Увага! Всі конференції починаючи з 2014 року публікуються на новому сайті: conferences.neasmo.org.ua
Наукові конференції
 

БИОАЛУАНТҮРЛІК. ШИҚЫЛДАҚ ҚАЗ – ЖЫЛ ҚҰСЫ

Автор: 
Айгуль Хасанова (Костанай, Казахстан)

Биоалуантүрлілік – адамзатты шексіз ұзақ уақыт энергетикалық, техникалық және басқа ресурстармен қамтамасыз етудің жалғыз көзі.

Биоалуантүрлілік экожүйелердегі байланыстардың толық болуының шарты және негізгі факторы бола отырып, оның ең маңызды қасиеті – тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Элементарлық (іс жүзінде бөлінбейтін) экожүйелердің көптүрлілігі ең алдымен олардың түрлік құрамымен анықталады. Ал ең ірі экожүйелер үшін алуан түрліліктің артуында оларға кіретін кіші деңгейдегі экожүйелердің маңызы артады.

Биосфераның геологиялық тарихының барысында онда тіршілік ететін ағзалардың түрлерінің саны тұрақты болмаған. Әрбір түр белгілі бір уақыт қана өмір сүреді. Шамамен 10-30 млн. жыл. Түрлердің ішінде өмірі өте қысқа және ұзақ өмір сүретін түрлер – «тірі қазбалар» да бар. Мысалы, жануарлардың ішінен тірі туатын барлық латимерияны атауға болады. Ол 60 млн. жыл бұрын жойылып кеткен деп есептеліп келді. Бірақ 1938 жылы Комор аралдарының маңынан табылған.

Экология ғылымы ең маңызды биоалуантүрлілік туралы ғылымды зерттейді. Табиғаттағы барлық биологиялық процестер биосфера мен экожүйелерден тыс жүрмейді. Осыдан биоалуантүрліліктің үш үлкен бұтағы тарайды. Әрбір бұтағы деңгейлерге бөлінеді. Биоалуантүрліліктің әр деңгей бөлімдерге бөлінеді. Бұл бөлімдерде биоалуантүрлілік әртүрлі тірі ағзалардың арасындағы ерекше туындысы ескеріледі. Олардың арқасында көрсеткіш құрылады, қоршаған ортаға төзімділікті қамтамасыз етеді. Биоалуантүрліліктің жоғары деңгейде көптеген әртүрлі экожүйелер және ланшафтар орналасады. Табиғатта біртекті мекен орталары болмайды.

Біз биоалуантүрлілік жайында сөз өткенде, ең біріншіден көптеген жануарлар және құстар түрлерін жатқызамыз, кез келген түр дараларды құрады. Генетикалық жағынан бір-біріне өте жақын келеді. Олар еркін шағыласады және өсімтал ұрпақ береді. Сол уақытта кейбір даралар түрлері басқа даралар түрлерімен еркін шағылыса алмайды. Ғалымдар әрдайым жаңа жанурлар түрлерін сипаттап, жаңа түрлерін атауда. Біздің планетамыздағы түрлердің нақты санын ешкім келтіріп бере алмайды. Алайда жануарлардың түрлері өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың санынан әлдеқайда басым түседі.

Егер ертеректе бір түр орташа алғанда 2000 жылда жойылып отырса, соңғы 300 жылда әр 10 жыл сайын жойылып отыр. 1600 жылдан бастап омыртқалы жануарлардың 173 түрі (109 құстар және 64 сүтқоректілер) және өсімдіктердің 20 түрі жойылып кетті.

П.Ревелль мен Ч.Ревелльдің (1994) болжамы бойынша алдағы 20 жылда миллионға жуық түрлер жойылып кетуі мүмкін, олардың көпшілігі тропиктік ормандарды мекендеушілер.

Түрлердің санының күрт төмендеуі мен түрлердің жойылуы себептері алуан түрлі. Көбінесе олар мекен ету ортасының өзгеруі немесе бұзылуымен байланысты. Омыртқалы жануарға қатысты алсақ бұл факторға түрлердің жойылуының 60% жағдайлары сәйкес келеді. Екінші орында шектен тыс пайдалану, содан кейінгі орында азық қорының кемуі зиянкестерді жою және кездейсоқ жемтік түр.

Экологиялық мәселелерді және биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың бір жолы – Қызыл кітап. Табиғат ресурстары мен табиғаттағы қорғаудың Халықаралық одағы (МСОП) бүкіл планетаның Қызыл кітабын құрастырған.

Халықаралық бірлестік адамзаттың түрақты дамуын қамтамасыз ету үшін биосфераның биологиялық алуантүрлілігін сақтауға бағытталған іс-әрекетін бір арнаға бағытауы керек.[1]

Қазақстан биоалуантүрлікті сақтау қуымдастығы.

"Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы" республикалық қоғамдық бірлестігі 2004 жылы құрылып, Алматы қаласында биоалуантүрлілікті сақтау саласында қызмет ететін заңды тұлғалар ассоциациясы ретінде "Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы" атауымен тіркелді. Сол кезде ҚБСА құрамына құрылтайшы ретінде үш үкіметтік емес ұйым енді: Қазақстан құстарды қорғау бірлестігі (Алматы), "Ремез" құстар әуесқойлар қоғамы (Алматы) және «Арлан» табиғатты қорғау қоғамдық орталығы (Қарағанды), кейінірек "Родник" ҮЕҰ (Қорғалжын ауылы) и "Наурзум" (Қостанай) енді. 2009 жылдың сәуірінде ҚБСА ҚР Әділет Министрлігінде (тіркелу куәлігі № 5093-1900-ОО от 27.04.2009) жекеленген мүшелікпен республикалық қоғамдық бірлестік ретінде қайта тіркелді.

Биыл «Жыл құсы» науқаны аясында шиқылдақ қаз туралы үгіт-насихат брошюралары мен қабырға плакаттары шығарылып, халық арасында, аңшылар мен қорықшылар арасында таратылады. Анықтама: Қауымдастық «Жыл құсын» 2006 жылдан бастап жариялап келеді. Алғаш рет «Жыл құсы» ретінде сирек кездесетін дала қызғыш құсы атанды. 2007 жыл – қарлығаш, 2008 жыл – тырна, 2009 жыл – бозторғай, 2010 жыл – қараторғай, 2011 жыл – сары шымшық, 2012 жылы – дала қыраны жылы ретінде атап өттік.

Қазақстанның биологиялық алуантүрлілікті сақтау қауымдастығы шиқылдақ қазды биылғы жыл құсы деп жариялады.

Қауымдастық хабарламасына қарағанда, соңғы 30 жылда шиқылдақ қаздың саны жеті есе кеміген.

«Көктемде қаздар мен суда жүзетін басқа да құстарды атуға тыйым салу арқылы сиреп бара жатқан құс түрлерін сақтап қалуға көмектесуі мүмкін. Қазіргі таңда шиқылдақ қаз құрып бара жатқан құс ретінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген», - делінген хабарламада.

Биыл шиқылдақ қаз туралы брошюралар мен постерлер дайындалды. Қызыл кітапқа енгізілген құс туралы материалдар тұрғындар, әсіресе Қазақстанның солтүстігіндегі аңшылар мен қорықшылар арасында таратылады.

Қазақстанда аулауға рұқсат етілген ақ тұмсық қазға өте ұқсас келетін шиқылдақ қазды солтүстік өңірлерде ғана кездестіруге болады.

Шиқылдақ қаз (Anser erythropus) – Anser тұқымына жататын "сұр" қаздардың арасындағы ең кішкентай қаз. 30 жыл бұрын шиқылдақ қазды аулауға рұқсат берілсе, бүгінгі таңда бұл құс Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағының Қызыл кітабына енгізілген.  Көптеген зерттеулердің нәтижесінде шиқылдақ қаздың саны 6-7 есе кеміген деген тұжырым жасалды. Қазіргі таңда шиқылдақ қаздың әлемдік популяциясының 99,9%  Ресейде және 40 жұптан құралған кішігірім топ Норвегияның солтүстік шығысында қоныстанған. Әлемдік популяция саны шамамен 25-35 мың қазды құрайды.

Шиқылдақ қаздың Еуропа елдерінен мүлде жоғалып кетуі әбден мүмкін. Сондықтан да бұл қаз түрінің табиғатта сақталып қалуы Ресей мен Қазақстандағы ұялау және қоныс аудару жолдарында атқарылатын сақтау жұмыстарына тікелей байланысты.

Шиқылдақ қазды көзінің айналасындағы жарқын сары дөңгелек сызықтан ажыратуға болады. Тұмсығы қысқа, кішкентай, үш қырлы, ақшыл қызғылт. Жоғары маңдайына байланысты, басы дөңгелек көрінеді. Маңдайындағы ақ дақ ұзарып көзіне дейін жетеді, кейде төбесіне дейін жетеді. Басы мен мойны төсіне қарағанда қошқылдау. Аяғы сары, қызғылт сары. Жас қаздарда тырнақтары қара болып, басында ақ дағы болмайды. Денесінің ұзындығы 53-66 см, салмағы 1,3-2,3 кг.

Қауіп-қатер

  • Түнеу орындарында мазалау, демалыс орындарының шектеулілігі;

  • Аңшылық қысым;

  • Аң аулау тәртіптерінің бұзылуы, сирек қаздардың тұрақты қоныстарына жақын орналасқан аңшаруашылықтарының бақылау жұмыстарын нашар жүргізуі;

  • Көлдердегі су деңгейінің тұрақсыздығы, әсіресе құрғақ маусымда қорғалмайтын көлдерде  қаздардың көп санының топтануы.

Ұсыныстар

  • Популяцияның тұрақты мониторингі және қажетті территорияларда қаздарды санау жұмыстарын көктемде, күзде үш топпен жүргізу;

  • Аңшыларға арналған оқу ағарту бағдарламаларын жүзеге асыру;

  • Қаздардың тұрақты қоныстану мекендеріне жақын орналасқан аң шаруашылықтарымен бірігіп қызмет ету;

Көктемгі (сәуір-мамыр) және күзгі (қыркүйек-қазан) қоныс аудару мезгілінде қаздардың орналасын мекендерінде аңшылық ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету.

Шиқылдақ қаз үшін маңызды мекендер:

Талдыкөл-Қулыкөл, Шалқар, Қарашатау,Камысты, Жаман, Жақсы-Жаркөл, Қойбағар-Тюнтюгүр, Жаркөл-Шойындыкөл, Батпақкөл, Айке, Орыс Жаркөлі (1 кесте)

 ҚБСА мақсаты - ғылыми негізде жануар әлемінің алуантүрлілігін бір қалыпты сақтау, осы мақсатта ұлттық және халықаралық, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен серіктестікті дамыту, табиғатты қорғау саламында қызмет ететін мамандарды даярлауда көмек көрсету. .[3]

  • ҚБСА ғылыми және табиғатты қорғау бағытында бірқатар жобаларды іске асырып, бұл қызметін жалғастыруда

  • 2007 жылы ҚБСА 5 университетте – Қарағанды, Өскемен, Қостанай, Петропавловск және Семейде – ҚБСА клубтары ашылды. 2008 жылы бұндай клуб Астанада да құрылған. .[3]

ҚБСА басқа қоғамдық, мемлекеттік және халықаралық ұйымдармен бірлесе қызмет етіп, Қазақстанның табиғатты мен жануарлар әлемін қорғау мақсатында еңбек ететін әрбіреумен бірігіп, алға қойған міндеттерін орындауға дайын.[2]

Пайдаланылған әдебиет:

1 Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. «Экология» Алматы, 2002, 313-320 бет

2 - Редактор-құрастыруша: Е.Е. Сыроечковский // Полевой определитель гусеобразных птиц Росси, Мәскеу, 2011, 64-67 бет.

3. ҚБСА жобалары