Автор:
Гульбану Аймагамбетова (Астана, Казахстан)
Мейлі ұлт тілі, мейлі халықтық тіл, не шағын бір этностық топтың тілі болсын, әйтеуір, тіл атаулының қай-қайсысын алсақ та, олардың әрбіреуінің өзі тараған нақтылы георафиялық кеңістігі, аймағы болатыны хақ. Бұлай болуы белгілі бір тілдің иесі болып табылатын ұлттың, халықтың, я этностық топтың өзінің нақтылы географиялық ортада өмір сүруімен шарттас. Жеке бір тіл өркен жайған географиялық аймақтың әр түпкірін алып қарайтын болсақ, олардың әрқайсысындағы осы тілдің барша белгілерінің шып-шырғысына дейін бір-біріне айна қатесіз ұқсас келе бермейтініне көзімізді оңай жеткіземіз. Тым алысқа сілтемей-ақ, мысал үшін өзіміздің ана тіліміздің ішкі жағдайын бағдарлар болсақ, қазақ жұрты тараған географиялық кеңістіктің бар түпкіріндегі тіл бағзы-баяғы қазақ тілі болғанымен, әр өлкенің өз қазағының сөз байлығына, сөз саптау машығына, сөз дыбыстарын айту мәнеріне тән, өзге жердің қазағына бейтаныс белгілердің бар екенін айқын сеземіз. [1,6] Қазақ тілінің өзін батыс, солтүстік шығыс және оңтүстік өңірлерінің диалектілерге бөлеміз. Бұл диалектілердің арасында көп айырмашылық жоқ. Дегенмен, оларды өз алдына бөлек диалект ретінде қарастыруға болады.
Алтай мен Тарбағатай тауынан оралға дейінгі, ертіс пен есіл өзендері жағалауында, қызылорда және арыс өзенінің жағалауында бес негізгі қазақ тайпалары: керей, найман, арғын, қоңырат және қыпшақтар өмір сүрген. Ал қазіргі осы территорияның бөлінуін айтсақ, онда Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Семей, Қостанай, Қызылорда және Қорған облыстарына бөлеміз. Осы жерлердің тұрғылықты диалектісі солтүстік шығыс диалектісі болып табылады.[2,229]
с\ш дауыссыздарының алмасуы. Қыпшақ ноғай тобандағы тілдерді өзге көп түркі тілдерінен ерекшелейтін басты бір фонетикалық белгінің с шылдық (соканье) құбылыс болатыны көпшілікке аян. с шылдық деп отырғанымыз ш орнына с-ның қолданылуы.
Әдеби тіліміз демесек, диалектологиялық деректерге үңілу осы с шылдық түс таңбаны сақтауда халық тілінің дыбыс жүйесінде тұрақсыздық барын аңғартады. Мұндай құбылыстың жиі байқалатын жері оңтүстікте, себебі сол өңірге өзбек, түркімен, ұйғыр, қырғыз халқымен, батыста татар, башқұрт халқымен араласып отырғандықтан.
б\\п дауыссыздарының алмасуы. Бұл шұғыл дауыссыздардан тұратын жұптардың алмасып қолданылуы қазақ тілінде өте жиі кездеседі. Бұл жағдайдағы б\п дыбыстарының алмасуы сөйлеу барысында ұлт тілінің акустикалық ерекшелігіне қарай бірте бірте тарихи ұяңдану процесіне байланысты. Қазақ халқы тараған территорияның көпшілігінде бәкі/пәкі болып, батысында шаппа болып айтылатын сөздің өзбектермен іргелес өңірдің қазағының тілінде ныштар/мыштар түрінде ұшырайтыны белгілі.
т\\д дауыссыздарының алмасуы. д\т дыбыстары сөз басында да, сөз ішінде де алмаса береді. Бұл алмасу диалектикалық құбылыс деп танимыз.
д\\л дауыссыздарының алмасуы. Сөздің мұңдай шебіндегі л дауыссызының ассимиляциялық құбылуынан туатын тіліміздегі д,т,л дегендер әуелде дербес фонемалар емес, бір дыбыстың әр түрлі фонетикалық варианттары.
ы\\а, а\\ ы дауыстыларының алмасуы. Бұл сөздердің әрқайсысын бас басына алғандағы олардың таралуы географиясындағы тұрақтылық. Құрамына осы фонетикалық белгі тән деген сөздердің әрқайсысының нақтылы географиялық шегі (изоглоссасы) бар. Оның үстіне дыбыс құрамына осы құбылыс тән сөздердің өзі әр өлкенің тұрғындарының тілінде әр басқа.
о\\ұ, ұ\\о дауыстыларының алмасуы. Дауыстылар ішінде әр өлкенің қазағының тілінде бірінің орнына бірі жиірек қолданылатын дыбыстардың бір тобы осы дыбыстар. Бұл дыбыстардың арқалайтын фонологиялық жүгінің солғындайтын кезі.
а\\ә дауыстыларының алмасуы. Бұл құбылыстың қамтитын негізгі аймағы Шымкент облысының өзбек жерімен шектес аудандар. Біз оны Қызылорда облысының территориясында да кездестіреміз.
а\\е, е\\а дауыстыларының алмасуы. Мұның дыбыс алмасуының өзге түрінен ерекшелігі: ол көбіне нақтылы бір грамматикалық тұлғалардың құрамына тән болады.
Бұл мысалдар қазақ халқы тараған өңірдің барлық түкпіріне тән, ел-жұрттың бәріне ортақ атаулармен қатар, кейде жеке-дара ұғымдарға байланысты әр қоныстың жергілікті тұрғындарының тілінде бір ұғым шеңберінде қолданылатын әр басқа атаулардың ақиқат бар екендігінің айқын дәлелі бола алады.
Әр географиялық аймақтың табиғи ерекшелігіне, айталық, флора мен фаунаға байланысты, сондай-ақ әр өлкенің халқының өз әдет-ғұрпына, жергілікті кәсіп түріне байланысты айтылатын не қилы сөздер бар. Қазақстанның оңтүстігінде мақта, бау-бақша шаруашылығына, жеміс түрлеріне, ирригацияға байланысты қолданылатын атаулардың көбі республиканың өзге жерінде, мәселен солтүстігінде жоқ. Демек, мұндай жерде нақтылы ұғымдардың өз басы болмағандықтан, ондай ұғымдардың атауышы болып келетін сөздердің де болмайтыны өзінен-өзі түсінікті.
Мысалға Арал теңізі жағалауындағы халықтың тілінде балық кәсібіне байланысты айтылатын сүген, қаяз, тыран тәрізді балық аттары өзге жердің қазағының лексиконында байқала бермейді. Себебі балық кәсібімен айналыспайтын теңізден жырақтағы елдің мұндай балық түрлері туралы түсінігінің өзі шамалы ғой.
XVII-XVIII ғасырларда Америкаға француздар, испандықтар, немістер, голланддықтар, норвеждер және орыстар қоныс аударды. Олардың көбісі ағылшын тілінде сөйлейтін Англияның халқы еді. Осы кезде ағылшын тіл бәріне әлі ортақ болған емес, себебі аристократтардың, буржуаздардың және шаруалардың сөйлегендерінде айырмашылықтар өте көп кездесті. Сонымен Америка тұрғындары аристократтар сөйлеген ағылшын тілі емес, керісінше буржуаздар мен шаруалардың ағылшын тілін қолданды, бірақ олардың білімдері төмен, жеткіліксіз болды. Америка тұрғындарының Англия халықтарының алдында басқа мақсаттар мен міндеттер болды. Олардың тарихы басқаша дамыды және де басқа табиғат әлемінде өмір сүргендіктен тілге әсер етіп, көптеген өзгерістерге әкеліп соқтырды. Осылай американ ағылшын тілі, британ және басқа варианттардың дамуымен, пайда болды.
Тіл әрбір елдің мәдениетінің бір бөлшегі болып табылады. Біз ағылшын тілі туралы айтқан кезде, бұл тілдің әртүрлі варианттарының маңызды ерекшеліктерін елемейміз. Британдық пен американдық ағылшын тілі бір тіл ме, әлде әртүрлі тілдер ме деген қазірге дейін даулы мәселе болып отыр. Бір жағынан соңғы көзқарас әділ, себебі мәдениеттерінің, адамдарының және елдерінің арасындағы ерекшеліктері болып отыр. Басқа жағынан алып қарасақ, осы тілде сөйлейтін адамды әр елде оңай түсінеді.
Ағылшын тілінің американдық варианты пайда болғаны – бұл, жаңа жерде жаңа өмір сүру үшін адамдардың дамуынан қатар- қатар және тәуелсіз ұзақ үдерістің нәтижесі. Олар белгілі заттарға жаңадан есімдер бермейді, бірақ олар көбінесе көне сөздерді жаңа мағына қойып немесе өздерінің тілдерінен енгізді. Сондықтан бүгінгі күнге дейін сол сөздердің Ұлыбритания мен АҚШ да бұрынғы құбылысты білдірсе де әртүрлі коннотациясы мен мағыналары бар.
Американ ағылшын тілі де, британдық ағылшын тілі де сол бір ағылшын тілінің варианттары болып табылады. Бұл тілдердің арасында айырмашылықтан гөрі, ұқсастықтары көп, әсіресе білімді адамдардың сөйлесуінде және ғылыми тілінде ұқсастықтары бар. Әсіресе екі елдің тарихи және мәдени дамуының ерекшелігі, тұрғылықты және аудандық идиомаларының түрлілігі, сонымен қатар жарнамалар мен ақпарат құралдарының әсерінен сөздердің айтылуында өзгешеліктер көрінеді.
Бір жағынан бұл екі елдің және екі ұлттың өзіне тән географиялық территориясы, әртүрлі саясаттық жүйесі және өмірінің өзгеше болуы екі елдің өз алдына тілдің варианттары дамып, бөлінуіне әкелді. Осыдан лексикалық және тілдің дыбыстық құрылымы немесе сөздің жазылуында ерекшелік пайда болуына әсері тиді. Танымал саясаткер У. Черчилль айтқандай: «We are two different nations divided by a common language» (Мы представляем собой две разные нации, которые разделены единым языком).
Ағылшын тілінің американдық және ағылшын варианттарының арасында тілдік жүйенің әртүрлі саласында қарама қайшылықтар кездесіп отырады. Әсіресе "Webster's New Collegiate Dictionary", "Webster's New World Dictionary" сөздіктерінен байқауға болады.
Фонетикалық құрылымының өзгерістері [ju:] дыбысының [u:] дыбысына ауысуының нәтижесінде болады немесе [j] дыбысының элиминациясы. Мысалы: stew сөзі сөздікте екі транскрипциясы бар: [stju:] (ағылшын варианты) және [stu:] (американдық варианты). Бұл құбылыс келесі лексикалық бірліктерде берілген: studio, studious, studiously, studiousness, subdue, stupefy, stupendous, stupid, stupor, stupefaction, stupidly, stupidity, student.
Бұл екі (sterile, sterilization) сөздерінде дауысты дыбыстар дифтонгтан монофтонгқа ауысуы байқалады: ['sterail] (англ.) - ['sterel] (амер.). Келесі жағдайды қарасақ, ағылшын вариантындағы ұзақ [a:] дыбысы американдық [ei] дифтонгісіне ауысады, (stratum зат есімі, strafe етістігі): ['stra:tem] (англ.) - ['streitem] (амер.), [stra:f] (англ.) - [streif] (амер.).
Екі вариантта бірдей steadfast формасының айтылуында өзгешелік бар- американдық вариантта [a:] дыбысының [ae] дыбысына ауысуы, ['stedfa:st] (англ.) - ['stedfaest] (амер.).
[j] - [ju:] ~[u:]: beauty BE ~ beauty AE
[a]- [a:] ~ [ei]: ad’minis`trative BE ~ ad’ministrative AE
[a]- [a:] ~[ae]: dance BE ~ dance AE
Американдық варианттағы submersion сөзінің фонетикалық дыбысталуы [sh]. Strontium сөзінің айтылуында келесі өзгешелікті көрсетуге болады: ['strontiem] (англ.) - ['stronshiem] (амер.). subleutenant сөзінің фонетикалық жүзеге асуында [e] дыбысының ұзақ [u:] дыбысымен алмасуы байқалады.
Әрине, олар бір тіл болғандықтан, бұл тілдердің арасында айырмашылықтан гөрі, ұқсастығы жетерлік. Американ ағылшын тілі - қарапайым тіл болып келгендіктен, айырмашылығы осында. Себебі шаруалардың ағылшынымен араласып қарапайымдалып кеткен.
Британдық және американдық ағылшын тілдерінің сөздің айтылуы мен сөйлемдерінде ерекшеліктер байқалады.
address (брит.) address (амер.)
cafe (амер.) cafe (брит.)
Ask [a: sk] - британдықтар [әsk] - американдықтар
Dance [da:ns] - британдықтар [dәns] - американдықтар
[t] дыбысы [d] дыбысы секілді жұмсақ айтылса, американдықтарда сөз ортасында келетін «tt» [d] дыбысына өте ұқсас дыбысталады. Олар британдықтар сияқты [r] дыбысын «жұтып» қоймайтындықтан дөрекі естіледі.
-
дауысты дыбыстар жүйесі:
а~ [æ] \[a:]: [æ] дыбысы американдық вариантта қолданылады, ал британдық вариантта [a:] дыбысы ретінде айтылады, мысалы, plant, grass, half, bath.
o~ [Λ] \[o]: [Λ] дыбысы американдық вариантта қолданылады, ал британдық вариантта [o] дыбысы ретінде айтылады, мысалы, мынадай сөздерде body, shot, hot.
і ~ [i] немесе [ə] \[ai]: британдық [ai] дыбысының орнына американдық вариантта [i] немесе [ə] қолданылады, мысалы, civilization, specialization, бірақ кейбір жағдайларда керісінше болуы мүмкін, британдық монофтонгтар американдық вариантта дифтонгқа айналады, мысалы, simultaneously, direct.
u~[u\ [ju]: [u] американдық ағылшында болса, [ju] британдық вариантта қолданылады, мысалы, suit, duty, knew, Tuesday, student.
2. дауыссыздар жүйесі:
«i» дауысты дыбысының алдында [t] дыбысы [d] дыбысы сияқты айтылады. Мысалы, letter, little, bitter, battle.
Британдық вариантта [l] дыбысы жұмсақ айтылса, американдық ағылшында қатаң айтылады: lamp, luck, look.
Американдық вариантта [r] дыбысы мына сөздерде айтылады: father, dirt, far, car.
Ағылшын тіліндегі және қазақ тіліндегі дауысты дыбыс санында ерекше айырмашылық жоқ: қазақ тілінде олар - 11 болса, ағылшын тілінде -12 (дифтонгтарды есептемегенде), олардың көбісінің айтылуы ұқсас, бірақ артикуляциясында кішкене айырмашылық бар екенін байқауға болады. Мысалы, қазақ тілінің жаңа сөздері және сөздің әртүрлі формасы түбірге жұрнақтар арқылы реттеліп қосылуынан түзіледі немесе сөздің негізіне сөзжасам және тұлғажасам аффикстер: жұрнақтар мен жалғаулар жалғанады.
Ағылшын тілінде де осындай сөзжасам әдісі бар. Инфинитивке -ing жалғауы жалғанғанда, ағылшын тілінің көпжоспарлы (многоплановая) формасы шыға келеді. Бұл форманы «инговая» дейміз. Көп жағдайда –er (-or) суффиксін инфинитивке жалғаған кезде, іс-қимыл жасаушы форма түзіледі: to read- reader, to write-writer, to work –worker, to sail-sailor, т.с.с.
Қазақ тілінде лексикалық мағына беретін сөзжасамның бір түрі жұрнақты көп қолданамыз. Мысалы, -шы,-ші суффикстері: жұмыс – жұмысшы, оқу-оқушы, жазу-жазушы, т.с.с.
Қазақ және ағылшын тілдерінің дауыссыз дыбыстар санында да көп аса айырмашылық жоқ: қазақ тіліндегі дыуыссыз дыбыстар-25, ағылшын тілінде -24. құрылу әдісіне қарай бұл екі тілдің дауыссыз дыбыстары өте ұқсас: еріндік, тілдік және таңдай дыбыстары. Дәл сол сияқты ағылшын тілінде де, қазақ тілінде де дыбыстың бұрыс айтылуы сөздің мағынасын өзгертеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Омарбеков Ж. Ауызекі тіл ерекшеліктері.
-
С.Аманжолов. Диалектология и история диалектологии.
-
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.
-
Словарь иностранных слов. Издание 14-е, исправленное. М.: Русский язык, 1987. – 608 c.
-
Интернет желісі, google. kz, wikipedia
-
Русско- английский словарь.