Автор:
Жангак Зейнуллина (Ақтөбе, Қазақстан)
Ерекше дарын иесі Абайды даналыққа жетелеген білім мен өнерге құлшынысымен соны меңгеруіне шарт түзген асқан қабілеті екенінде дау жоқ. Осындай дарынның артында өшпес мұра қалдыруына қызмет еткен қазақтың халықтық ән-күйі, ауыз әдебиеті, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениеті.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ән өнері арқылы қазақ халқының мәдениетіне өшпес із қалдырған Абайдың композиторлық шығармашылы-ғын зерттеген ғалымдардың бірі В.П.Дернова “Абай әндері сан жағынан көп емес, бірақ ақынның творчестволық мұрасының маңызды бір саласы” дей келе, Абай әндерінің кең таралуының басты себепкері өз өлеңдеріне ән шығарғаны екенін айтады және “ән өлеңге ұласқан ойды көрсетуге тиіс” деп белгілесе, “Народную поэзию Абай глубоко усвоил еще в раннем детстве. Сын всевластного и деспотичного правителя рода Тобыкты Кунанбая Ускенбаева, он уже в юрте своего отца мог слышать знаменитейших акынов, принимать у себя заезжего певца и оказывать знаки всяческого уважения его искусству считалось честью для каждого хозяина, тем более для правителя рода, обойти брату которого несмог бы ни один певец” дей келе, дала тұрғындарының барлығы дерліктей домбыра тартып ән салады, жыр-дастандарды жатқа айтады. [1] Осыған үйрету жастар тәрбиесінің құрамды бөлігі болатынын ол осы сөздерімен жоғарыда келтірген біздің пікірімізді де қуаттай түседі.
Әдетте әндердің түрлері, формалары өте көп. Олардың кейбірлерінде бір шумақтан соң қайырма, тағы бір шумақтан тағы қайырма қайталанатын дәстүр бар. Осыларды мысалға келтіре отырып, ақынның ән өнерін зерттеуде оның композиторлық шығармашылығының ерекшеліктерін дөп басып, тани білген білгір музыкатанушы В.П.Дернова “Сегіз аяқ”, “Біреуден біреу артылса”, “Сен мені нетесің” әндеріндегі ерекшеліктерін айта келіп, “Абайдың бұл әндерінде үнді өлеңнің шеңберінен асырып жіберетін кәдуілгі қазақ әнінің қайырмасы жоқ” деп, әннің өлең сөздері мен әуенінің бір-біріне дәл келіп, мәтін шеңберінен шығып, асып кетпейтінін атап көрсетеді [1,73].
Зерттеуші ғалым ақын әндерінің ішінде ең көп тарағаны “Татьянаның әні” екендігін айта келіп, А.С.Пушкин өлең жазып , оған П.И.Чайковский опера жазған соң, “Татьянаның хаты” шығармасы халық арасына қаншалықты кең таралып, сүйіспеншілікке бөленсе, Абай шығарған осы іспетті ән де қазақ арасында ақын оқырмандары, оқушылары мен тыңдармандарына “...күтпеген жерден жарқ еткен шынайы шындыққа ұқсап әсер етті” деп жазады. Бұның басты себебі әннің халық дәстүріне тән “хат және оған жауап” түріндегі махаббат, сүйіспеншілік пен нәзік ішкі толқуларды бейнелеуі болды.
Белгілі болғандай А.С.Пушкиннің “Евгений Онегин” романында Татьяна жазған хаты, оған Онегиннің жауабы, одан соң қайта Татьянаның екінші хаты бар. Абай аударған осы екінші хат ақынның “Ішім өлген, сыртым сау” өлеңіне шығарған әуенімен айтылады. 1938 ж. Онегиннің Татьянаға жауап хатының әуенін А.Қ.Жұбанов М.Мұхаметжановадан нотаға түсірді, “Онегиннің мелодиясы Татьяна сөздері әнінің мұңды варианты болып саналады” дейді В.П.Дернова [2]. Ол ақынның шығарған әндерінің барлығын дерлік орыс әндеріне жанасады дей келе,“Мен көрдім ұзын қайың құлағанын”, “Сұрғылт тұман дым бүркіп” Л.С..Рубинштейн мен М.И.Глинка-ның халық арасында кең тараған әндеріне ұқсас деген пікір айтады.
Шындығында қандай да бір әуендік ұқсастық болғанымен Абай әндері интонациялық жақтан нағыз қазақтың халық әндерін ұғынуында деуге болады. В.П.Дернованың “Абай орыс мелодиясын алып, оған жаңа қазақ сөздерін үйлестіре салған жоқ. Ақын үшін мелодия сөздің мәні мен құрылысы және дыбысты формасы болды, сондықтан сөздердің жаңа құрылысы мен өзгерген мәні жаңа мелодия болды” деген пікіріне сол кезде қазақта барлық туындыларды “орыс” өлшемімен өлшеп, соған теңеп, әйтеуір орысқа ұқсаса жақсы болады – деген идеологияның шылауы емес пе екен? деген ойда туындайды.
Осы орайда ақынның “Барқыт бешпент сулайды” әнін орыс халық әніне ұқсату, “Мен көрдім ұзын қайың құлағанын” әнін Біржан сал әнінің өзгерген түрі деген секілді ақын шығарған әндерді әйтеуір біреудікіне ұқсату онша-лықты дұрыс емес. Өйткені, кез-келген “құйма құлақ” өз халқының, қатар өмір сүрген халықтардың әнін, күйін, музыкасын естіп өседі. 1888 жылы “Сүйсіне алмадым, сүймедім”, 1884-1899 ж.ж аралығында “Қараңғы түнде тау қалғып”, “Көңіл құсы құйқылжыр шар тарапқа”, “Өлсем орным қара жер сыз болмай ма”, “ Желсіз түнде жарық ай” әндерін шығарды [3].
Белгілі жазушы Т.Әлімқұлов Абай әндерін саралай келе, оның “Желсіз түнде жарық ай” әнін ақынның бозбала шағындағы әсерінен туған, “суда дірілдеген ай сәулесі, сол сәуледей дірілдеген қыз, қауышқан жігіт сезімі әннің сазын өте-мөте назды, сыршыл, ләззатты етеді” деп, оны қыз айтатын ән десе, “Қор болды жаным” әнінде торығыс, түңіліс бар . Бұның өзі екі түрлі – серттен тайған жардан түңілу, жастық дәуренді аңсау. Екіншісі – заманнан торығу... сұм заманның сұмдығы жатады деп оны ер адам айтатын ән екенін атап көрсетеді. Осы екі әннің эстетикалық тегін талдай келе, Т.Әлімқұлов олардың эстетика санаттарына қатысын “біріншісі – тамылжы-ған лирика, екіншісі – торыққан трагедия” деп көрсетеді [4]. Жазушы одан әрі қарай осы такт сөзіне байланысты “Бұны Абай сән үшін алмаған. Әннің төркінін тұспалдайтын тәрізді” деп жұмбақтайды. Бірақ сол “әннің төркіні туралы” айтпайды. Өйткені біріншісі – сағынышты қыз, екіншісі қам көңілді қария деп өз ойын дәріптейді. Әрине, Т.Әлімқұлов жазушы, бірақ компо-зитор, әнші емес. Сондықтан кейбір жаңсақтықтардың кетуі де мүмкін ғой. Ал, біздіңше, осы өлеңдегі ақынның айтып отырғаны бір ғана сөзбен айтарлық аз ғана дүние емес. Ақынның эстетикалық санасы мен сезіміне байланысты секілді. Алайда, осы ақын өлеңіндегі “такт” сөзі түбінде орыстікі емес неміске латыннан келген, орысшаға аударғанда – действие, влияние; қазақшаға аударсақ – қимыл, ықпал дегенді білдіреді. Абай бұл жерде осы әндегі әуен қимылы немесе қозғалысының адамның жан-дүниесіне ықпал етіп, көңіл-күйін оятып, одан ары қарай іс-әрекетке жетелеуін айтып отырған болса керек. Бұны өлеңдегі шартарапқа адам ойының түрленіп ауатынының дәлелі болса, екіншісі, әннің баста миды оятары, үшіншісі – адамның сыртқы дене қозғалысын айтуында. Ақынның ән өнеріндегі ерекшелікті көре білген Т.Әлімқұлов“Абай әндері әріден жатқан халық әндерін де, өзінен шамалы бұрынғы сахара композиторларының әндерін де қайталамайды, оларға жиі жуықтамайды” деп, оның әндеріндегі әуен ерекшелігін айта келіп, ақынның көптеген өлеңдерінің халық арасына кең таралуының басты себепшісі осы әндері екенін көрсетеді [4].Әуелде домбырамен айтылған “Айттым сәлем, Қаламқас” кейін хорға, одан соң фортепиано қостауымен, қазіргі кезде халық аспаптар оркестрі және симфониялық оркестрмен кең таралғанын айта келіп, Ил.Шухов осы әнді “Абай лирикасының меруерті... адам секілді әннің де өз тағдыры бар. Сол секілді ұлы Абайдың осы әнінің де бақытты тағдыры бар” – деп жазады [5].
Ақынның Семей секілді ХІХ ғ. екінші жартысында қазақ даласындағы мәдениет орталығы болған қалада әртүрлі ұлттардың халық әндерімен қоса еуропалық музыканы да тыңдағаны, арнайы тыңдамаса да естігені анық. Осылардың барлығы тоғыса келіп, оның ән шығаруына әсері болғаны анық. Алайда, төл шығармаларды сөзсіз басқа бір ұлт музыкасына теңей беру де артық секілді. Абай сынды дарынды адам-дардың қабілеті көпқырлы болатынын педагог, психолог, әлеуметтанушы, антрополог ғалымдар айтып келеді. Сондықтан ақынның ән шығару өнерін басқаларға теңемей-ақ жеке өз басына қиюға да тұрарлық.
Абай мұражайының қызметкері К.Ашимова ақын лирикасының шынайы-
лығын, қазақ арасындағы әлеуметтік өмірде кездесіп қалатын әжуа, сол кездегі майда шенеуніктердің қарапайым халықты алдап, арбаған ұсқынсыз қылықтарын сынағанын айта келіп ақынның өз ой-пікірін болашаққа бағыттағанын атап өтеді [6].
Музыкатанушы А.Мұхамбетова Абай әндерінің белгілі композиторлар-дың шығармашылығына арқау болып келе жатқанын, ақынның “Евгений Онегин” сюжетіне өлеңдер цикілін жазғаны және оған әнде шығарғанын айта келіп, Ғ.Жұбанованың осы жеке дауыс және камералы хорға арнап жазған “Татьянаның әні” (Песния Татьяны) шығармасына тоқталады. Осы ақын әндері арқылы А.С.Пушкин мен П.И.Чайковский шығармаларының халық арасына кең тарағаны және ендігі жерде Ғ.Жұбанованың осы шығармасының тәлім-тәрбиелік маңызын қарастырады [7].
Өнертанушы С.Өтебаева ақын әндерінің насихатталуы мен оларға жазылған шығармалар ауқымының кеңейгенін, мысалы, хорға өңделіп, симфониялық оркестрге салынып, әншілерді сүйемелдеумен қоса Л.Хамиди, М.Төлебаев, Ғ.Жұбанова, С.Мұхаметжанов, Қ.Қожамяров, Н.Тілендиев, А.Молодов, К.Мусин, М.Сағатов сынды белгілі өнерпаздардың ақын өлең-деріне ән шығаруын, ақын мұрасының эстетикалық тәрбиеге шарт түзетін бір қыры ретінде қарастырады. Ол ақынның өңделген шығармалары жайлы “мұндай өңдеулер, халықтың қосылып, ән айту дәстүрімен, бүгінгі профес-сионалдық вокалдық-хордың орындаушылық шеберлігі мен мәдениетінің арасындағы байланысты және көп дауысты хорға оның жанры мен форма-ларын қабылдауға тыңдаушы жұртты баулиды” деп, эстетикалық тәрбиелік мәнін де атап көрсеткен [8]. Ал ақын әндерінің өңделуі және басқа да музыкалық аспаптарда орындалуына тоқтала келіп, Абайдың ән мұрасының өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде зор мәні бар. Оның әуезді әндері өзінің табиғи сұлулығымен, әуенділігімен, әуезділігімен поэтикалық образдылығымен құнды екенін атап көрсетеді.
Музыкатанушы Д.Мельников ақынның музыкалық және ақындық дарынының дамуына ол өмір сүрген орта, өзінің белсенді ізденісі ықпал еткенін айта келіп, зерттеуші ғалым Е.П.Михаэлис, заңгер А.А.Леонтьев, дәрігер Н.И.Долгополов, суретші П.Д.Лобановский, әнші Алмағамбет, скрипкашы Мұқа, әнші жары Әйгерім, музыкаға құштар балалары Әбдірахман, Ақылбай және басқалардың әсерінің мол болғанын атап көрсетеді. Ол “Семейде тұрған кезінде М.Глинка, А. Рубинштейн және басқалардың романстарын тыңдаған деп дәлелді пікір айтқан. Сонымен қатар зерттеуші ақынның музыкалық мұрасының ерекшеліктері туралы “Новизна и неповторимость созданных им песен заключается, прежде всего, в неразрыв-ном единстве текста и музыки, на данный мотив возможно исполнение только единственного текста” дейді (сөзіміз дәлелді болсын деп жазылған тілде келтірдік) [9].
Абай әндерінің ерекшелігіне, тәрбиелік маңызына тәнті болған зерттеу-ші С.Күзембаева оның қазақ музыкасына жаңа жол салғанын айта келіп, ол “Абай әндерінің өлең құрылысы, музыкалық тілінің көркемдік байлығы, әуен-сазы мен мақам жүйесінің ерекшеліктері, өлшемдік-ырғақтық құрылысына тән негізгі белгілері, түрінің ұйқастығы Қазақстан композитор-лары үшін ерекше мектеп болды” дегеніне қарап, ақын мектебінің даму тапқанын, оның шәкірттерінің де жалғасқанын байқауға болады. Өйткені, ақын әндерінің көптеген камералық, симфониялық шығармаларға, хор және опера музыкалық шығармаларға арқау болып оның үлгісінде жаңа әндер, романстардың туындағанын бұған мысал ретінде айтуға болады. Осы туралы айта келіп,зерттеуші С.Күзембаева Е.Г.Брусиловскийдің “Қор болды жаным” әнінің әуенін “Панорама” көрінісінде пайдаланғанын; А.Жұбанов пен Л.Хамидидің “Абай” операсында, М.Әуезовтің “Абай” пьесасында пайдалан-ғаны; “Абай әні” атты алғашқы ұлттық кинофильмге Л.Хамиди ақын әндері негізінде музыка жазған. 1940 жылдары А.Жұбановтың “Абай” симфония-сына, Е.Брусиловскийдің “Жалғыз қайың” симфониялық поэмасына негіз болған. Бұдан басқа А.Жұбанов “Абай” операсы әндеріне фантазия, халық аспаптар оркестіріне арнап, “Абай” сюитасын жазды. Сондай-ақ, 1956 ж. белгілі композитор Г.Гризбилл “Абай” атты симфония-лық поэма, 1961 жылы оны симфониялық оркестрге жазды. Музыка өнерін зерттеуші У.Бекенов Абайдың әндері мен қоса күйлерінің де көп болғанын, бірақ олардың “Абай күйлерін үйреніп, таратушы домбырашылар болмағандықтан біртіндеп, ұмытыла берді” дей келе, “артындағы ұрпақтарына 40-қа жуық классикалық әндер қалдырған” дейді [10].
Қазір Абай әндері бұл күндері қазақ музыка мәдениетінің алтын қорына енді. Жүрекке жақын, көкірекке жылы ұялаған Абайдың әсем әндері үй-іші, жанұя ортасында, үлкен мерекелер мен концерттерде жиі орындалып жүр. Міне, мұның бәрі ақын-композитор А. Құнанбаевтың шығармашылығына деген халқымыздың өлшеусіз махаббатының, әрі оның өлмес музыкалық мұрасының Қазақстан өнеріндегі зор мән-маңызының айқын дәлелі болып табылады.
Әдебиеттер:
1 Дернова В. Абайдың музыкалық мұрасы.кітапта: Қазақтың музыка мәдениеті //Құр. П.В.Аравин, Б.Г. Ерзакович. – Алматы, 1957. – Б. 99-119.
2 Дернова В.П. «Письмо Татьяны» Абая Кунанбаева //Советская музыка. – Москва, 1960, №1. – С. 79-85.
3 Ғизатов Б. Абай әндер. / Құрастырған және алғы сөзін жазған Б.Ғизатов.Алматы «Өнер» 1994. – 80 б.
4 Әлімқұлов Т. Әнді сүйсең менше сүй: Абай әндерінің халықтығы жайында // Қазақ әдебиеті.- Алматы, 1970. 3 июль.
5 Шухов И. Вторая жизнь песни: /Из истории песни Абая “Айттым сәлем,қаламқас” /Шлю привет,чернобровая”/ //Казахст. Правда.- Алматы, 1971. –25 мая.
6 Ашимова К. Могучий голос певца // Знамия труда. – Алматы, 1971, май 28.
7 Мухамбетова А. Источник творческой разработки о создании композитором Г. Жубановой “Песни Татьяны” в пер. Абая/ //Советская музыка. –Алматы, 1982. §9. –С. 17-20.
8 Өтебаева С. Абай және музыка//Ақиқат. – Алматы, 1992 №3. – Б. 65-66.
9 Мельников Д. Вечные мелодии: о песнях Абая //Иртыш.-1993, 3 июля.
10 Бекенов У. Абайдың музыкалық мұралары:Абайдың туғанына 150 жыл толуына орай/ //Қазақ әдебиеті.-1993.-11маусым.-4 б.