Автор:
Мустафа Айнамкөз (Павлодар қаласы, Қазақстан)
Әлеуметтік – психологиялық білімдердің тәжірибесінде қолданылатын маңызды сала - отбасының дамуы мен қорғануы. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің «2050-стратегия» жолдауында ата-ана және бала тәрбиесі туралы былай деп айтып кеткен: «Еліміздің болашақта қандай болатыны балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты. Бала тәрбиесі – тек ананың емес, ата-ананың екеуінің де міндеті» [1, 10бет].
Барлық қоғамдық ғылымдардың кешенді әрекеттерін ұйғаруы, әр түрлі тәжірибелік кепілдемелерді бұл жоспар бойынша өндіру бір мақсатты көздейді, ол – жанұя берекесін сақтау, отбасылық қатынастарды бекіту. Әлеуметтік психология дәстүрлі түрде отбасыға үлкен назар аударады, оны табиғи кіші әлеуметтік топтардың нысаны ретінде қарастырады.
Бұл мәселенің бір жағы - жастарды жанұя құруға дайындығымен байланысты. Соңғы жылдары бұл сұрақ өте жиі қойылып, бұл бағыт бойынша мектеп жұмыс істеу керек деп айтылады. Бірақ бұл сұрақты қойған кезде барлығы жыныстық тәлім – тәрбие мәселелеріне тіреледі. Бұл сұрақтың маңыздылығы айқын, бірақта некеге түсу немесе жанұя құру дайындығы психологиялық дайындықтың мәселесі. Мысалы, отбасылық рөлдер туралы сұрақтар, бұл рөлдердің мазмұнының өзгерістері ғылыми – техникалық революция дәуірінде, сол жаңа мазмұнға бейімделу, – әлеуметтік психологияны білуге де қатысты. Кейбір қарапайым мәлімет жанұя - әлеуметтік институт ретінде әлеуметтендіруі, балаға ғана пайдалы емес, жас жұбайларға (зайыптыларға) да пайдалы және некеге түсуге дайындалып жатқан жастарға да пайдалы. Басқаша сөзбен айтқанда, әлеуметтік психологияның бұл салада бірінші формасы - "ағартушылық қызмет" ретінде, жастарды отбасылық өмірге дайындау. Сонымен бірге өмір тәжірибесі мол отбасыларға да, психологиялық көмек беру және психологиялық қолдау жасау.
Отбасыдағы жанұялық қарым – қатынасты реттеу, отбасы табандылығының жоғарылауына себеп болады. Соңғы жылдары отбасылар арасында ажырасу көбейді. Қолданбалы әлеуметтік – психологиялық зерттеулер, жанұялық келіспеушіліктің түрлері мен құрылымын айқындайды, оларды шешудің амал – әдістерін қарастырады. Бұның барлығы зерттеудің тек, "тақырыбы" ғана емес; әлеуметтік психологиядағы психолог – практик жанұядағы ынтымақтастық және бірін-бірі түсінуге бағытталған қарым – қатынасқа үйрету керек. [2, 7-9бет]
Отбасы психологиясы қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты. Сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта. Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады. Бала тәуліктің ¼ бөлігінде, яғни, 6 сағат мектепте өткізсе, 18 сағат өз отбасында болады. Яғни, ата-ана баламен уақытты ең ұзақ өткізеді. [3, 10-13 бет]
Батыс елдерінде XX ғасырдың 50-жылдарынан бастап отбасы жүйесінің ықпалы кең көлемде қарастырылып, таныла бастады(К.Бернард, Р.Хилл, М,Андольфи, Р.Корралс). 1990 жылы Э.Г.Эйдемиллер, В.В.Юстицкийдің еңбектері бойынша, «Отбасы –неке негізінде немесе қан жағынан туыстас шағын топ, олар өзара көмек көрсету, жауапкершілік алу және тұрмыстық жалпылықта байланысады» делінген.
Р.Хиллдің көзқарасынша, отбасы жүйесі келесідей белгілерден тұрады: 1.Отбасы мүшелері бір-біріне тәуелді өмір сүреді, егер біреуінің мінез-құлқы өзгерсе, онда барлығына да бірдей әсер ететін болады.
2.Отбасы- біршама тығыз, шектеле орналасқан бірлік. 3.Отбасы сыртқы факторға байланысты міндеттерді атқаратын және ішкі қажеттілікті қанағаттана өтейтін бірлік болып табылады.[4, 21-24бет].
Қазіргі білім беру жүйесінде оқу мен тәрбиелеу процесі психологиялық зерттеулерге жүгінеді. Мектепте жүргізілген психологиялық қызмет барысындағы ата-аналармен әр түрлі жұмыстар ұйымдастырылады. Осыған орай, оларға бала тәрбиесінің негізін жеке түсіндіруде, кеңес беруде атқарған жұмыстарға тоқталып өтілу керек.
Қолданылатын негізгі зерттеу әдістеріміз: ата-аналарға арналған сауалнама, тест.
Зерттеу жұмысы, Павлодар қаласының №16 жалпы орта білім беретін мектептің 4 «А» сынып оқушыларының ата-аналарына жүргізілді.
Зерттеу жұмысына 16 отбасы қатысты. Ата-аналардың балаларға деген қатынасын зерттеу үшін, «Сіз жақсы ата-анасыз ба?», тесті және «Ата-аналарға арналған сауалнамасы» жүргізілді.
Әр оқушының жанұясын зерттей келе:
- Ата-аналардың балаларға деген қарым-қатынасы;
- Ата-аналардың тәрбие процесіне деген көзқарасы;
- Ата-аналардың әлеуметтік жағдайларының мониторинг көрсеткіштері айқындалды.
Зерттеу барысында, ата-аналарға жүргізілген «Сіз жақсы ата-анасызба?!» тестінің нәтижесі:
I 1-кесте «Сіз жақсы ата-анасыз ба?» [5]
Ата-ана саны
|
60-тан 70-ке дейінгі балл
|
80-нен 99-ға дейінгі балл
|
100-ден 129-ға дейінгі балл
|
130 баллдан жоғары
|
16 (100%)
|
9ата-ана(56,25%)
|
7ата-ана(43,75%)
|
0%
|
0%
|
1 – диаграмма «Сіз жақсы ата-анасыз ба?»
«Сіз жақсы ата-анасыз ба?» әдістемесі бойынша шыққан көрсеткіштер:
1) 60-тан 70-ке дейінгі ұпайды алған 9 ата-ана - 56,25% -ды құрайды. Бұл ата-аналар тәрбиеге байланысты көзқарастары дұрыс болмайды. Ата-аналармен балалар өз-өздерін жақсы сезінбейді. Осындай нәтижені көрсеткен ата-ана бала тәрбиесіне аса зор мән аударулары қажет;
2) 80-нен 99-ға дейінгі баллды алған 7 ата-ана – 43,75%-ға тең.
Олардың өздерінің балаларына деген көзқарастары жаман емес. Бірақ көп жағдайда, ата-ана балаларының айтқанына көп көңіл бөледі. Сондықтан, балаға деген әсері жақсы бола қоймайды. Балалары ата-анасын көп тыңдамайды;
3) 100-ден жоғары баллды ешбір ата-ана алған жоқ. Бұл ата-аналардың тәрбие процесіне деген көзқарастарының дұрыс қалыптаспағандығын дәлелдейді.
Сонымен, зерттеуге алынған жартысынан көбінде, жақсы ата-ана қасиеті көрсеткіштері төмен. Екінші жартысында орташа. Жоғары көрсеткішке жеткен ата-аналар жоқ.
II «Ата-аналарға арналған сауалнама».
2 – кесте «Ата-аналарға арналған сауалнамасының» нәтижесі:
Ата-ана саны
|
1-Баланы қабылдау
|
2-кооперация
|
3-симбиоз
|
4-гиперсоциа-лизация
|
5-
Инфанти-
лизация
|
16(100%)
|
0%
|
7 - 13,75%
|
8 - 50%
|
1 – 6,25%
|
0%
|
2 – диаграмма «Ата-аналарға арналған сауалнамасының» нәтижесі:
1-ші шкала бойынша, еш ата-ана сәйкес келген жоқ.
2-ші кооперация шкаласы бойынша - 43,75% ата-ана болды. Бұл ата-аналар, баламен көп уақытты өткізуге тырысады және оның қызығушылықтарын қолдайды. Осы шкалаға сәйкес келген ата-ана, баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасайды.
3 – ші «Симбиоз» шкаласы бойынша, 50% ата-ана нәтижесі шықты. Мына шкала, бойынша жоғары балл алған ата-ана баланыңбүкіл қажеттіліктерін қамтамасыз етуге тырысып, оны өмір қиыншылықтарынан алшақ ұстайды. Ата-ана баласына әрқашан уайымдап, баласы оған қорғансыз болып көрінеді.
4 – ші «Гиперсоциализация» шкаласы бойынша, 6,25% ата-ана сәйкес келді. Ата-ана, баладан тәртіпті және тыңдауды талап етеді. Өз талаптарын алдына қояды. Баланың өзіндік мінез көрсетуі, қатты жазаланады. Ата-ана баланың әлеуметтік жетістіктерін қадағалайды және баладан әлеуметтік жетістіктерді талап етеді.
5 – ші шкала бойынша, ешбір ата –ана сәкес келген жоқ. «Инфантилизация» - ата-ананың баланы ерекше қабылдау және түсінуін білдіреді. Осы шкала бойынша, отбасылық қарым-қатынаста балаға әлеуметтік және жеке қолайсыздық көрінеді. Баланың қызығушылықтарымен сезімдерін ата-ана, дұрыс қабылдамайды.
Қорытынды.
Сонымен, ата-аналар балаларымен қарым-қатынас құруда, баланың ішкі жан-дүниесіне көп мән аударулары қажет. Егер, ата-ана өз баласын түсіне алса, болашақта баланың жеке тұлға болып қалыптасуына зор әсерін тигізеді. Жүргізілген зерттеу жұмысы, ата-аналардың балаларға деген қатынасының жаман емес екендігін көрсетті.
Ересектердің отбасындағы рөлі . Ересек адамның маңызды міндеттерінің бірі - өзінің балаларын өсіріп- жетілдіру. Өсіп келе жатқан балалар мен ата-аналардың қатынасы әр түрлері болады бұл жерде әр түрлі жағдайларға байланысты қалыптасады. Ең маңызды, шешуші жағдай- әр бір ата-ананың балаға деген эмоционалдық қатынастар базасына байланысты болып келеді. Психологияда мұндай қатынастардың үш нұсқасы қарастырылады: эмоционалдықтың негізі болып табылатын шартсыз сүйіспеншілік, негізделген сүйіспеншілік және баланы қабылдамау.
Аналық шартсыз сүйіспеншілікті Э.Фроле былайша сипаттаған: “Аналық сүйіспеншілік-бұл баланың өмірі мен мұқтаждықтары үшін өмір сүру, өзін-өзі құрбан ете біледі. Альтруистикалық сипаттағы ана сүйіспеншілігі махаббаттың ең жоғарғы түрі болып табылады. Жанұяда сүйіспеншілікке ие баланың уайым-қайғылар мен сүйіспеншілігін” деген түсінікте бірігеді. “Мен әдемімін, мен қайталанбас адаммын, сондықтанда сүйіктімін. Мен сүйіктімін, өйткені анам маған мұқтаж деп ойлайды. Мен сүйіктімін, өйткені бұл менмін. Мен сүйікті болуым үшін еш нәрсе істеудің қажеті жоқ”.
Баланың әдемілігінен немесе ұсқынсыздығына, қабілеттілігі не қарамастан сүйеді. Балаға осындай сүйіспеншілік қажет.Негізделген сүйіспеншілік-шынайы махаббат емес. Баласы мұндай жағдайда ата-анасының талап-үміттеріне жауап берген жағдайлардағана сүйеді. Егер бала ұқыпты, тәртіпті, тіл алғыш, проблема әкелмейтін, жақсы оқитын, ата-анасының жолымен жүрген жағдайда ғана сүйіспеншілікке ие болады. Негізделген сүйіспеншілік бала бойында өзіне-өзі сенімсіздік, мазасыздық сенімін туғызады, сондай-ақ өзін-өзі бағалау деңгейін төмендетеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1) Назарбаев жолдауы – 2050стратегиясы бойынша / Егемен Қазақстан №2, 10бет.
2) Социальная психология:Г.М.Андреева – Аспект Пресс, 2009. 363 б.
3) БизақоваФ., Мамашбаева Ш. – Отбасылық дағдарыс психологиясы: Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2010. – 232 бет.
4) Психология современной семьи – М.: Просвещение , 1988-208б.