Автор:
С.Б. Насипова (Қызылорда, Қазақстан)
Қазіргі таңдағы үздіксіз көп деңгейлі кәсіби білім берудің басым бағыттарының бірі – тұлғаға бағытталған педагогикалық іс –әрекеттің сапасын қамтамасыз ету. Осы іс - әрекетке баса назар аударудың өзіндік себептері бар. Олар:
- еліміздің, қоғамның динамикалық дамуы, бүгінгі өзгермелі заманға лайық өмір сүре алатын тұлғаны қалыптастыруды талап етуде;
- бүгінгі мектеп оқушыларының іс - әрекетке бейімдігі, еркіндігі тәуелсіз болуы, педагогтарға білімденушілермен қарым – қатынаста жаңа тәсілдермен әдістерді қолдануды қажет етуде;
- бүгінгі мектептегі балалар мен үлкендер арасындағы қарым – қатынастың адамгершілік, демократиялық жағынан басым болу қажеттіліктерінен туындап отыр.
Білім беру үдерісінің субъектісін тұлға деп қаратырсақ, онда дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны. Тұлғаның мәні нақты индивидтің өзіндік ерекшелігінде, оның әлеуметтік жүйе шеңберіндегі өзімен - өзі болу қабілетінде ашылады. Табиғи таланттардың, туа біткен ерекшеліктерінің маңызды рөлін тұлға дамуында әлеуметтік факторлар жаңаша түрде көрсетеді. Дара өмірдің тіршілік ету әдісі дегеніміз – адам өмірінің жалпы көрінісі, адамның бірегей және бесаспап қасиеттерінің бірлігі тұтас жүйе; адамдардың арасындағы өзінің ұстаным орнын еркін және жауапкершілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Қоршаған ортамен қоғамдық және адами қарым – қатынастар жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам тұлға болып туа қалмайды, әлеуметтану процесінде тұлға болып шығады деген ғалымдардың тұжырымын қолдай отырып, білім мен тәрбие беру үдерісінде өздігінен үздіксіз дамуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру кәсіби білімдендіру үдерісінің ізгілендірілуіне орай кәсіби педагогиканың негізгі басымдықтарына айналды. Кәсіби педагогиканың басым бағыттарыннда болашақ маманның тұлғалық болмысын дамытуға оқыту технологиялар жүйесінің қолданыс аясы кеңейіп, практикалық маңызы айқындалды. Себебі педагогикалық технологияда педагогикалық жобасы ретінде объектілерді, процестерді және олардың өзара әрекет ету жағдайларын ажыратады, яғни педагогикалық технология кең мағынасында бүкіл білім беру жүйесінің тұжырымдамасын, стратегиясын білдіреді. Кәсіби білім беру жүйесін ұйымдастырудың негізі ұжымдық оқыту тәсілі болып табылады. Ұжымдық оқыту тәсілі – оқытуды білімденушілердің бір – бірін оқыта алатын динамикалық жұптарда қарым қатынас жасауы арқылы іске асырылатындай етіп ұйымдастыруымен сипатталады. Білімденушілердің оқу қызметін ұйымдастырудың ұжымдық формасы білімдену үдерісіне бірге қатысушылардың өзара ықпалдастығын, өзара жауапкершілігін білдіреді.
Г. Ю. Ксенева ұжымдық оқыту тәсілінің төмендегідей негізгі басымдық белгілерін атап көрсетеді.
- қисынды ойлау және түсіну дағдыларын жетілдіреді;
- сөйлесу барысында ойлау қызметінің дағдылары дамытылады, жадының жұмысы іске қосылады;
- әркім өзін еркін сезініп, өзіне тән жеке қарқынмен жұмыс жасайды;
- ұжымдық еңбек нәтижесі үшін жауапкершілігі артады.;
- жеке тұлғаның өзін лайықты бағалауы қалыптасады;
- ақпаратты ұжымда талқылау материалды неғұрлым берік меңгеруді қамтамасыз етеді[115].
Ұжымдық жұмыстың төмендегідей белгілері білім беру үдерісінде толыққанды айқындалды, олар:
- ортақ мақсаттың болуы;
- жұмыстың, ондағы функциялар мен міндетердің бөлінуі;
- білім беру процесіне қатысушылар арасында ынтымақтастық және өзара жолдастық көмек;
Білім беру үдерісінде оқытушы білімденушілердің жеке тұлғалық даралық болмысын дамытуға «барлығы әрқайсысын жеке және әрқайсысы барлығын оқытады» деген қағидасын педагогикалық жағдай жасау мақсатында жүзеге асырады. Ұжымдық жұмыстың жеке тұлғалық бағыты саралап оқыту қажеттіліктерімен айқындалады.
Саралап оқыту оқу ісін білімденушілердің бейімділіктерін, мүдделері мен байқалған қабілеттерін ескере отырып, бірақ олардың жалпы даярлығының базалық деңгейін төмендетпей ұйымдастырудың тиімді нысаны.
Саралап оқыту адамның қажеттіліктерімен мүдделерін қанағаттандыру үшін жағдай жасау арқылы оның біршама дамуына бағдар ұстай отырып, оқу процесін ізгілендіреді.
Әлеуметтік тұрғыдан алғанда, саралап оқытудың мақсаты қоғамның шығармашылық интелектуалдық, кәсіптік әлеуетін қалыптастыруға, қоғамның әрбір мүшесінің мүмкіндіктерін барынша толық пайдалануға ұмтылуға мақсаткерлікпен әсер ету.
Психологиялық тұрғыдан алғанда, саралап оқытудың мақсаты – әрбір адам басқа адамды дамытудың шарты және құралы болатын, «оқушы –мұғалім» жүйесіндегі субъект – субъектілік қатынастарға көшуге қолайлы жағдай жасау. Бұл қатынастардың негізінде мұғаліммен білімденушілердің өзін – өзі дамытуын қамтамасыз ететін бірлескен нәтижелі іс – әрекеті жатыр.
Дидактикалық тұрғыдан алғанда, саралап оқытудың мақсаты – тұлғаны білімденушілердің жеке қабілеттерін ескере отырып ұйымдастырылатын оқыту әдістерінің, нысандары мен құралдарының жиынтығын іске асыру арқылы әрбір білімденушінің қызығушылығы мен қабілеттерін дамыту, қасиеттерін ашу үшін оңтайлы жағдай туғызу. Бұл мақсатқа жетудің маңызды құралы білімденушілерге таңдау мүмкіндігін беру болып табылады.
Әдістемелік тұрғыдан алғанда, саралап оқытудың мақсаты – мектептің пісіп жетілген проблемаларын оқытуды сырттай және іштей саралауға негізделген жаңа әдістемелік жүйе жасау арқылы білім стандарттарын (міндетті талаптар) сақтай отырып шешу.
Саралаудың қажеттілігі тұлғаның мүдделерімен және құқықтарымен бірлесетін (әлеуметтік психологиялық) және әлеуметтік педагогикалық алғыштар қоғам қажеттіліктерімен туындайды, сол сияқты педагоикалық процестің (педагогикалық алғы шарттың) сапасын жақсартуға тікелей ұмтылудан келіп шығады.
Білім берудің жоғары деңгейі әрбір адам меңгеруге тиісті ақпараттардың айтарлықтай көлемімен, интелектуалдық практикалық біліктердің көптігімен, оның бойында қалыптасқан құндылықтар жүйесі мен тығыз байланысты. Ақпараттың қазіргі дүниеде жедел өсуі білім берудің міндетті базалық жағдайында белгілі бір салада мамандануға қажеттілікті туғыза отырып, оны әрбір адамның толық көлемінде меңеруге мүмкіндік бермейді.
Бұрын көсетілгендей, саралап оқыту адамдардың жекелеген топтарына қатысы жөнінен жеке тісілді іске асыруға бағытталған. Саралап оқыту, бір жағынан алғанда жалпы білім беруді кеңейтумен және тереңдетумен, екінші жағынан – кәсібилендіру элементтерімен ұштастырылады.
Саралап оқыту жағдайында аса маңызды проблема – жоғары білікті мамандар проблемасы туындайды.
Саралап оқытуды ұйымдастырудағы тағы бір проблема білімденушілрдің саралау алдындағы дайындығымен байланысты. Бұл проблеманың бір қыры белгілі бір жасқа дейін бірқатар жалпы оқу дағдыларын меңгеруге, шығармашылық қызмет тәжірибесі, терең базалық білімі болуға тиісті білімденушілерді әрі қарай білім алуға даярлау қажеттігі болып табылады.
Сонымен білім беру үдерісінде саралап оқытуды ұйымдастыруға байланысты қаралған кейбір мәселелердің өзі саралау проблемасының күрделілігін, көп қырлылығын көрсетеді
Бұл технологиялардың идеологиясын зерттеу, проблемалық әдістерді кеңінен пайдалануды, жобамен жұмыс істеу кезінде бірлескен немесе жеке іс- әрекет арқылы алынған білімдерді қолдануды, өзіндік сыни ойлауды ғана емес, мәдени қарым - қатынас деңгейін де дамытуды, мұның бәрі өмірде табысқа жетуді және күрделі өмір жағдайларынан абыроймен шығуды қамтамасыз етеді.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Б. А. Голуб Основый общей дидактики. – М.Просвещение, 1996.
2. В.П. Беспалько Слагаемые педагогической технологии. М.: Педагогика, 1989.
3. Управление образовательными системами. Т.И. Шамова, Т.М.Давыденко, Г. Н. Шибанова; под.ред. Т.И.Шамовой. – М.: Издательский центр «Академия», 2005.
4. Новые педагогические и информационные технологии в системе образовния. Е.С.Полат, М.Ю.Бухаркина, М.В. Моисеева, А.Е. Петров. –М.: Издательский центр «Академия», 2002.
5. Якиманская И.С. Личностно – ориентированное обучение в современной школе. –М.,1996.
6. Якиманская И.С. Личностно – ориентированное образования. – М.,2000.
7. Сериков В.В. Личностно – ориентированное образование: Феномен, концепция, технология // педагогическое образование для ХХІ века: Материалы международной научно – практической конференции. – М., 1994.
8. Бершадский М.Е., Гузев В.В. Дидактические и психологические основания образовательной технологии. – М.: Центр «Пед. пойск» , 2002.
9. Басова Н.В. Педагогика и практическая психология. – Ростов н/д: «Феникс», 2000.
10. Садыков Т.С., Әбілқасымова А.Е. 12 жылдық білім беру методологиясы. Оқу құралы. – Алматы, 2004.
11. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы дамыта оқыту құралы ретінде.