298 (7,16 %)

4718 (1,39 %)

27795 (8,19 %)

4732 (1,39 %)

3547 (1,04 %)

Северо-Казахстанская область

263 545 (82,70 %)

892 (0,28 %)

25 175 (7,90 %)

1562 (0,49 %)

24 857 (7,80 %)

1785 (0,56 %)

860 (0,27 %)

Южно-Казахстанская область

752 083 (80,10 %)

9389 (1,00 %)

70 420 (7,50 %)

11267 (1,20 %)

76 053 (8,10 %)

12206 (1,30 %)

7511 (0,80 %)

Алма-Ата

270 989 (69,71 %)

9475 (2,44 %)

25496 (6,56 %)

41 288 (10,62 %)

23 628 (6,08 %)

10 212 (2,63 %)

7669 (1,97 %)

Астана

174 018 (80,10 %)

1504 (0,69 %)

15 877 (7,31 %)

6907 (3,18 %)

15 278 (7,03 %)

2035 (0,94 %)

1633 (0,75 %)

Бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жаңа құрамы 2012 жылғы қаңтарда жасақталды. 2012жылғы 15 қаңтарда өткен саулау қорытындысы бойынша, сайлауға жеті саяси партия қатысты, олардың үшеуі сайлау қорытындысы бойынша сайлаушылардың 7 %-дан астам дауысына ие болып, Парламент Мәжілісіне өтті, олар: «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы (80,99%), «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы (7,47 %), Қазақстан коммунистік халық партиясы (7 ,19 %).[5]

«Нұр Отан» партиясының қызметіне жасалған аналитикалық мониторингтің қорытындысына сүйенетін болсақ,бұл партия мемлекет басшысының өзі басшылық ететініне қарамастан,шын мәнінде басқарушы партия бола алмай отыр.Қалай болғанда да, мемлекеттің саяси стратегиясын анықтау ісі бұл партияның институтционалдық құрылымынан тыс жүріп жатқаны анық.Соның нәтижесінде оның күнделікті жұмысы жалпыға арналған мәдени шаралар мен ғылыми-тәжірибелік тұрғыдағы іс-шаралардан арыла алмай отыр.Басқарушы партия үшін бұл жеткіліксіз.

Мәжілісті тұтастай иемденіп отырғандарына және Сенатта да басым көпшілік екеніне қарамастан, «Нұр Отан» өзінің депутаттық фракциялары арқылы заң шығару барысындағы басым бағыттарды белгілей алып отырған жоқ. Соның салдарынан депутаттар тек үкіметтің жасап, жіберген заң жобаларын қараумен шектеліп отыр. Мұндай жағдайда депутаттар партияның орталық аппаратынан тыс өмір сүреді. Мұндай жағдай аймақтарға да қатысты. Мәслихат депутаттары көп жағдайда партия басшылығына емес, жергілікті әкімдерге бағынышты болатыны жасырын емес. Осындай жағдайда «Нұр Отанның» саяси шешімдерді қабылдау процесіне қатысу және ол шешімдердің саяси билік жүйесінің барлық деңгейінде орындалуын бақылау мүмкіндігі жоқтың қасы [6].

Алайда биылғы жылғы сайлау қорытындысы бойынша елімізде көппартиялық жүйенің жұмысы жанданып, азаматтық қоғамымыздың одан әрі дамуына үлкен үлесін тигізер.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. Қалиев Н. Қазақстан парламентаризмі: саяси талдау.-Алматы: «Қазақстан»баспа үйі», - 2003. - 272 бет

2.«Нұр Отан» ХДП – саяси бірігудің факторы. Н.Сейдін / Қоғам және Дәуір / 21.12.2009ж.

3.Қазақстан Республикасында партиялық жүйені дамыту ауқымындағы партиялардың «тиімді саны» мәселесі. Г.Нұрымбетова / Қоғам және Дәуір / 21.12.2009ж.

4.«Саяси партиялар туралы саяси анықтама». Г.Нұрымбетова / Егемен Қазақстан/ 27.04.2010ж.

5.« http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title= Қазақстан_Республикасы_Парламентінің_Мәжiлiсі&oldid=1066432

6.Қазақстан: қоғам мен мемлекеттің дамуы туралы жылдық есеп 2009ж. Аналитикалық ұйымдардың Альянсы, Фридрих Эберт қоры. Алматы, 2010.-192б. «Альтернатива» өзекті мәселелерді талдау орталығы / журнал /.