Автор:
Торгын Садыкова (Астана, Казахстан)
Қазақ та басқа халықтар тәрізді осы аталған екі дүниенің сырын ашуға ұмтылған. Аспан денелерінің қозғалысына таңдана қарап, өзінше ой түйген. Көк аспанның сырын ашуға талпынған. Жұлдызды әлемнің жұмбақтарын ашуды арман еткен. Нәтижесінде дүние туралы түсінігі, көзқарасы қалыптасқан. Адам бойындағы небір тылсым күштерді де тануға ұмтылған.
Қазақ халқының дүниесезімі мен дүниетанымының ерекшелектері өзі өмір сүрген ортамен тікелей байланысты. Қазақ халқы басқа еуропа халықтары сияқты табиғатты өзгертуге немесе оған үстемдік етуді мақсат етіп қоймаған. Керісінше, табиғатқа бейімделіп, онымен гармониялық қатынас орнатуды мақсат тұтқан. Қазірігі заман тілімен айтқанда, көшпенді қазақтардың экологиялық санасы биік болған. Қазақ та басқа халықтар тәрізді осы аталған екі дүниенің сырын ашуға ұмтылған. Аспан денелерінің қозғалысына таңдана қарап, өзінше ой түйген. Көк аспанның сырын ашуға талпынған. Жұлдызды әлемнің жұмбақтарын ашуды арман еткен. Нәтижесінде дүние туралы түсінігі, көзқарасы қалыптасқан. Адам бойындағы небір тылсым күштерді де тануға ұмтылған.
Жалпы көшпенділер оның ішінде пайда болған қазақ деген этнонимнің өзі көп жайтты аңғартады. Көшпенділер өзі табиғаты жағынан әскери жаугершілік тұрмыспен ұқсас болып келді. Көшпелілік - емін-еркін өмір сүру үлгісі. Көшпенділер үшін ар-ұят бірінші орында тұрды. Сондықтан әділдікті, адамгершілікті бірінші орынға қойды. Егер зұлымдыққа зұлымдықпен жауап берсек, нағыз зұлымдық тумай ма? Ал көшпнеділер үшін бірінші орынға этикалық категорияларды қояды. Өйткені кез-келген қоғам өз дамуында жамандықты емес, жақсылықты мысалға алады. Номадтық дәстүрлі мәдениет болмыстың тылсымдық ырғақтарына мән берді. Адам дүниесін өтпелі өткінші кезең деп қарастырды. Номадтық мәдениет дүниетанымында философиялық категориялардың да алатын рөлі зор болды. Кеңістік, уақыт, қозғалыс, біртұтастық, синкретизм, тақуалық секілді категоиялар ерекше орын алады.
Көшпелі өмір қазақ даласының дархан, кең екенін аңғартты. Көшпелі өмір салты арқылы қазақ халқы өз даласынан ерекше әсер алды. Қазақ дүниетанымында кеңістік категориясы ерекше орын алған. Түркі тұрмыс тіршілігі дүниеге деген көзқарасы мысал болмақ. Күнделікті ойлауы, өзара қатынастары, қоғамдасу формаларының қалыптасуы, кеңістік ұғымы зор болды, сол арқылы қабылдады, сипаттады, түйсінді. Кеңістік ұғымы сандық өлшемге ие болды. Көшпенділер кеңістік ұғымын көш басында аңғарды. Осыдан өлшем ұғымы қалыптасты. Мысалы, байлықтың өлшемі жылқының өлшемімен анықталды. Қазақтың ата тегінің еңбек әрекетімен, сан мың шақырымдық көш жолдарының белгілі бір күн мен айға басылып өтілуін белгілеумен кеңістік ұғымы басталды. Күндік көш, апталық көш, қозы көш, бір көш т.б. қашықтықтың өлшемдерін белгіледі.
Қазақ дүниетанымында уақыт категориясының да алған орыны зор болды. Уақыттың шеңберінде қазақ болмысы жақсы дамыды. Уақыт болмыстың формаларымен қатар өсті. Мысалы, ерте заманнан осы кезеңге дейін бір-біріне ұқсамайды соған сәйкес кеңістік басқаша ұйымдастырылып, уақытта басқаша өтті. Ең бірінші ру, тайпа, адам, халық қалыптасты. Бұл кезде адамдар әр түрлі толысқан деңгейге жетті. Сондықтан әрбір қоғамның өзіндік даму уақыты бар деп айтуға болады. Уақыттың кереметтілігі, оның қайтып келмейтіндігінде және оның өткіншілігінде. Уақыт тоқтаса, адам өміріде тоқырайды, сондықтан қазақта уақытты жоғары бағалаған. Өткен өмірі арқылы бүгінгі күнін анықтаған. Көшпенділер басқа халықтарға қарағанда уақытты ерекше таныған. Алыс көш жолдары, бай жайлау мәселелері, жыл мезгілдеріне байланысты ауа-райының өзгерістері, уақытты түсінуге мәжбүр етті. Уақыттың ең бірінші бағдары ауа-райы болды. Көктемгі күн мен түннің теңелуі, осның бәрі уақыттық өзгерістерді көрсетті. Аптаған ыстық, жайылымдардың күйіп кетуі, өткел бермес сең, көктемгі алғашқы балауса шөп, қардың түсуі, күнгейге көшу уақытқа тәуелді болды. Күн сәулесінің шаңырақ бойы жылжуы және уықтар ерекше бір уақыт өлшегіш сағат ретінде қызмет атқарды.
Уақыт барлық адамзат үшін бірдей сияқты, бірақ олай емес. Уақытты қалай пайдалану, қалай өткізу әр адамның өзіне байланысты. Қай-қайсымыз болсақ та, уақытты тиімді пайдалануға, керегімізге жаратуға, босқа өткізбеуге ұмтыламыз. Ал қазіргі таңдағы уақыт – біздің күнделікті тұрмысымызға айналған өлшемдік термин, ғылыми ұғым, философиялық категория. Оның категориялық және ұғымдық мазмұны адам болмысының қалпын, қоғам мен табиғаттағы барлық процестердің атрибутивтік қасиетін бейнелейді. Қазіргі адам уақытқа саналы түрде қарайды. Ол өткеніне есеп береді, болашағын жоспарлайды және өзінің жасаған ісіне жауапты. Бұл дегеніміз өзіміз қолданып жүрген уақыт жүйелерінің реттілік деңгейінің жоғарылығын дәлелдейді. Уақыт – ең оңай және ең күрделі ұғым. Дүниеде уақыттан асқан керемет, уақыттан асқан күрделі, жеңілмейтін ештеңе жоқ. Ежелгі грек философы Аристотель б.э.д. төрт жүз жыл бұрын «бізді қоршаған табиғат ішіндегі белгісіздердің белгісізі ол – уақыт. Уақыт деген не, оны қалай басқаруға болады, бұны ешкім білген емес» [1,3б], - деген екен. Философ ойына жүгінсек, уақыт қозғалыспен тығыз байланысты, бірақ оған тең емес. Уақыт қозғалыс санын көрсетеді. Уақыт құдіретінің күштілігі сондай, ол дүниедегінің барлығын өзіне бағындырады, өз дегеніне көндіріп, шырмауында ұстайды. Демек уақыт құпиясы ешкімге мәлім емес, ол – табиғат заңдылығы. Бұл анықтамалар желісі уақыт ұғымының өзгермелі, құбылмалы, тұрақсыз құбылыс екендігіен дәлелдейді. Уақыттың өткеніне куә болатын бірден-бір айғақ – жазба деректер. Тарихи оқиғалар, саяси көтерілістер, әлеуметтік қақтығыстар т.с.с. барлығы уақыттың тек әлеуметтік қырын ашып көрсетсе, табиғи апаттар, жыл маусымдарының өзгеру реттілігі, тағы басқалары уақыттың тұрмыстық мәнін ашып көрсетеді.
Қазақ халқының дүниені игеріп, бүгінгі күнге қол жеткізуі қозғалыс категориясын көрсетпек. Қозғалыс адамның дүниеде болу формасы, негізгі өмір сүру жолы, жалпы дүниенің негізгі болу формасының шындығы қозғалыс категориясын анықтады. Қазақ тұрмыс-тіршілігінде табиғаттағы, қоғамдағы осы күнге дейінгі барлық өгерістер қозғалыс категориясын түгел қамтыды. Ол өзінің мағынасын кеңістік пен уақыт формалары арқылы айқындады. Номадтық мәдениеттің синкретизмі мұнда дүниетаным біртұтас жүйеленбеген күйде болды, ғылым да, дінде өзіндік өзгешеленбеген біртұтас жүйеде болды. Көшпелі өмір салты арқылы табиғат сырын меңгерді, алғашқы танымдық түсініктер бүгінгі күнге жетті. Бүгінгі күні өзіміз өмір – тіршілігімізде қолданатын таным түсінігіміздің түп төркінінің тереңде екенін сезінген сайын тарихымызға, ұлттық ой толғауымызға, ұлттық философиямызға деген құмарлығымыз арта түседі.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Философия: учебник / А. Г. Спиркин.-2-е изд. М.: Гардарики, 2010.-3с.