Автор:
Жұматай Таубалдиева (Алматы қаласы.Қазақстан Республикасы)
Қазақстан Республикасының Резиденті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әйелдер қауымымен жылсайынғы «Көктем шуағы» атты дәстүрлі кездесуі барысында мәлім етті, «Көптеген адамдар тәрбиенің орнын жоғары білім берумен алмастырғысы келіп жатады.Баланың әрқайсысын оқытып, диплом алуына күш саламыз.Бұл жақсы,әрине.Ол белгілі мамандықты иеленіп,диплом алады.Одан әрі не істейді? Ең бастысы, дипломға ғана емес,лайықты азаматтары тәрбиелеуіміз қажет.Көптеген мәселелерге заңға да, экономикаға да емес, адамгершілік қасиеттерге келіп тіреледі.Бізге ойлана алатын,еліміздің патриоттары қажет.Бұған жақсы тәрбие берудің арқасында қол жетеді.Тәрбие беру өнеріне үйрену қажет деп есептеймін.Біз ана болу қиын іс деп атайтып жатамыз,бірақ ана болуға ешкімді ешқашан үйретпеген»-деді Н.Назарбаев.(Bnews.kz.тілшісі,8-наурыз,2013ж).
Ел президенті Нұрсултан Әбішұлы өзінің Қазақстан халқына жолдауында, алдынғы отыз жыл ішінде мемлекетіміздің қандай бағытта даму керек екендігін белгілеп берді [1,8 б]. Әрине, осы міндетті болашақта іске асырушылар жастар.Олай болса, сол жастардың білім деңгейі, алған тәлім тәрбиесі қандай дәреже де ген сұрақ деңгейі, туындайды ,.бұл сұраққа толық, жан-жақты жауап беру әзірге қиындау, оған дәлел-бүгінгі қоғамымыздағы күнен күнге көбеіп отырған сан алуан қылмыстардың басты себебі- жастарымызға уақытында ұлттық тәрбиені бере алмағандығымыздан туындаған. Әрине,қазіргі таңдағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың нашарлауы да өз әсерін тигізіп тұр. Кеңес дәуірі кезінде балаларымызды мектеп тәрбиелейді деп санады, тәрбиелік сабақтарға аса көңіл бөлінбеді. Бұл мәселе жөнінде біздің ұлы бабамыз Әбу Нәсір әл Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие берілу керек,тәрбиесіз берген білім азаматтың қас жауы,»-деген екен.Менделеев; «Тәрбиесіз –білім,есуастың қолына қылыш бергендей»-деген екен Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский: «Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген.Ешқандай жарғыда, бағдарламада,ешқандай орынның жасанды әрекеті де оны орнын баса алмайды»,-деп текке айтпаған
Оқу жастардың жүрегін тебірентіп,ой сезіміне әсер ету үшін:біріншіден,тәрбиеші ұстаздың саяси сауатты жан-жақты мол білімі болуы шарт; екіншіден,тәлімгер ұстаз өз бойындағы білімді студент жүрегіне еркеін ұялатай алатын әдіскерлік шеберлігі қажет, үшіншіден-оқытушы оқу-тәрбие үрдісін жүргізу кезінде студенттің психологиялық ой-өрісінің өсу,даму дәрежесін бақылай алатын сезімтал психолог болуы керек.Л.Н. Толстой айтқан: «Мұғалім өн бойына,өз ісіне,шәкіртіне деген сүйіспеншілігі жинақталса ғана ол –нағыз ұстаз»-деген...Сондықтан да оқу тәрбие-егіз.Ол бір бірінен бөліп алып қарауға болмайтын табиғаты танылып тұрған үрдіс. Ел басы Н.Назарбаев: «Жастар тәрбиесі басты мақсат»-деген.Ұстаз – бір елдің болашағы үшін жасайтын киелі мамандық иесі. Оның парасатты ,жүріс тұрысы, сөйлеу мәдениеті,ішкі жан дүниесі,тіпті киім киісі бәрі ел-жұрттың назарынан тыс қалмайды.Қазақтың кемел ойлы ұстазы А.Байтұрсынов «Мұғалім нашар болса, сыйлы мектепте отырып сабақ бере алмайды. Мұғалімдік оңай нәрсе емес,тәртіппен жасалған оқу құралдарын, тәртіпсіз жасалған құралдар орында тұтынады.»-дейді [5, 13 б ].
Педагогикалық ғылымдардың дамуы барысында тәрбие беру жұмысы методикасы да өзіндік бет- бағдары бар ғылыми пән ретінде қалыптасып және дамып келеді. Оның міндеті – тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен принциптерін, формалары мен әдістерін ашып кӛрсету, педагогтарға тәрбие беру өнерін меңгеруге көмектесу. Тәрбиені комплексті түрде жүргізу идеялық- тәрбие жұмысының бәрін жоғары ӛнімді еңбекке және белсенді қоғамдық- саяси қызметке қабілетті жан- жақты дамыған жеке адамды қалыптастыруға бағдар тұтуды білдіреді. Жеке адамды жан- жақты дамыту жастардың тіршілік қызметінің алуан түрлі - өндірістік, қоғамдық- саяси, рухани, адамгершілік салаларында барлық қабілет дарындарын дамытуды қарастырады. .
Тәрбие диалектикасы дегеніміз – жастарды қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу. Сол себебтенде жаңа заман адамдарын тәрбиелеуді бізден қоғам талап етеді.Осыған орай топ жетекшілері тәрбие жоспарын құрғанда келесі мәселелерге назар аударғандары жөн. Тәрбиенің құрамды бӛліктері:- адамгершілік тәрбиесі, патриоттық тәрбиесі , ақыл -ой тәрбиесі , құқық тәрбиесі, еңбек тәрбиесі ,-экологиялық тәрбие ,эстетикалық тәрбиесі ,экономикалық тәрбиесі ,дене тәрбиесі.
Аталған ұғымдарды жете түсіну,қабылдау үшін ең алдымен адамның жан-дүниесін,яғнирухын,сезімін қалыптастыруда алдыға қойылған талаптар мен тиісті ережелерді тәрбиешілердің өзі түсінуі керек.Осы орайда,тәрбиенің көп түрлерінің ішінде рухани,яғни,эмоционалды рөл атқарады.
Ежелгі гректерде рух ұғымы(нус,логос т.)Рух адамды шындық пен әдеміліктің бірлестігінде,өокениеттің үлгісіне жатады,құдіретті күшпен сырласарлық сезім шебін кеңейтеді.Осыған орай біз рухты міндетті түрде адамгершілік тәрбиесімен сабақтастырамыз.
Адамгершілік тәрбие берудың негізгі мазмұнын патриотизм және интернационализм,коллективизм және гуманизм,еңбекке және қоғамдық меншікке деген көзқарас,тәртіптілік және ұйымшылдық,принципиалдылық және ӛзіне сын көзімен қараушылық, шыншылдық және әділеттілік жоғары жауапкершілдік және қоғамдық парызды сезінушілік сияқты моральдық қасиеттерді қалыптастыру құрайды. Оларды қалыптастырудың алдында қарапайым мінез- құлық дағдылары мен әдеттерін меңгеру, ӛзін кӛпшілік ішінде ұстай білуді бойға сіңіру, қоғамдық тәртіп пен тәлімді сақтау тұрады. Саналы тәртіпті тәрбиелеу тілалғыштық пен ұйымшылдық, дәлдік пен инициативалылық, ұстамдылық пен белсенді творчестволық іс- әрекет сияқты моральдық қасиеттер мен мінез сипаттарын қарастырады. Мектеп оқушыларына еңбек сүйгіштік пен әділеттілік,қарапайымдық пен сыпайлық үлкенді сыйлаушылық пен кішкентайларға қамқоршылық сияқты адамгершіліктің Өте қарапайым нормаларын сіңіру қажет.Адамгершілік тәрбиесін беру мазмұнында жігіттер мен қыздар арасында дұрыс өзара қарым – қатынас орнату, оларды жеке өмірге даярлау едәуір орын алады.
Адамгершілік тәрбиесі- белсенді процесс. Ол жағымды қасиеттерді қалыптастыруды ғана емес, жағымсыз қасиеттерді жеңуді. Маскүнемдікке, бұзақтылыққа, бейпіл ауыздылыққа, тоғышарлық кӛңіл күйге, тұтынымпаздық психологияға тайсалмай қарсы шығуының маңызы үлкен.
Патриоттық тәрбиенің негізгі міндеттері- Отанға деген сүйіспеншілікке, ұлттық мақтаныш сезімін жетілдіруге, бейбітшілік пен демократия ісіне берілгендікке, кез келген сәтте Отанды қорғауға дайын болуға, тәрбиелеу
Мағжан Жұмабаев өз халқының патриоты ретінде оны халқының, ұрпағының болашағы үнемі толғандырып, тәрбиенің басты міндеттерінің бірі бала бойында ұлттық сезімдерді ерте қалыптастыру оларды халықтың рухани мәдениеті мен, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрімен кеңінен қарулардыру қажет деп санайды. «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, бұрын қолданып келе жатқан тақтық жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ үлгі тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деп, ата-анаға отбасында балаға ұлттық тәрбие беру қажеттігін ерекше айтып өтеді. [4, 10 б ] .
Еңбекке тәрбиелеудің мазмұнында еңбекке әзірлікті бойға сіңіру, ойдағыдай еңбек ету үшін қажетті моральдық- еріктік қасиеттерді қалыптастыру үлкен орын алады.
Еңбекке тәрбиелеу процесінде үнемшілдік сезімі дамиды, жаңа ғасырдағы жастарды халық игілігін сақтау және молайту жөнінде қамқорлық жасауға үйренеді, жатахана, аудиториядағы бұйымдарын, оқулықтарды күтіп ұстайды.
Соңғы жылдарда жастарды «Жасыл ел» - атты жастар ұйымы құрылып, табиғаты қорғау жұмысына араласуы едәуір қанат жайды. Бұл туған табиғатты білуді оны қорғау жөніндегі шығармашылық және мақсаты еңбекпен үйлестіруге, студенттерді табиғат байлықтарына ысырапсыз, шаруақор көзқараспен қарауға жәрдемдесіп жұрі. Сондықтан экологиялық тәрбие беру, табиғи ресурстарды қорғауға және орынды пайдалануға дағдыландыру болып жатыр.
Құқық тәрбие беру мазмұнына құқықтық білім, құқықтық сенім және құқықтық мінез- құлық сияқты құрылымдық элементтер кіреді. Жастарға құқықтық тәрбие беру –құқық бұзушылықты алдын алу шараларының бірі. Заңдарды білмеу оларды бұзушыларды кіналарын жеңілдетпейтіні белгілі. Ол құқық бұзушылықтарды ақтай алмайды.
Қоғамның ғылыми – техникалық прогресс жағдайында экономикалық білім мен тәрбие үлкен мәнге ие болады. Бұл, ең алдымен, Студенттерді экономикалық білім негіздері мен қаруландыру, экономикаға деген ынтаны ояту және жетілдіру, иегерлік сезімді тәрбиелеу. Экономикалық білім мен тәрбие берудің аса маңызды міндеті- экономикалық, еңбек қарым –қатынастары саласына енуге даярлау.
Эстетикалық тәрбие оқушылардың көркемдік талғамдарын, алуан түрлі
шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге себепкер болады. Эстетикалық тәрбие процесінде табиғат пен өнердегі әсемдікті ғана емес, адамдардың әрекет – қылықтарындағы, өзара, қарым- қатынастарындағы әсемдікті ұғына білудің маңызы үлкен. Адамгершілік ұғымдары мен тығыз байланысып жатады адамдар қарым- қатысы, тәртіп, еңбек пен тұрмыс әсемдігі ерекше үлкен мәнге ие болады.
Өмірдегі, өнердегі және табиғаттағы әсемдікті көре білу, сезіну және ұғыну сәбилік шақта пайда болады. Ал, жоғары оқу орнындарында мұның бәрі одан әрі дамиды, онды болмысқа деген эстетикалық көзқарастың негіздері толық қаланады және аяқталынады. Сонымен жастар табиғаттағы, өнердегі, адам қарым- қатыстарындағы әсемдікті ұғынуға және бағалауға дағдыланады. Олар әсемдік заңы бойынша өмір сүреді үйренеді. Осыған орай жігіттер мен қыздар өздерінің эстетикалық талғамдары мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға үйренуге әбден болады.
Дене тәрбиесі дененің қалыпты жетілуін, денсаулықтың нығаюын қамтамасыз етуде, жастарды еңбекке, Отанды қорғауға даярлауды көздейді. Дене тәрбиесі еркі мықты, тәртіпті, батыл және инициативалы, еңбекке және өз Отанын қорғауға дайын адамдар әзірлеуге көмектеседі.
Жастарға ұйымдастырылған тәрбиелік әсерді кеңейтуге аудиториядан тыс мекемелердің де ролі зор. Олар әр түрлі тәрбиелік жұмыстар жүргізеді, студенттердің демалуын ұйымдастыруға көмектеседі, олардың жан- жақты дамуына үлес қосады.
Бұқаралық информация құралдары. Баспасөз, радио, телевизия, кино- идиологиялық ықпалетудің қуатты құралдары. Оладамның өз бетімен білім көтеруіне және өзін- өзі тәрбиелеуіне аса бай материал береді. Біздің елімізде газеттердің, журналдардың және басқа мерзімдік басылымдардың тиражы жыл сайын өсіп келеді.
Ойымызды қорыта келе,студенттердің рухани, интелектуалдық жағынан дамытып тәрбиелеу,өз тарихын, мәдениетін қастерлеу,танысу және дүниежүзілік ұлы мәдениетке қол созу,тану.Сондықтан да куратор, эдвайзерлер тәрбие ісін тартымды,ұтымды ұйымдастыру арқылы сатылай,бірізді үздіксіз, заман талабына сай қалыптастырып үйрету керек. Оқу-тәрбие ісін үнемі кірістіре,дамыта, дәстүрден тыс жаңа әдіс-тәсілдерімен жүргізу керек.
Ұлы педагогК.Д,Ушинский: «Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген.Ешқашан жарғыда,бағдарламада,ешқандай орынның жасанды әрекеті де оны орнын баса алмайды»,-деп текке айпаған.Л.Н.Толстой айтуынша: « Мұғалім он бойына,өз ісіне,шәкіртіне деген сүйіспеншілігі жинақталса ғана ол-нағыз ұстаз»-деген.
Әдебиеттер:
1. Тәжібаева С.Ғ. Жоғары және арнаулы оқу орындарына арналған иновациялық тәлім-тәрбие бағдарламасы «Алматы», 2003
2. Кукушин В. С. Теория и методика воспитательной работы: Учебное пособие. –Ростов н/Д:Издательский центр «МарТ», 2002
3. «Қазақ тілі терминдері»салалық ғылыми түсіндірме сөздігі.Педагогика және психология.-Алматы «Мектеп», 2002
4. Педагогика. Дәріс курсы.-Алматы: «Нұрлы Әлем», 2003
5. Таубалдиева Ж.Ш. Мектепте музыкаға тәрбиелеу әдістемесі.Алматы.2002,16 бет.