Автор:
С.С.Багашева, Б.Т.Дуйсенбинова (Қазақстан, Талдықорған қаласы)
Тұмау- бұл өте жұқпалы вирустық инфекция. Тұмау вирусымен ауырғанда өлімге де әкеп соғуы мүмкін, көбінесе кішкентай балалар мен қарт адамдар арасында кездеседі. Тұмау эпидемиясы көбіне жылдың суық кезеңдерінде болады және жер шарының 15℅ тұмау вирусына шалдығады. Біз өмірімізде жедел респираторлық вирустық жұқпалар және тұмаумен бір жыл шамасында аурамыз. Адам тұмаумен ауырғанда басы ауырып, ағзасы улы вирустық белокпен уланады. Жедел респираторлық вирустық жұқпалар және тұмау жүрек қан тамырлар жүйесінің әлсіреуіне алып келеді, адамның өмір сүру ұзақтығын азайтады. Тұмауды қоздыратын вирустар тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың вирусын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Яғни тұмаумен қатты ауырғанда тыныс алу жүйесіне, орталық жүйке жүйесіне өте қатты кері әсерін тигізеді және мынандай ауруларға әкеп соғады: пневмония, трахеобронхит, менингоэнцефалит. “Жедел респираторлық ауру” немесе “Жедел респираторлық вирустық жұқпалар” (ЖРВЖ) бір- біріне ұқсас көптеген ауруларды қамтиды. Олардың ұқсастығы аурулар вирустармен қоздырылады, ағзаға ауа арқылы таралады, яғни мұрын және ауыз қуысы арқылы. Тұмаумен ауырған адамда дене температурасы бірнеше күнге дейін түспейді, тамағы ауырып, жөтел және бас ауруы болады [5].
Әлем бойынша тұмау вирусы мен жедел респираторлық вирустық жұқпалар инфекциялық аурулардың 95% құрайды. Ресей елінде тұмау вирусы мен жедел респираторлық вирус жұқпасымен ауырғандар саны 27,3- 41,2 млн дейін тіркелуде. Тұмау вирусы өте тез тарайды. Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. 2009 жылдың наурыз айының орта шенінде Мексика халқының арасында етек алған адамнан адамға жұғатын жедел респираторлық аурулар А типті (Н1N1) доңыз тұмауы вирустарымен берілетін жұқпаның басқа елге тарауының бастамасы болды. 2009 жылдың 29 сәуірінде зертханалық жолмен расталған доңыз тұмауының 148 жайын жаһанның 9 елі (АҚШ, Мексика, Австралия, Жаңа Зеландия, Израиль, Испания, Германия т.б.) жария етсе, сонымен қатар Мексика мен АҚШ- та осы науқастан өлім жағдайлары тіркелген. АҚШ- тың Атлантадағы аурулардың алдын-алу және қадағалау орталығының бұдан әрі (СДС/Атланта, АҚШ) зертханасында Техас пен Калифорния штаттарындағы аурулардан алынған зерттемелік материалдардан генетикалық өзгеріске ұшыраған А типті (Н1N1) доңыз вирусы бөлініп, адамнан адамға берілетіні анықтала отырып, А(California/04/2009) (H1N1) деп белгіленді және бұрын белгісіз вирус ретінде топтастыру ұсынылды. 52- ге жуық мемлекеттер 15000- ға таяу доңыз тұмауы тіркелгенін, оның 98 жағдайда өлім жағдайына әкелгенін мәлімдеді. Эпидемияның халықаралық етек алуын ескере отырып, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры төтенше жағдай ретінде елдегі тұмау пандемиясының қауіптілік сатысының 5-ші деңгейін және халықаралық үйлестіруді жариялады. Доңыз тұмауы вирустарының басқа да типтері бар, мысалы: Н1N2, H3N1, H3N2. Шошқалар сонымен қатар құс тұмауы, кезеңдік адам тұмауы мен доңыз тұмауы вирустарын жұққыза алады, бір уақытта вирустың бірнеше типінің жұғуы вирус генінің араласып, мутацияға ұшырауына әкеліп соқтырады. Бұл тұмау вирусының әртүрлі вирустық геннен тұратын типтік түрінен туындайды, және оны “реассортант” деп атайды. Доңыз тұмауының вирустары тек бір түрге тән, шошқаға ғана жұқпалы бола тұра, кейде тосқауылдан өтуі және адамға да жұғуы ықтимал. Адамдар әлбетте доңыз тұмауын шошқа малынан жұқтырады, бірақ кейбір жағдайда адамның шошқа немесе шошқалар мекеніне байланыссыз тарихи жәйттар белгілі болды [1].
Соңғы уақытта А типті (H1N1) “доңыз тұмауы” вирустары адамнан адамға ауа тамшылары арқылы ара қатынаста болғанда жұғатыны расталды. “Доңыз тұмауының” жалпы клиникалық белгілері кезеңдік адам тұмауына ұқсас болады, бірақ ешбір клиникалық белгісіз басталып пневмонияның ауыр түрінен қайтыс болуға әкелетін түрлері жайлы деректер алынды. Мексикада аурудың белгілері жедел респираторлық жұқпаларға ұқсас болу себепті диагноз қою кешеуілдеп, жұқпаның кең тарауына әкеп соқтырды. Көптеген аурулардың өкпе қабынуы үдей түсіп, тыныс алуы қиындағандықтан, өкпені аппаратпен тыныстандыру қажет болды. Көпшілігінде жедел респираторлық аурудың синдромдары өршіді. Аурудың вирус таратушылық мерзімі белгісіз, сондықтан ауру жұқтырған тұлға аурудың басталған күнінен санағанда 7 күн бойы айналасына қауіпті деп ұйғарылды, вирус таратушылық ұзаққа созылып, қоршаған ортада жұқпаның тарау көзіне айналу мүмкіндігі бар. Жедел респираторлық ауруда: мұрыннан су ағу, мұрын бітуі, тамақ ауыруы, жөтел мен дене қызуы көтерілуі, ал жедел респираторлық вирус жұқпасында әрқашан дене қызуы 37,8ºС жоғары жөтел мен тамақ ауруы, оған қоса жүрек айну, құсу, іш өту симптомдары “доңыз тұмауын” сипаттайды. Егер адамда жедел қызбалы респираторлық аурудың белгілері, зертханалық расталған жұқпа қоздырғышы болса, мұны анықталған доңыз тұмауы жұқпасы ретінде есептейміз, яғни доңыз тұмауының вирусы бір немесе бірнеше зерттемеде: 1. Байырғы уақыттағы ОТ-ПЦР. 2. Ауру адамның жоғарғы тыныс жолдарынан алынған мұрын- тамақ қуысының шайынды аспираттарынан вирус өсіндісін анықтау. Ауруларға эпидемиологиялық сыртартқы негізінде клиникалық белгілері нышандарымен болжалды және мүмкін жағдайлары қойылады: шошқа тұмауымен ауырған адаммен 7 және одан да көп күн байланыста болу, жұқпалы ауру бойынша сәтсіз елдерден және аумақтардан келу, А типті (H1N1) шошқа тұмауы вирусын тудыратын жағдайлар. Қазіргі уақытта доңыз тұмауына қарсы қолданатын вакцина жоқ. Вирусқа қарсы емдеу антивирустық препараттар: осельтамивир немесе занамавирді басқа антивирустық препараттармен қоса пайдалану арқылы жасалады. Препараттың дозасы мен емдеу жолын емші дәрігер белгілейді. Балалармен 18 жасқа дейінгі тұлғаларға дене қызуын түсіру мақсатында аспирин немесе құрамына аспирин кіретін дәрілерді қолдануға болмайды. Кәдімгі адам тұмауында қолданылатын симптоматикалық препараттарды қолдану және сұйықтық заттарды жиі ішу қажет. Залалсыздандыру заттарынан 70℅ этанол, 5℅ лизол, 10℅ хлорлы әк қолданылады. Алдын алу шарасы үшін ауру адамды арнаулы бокс бөлмесіне оқшаулау керек, ондай жай жоқ болса, ауа қысымы төмен жайға, үйде- бөлме конденционерін тек “сыртқа тарту” ал даладан ауаны жай кіргізу тәртібіне бейімдеп, орналастыру керек. Аурулармен тығыз араласатын тұлғаларға нұсқаулық өткізіледі, бірреттік аэрозольді ауа тұтқыш, N95 ауа тұтқышын, арнайы сүлгілі бетперделер қолдану қажет. Қолды жиі жуып, спирт пен залалсыздандыру ерітінділерін қолдану қажет [2,3].
Тұмау вирусының құстарда болатын түрі “құс тұмауы” деп аталады. “Құс тұмауының” А, В деп аталатын вирустарының ішінде, әсіресе, Н5 және Н7 түрлері аса қауіптілері болып табылады. Ол алғаш рет ХХ ғасырдың басында Италияда анықталып, ұзақ уақыт адамға қауіпсіз саналып келген. Тұмаудың А вирус түрі құстарды қоса есептегенде шошқалар мен жылқыларда, тюленьдер мен киттерде болуы ықтимал. “Құс тұмауы” вирусы әдетте адамға құстан тікелей берілмейді және адамдар арасында айналысқа түспейді деген ұстаным бар. Ал “құс тұмауын” таратуда, өзінің аты айтып тұрғанындай, жабайы құстардан келетін қатер басым.
Вирустардың ішінде адамға қауіптісі Н1, Н2, Н3 және N1, N2 түрлері болып табылады. Бір атап көрсететін жәйт- “құс тұмауы” жабайы құстар арасында ауру туғызбағанымен, үй құстарын қырып салады. Ол адамнан адамға жұқпайды делінеді, бірақ ауырған құстармен байланыстың салдары адам үшін қайғылы аяқталуы ғажап емес. “Құс тұмауы” вирусының адамға жұққаны туралы мәлімет алғаш рет Гонконгте тіркелді. Онда Н5N1 түрі 18 адамға жұғып, 6- уының өліміне әкеліп соққан. 2003 жылы басталған Н5N1 эпидемиясы Вьетнам, Камбоджа, Қытай, Индонезия, Лоюс, Пәкистан, Корея Республикасы, Таиланд, Тайвань және Жапония секілді Азияның он елін шарпыды. [4].
Ғылыми-зерттеу жұмысына материалды кеңсіріктен, мұрын қуысының кілегейлі бөлігіне алғашқы үш күн ауырған күннен бастап мақта немесе дәкіден жасалынған тампонмен алынды. Алынған материалдан тұмау вирусын бөліп алу үшін 10-11 күндік тауық эмбрионын және клетка культурасын пайдаланылды. Вирустарды тауық эмбрионының әр жерлеріне енгізу арқылы өсірілді.
2011-2012 жыл аралығындағы мектеп жасындағы балалар арасында жедел респираторлық вирустық жұқпалар (ЖРВЖ) мен тұмау вирусының эпидемиялық ахуалы бойынша 2011 жылы 13573 бала зерттеуге алынып, соның ішінде 9149 бала жедел респираторлық вирустық жұқпалармен, ал тұмау вирусымен 35 адам ауыратыны анықталды. 2012 жылы 17664 бала зерттеліп, жедел респираторлық вирустық жұқпалармен 1665 бала, тұмау вирусымен 17 бала ауырған.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
-
Р.У.Бейсембаева, Багашева С.С К.Д.Даулбаева. Биологическая характеристика вирусов гриппа Н1N1 выделенных от диких птиц. Сб.Биология вирусов.Алматы, 1982.
-
Саятов М.Х., Багашева С.С., Даулбаева К.Д., Серологические данные циркуляци вируса А(Н1N1) среди крупного рогатого скота на территории южного Казахстана.Изв. АН Каз ССР Серия биология, 1984.
3. Колыванова И.Л.,Бейсембаева Р.У Багашева С.С. Изучение вирусов гриппа А(Н3N2), циркулирующих в Казахстане в 1990г. Труды Института в кн. Биология орто- и парамиксовирусов. Алматы, 1990.
4.М. Х. Шыгаева., Микробиология және вирусология Алматы, 2008ж
5.Зуев В. А. Медленные вирусные инфекции человека и животных. М.: “Медицина”, (1988)