Увага! Всі конференції починаючи з 2014 року публікуються на новому сайті: conferences.neasmo.org.ua
Наукові конференції
 

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАЗМҰНДЫ ТОПСЕРУЕНДЕРДЕ ПОЭЗИЯНЫ ҚОЛДАНУ

Автор: 
Нәзгул Әужанова, С.Наукибаева (Талдықорған, Қазақстан)

Табиғатты жақсы көрген адам – бекерге өсімдікті жұлып, ұя бұзып, аң ауламайды. Табиғат немесе қоршаған орта – оқушыларды ойлау қабілетіне, жетілуіне, дұрыс сөйлеуіне т.б. қабілеттерге ықпалын тигізуі туралы айта кетсек. Егерде біз – оқушыларды күннің шығуымен батуының немесе аспанның ашық түсіне, жаңа жауған қардың пішінінің әдемілігіне, қарлығаштың ұшуына қызықтырсақ, оның көркем талғамы молайып, ол қоршаған ортаны тереңірек түсініп, табиғаттың сұлулығын өз қолымен жасауға тырысады.

Сондықтан да топсеруендердің танымдық және тәрбиелік үлкен мәні бар. Топсеруенге қатысушылар жергілікті жермен, әртүрлілігі және ерекшелігімен қоршаған ортаның тыныс тіршілігімен танысады. Олар балалардың білімін кеңітіп тереңдетеді. Мұғалім әрбір тақырыпты өту алдында оқушылардың білім қорын анықтап жаңа сабақты осыған негіздеп өткізеді.

Айналамен таныстырудың негізгі мақсатының бірі – баланың көргендерін кейін көзге елестете білуге, ол жайында әңгімелеп беруге, ой қорытып, сөйлем құрауға үйрету. Топсеруендерде поэзияның қолдану үлкен мәні бар.

«Бүкіл дүниеге, бүкіл табиғатқа жан беріп, меңіреу тасты да, қырдың қылтанағын да, сарқыраған бұлақты да, майда қоңыр желді де сүйіспеншілік тілмен сөйлету керек» – деп, ұлы орыс халқының атақты сыншысы В.Белинский айтты. Абайдың «Қыс», «Жаз», «Күз», «Жазғытұқрым», өлеңдерін аса қадірлеп сүйіп оқимыз. Жасөспірімдер де Абайдың өмірлі өлеңдерінен эстетикалық ләззат, рухани байлық алады. «Қыс» деген өлеңінде Абай жылдың бір мезгілін былай суреттеген [1, 2]:

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр мылқау танымас тірі жанды,

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Дем алысы үскірік аяз бен қар,

Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды.

Адам бейнесінде суреттеп айтылған өлеңнің кішкентай осы үзіндісін оқығанда-ақ, бала көз алдына бірден аяз атаны елестететді. Осы өлеңнің соңында Абай:

Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,

Малшыларым, қор қылма итке малды.

Сонғы малды жайып күзетіңдер,

Ұйқы өлтірмес қайрат қыл, бұл қамалды, –

деп малшыларды одан бетер жігерлендіре түседі.

«Жазғытұрым» өлеңін Абай табиғатқа жан беріп өмір тілімен суреттеген. Меңіреу тасты, қырдың қылтанағын да, сарқыраған бұлақты да, майда қоңыр желді де гүл үстінде ұшып жүрген көбелекті сүйіспеншілік тілмен, өмір тілімен сөйлете білген.

Жазғытұрым қалайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан жануар адамзат жанталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Қырдағы ел, ойдағы елмен араласып,

Күлімдесіп көрісіп, құшақтасып,

Шаруа қуған жастардың мойны босап,

Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.

Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу,

Көбелекпен құстар да сайда ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбдыр қағып бұраңдап ағады су.

Өз елінің қадірін түсінген бала сол елдің нағыз патриоты болып тәрбиеленеді. Өйткені табиғаттың әсем, сұлу көріністерін сипаттау эстетикалық тәрбиннің бір түрі [3]:

Қырда торғай сайраса, сайда бұлбұл,

Тастағы үніні қосар байғыз көкек, –

Деген суреттемелердің әсемдігі жан жануарлар тіршілігінің сәулетті көріністерін бейнелейді. Эстетикалық тәрбие көбіне ақын тәрбиесімен тығыз байланысты. Осындай әсемдіктің сұлу көріністерінің тағы бір түрі Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» деген өлеңінен табылады.

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп,

Қалың ағаш жапырағы

Сыбырласып өзді-өзі,

Көрінбей жердің топрағы, –

Құлпырған жасыл жер жүзі.

Абай «Жаз» деген өлеңін, де:

Жаздыгүн шілде болғанда,

Көгорай шалғын бәйшешек,

Ұзарып өсіп толғанда,

Күркіреп жатқан өзенге

Көшіп ауыл қонғанда,

Шұрқырап жатқан жылқының

Шалғыннан жоны қылтылдап,

Ат, айғырлар, биелер,

Бүйірі шығып ыңқылдап.

Арасында құлын, тай,

Айнала шауып бұлтылдап, –

деп суреттеді. Міне, осында қанша өмір, қаншама табиғат құбылыстары жан сүйсінерлік қандай тамаша эстетикалық көріністер бар. Мұнда табиғаттың сәнді ұлылығы, сұлулығы, мал баққан шаруалар тіршілігімен үндесіп, адамның шексіз әсем әлемге араласуы біздерді еріксіз өзіне баурап алады. Осының бәрі де жасөспірімдер үшін өмір танытарлық дүние.

Табиғат лирикасы суреттеген ақын-жазушылардың қатарына қазақтың ақиық ақыны І.Жансүгіровты жатқызуға болады. Ілияс поэзиясындағы мөлдір арнаның бірі – табиғат лирикасы, Туған жердің, елінің тау-тасын, өзен-көлін беріле сүйген патриот ақын қоршаған ортаның ғажап сұлулығынан өз шабытынан нәр алып, сан алуан бояулары буырқанған ғажап суреттер салды. Оладың ішінде нақты географиялық адресі танылатын «Ағынды менің Ақсуым» табиғаттың бір сәттегі көрінсін бейелейтін «Ақшам», «Бұлт», «Желді күн», «Жазға таң» құбылысты көз алдына әкелетін «Жауында», «Жел», «Тас» сан алуа үлгілер бар[4, 98 б.]:

Қазақ поэзиясында Абай қалыптастырған табиғат лирикасының ілгері өрістеуін Ілияс есіміміен тығыз байланыста қарау керек. Табиғаттың дәстүрлі маусымдарына арналған ақынның алғашқы өлеңдерінің бірі «Жазғы салым» [5, 29]:

Күркіреп, күңіреніп аспан,

Сіркіреп бұлт тұмшалап, жаңбыр жауар.

Дүркіреп жауқзындар жара гүлін,

Үлбіреп өсер шөптер, құлпырар қыр.

Жалтылдап жүнін тастар тай-тайлағы,

Бақылдап, көде қиқу шағала-қаз.

Былқылдып малға толар, қырдың қойны.

Сылқылдап әзілдесер, күлер сылқ-сылқ.

«Жазғытұрым», «Жазғы шілде», «Күз» өлеңдерінде жыл мезгілдері табиғатттағы өзгерістер еңбек әректімен сабақтас бейнеленеді.

Қыс, қар, мұз, қырау, қылау – желді көміп,

Бұлт бүркеп, тұман төніпі, баса шөгіп.

Жер-көкті аяз бүріп, қызыл жалап,

Бұрқ-сарқ боран құсып, шашып төгіп...

Ойда омбы, дөңде қағыл қырдың қары.

Жылымық, мұздақ болса, қырғындағы.

Табиғат

С. Науқибаева

Сен анасың, сен ардақты анасың

Жаздың оның күші менен жарасын

Әр түрлі шөп әр адамға ем болып

Тудырдың адамның ой-санасын.

Табиғат мен сүйемін өзіңді

Мәңгі өшірмес жылулық сен көзіңді

Қорға, қорғау табиғатты парызым

Жақсы болар саған бөлсек сезімді.

Қонды гүлге жайқалып бір көбелек

Тауға шығып жайнап тұрған гүл терсек

Тыңдасақ құстар әнін күндіз түні

Өстім соның арқасында еркелеп.

Пәк сұлулық табиғатқа жарасқан

Адам оның баласы ғой жаратқан

Құстар шулап жүрген бір кез қарасаң

Тұман басқан неге біздің көк аспан.

Табиғатсыз өмір сүре білмейсің

Сен көзіңсіз ештеңкені көрмейсің

Ол бір мүше жабысқан сенің денеңе

Ол бір нағыз таусылмас қызық әңгіме.

Осы өлең шумақтарынан жасаған қорытынды:

Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар ‒ осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. Адам ‒ табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы ‒ Көкшетау», «Жер жаннаты ‒ Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан табиғатты қорғау, аялау біздің қолымызда.

Туған жер

С. Науқибаева

Жер дегенде, ел дегенде

Тіршілікте сірә, жетер ме ой?!

Туған жер дегенде

Басқа айтқанның бәрі бекер ғой.

Бекер ғой бәр, бекер ғой

Басқа айтса бөтен ғой

Туған жер дегенің

Әркімге ыстық екен ғой.

Сағынышым туған жер

Кіндігімді қиған жер

Кіндік қаным тамған жер

Балалығым жатқан жер.

Сенімен бірге туып өстім

Таза ауаңмен дем алдым

Жарқыраған ақ күніңнің

Шуағынан нәр алдым.

Көркі сөзсіз тамаша

Қызықтап бір қараса

Ылғал суы, таза ауасы

Өзіңе тең жараса.

Туған жердің ыстық маған күні де,

Ыстық маған жұлдыз жанған түні де,

Күркіреп найзағай соққан түнің де,

Нұрын шашып жарқыраған күнің де.

Ардақты, аяулы туған жерім

Алысқа кетсем, бір өзіңді,

Әдемі гүлдеріңді сағынамын

Өзіңдей гүлің болып ашыламын.

Туған анамдай болып табыласың

Аяулы елім, жерім менің

Туған жерім әсем әнім

Бір өзіңе табынамын.

Туған жерім өз үйім, өз жырым

Өлеңімді тек қана саған арнаймын

Әрқашанда саған баруды армандаймын

Сені күнде ойлағаннан жалықпаймын.

Табиғатын қалай айтсам

Көз тоймайтын қараса,

Ақ сырыңды қалай жайсам

Жерім менің тамаша!

Сай – салада сарқырағын

Суың балдай бұлақты

Ағаштарың бойсыраған

Жайқалған көп бұтақты.

Түнің неткен ғажайып

Жұлдыз жанып күлімдей

Гүлің жатыр жайқалып

Түрлі-түсті кілемдей.

Жасыл шөптер жайқалып

Құстар сайрап орманда

Қарлығаштар айналып

Ұя салып жүр сонда.

Сұлу биік орман тауың

Бой береді адамға

Өссін тауың өркендесін

Қалқыған құстай аспанда.

Бау-бақшада қызарып

Жеміс-жидек көрінер

Ішіне кірсең қызығып

Айнала керемет көрінер.

Жаңбыр жауып тамшылап,

Өзен-көлдей ағады-ай

Найзағай тұр жарқылдап

Жылтыр қылыш найзадай.

Желің жүрер борандап

Итеріп суды жағаға

Ұнайды желі жерімнің

Қанша суық болса да.

Шөбі жұмсақ мамықтай

Қарай берем жалықпай

Шақырады өзіңді

Жел соққанда сылдырлай.

Сырт жағынан қарасаң

Туған жерім тыныш көрінеді

Шын мәнінде сырын ұқсаң

Қайнап жатқан өмірге теңеледі.

Құлашын, кең, жайлы, жазық жерім

Боз жусанды, бұйрат құмды, жас қыратты

Өзен-көлді, биік таулы жерім менің

Көк шалғынды нуларыңа көз тоймайды.

Туған жердің тағы да

Төрт түлігі тамаша

Бұл жерімнің түлігін

Жазбай кетем қалайша!

Жайлаудан қайтып бар малдар

Қорада бәрі шулайды

Ары – бері жүгіріп

Тай-құлындар ойнайды.

Осындай топсеруендердің нәтижесінде оқушылардың шығармашылығы ұштаса түседі. Міне соның дәлелі.

Қазақстан

Есен Дарина

Қазақстан – туған жерім,

Жайнай бер саяңа ап.

Ертең ер жетіп өсемін мен,

Туыңды ұстап жайраңдап!

Биік-биік тауларың,

Терең-терең көлдерің.

Осы тауға, осы көлге мен қарап,

Қызығыңды еркін көріп келемін.

Туған жер

Есен Дарина

О, туған жер, менің туған анамсың!

О, туған жер, менің сонау бабамсың!

Адалдықты берген ақ жүректі ағамсың!

Ақындықты берген маған қасиетті даламсың!

О, туған жер, менің өшпес жарығым,

Қадір тұтар қасиетті алыбым.

Арнадым саған осы өлең шұмағын,

Қабыл алсаң өлеңімді разымын.

Дарқан далам

Есен Дарина

Табиғаты керемет дарқан далам!

Сенде туып, өсірген ата-анам.

Бұлағыңның суын мен бір ұрттасам,

Бақтағы жемістерді бір татсам,

Жылы леб, самалыңа салқындасам,

Көлдеріңде шомылып, рахаттансам,

Шіркін-ай, сайраңдап, сергіп қалам!

Табиғаты керемет дарқан далам!

Мен де осы өмірдегі сенің балаң.

Туып-өстім өзіңнің құшағында,

Құшағында туып өскен ата-бабам.

Табиғаты керемет дарқан далам!

Гүлдепті раушан менен адыраспан.

Құстар көк аспанда самғап ұшқан,

Қыран құс бүркітпенен қиқылдасқан.

Лашын, суықторғай, бозторғайлар,

Балапанға жем іздеп шиқылдасқан.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Abai. Zwanzig Gedichte («Двадцать стихотворений». /Под ред. Г. Бельгера) ‒ Koln: Onelverlag, 2007.

  2. Абай Кұнанбайұлы. Толық жинақ. ‒ Кызыл-Орда, 1933.

  3. Құнанбаев А. Шығармаларының толық жинағы (2 томдық) ‒ Алматы, 2002.

  4. Жансүгipoв І. Шыгармалар, т. 1-4. ‒ Алматы, 1960-63.