Увага! Всі конференції починаючи з 2014 року публікуються на новому сайті: conferences.neasmo.org.ua
Наукові конференції
 

ХХ ғасырдың басындағы Торғай обылысында жер дауының күшеуі мен ұлт-азаттық көтерілістердің бастамалары

Автор: 
Гульнар Алмагамбетова (Рудный, Қазақстан )

 

Ы.Алтынсариннің «Торғай обылысының даласынан» деп аталған бұл мақала отаршыл әкімшіліктің Торғай обылысын таратып, Елек пен Николаев уездерін Орынбор губерниясына, Торғай және Ырғыз уездерін басқа губерниясына, Торғай және Ырғыз уездерін басқа губерния, обылыстардың біріне қосу туралы жобасына қарсы жазылған. Бұл төрт уезі шаруашылық, ағайын, ілек- жекжаттық жөнінен бірімен бірі тығыз байланысты. Торғай мен Ноколаев уездеріне Қыпшақ, Арғын, Жаппас тайпалары тұрады. Торғай мен Ырғыз даласында жазда мал бағу қиын. Су тапшы, сондықтан олар жайлауға Елек, Николаев уездерінің жеріне шығады. Оның есесіне, бұл уездердің шаруалары қыста малын тебіндеп бағу үшін Ырғыз, Торғай даласына айдап апарады. Обылыс таратылып екіге бөлінеді дегенше, бұл қатынас үзіледі де қазақтардың шаруашылығы күйзеліске ұшырайды. Торғай, Ырғыз уездерінің шаруалары Елек, Николаев уездердегі ілік- жекжаттары мен таныстарынан ақысыз-пұлсыз жер алып, егін салып, бала-шағаларын асырап жүр. Жері егінге жарамды екі уезі Орынборға қараған бойда-ақ торғайлықтар мен ырғыздықтардың жолы жабылады да астықсыз қалады. Бәрінен бұрын, қазақ байғұстардың казактардың жүгенсіз озбырлығынан көрген жәбірінің қайталану және күшею қауіпі туғанын айтты. Елек, Николаев уездері қосылды дегенше қазақтар мен казактар арасындағы дау-жанжал отты қайта тұтатып, асқына түсетіні анық. Бұған дейін мұндай талас-тартысытың бәрі казактардың пайдасына шешілген. Қазақтардың күштіге бағыны, талайсыз тағдырына мойынсұнбасқа лажы болмаған.Торғай обылыс болғалы әкімдер қазақтарды шама-шарқынша қорғап жүр. Обылыс таратылса Орынбор қазақтарының жалы күдірейіп, айбаттанып шыға келмесе кім кепіл? Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын дегенді қазақтар осы ащы тәжірбиені басынан кешіргендіктен айтқан. Қазақтар аштан өлгелі жатса казактар олардың аузына су тамызбайтынын жұрттың бәрі білді. Торғай, Ырғыз даласының қазаққа түпкілікті қоныс болуға жарамайтындығын, оларға көршілес Елек, Николаев уездерінен егіншілікке жарамды жер беру керектігін Ыбырай бұл мақаласында бұрынғыдан кеңейте, толықтыра дәлелдеді. Қостанай даласындағы қазақтары малы жұтқа ұшырап, өздері аштыққа ұрынған торғайлық ағайындарына азық-түлік тасыды, малды үйір-үйірімен, табын-табынымен айдап апарып берді.[1, б. 31]

Көтерілістің басты себептері әлеу­меттік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-мәдени мәселелерге тіке­лей байланысты болды. Атап айтқанда, олар Қазақстан мен Орта Азия халық­тарының жерін отарлаушыларға тартып әперудің тез қарқынмен жалғасуынан, салықтар мен басқа алымдар көлемінің шамадан тыс ұлғаюынан, қалың бұқа­раның өмір сүру жағдайының күрт төмендеуінен өз көрінісін тапты.

Патша үкіметі қазақ халқы мекекндеген жерді мемлекеттік меншік деп жариялады, оның құнарлы шалғындары мен егістіктерін орыс-казак әскерлері, қоныстанушылар игерген аймаққа айналдырды. Орынбор губерниясы : Торғай обылысы, орталығы Орынбор қаласы. [2,б.175]

«Найзаға үкі таққан қазақ елі» еш уақытта біреуге шабуыл жасап көрген емес, қай заман да ол қаруды жерінің шетін жаудан қорғау мақсатымен, немесе «асқақатаған хандардың», азуы батқан патшалардың ордасын таптау үшін алған. Демек қазақ халқы ұлт-азаттық қозғалысының түбегейлі екі себебі бар. Олар: туған жерді шетелдік шапқыншылардан қорғау және егемендік пен еркіндік үшін күрес. Біріншісі қазақ жеріне тынымсыз көз алартқан Ресей, Қытай, Бұхара, Хиуа, жоңғарлар мен қалмақтарға қарсы жүргізілсе, екінші патша, хан, кейінен «қызыл кеңес» езгісіне қарсы бағытталды. [3, б.45]

ХХ ғасырдың алғашқы жылдарынан, әсіресе 1914 жылдан бастап халықтың жағдайы бұрынғыдан да ауырлай түсті. Соғыс қисапсыз шикізатты, азық-түлікті, малды, т.б. материалдық игілікті жалмай берді. Уақыт өткен сайын соғысқа байланысты тонау мен қанау күшейе түсті. Әртүрлі салықтардың мөлшері артып, жаңа салықтар енгізілді. Жергілікті халық төлейтін салықтар көлемі 3-4 есе, ал жекелеген жағдай­лар­да 15 есеге дейін көбейді. Сонымен қатар халық күнделікті тұтынатын зат­тар үздіксіз қымбаттай берді. [4, б. 85]

Көтерілістің ұлт-азаттық сипатта болуы себепті қазақ халқының барлық топтарының өкілдері (екінің бірінде байлар, болыс басқарушылары, билер), сондай-ақ демократияшыл зиялылардың жекеленген өкілдер қатысты.

Көтеріліске қазақтармен қатар, ұйғырлар, өзбектер, қырғыздар, т.б. өкілдері қатысты.[5, б. 649]

Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының басым бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, халықты рухани езгіге де түсірді: оны тілінен, дінінен, ділінен айыру бағы­тында жымысқылықпен ойластырған шаралар жүйесін жүзеге асырды.

Ұлттық және әлеуметтік езгінің кү­шеюі, соғыс тудырған қиыншылықтарға байланысты халық бұқарасының қайыр­шылануы, қымбатшылық пен аш-жала­ңаштықтың етек жаюы – міне, осының бәрі халықтың басым көпшілігі тара­пынан жаппай наразылық туғызды.

Соғыс Ресей империясында пісіп-жетіліп келе жатқан жалпыға бірдей дағ­да­рыс үрдісін тездетті. Қазақстан­ның, Орта Азияның барлық дерлік аймақтарын қамтыған көтеріліс соның нақты көріністерінің бірі болды.

Көтерілістің бұрқ ете қалуына пат­ша­ның 1916 жылғы 25 маусымдағы Қазақстанның, Орта Азияның және іші­нара Сібірдің “бұратана халықтары­ның” ер азаматтарын (19 бен 43 жас арасындағы) майданның тыл жұмыста­рына (қорғаныс құрылыстарын және әскери қатынас жолдарын салуға, окоп­тар қазуға, т.с.с.) “реквизициялау тура­лы” жарлығы тікелей сылтау болды. Жарлық бойынша тыл жұмыстарына Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адам, соның ішінде қазақтардан 240 мыңға жуық кісі алу белгіленді. Ал мұндай мөлшерде жұмысшы қолын майданның тыл жұмыстарына әкету Қазақстанды ұлттық апатқа ұшыратуы мүмкін еді.

Көтеріліске қазақтармен қатар ұйғыр­лар, өзбектер, қырғыздар, дүнгендер және жекелеген басқа халықтардың өкілдері қатысқан оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақты (сол кездегі Сырдария және Жетісу облыстарын) қоспағанда, Қазақ­стандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозға­лысы өзінің ұлттық құрамы жағынан бір ұлттық (қазақтық) күрес болды. [6 ,б. 85]

Қазақ қоғамында, атап айтқанда, оның сол кездегі саяси элитасының ара­сында, көтеріліске көзқарас бір мәнде бол­ған жоқ. Қазақ зиялыларының ради­калды өкілдері (Тоқаш Бокин, Жаңабай Нияз­беков, Әубәкір Жүнісов, Тұрар Рысқұлов, Сейітқали Меңдешев, Бәймен Алманов, Әліби Жангелдин, т.б.) патша жарлығына батыл қарсы шықты және халықты қарулы қарсылыққа шақырды, ал “Қазақ” газетінің төңірегіне топтасқан либерал-демократияшыл зиялылардың жетекші­лері (А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейха­нов, М.Дулатов және басқалар) патша әкімші­лігінен тыл жұмысына адам алуда асық­пауды өтініп, әуелі дайындық шара­ларын жүргізу жөнінде ұсыныстар жасады. Сонымен қатар олар көтеріліске шыққан халық патша өкіметі тарапынан аяусыз жазалауға ұшырайтынын ескертіп, көп­шілікті жарлықты орындауға қарсы­лық көрсетпеуге шақырды.

Қазақстандағы көтерілістің алғашқы ошақтары 1916 жылғы шілде айының бас кезінде пайда болды. Халықтың ашу-ызасының бастапқы соққыларына жұмыс­тарға алынатындардың тізімдерін тікелей жасаған болыс басқарушылары, ауыл стар­шындары және жергілікті әкімші­ліктердің басқа да қызметкерлері ұшы­рады. Өйткені тізім жасаудағы бұрмалау­шылық әуел бастан жаппай парақорлық пен қиянат жасаушылықты туғызған болатын. Әкімшілік жүйесі ол кезде қа­зақ­тарда тууы туралы куәліктердің болма­ғандығын пайдаланып, тізімге жас шама­сына қарамастан, кедейлерді енгізіп, ауқатты әулеттерден пара алып, олардың өкілдерін шақырудан босатты. Оның үстіне патшалық өкімет орындары өлке тұрғындарының кейбір әлеуметтік топта­рының өкілдерін (болыс басқарушы­ларын, жергілікті халықтан шыққан төменгі шенді полицейлерді, имамдар мен молдаларды, дворян және құрметті азамат құқықтары барларды, т.с.с.) майданның қара жұмыстарына шақырмайтын болды. Осының барлығы халықтың басым көп­шілігінің ашу-ызасын туғызды. Көтері­лісшілер болыстық кеңселерді, болыстар мен ауыл старшындарының үйлерін, жасалған тізімдерді өртеді, жекелеген болыс бастықтарын өлтірді.[7, б. 145]

Торғай даласында ол күш алып, күннен күнге өрістей түсті. Әбдіғапар Жанбо­сынов, Амангелді Иманов, Әліби Жан­гелдин бастаған Торғай көтеріліс ошағы ең табанды болды және ұзаққа созылды. (Әліби Жангелдінің қысқаша өмірбаянына қарасақ Джангельдин Алиби Тогжанович (1884, аул Койдагул Тургайского уезда, ныне Кустанайская область, — 14.8.1953, Алма-Ата), советский государственный и партийный деятель. Член Коммунистической партии с 1915. Родился в семье батрака. В 1903 окончил Оренбургское духовное училище. В 1903—05 учился в Казанской учительской семинарии, исключён за участие в студенческой демонстрации. В 1906 поступил в Московскую духовную академию, но и там продолжал изучать нелегальную политическую литературу. В 1910—13 путешествовал по странам Европы, Ближнего Востока, Азии, добывая средства к жизни как фотограф. В 1913 работал в Крыму, затем в Петрограде. В 1916 — один из руководителей (вместе с Амангельды Имчановым) Среднеазиатского восстания 1916 против царизма и местных феодалов) [8, б 1].

Торғай көтерілісі шырқау шегіне жеткен кезінде, яғни, торғайлықтарға көршілес Қостанай, Ырғыз, Ақтөбе уездерінің көтерілісшілері қосылған шақта, олардың жалпы саны 50 мың адамға жеткен немесе соған жуық болған. Көтерілістің орталығы Торғай уезі болды. Негізінен арғын және қыпшақ рулары мекендеген Торғай уезінде бастапқы кезде патша жарлығына қарсы толқулар Қайдауыл, Аққұм, Қара­торғай, Сарыторғай, Қарақопа болыс­тарын, сондай-ақ Тосын, Майқарау, Сарықопа, Наурызым болыстарын қам­тыды. Көтерілістің етек жаю барысында атақты Тілеуке батыр мен елге беделді болған Нияз бидің ұрпағы, өзі де үлкен парасат иесі Әбдіғапар Жанбосынов қыпшақ көтерілісшілерінің ханы, ал Шолақ Оспанов арғын көтерілісшілерінің ханы болып сайланды. Әбдіғапар да, Шолақ та “хан” сайланды дегенде, олар дәстүрлі мемлекет деңгейіндегі хандар мағынасындағы монарх емес, көтеріліске шыққан жекелеген аймақтың саяси жетекшісі деген лауазым иелері болған­дығын баса айтуымыз қажет. Хан сайлану дәстүрін және олардың халықтың қандай әлеуметтік топтарының өкілі болғандығын атап айтқанда, сұлтандар әулетінен сайланатынын жетік білетін Әбдіғапар өзін әмір деп атаған. Кейіннен, 1916 жылғы қарашада 13 болыс (6 болыс қып­шақ, 6 болыс арғын және 1 болыс най­ман) өкілдерінің құрылтайында Әбдіғапар Жанбосынов Торғай уезінің ханы болып танылды. Осы құрылтайға қатысу­шылардың келісімімен Кенесары хан Қасымұлының серігі – атақты Иман батырдың немересі Амангелді Иманов (Үдербайұлы) көтерілісшілердің сардарбегі (қолбасшысы) болып тағайындалды. Орталық Ресейден келген және көп ке­шікпей көтерілісшілерге қосылған олар­дың “идеялық көсемі” Әліби Жангелдин көтеріліске таптық сипат беруге тырысты.1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс Қазақстанның барлық аймақтарында қатаң басып-жаншылды.

1896-1905 жылдар аралығында Қазақстанның 4 обылысына қоныс аударғандар мен мемлекеттің жәрдемсіз өз беттерімен келушілердің саны мынадай болған: Торғай обылысына қоныс аударғандар -60018, өз беттерімен келгендер – 14287 (барлығы 74305 қоныс аударушылар). Столыпин реформасын жүзеге асыру барысында шарулардың үлес салмағы артып, қазақтар азайған 1905 және 1916 жылдардағы ауылдың жерлерде тұратын халықтардың құрамы: барлық халық Торғай губерниясында 53,5; шарулар-18,7; қазақтар -81,3 (пайызға шаққанда).[9, б.85]

1860-1917 жылдар аралығында қазақ елінің пайдалануынан тартылып алынған жер көлемі: Қостанай обылысының жалпы көлемі /мың.га есе есебімен/ 12178, 6; тартып алынған жер көлемі /мың.га есе есебімен/ 4000,5 ; казак әскерлеріне берілген берілген, қоныстанушыларға берілген -3412,3.[10, б. 145]

Қортындылай келгенде көтеріліс жеңіліс тапқанмен, кейінгі өткен кезеңде оның тарихы әр қы­рынан зерттелді. Оның шығу себептері, сипаты мен қозғаушы күштері жөнінде, негізгі ошақтары туралы, ел тарихын­дағы осы айтулы оқиғаның тарихи маңызы ха­қында ондаған, жүздеген ғылыми ең­бектер жазылды. Көтеріліс тақырыбына, оны ұйымдастырып, бас­қаруда ерекше көзге түскен тұлғаларға арналған көркем шығармалар да баршылық.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Уәли Хайруллин. Тағылымды шежіре. \\ Қостанай қаласы, 2001ж. 31-бет

2.Асфендияров С.Д. История Казахстана (с древнейших времен) 2-е изд. Алма-Ата, «Қазақ университеті» 1993, стр 175.

3.Ә.Әбдәкімұлы. Қазақстан тарихы.2005, 45-бет

4.Әлихан Бөкейхан. Таңдамалы - Избранное. А., 1995, 85-бет.
5. Қазақстан тарихы /Көне заманнан бүгінге дейін/ 2002 жыл, 649-бет

6. Әлихан Бөкейхан. Таңдамалы - Избранное. А., 1995, 85-бет.

7.Айымбет Сәндібай /1926-39 жылдар аралығында Қазақстан халқының этнодемографиялық және әлеуметтік құрылымдағы өзгерістер/., Алматы, 1998, 145-бет.

8. А. Джангильдин. Документы и материалы, А.-А., 1961.(javascript;interlink (1.1)).

9. Әлихан Бөкейхан. Таңдамалы - Избранное. А., 1995, 85-бет.

10.Айымбет Сәндібай /1926-39 жылдар аралығында Қазақстан халқының этнодемографиялық және әлеуметтік құрылымдағы өзгерістер./Алматы, 145-бет