Автор:
Жанар Байсеитова, Гүлнар Махамбетова (Павлодар, Қазақстан)
Жасампаздық стратегиясы атағына ие болған «Қазақстан - 2030» жас ұрпаққа талаптарға сай тәрбие мен білім беруді мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар, типтік бағдарламалар, ұлттық бірыңғай тестілеу және ата - аналар, қоғам талаптары деңгейінде болуын міндеттейді, ұстаздарға айырықша жауапкершілікті нақтылайды.
Сондықтан, оқыту - тәрбие жұмыстарын тұтас жүйе деп есептеп, саналы тәрбие, сапалы білім беру технологияларын жегілдіруді міндеттейді. Оқыту технологиясы-педагогикалық технология дидактиканың бір бағыты, ғылыми зерттеулер бойынша байқаулардан өткізу нәтижелеріне байланысты іс - тәжірибелерге ендіріледі. Оқыту үрдісінде жаңалықтар пайда болуда, оларды зерделеп, талдап, нәтижелі болса іс - тәжірибеде қолданады. Білім беруде инновациялық бағыт пайда болып, оқу - тәрбие үрдісінде енуде. Инновация өздігінен пайда болмайды және ұжымның шығармашылықпен зерттеулері мен ізденістерінің озық педагогикалық тәжірибелерінің нәтижелері. Сонымен, білім берудегі инновациялық үрдістерді сөз етеміз.
Инновациялық жүйе ұстаздардың білімі мен біліктілігін, тәжірибесі мен әдістемесін, оқу орнының материалдық – техникалық базасын, шәкірттердің білімдерін, талаптарын, жалынды бастамаларын, асқақ армандарын жетілдіріп пайдалану, әріптестердің ынтымақтастығы, ата аналардың қолдау-қуаттарын және басқа да көптеген мәселелерді қамтитын тұтасқан бір дүние. Бұл жүйелік басты қозғаушы күші ғылым жаңалықтары, тәнтану пәнінің үздік ойлары, оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарындағы, ғылыми-әдістемелік зерттеулердегі, озық тәжірибелер нәтижелері мен ұсыныстарды, сапалы еңбек табыстарды, бірыңғай ұлттық тестілеудегі жетістіктер болып табылады.
Тәнтану пәнінен «Сыртқы және ішкі секреция бездерінің маңызы. Гормондар» тақырыбы ауызша баяндау әдісімен блокты сызба-кесте, сызбанұсқалар, биологиялық диктант, т.б. көрнекіліктері бойынша түсіндірілді.
Блокты модульді түріндегі сабаққа студенттерді а) ішкі және сыртқы секреция бездерінің маңызы, гормондар және олардың атқаратын қызметі, олардың әсерінен болатын аурулар түрлерімен таныстыру; ә) студентердің биологиялық сөздік қорын байыту, олардың түрлері мен атқаратын қызметі туралы білімдерін дамыту; б) биологиялық дүниетанымын кеңейту, «Тәні саудың – жаны сау» екеніне түсінік беріп, салауатты өмір салтын қалыптастыру, тазалыққа, адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты қойылды.
Сабақтың барысы. Сабақ үй тапсырмасына қысқаша шолумен басталды. Оқушылар топқа бөлініп, бір-біріне сұрақтар қойды.
Жаңа сабақ. Мүшелердің және мүшелер жүйелерінің жұмысы. Денедегі физиологиялық құбылыстарды жүйке арқылы және гуморальды жолмен реттейді. Жүйке жүйесі рецепторлар арқылы жұмыс әрекетіне дер кезінде үйлесімділік әсерін тигізеді. Гуморальды реттелу қан құрамындағы заттардың биологиялық пәрменділігі жоғары қосылыстар әсерінен болады.
Денедегі физиологиялық құбылыстарды реттеу (эндокринология)
1. Сыртқы секреция бездері деп сөл бөліп шығаратын өзектері бар бездерді айтады. Оған сілекей, қарын, ұйқы безі, ішек ездері, бауыр жатады.
2. Ішкі секреция бездері деп сөл бөлетін өзектері болмайтын, сөлді тікелей қанға бөлетін бездерді айтады. Оған гипофиз, эпифиз, қалқанша без, тимус, бүйрек безі жатады.
3. Аралас бездерге ұйқы және жыныс бездері жатады.
Гормон ішкі секреция безінен қанға бөлініп шығады және дененің түрлі әрекетін реттейді. Ішкі секреция бездері жүйке арқылы және гуморальды жолмен реттеледі. Гормондар күніне миллиграмм мөлшерінде бөлінеді. Олар қозуға және тежелуге әсер етеді. Ішкі секреция бездерінің қызметін жүйке жүйесі басқарады. Бездердің адам өмірінде алатын орны ерекше.
Сыртқы және ішкі секреция бездерінің маңызы. Гормондар
Бездер
|
Бөлінетін гормон
|
Атқаратын қызметі
|
Олардың әсерінен болатын аурулар
|
Ұйқы безі
|
Инсулин
|
Көмірсуды сіңіреді (қант, нан, жарма), қант глюкозаға айналады.
|
Аз бөлінсе, қант диабеті ауруы пайда болады:
а) жебір; ә) сусамыр.
|
Бүйрек үсті безі:
а) сыртқы қабат;
ә) ішкі қабат
|
Адреналин
|
Жүрек жұмысын жандандырады.
а) қоздырады;
ә)зат алмасыду реттейді;
б) энергия, күш, т.б. пайда болады;
в) көмірсу, ақуыз, май алмасуын реттейді;
г) сақтамалы энергия түзеді.
|
Көп бөлінсе, қан тамырыныңқабырғасы тарылып, қан қысымын арттырады.
|
Қалқанша без
|
Тироксин
|
Судың құрамындағы тамақтағы йодты сіңіреді.
1. Өсу. 2. Даму. 3. Зат алмасуды реттейді. 4. Жүйке жүйесінің қозуына әсер етеді.
|
1. Аз бөлінсе, йод жетіспесе, өсу, даму баяулайды, ақыл-есі кеміп, кретинизм ауруы пайда болады.
2. Аз бөлінсе,микседема ауруы – еске ұстау, қозғалыс, көңіл-күйі нашарлайды.
3. Көп бөлінсе, бақшаңкөз ауруы пайда болады. Жүрек қатты соғады соғады, ас бойға сіңбей, дене қызуы көбейеді.
|
Мидың қосалқы безі (гипофиз):
а) алдыңғы;
ә) ортаңғы;
б) артқы.
|
Самотропты гормон немесе өсу гормоны. Меланофор.
Вазопрессин.
|
Зат алмасуға, т.б.
Терінің пигмент жасушаларына әсер етеді.
Ағзада су, натрий, калий мөлшерін сақтайды.
|
Балада көп бөлінсе, алыптық пайда болады (2-3 м).
Ересектерде көп бөлінсе, акромегалия (иегі, мұрны, саусағы өсіп кетеді).
Аз бөлінсе, ергежейлі болып қалады.
|
Қалқанша маңы бездері
|
Паратгармон+Д дәрумені
|
Денедегі кальций алмасуын реттейді.
Бұлшықет, жүйке жүйесі қызметін реттейді.
|
Д дәрумені жетіспегенде сүйектің құрамында кальций болмайды да, оның қаттылық, мықтылығы жойылады. Аз бөлінсе, кальций ауытқуынан дене дірілдеп, селкілдеп, ұстама пайда болады. Көп бөлінсе, іш өтеді, құсады, әлсіздік, енжарлық пайда болады.
|
Айыршық без (тимус) немесе бұғақ безі
|
Тимозин гормоны
|
Дененің өсуі, дамуы кальцийдің сүйекте жиналуына себепші лимфоциттер дамып, иммунитетпайда болады.
|
Жетілмей қалса, ақ қан ауруына шалдығады, аз болса антифис бөлінеді, 2-5 жасқа дейін өмір сүреді.
|
Эпифиз (7, 8 жасқа дейін).
|
|
Жыныс бездерінің жұмысын тежейді.
|
Жұмысы күшейсе, семіздік ауруы пайда болады.
|
Жыныс бездері.
|
Тестостерон
|
|
Адамдардың қарым-қатынасы, мәдениеті, көру мүшесінен түскен ақпараттар жыныс безінің қалыпты жұмыс істеуіне
|
1. Ұйқы безінің ішкі секрециялық қызметі. Инсулин дене жасушаларының ас құрамындағы көмірсуды сіңіріп отыруын реттейтін гормон. Ас құрамындағы көмірсулар адам ағзасында глюкозаға айналып, денені қоректендіреді. Инсулин жеткіліксіз болса, глюкозаны сіңіре алмай, қант диабеті ауруы пайда болады. Оның екі түрі болады: жебір және сусамыр.
2. Бүйрек үсті безі. Салмағы 12г. Ішкі қабат адреналин гормонын бөледі. Адреналин жүрек жұмысына, қан тамырларға әсер етіп, мүшені қоздырады. Шаршауды, қозуды жояды. Көп бөлінсе, тежеу туғызады.
3. Қалқанша безі мойынның алдыңғы жағына орналасады. Ол екі бөліктен тұрады. Судың, тамақтың құрамындағы йодты сіңіріп жинақтайды. Ол дененің өсу, даму, зат алмасуын реттейтін тироксин гормонын бөледі. Қалқанша безінің қызметі бәсеңдеген жағдайда адамның бойы аласа, ақыл-ойы кем болады. Оны кретинизм ауруы дейді. Керісінше көп бөлініп, мөлшерден жоғары болса, бақшаңкөз ауруы пайда болады. Тез шаршайды, қажиды, дене жұмысымен айналыса алмайды.
4. Мидың қосалқы безі – гипофиз. Салмағы 0,5-0,7 г. Алдыңғы бөлігінің бөлетін горомонын өсу немесе самотропты гормон деп атайды. Бұл гормон көп бөлінгенде алыптық (2-3 м) байқалады. Саусақтары, аяқтары, мұрны, иегі, қабағы өсіп үлкейеді. Оны акромегалия деп атайды.
Ортаңғы бөлігі меланофор гормонын бөледі. Бұл пигмент жасушаларына әсер етеді. Соңғы бөлігі ағзада су жіе натрий, калийдің мөлшерін сақтауға әсер ететін вазопрессин гормонын бөледі.
5. Қалқанша маңы бездері паратгормон бөледі. Паратгормон Д дәруменінің қатысуымен денедегі кальций алмасуын реттейді. Д дәрумені жетіспесе, сүйектің құрамында кальций болмайды да, оның қаттылығы, мықтылығы жойылады. Ал кальций көбеюінен ми қыртысының қозуы нашарлайды. Солғындық, енжарлық пайда болады.
6. Айыршық без (тимус). Дененің өсуіне, дамуына әсерін тигізеді. Ол кальцийдің сүйекте жиналуына себепші болады. Айыршық без тимозин гормонын бөледі. Қанда лимфоциттер дамып, иммундық реакция жүреді. Лейкоциттер аз болса, антидене болмайды.
7. Эпифиз ми аралығында орналасып, адамның 7-8 жасына дейін ғана қызмет етеді. Ішкі секреция қызметі нашарлағанда жыныс бездері мезгілсіз жетіліп, мұрт шығады. Жұмысы күшейгенде, семіздікке душар етеді.
8. Жыныс бездері жыныс мүшелерінің өсіп дамуын, олардың қызметін реттейді. Жыныс белгілері екі түрлі болады:
1. Ұл: ХУ хромосома. 2. Қыз: ХХ хромосома.
Ол дененің өсуі мен дамуына әсер ететін тестостерон гормонын бөледі.Ұл балалар мен қыз балалар жыныстық жетілуңне қарай ерекшеленеді.
Жыныс бездерінің гормондары май алмасуын реттейді. Ішкі секреция бездері өзара тығыз байланысты. Медицина ғылымының ішкі секреция бездерінің ауруларын зерттейтін, оны емдейтін саласын эндокринология дейді.
Адамның жетілген құралы – сөз. Сөзбен адамды қуантуға да, жылатуға да, жанын жаралап ашуландыруға да, тіпті ауруынан айықтыруға да болады. Оған мына мәтелдер мысал бола алады: «Жақсы сөз жан азығы», «Бір жақсы сөз бітірер мың қайғының жарасын», «Сөз сүйектен өтеді», «Кей сөзден адам сауығар, кей сөзден адам ауырар».
Сыпайы, биязы сөйлеп, дауыс көтермеу – мәдениеттіліктің бір белгісі. Жылы сөз, шат күлкі жанға жайлы тиеді, бойға қан жүгіртеді, денеге сергектік әкеледі, адамды ажарландыра түседі.
Оқушылардың жаңа сабақта алған білімін бекіту мақсатында мынадай биологиялық диктант алынада.
Биологиялық диктант.
1. Мүшелердің және мүшелер жүйелерінің жұмысы ... арқылы және ... жолмен реттеледі.
2. Бездер ... ге бөлінеді: а) ... бездері; ә) ... бездері.
3. Гормон деп ішкі секреция бездерінің қанға бөліп шығаратын және дененің түрлі әрекетін реттейтін ... ... ... атайды.
4. Ұйқы безі ... гормонын бөледі.
5. Бүйрек үсті безі ... гормонын бөледі.
6. Қалқанша без ... гормонын бөледі.
7. Қалқанша маңы бездері ... бөледі.
8. Паратгормон денедегі ... алмасуын реттейді.
Жаңа тақырып мазмұнын кесте, сызбанұсқа түрінде көрсету тиімді. Сонда жана сабақ көру, салыстыру, қорытындылау арқылы оқушы жадында оңай сақталады.
Әдебиет:
1. Жанпейісова М. М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. - Алматы, 2002. - 246 б.
2. Р. Бектаева Дамыта оқыту технологиясын тарих сабағында қолдану. «Қазақстан тарихы» - 04.03.2006- №45. - 7-8 б.
3. Тұрғанбаев Б. А. Дамыта оқыту технологиялары – Алматы, 2000. - 180 б.