Автор:
Перизат Берикболова (Алматы, Казахстан)
Ислам дінінен бұрын ақындарды бақсы, қам, озан деп атаған. Бұл есім оларға істеген істеріне қарай берілетін. Ақындар сонымен бірге сиқыршы немесе дін адамдары да болып келетін. Оларға халық сенетін және сый құрмет көрсететін.
Махмұт Қашқаридан және Турфан қазбаларынан табылған мәтіндерде алғашқы түрк ақындары ретінде білінетіндер: Чучу, Апрын Чор Тегін, Ки-ки, Күл Таркан, Асығ Тутунғ,Пратиаиа Шири, Калун Кейши, Чисуя Тутунг. Бұлардың өмірбаяны туралы мағлұмат жоқ.
Исламиеттен бұрынғы алғашқы айтушысы белгілі түрк өлеңін Ұйғырлардан көруге болады. Алғашқы түрк өлеңі Апрын Чор Тегіннің «Махаббат туралы өлеңінің» соңғы жағының оригиналы мен аудармасы төмендегідей:
Yaruk Tengriler yarlıkazun Нұрлы тәңірлер жарылқасын
Yavaşım birle Нәзігіммен бірге
Yakışıpan adrılmalım Жарасып айрылмайық
Küçlüg biriştiler küç birzün Күшті пайғамбарлар күш берсін
Közi karam birle Қаракөзіммен
Külüşügin oluralım Күліп өмір сүрейік [1.31].
Алғашқы түрік өлеңдері
Түрік әдебиетінде ең дамыған жанр өлең жанры. Жүздеген жылдар бойы әдебиетіміз тек қана өлең жазды десек те болады. Сондықтан да халқымыздың ішкі жан дүниесін өлеңнен іздеуіміз керек.
Орта Азия түрк әдебиетінің 4-5 ғасырлар аралығындағы өлеңдерінен мысалды қытай деректерінен көруге болады. Қытай тілінен аударылған «Кавал Түріктері» атты мына өлеңге ден қойайық:
Алыстан Менг-киндегі Сары өзенді көремін;
Ағаштар іші пісіп тербеледі;
Мен тұтқын жанұяның баласымын,
Қытайлардың әндерін түсінбеймін.
Ай жылтырайды, жұлдыздар ағып кетеді;
Келіп келмейтініңді маған қазір айт.
Мықты жас жігітке мықты тұлпар керек;
Мықты тұлпарға мықты жас жігіт керек;
Сарғайған даланың астына кірем, өлемін,
Тек сонда ғана ер мен әйел бірбірінен айрылады [1.32].
Алғашқы өлеңдерімізде қоғамның пайдасы бәрінен жоғары тұрады. Жаужүректік, батылдық, тұлпарға деген сүйіспеншілік, соғыс, махаббат, табиғат ең маңызды тақырыптардың басында келеді.
Диван Лұғат-ат Түріктің «Соғыс дастандарынан» алынған төрттағандарда да алғашқы түрк өлеңінің осы ерекшеліктерін көруге болады:
Kemi içre olturup
Ila suvın keçtimiz
Uygur tapa başlanıp
Mınglak ilin açtımız
Ağdı kızıl bayrak
Toğdı kara toprak
Yetişü kelip oğrak
Tokışıp anın keçtimiz
Basmıl süsin komuttı
Barça kelip yumuttı
Arslan tapa emitti
Korkup başı tezginür
Tünle bile köçelim
Yamar suvın keçelim
Terngük suvın içelim
Yuvka yagı uvulsun [2.].
Диван Лұғат-ат Түріктен басқа маңызды деректердің бірі ұйғыр алфавитімен жазылған Турфан мәтіндері. Махаббат, өлім, Тәңірге деген сүйіспеншілікті көрсететін осы мәтіндерді тюрколог А.в. Ле Ког бен Профессор В. Банг ғылымға таныстырғаннан кейін Проф. Решит Рахмети Арат осы деректерді қолдана отырып «Ескі түрік өлеңі» атты шығармасында «Ең ескі түрк илахиі» ұйғыр түріктерінің манихаист сезімдерін көрсетеді.
Tang tengri kelti Таң тәңірі келді
Tang tengri özi kelti Таң тәңірі өзі келді
Tang tengri kelti Таң тәңірі келді
Tang tengri özi kelti Таң тәңірі өзі келді
Turunglar kamug begler kadaşlar Тұрыңдар барлық бектер, бауырлар
Tang tengrig ögelim Таң тәңіріге мадақ айтайық
Körügme kün tengri Көретін күн тәңірі
Siz bizi küzeding Сіз бізді күзетіңіз (сақтаның)
Körünügme ay tengri Көрінген ай тәңір
Siz bizi kurtgarıng Сіз бізді құтқарыңыз
Tang tengri Таң тәңірі
Yıdlıg yıparlıg Жұпар иісті
Yarukluğ yaşukluğ Жылтыр сәулелі
Tang tengri Таң тәңірі
Tang tengri Таң тәңірі [1,33].
Орта азияда туған осы алғашқы өлеңдердің тілі таза түрікше. Буын өлшеммен төрттаған түрінде жазылған. Басқа ұлттардағы сияқты діни торжество кезінде туған. Исламнан бұрынғы өлең түрлері: кошуклар, жоқтаулар, дастандар болып бөлінеді. Барлығы аааб ұйқасымен төрттаған түрінде жазылған.
Мысал ретінде берер болсақ:
Tümen çeçek tizildi Мыңдаған гүл тізілді
Bükünden ol yazıldı Бүршігінен ол жайылды
Öküş yatıp üzüldü Көп жатқаннан шаршады
Yirde kopa adrışur. Жерден шығар шықпас ашылады.
Türlük çeçek yerildi Әртүрлі гүлдер ашылды
Barçın yadım kerildi Шөптен жібек жәйілді
Uçmak yeri körüldi Жұмақтың қолы көрінді
Tamluğ yana kelgüsüz. Енді қыс келмейді.
Kızıl, sarıg arkaşıp Қызыл, сары қатарынан
Yipkin yaşıl yüzkeşip Жасыл менекше ашылады
Bir bir kerü yürkeşip Бір бірін құшақтап
Yalnguk anı tanglaşur. Адам бұған таң қалады.
Yay körkünge inanma Көктемнің көркіне сенбе
Suvlar üze tayanma Суға сеніп таянба
Esizlikin anunma Жамандық жасауға дайындалма
Tilde çıkar edgü söz. Тіліңнен жақсы сөз шығар.
Yay baruban erküzi Жаз келгенде мұзды, қарды
Aktı akın munduzi Ағызды сел сулары
Toğdı yaruk yılduzi Жарық жұлдыз туды
Tingle sözüm külgüsüz. Тыңда сөзімді күлкісіз.
Balçık ballık yoğrulur Балшық батпақ иленеді
Çıgay yavur yıgrılur Кедей еңкейіп жылайды
Erngekleri ogrulur Бармақтары ұййды
Odguç bile evrişür. От іздеп жүреді [1.34-36].
Түрік өлеңінің тарихы
Түрік өлеңінің тарихы түрік халқының тарихының дамуына сай дамиды. Түрік өлеңінің өткені өте ескі. Б.зб 2 ғасырдағы түрік өлеңдерінің аудармаларын ескі қытай деректерінен көруге болады. Жазу шыққаннан көп бұрынғы түрік өлеңдерін мазар тастарынан, қытай тарихынан, дастандардан, көктүрік, ұйғыр жазуларынан, Қашқарлының Диван Лұғат-ат Түркіндегі өлеңдерден, мақал- мәтелдерден көруге болады.
Ескі түрік өлеңдерінде халқымыздың салт- дәстүрін, қоғамдық және күнделікті өмірлерін, бейбіт күндегі аңшылықтары, көңіл көтеру кештері, қонақжайлылығы, үлкенге деген құрмет, кішіге деген сүйіспеншілік сияқты өмірге байланысты әр түрлі тақырыптарды танып білуге болады.
Исламнан бұрынғы өлең көне дәуірден 11 ғасырға дейін жалғасады. Алғашқы өлеңдер қарапайым болғанына қарамастан сол кездегі өмір философиясын қоғамдық структурамызды, сезімдерімізді табиғи тілмен жеткізген. Ол кездегі өлеңнің тілі, ойы, сезімі қоғамның да тілі, ойы, сезіміндей:
Kıkrıp atığ kemşelim; Ат ойнатып барайық;
Kalkan süngün çumşalım; Қалқан, найзамен соғысайық;
Kaynap yana yumşalım; Бірде тоқтап бірде алқынайық;
Katgı yağı yuvılsın. Қатты дұшпан жұмсарсын№
Telim başlar yuvaldımat; Бірнеше бас кесіліп домалады;
Yağı andan yuvaldımat; Дұшпан содан бәсеңдеді;
Küçi anıng kevedimet; Күші содан азайды;
Kılıç kınka küçin sığdı. Қылыш қынға әзер сыйды.
Eren alpı okuştular; Ерен алыптар соғысты;
Kıngır közün bakıştılar; Бір жағымен қарады;
Kamuğ tolmın tokuştular; Барлық қарумен соғысты;
Kılıç kınka küçin sığdı. Қылыш қынға әзер сыйды [1.37].
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Resimli Motifli Türk Edebiyatı Tarihi, Karaalioğlu Seyit Kemal, 1. cilt – Başlangıçtan Tanzimata, İnkılap ve Aka Kitabevleri Koll.Şti, İstanbul 1980.
2. Қашқари М., Түрік сөздігі. Үшінші том.- Алматы: «Хант» баспасы.- 1997
Ғылыми жетекші: ф.ғ.д., проф Ислам Жеменей