Автор:
Айгерим Бабашева, Толкын Сламбекова (Семей, Қазақстан)
2004 жылы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң қабылданып, жастар жеке әлеуметтік-демографиялық топ ретінде бөлінді, оларға белгілі бір әлеуметтік құқықтар мен мемлекеттік кепілдіктер берілсе [1], «Жастар – келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Ол ХХІ ғасырда Жаңа Қазақстанның – дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті қалыптастыруды белсенді жалғасытыруы қажет. Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының миссиясы осында жатыр» - делінген Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында [2].
Ел президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауында: «Сөзімді, әсіресе, жастарымызға арнағым келеді. Бүгін мен жариялаған Жаңа саяси және экономикалық бағыт сіздерге жақсы білім беруді, яғни бұдан да лайықтырақ болашақ сыйлауды көздейді.Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер» - деп бүгінгі жастарға үлкен сенім білдірген [3].
Міне, осы қабылданған заңдарға сай қазіргі таңда елімізде қандай жұмыстар жасалып, нендей жетістіктерді бағындырып жатырмыз деген сұрақ туындайды. Ал біз өз кезегімізде өзіміздің білім нәрін сусындап, тәлім алып жатқан білім ордамыз яғни, Семей мемлекеттік педагогикалық институты жайлы, ондағы білім беру жүйесі және студенттерге арналған бағдарламалар, жалпы институт студенттерінің белсенді өмірі, Елбасымыздың салиқалы саясатының біздің ордамызда қалай жүзеге асып жатқаны жайлы айтпақпыз.
Семей мемлекеттік педагогикалық институты ғасырға жуық тарихы бар Республикадағы алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі. Соған орай институт студенттерінің басым көпшілігі өз қатарының алды, жаңалыққа жаны құмар, қаланың белсенді жастары.
Институтта жастардың инициативалары бойынша студенттік өзін өзі басқару ұйымы - Жастар ісі жөніндегі комитеті (ЖІЖК) жұмыс атқарады. Комитет - институт студенттерінің білім алу мен кәсіби біліктіліктерін қалыптастыру мен шыңдау процесіндегі құқығын және олардың қоғамдық өміріндегі маңызды мәселелерді шешуде белсене араласуын қамтамасыз ететін студентттік ұйым.
Болашақ мамандар үшін оқу орнымыздағы бұл ұйымның маңызы өте жоғары. Жастар ісі жөніндегі комитет жастар саясатын қолдап, жүзеге асырудың жолдарын қарастырумен, институтта, факультетте, топта білім беру мен тәрбие процесінің жүйелі түрде жүзеге асуын, студенттер ұжымында шығармашылықтың қалыптасуын, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, бағыт бойынша байқаулар мен сайыстар ұйымдастыру, институттағы қоғамдық ұйымдардың жұмысын қадағалау, жастар мәселелерін уақытылы шешумен айналысады.
Жастар ісі жөніндегі комитетінің басты ерекшелігі мен артықшылығы оның институт көлемінде жұмыс атқаратын барлық студенттік ұйымдарды бір арнаға жұмылдыруында. Оқу жылы барысында Жастар ісі жөніндегі комитетінің басшылығымен: «Жастар – жаңа қоғам көшбасшысы», «Студенттік көктем» атты студенттік апталықтар ұйымдастырылуда. Апталық аясында: КВН ойындары бойынша «Ректор кубогы», Халықаралық студенттер күніне орай спорттық ойындар жарысы, «New Art» жас таланттар конкурсы, «Фристайл» би байқауы, «Parasat CUP» пікір-сайыс турнирлері оқу орнымыздың студенттеріне қайталанбас мүмкіндіктер сыйлап, өздерінің бойларындағы таланттың ашылуына, жұртшылыққа шығып пікірлерін ортаға салуға үйретіп, сонымен бірге, болашақ мамандығына қажетті дағды, біліктерді игеруіне септігін тигізеді.
Жастар ісі жөніндегі комитет құрылымында: Комитетті басқарудағы барлық әрекеттерді жүзеге асырып, жұмысының атқарылуын қадағалайтын төраға, қоғамдық өмірге белсене араласып, студенттерді белсенділікке шақыру факультеттің негізгі міндеттерінің бірі болғандықтан, институттың әр факультетінде кіші декандары мен Республикалық деңгейде жұмыс атқаратын жастар қоғамдық бірлестіктердің өкілдіктері жұмыс атқарады. Жастар ісі жөніндегі комитеттің студенттерге арнаулы ұйымдастырылатын шараның негізгі демеушілері «Студенттік кәсіподақ ұйымы».
«Нұр Отан» ХДП (Халық Демократиялық партиясы) «Жас Отан» жастар қанаты, «Қазақстан студенттер Альянсы» сияқты ұйымдар тек институт көлемінде емес, студенттердің жан-жақты қала студенттерімен тығыз қарым-қатынасқа түсіп, қалалық тіпті Республикалық көлемде белсенділік танытуға деген үлкен мүмкіндік ашатын үлкен ұйымдар. «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты ұйымының маңызыдылығын қалалық, институттық дәрежеде дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын шаралардан байқауға болады. «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты ұйымының маңызыдылығын қалалық, институттық дәрежеде дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын шаралардан байқауға болады. Бұл ұйым жастар бағдарламалары мен жобаларын құрушы, Қазақстан республикасының жастар саясаты туралы заңға өзгерістер енгізудің бастамашылары. Сондай- ақ Республикалық 900-ден астам шаралардың ұйымдастырушылары. Айта кететін жайт, Жасотандықтар саны күн сайын арта түсуде, қазіргі күннің өзінде 160 мыңнан белсенді жастары бар. Елбасымыздың Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Жас Отан – жастар саясатының түп қазығы болуы керек». Жас Отаннның қайсар жастары әрдайым осы сөздерді ұран етіп, еліміздің болашағын бірге қалауға шақырады. Мысалы: өзекті мәселелерге орай ұйымдастырылған дөңгелек үстелдер, «Қазақ вальсының королі», «Қазақша би кеші», «Біз болашақ үшін», «Спорттық ойындар», «Қыз сыны», т.б шаралар, студенттерді салауатты өмір салтына, еңбекқорлыққа, белсенділікке қалай шақырса, соншалықты Отансүйгіштік пен патриоттыққа да баулиды.
Сондай-ақ, маңыздылығы мен ролі еш кем емес, инситутта студенттік омбудсмен, «Жатақхана кеңесі»; «Парасат» дебат клубы студенттерді төзімділікке, көшбасшылық, ораторлық қабілетін шыңдауға баулитын ерікті қоғамдық ұйымдардың бірі.
Шығармашыл, орынды әзілімен көзге түскен студенттермен жұмыс атқаратын Семей мемлекеттік педагогикалық институтының көңілді тапқырлар клубының (КТК) жұмысын ерекше атап өткіміз келеді. Институттың «Серілер» атты көңілді тапқырлар клубының командасы Республикалық ойындардың жүлделі орындарының иегерлері, Республикалық примьер лигада өнер көрсетуші топтардың бірі. Клуб жұмысына қатыса отырып студенттерде шығармашылық, коммуникативтік мәдениеттілік, іскерлік және т.б. болашақ педагогқа қажетті сапалар қалыптаспақ.
Студенттердің демалыс уақытында қоғамға да, өзіне де пайдалы іспен айналысуға шақыратын ерікті студенттер ұйымы «Студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұйымы»; «Студенттік құрылыс және еңбек отрядтары». «Студенттік құрылыс және еңбек отрядтары» студенттерді еңбексүйгіштікке, төзімділікке, адалдыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді. Жастар ісі жөніндегі комитетіндегі атқарылып жатқан шараларды қалалық баспасөз беттеріне, сонымен қатар институт сайтына мақала жазу арқылы студенттерді ғана емес, қоғамды Семей мемлекеттік педагогикалық институтының шаңырағында ұйымдастырылып жатқан шаралармен таныстырып отыратын Баспасөз клубы жұмыс атқарады.
Жаппай елімізде іске асырылып жатқан «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы» және тағы басқа ірі жобалар біздің шаңырағымызды да іске асырылуда. Бұл жобалардың тиімділігі, әр студенттің еңбек жолына бастама жасауға көмек көрсетуде, жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасауда, студенттердің ең негізгі деген мәселелеріне жауап беруінде. Мысалы институтымызда Студенттік құрылыс және еңбек отрядтары (СҚЕО) қаламыздың жаз мезгіліндегі тазалығы мен жасылдануына, және салынып жатқан ғимаратардың құрылысына көмек көрсетіп, Қарттар үйлеріне ақсақалды ата- әжелерімізге қол ұшын береді.
Жаппай елімізде іске асырылып жатқан «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы» және тағы басқа ірі жобалар біздің шаңырағымызда да іске асырылуда. Бұл жобалардың тиімділігі, әр студенттің еңбек жолына бастама жасауға көмек көрсетуде, жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасауда, студенттердің ең негізгі деген мәселелеріне жауап беруінде.
Аталған ұйымдар студенттердің қайталанбас шақтарын есте қалаларлық түсті бояуларға бояп, өз құқықтарын толыққанды жүзеге асыруына көмегін тигізіп, Жастар саясатының 2020 – жылға арналған тұжырымдамасының мақсатына қол жеткізуге бір қадам болса да жақындата түсуде. Сондай-ақ, Семей мемлекеттік педагогикалық институты қарамағында ұйымдастырылғын Жастар комитетінің болашақ мамандардың кәсіби іскерліктерінің, қабілеттерінің, шеберліктерінің қалыптасуына да ықпалы шексіз екендігін байқаймыз. Яғни, әрқайсымыздың елін шексіз сүйетін табысты, толыққанды, бәсекеге қабілетті маман-тұлға ретінде қалыптасуымызда студенттік ұйымның рөлі зор.
Әдебиеттер:
1. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң. Астана, 27.07.2007.
2. Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы. Астана, 2013.
3. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Астана, 2012
Научный руководитель:
кандидат педагогических наук, доцент кафедры Семипалатинский государственный педагогический институт педагогики Сламбекова Толкын Сламкуловна.