Увага! Всі конференції починаючи з 2014 року публікуються на новому сайті: conferences.neasmo.org.ua
Наукові конференції
 

САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ – ХАЛЫҚТЫҢ БИЛІГІ ЖӘНЕ ҮЗДІКТЕРДІҢ БАСҚАРУЫНЫҢ КЕПІЛДІГІ

Автор: 
Асем Мусина (Астана, Казахстан)

Қазақстанда сайлау – мемлекетте жоғарғы лауазымды тұлғаның орнын басумен қатар Қазақстан мемлекетінің жоғары органы ретінде Республиканың Президентінің тұлғасында халықтың өз саяси бірлігін заңдастыратын демократиялық тәсілі, сондай-ақ елдің өкілді органдары – Парламент, мәслихат және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құру тәсілі болып есептелетін ажыратылмайтын конституциялық институт.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 3 бабының 2 тармағында айтылған ерікті сайлау үш негізгі шарттардың орындалуын талап етеді: біріншіден, ағымдағы биліктің сайлаушыға бірнеше кандидаттың біреуін таңдауына мүмкіндік туғызатын альтернативтілік; екіншіден, сайлау барысын ашық қадағалау және сайлау жүйесінің ережелерінің бұзылу жағдайында заңға және сотқа жүгіну шаралары жүйесін бекітетін және өткізетін қоғамдық бақылау; үшіншіден, жан-жақтан қандай да болмасын қысымның болмауы және азаматтың сайлауда өз қарап шешуіне мүмкіндік туғызу кепілдігі ретінде сайлаушылардың өз қалауын еркін білдіруі.

Қазақстан Республикасында сайлау өткізу қағидалары Конституциялық заң күші бар 1995 жылдың 28 қыркүйегінде бекітілген “Қазақстан Республикасындағы сайлау ” мемлекет басшысының Жарлығымен толық регламенттелген. Қазақстан Республикасының Президенті және Парламентінің Мәжілісінің депутаттары сайлауы жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі. Парламенттің жоғары Палатасына сенаторлар сайлау жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жағдайында өткізіледі. Сонымен қатар, Қазақстан халқы атынан сөйлейтін Республика Президенті 50 баптың 2 тармағы негізінде Парламент өкілеттілігі мерзімінде жеті Сенат депутатын тағайындайды [1, 15 б.].

Елде қолайлы сайлау жүйесі құрылған. Қазақстанда мемлекет басшысын және Республиканың жоғары өкілетті органы депутаттарын сайлауды ұйымдастыру және өткізу шаралары дауыс берудің екінші айналым өткізу мүмкіндігімен басым көпшілік мажоритарлық жүйесінде негізделген. Ол посткоммунистік елдер талаптарына айрықша сайма-сай болып табылады.

Бұл жүйенің қағидалары келесідей:

А) егер сайлауға сайлау құқығына ие азаматтардың немесе Парламенттің Сенатының депутаттарын сайлау кезінде сайлаушылардың 50 – ден астам пайызы қатысса (Ресей Федерациясында 25 пайыздан кем емес), сайлау орындалған болып есептеледі;

Б) сайлаудың бірінші айналымында қатысқан сайлаушылардың елу пайыздан көп дауыс жинаған кандидат сайланған болып саналады;

В) егер кандидаттардың ешқайсысы сайлаушылар дауысының қажетті санын жинамаса және сонымен қатар дауысқа екіден көп кандидат түссе, қатысқан сайлаушылардың басқа кандидаттарға қарағанда көбірек дауыс санын жинағандардың арасында сайлаудың екінші айналымы өткізіледі;

Г) қайта дауыс беруде: қатысқан сайлаушылар дауысының басқа кандидатқа қарағанда көбін жинаған, бірақ сайлаушылар дауысының жалпы санының 40 пайызынан кем емес жинаған кандидат сайланған болып саналады.

Тұрақты азаматтық қоғам қалыптаспаған елде бұл сайлау жүйесінің артықшылығы Парламенттің өкілділігін ғана емес, сонымен қатар, оның заң шығарушы орган ретіндегі тиімділігін қамтамасыз етуінде. Бұл шешімдердің әлеуметтік және саяси салдары өте жоғары, өйткені Парламенттің жаңылыстары автоматты түрде мемлекеттің заңдарына айналады. Сондықтан саяси адасулар немесе бөгеліп қалушылықтар Парламентте жеке мақсаттармен көбінесе Республикамызда қалыптасқан мажоритарлық сайлау жүйесінің арқасында болдырылмайды. Нәтижесінде, тап осы Қазақстан Парламентіне құрылымдық заң шығару үшін қажетті жоғары өкілеттік органның сапалы ынтымақтылығының қолайлы дәрежесін қамтамасыз етеді [2, 17 б.].

Шынында, сайлау бұл – билікке деген жол. Бірақ сайлау демократияның мақсаты емес. Сайлаудың мақсаты – үздіктердің билігі! Оның мақсаты халықтың өздерінің үздік өкілін таңдауында. Әсіресе, қоғамға заң және ереже орнатушы билік басында заңға мойынсұнғыш болу конституциялық міндетін елемейтіндер үшін орын болмау керек.

Біздің сайлау жұйемізде заң шығарушының бұрын қолданбаған жаңа өлшемдеріне жүгінсек, енді билікке кандидаттыққа тіркелуге жатпайтын тұлғалар: тіркеу алдында бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған; тіркеу алдында бір жыл ішінде сот шешімімен қасақы әкімшілік құқық бұзушылығы үшін жазаға тартылған; тіркеуге дейін өтелмеген немесе кешірілген сотталғандығы бар, - мүмкін тағы бір қатарлы емес ой-пікірлер туындататыны содан шығар. Бірақ кім қазір, мысалы, құпия дауыс берусіз ерікті сайлауды елестете алады?!

Батыста әйелдерге сайлау құқығы XX ғасырдың екінші он жылдығында, Түркияда 30-шы жылдарда ғана берілді. Біздің білімді ғасырымыздың 50-ші жылдарының өзінде Швейцарияда әйелдерді сайлау құқынан айырды! Олардың қазірде де көп елдерде дауыс беру құқығы жоқ. Бұл әр түрлі елдерде қолданылатын жас, отбасылық, әскери, меншік және басқа цензалар туралы басқаны айтпағанның өзінде. Байқап тұрғандай, қай ел болмасын, нақтылы-тарихи шарттар азаматтарға пәрменді сайлау құқығын беру ерекшеліктеріне себепші.

Сайлау жүйесін халықаралық тәжірибеде енжар сайлау құқығы жайында зерттеу биліктің өкілетті органдарына сайлану құқығын жүзеге асыруға қойылатын талаптар сол бір мәнді тенденцияны айқындайды, яғни сайлауда кандидаттар үшін қойылатын талаптар сайлаушыларға қарағанда әлдеқайда жоғары. Мысалы, Италияда, Францияда, Англияда, Люксембургте әрекет қабілеттілігінен және сотты болмағандығынан бөлек, кандидаттар үшін міндетті түрде банкрот болмаулары, салық төлеулері керек; Францияда әкіммен немесе жергілікті Кеңестің мүшелерімен туысқандық байланыстары болмауы керек; Финляндия азаматтары қоқан-лоққы көрсету немесе жәбірлеу жолымен басқа азаматтардың дауыс беру құқығын жұзеге асыруына кедергі келтіргені, парламенттік сайлауларда дауыстарды сату және сатып алғандары үшін енжар сайлау құқығынан айырылады. Солтүстік Америка және Еуропаның басқа жеке елдерінде тергеу және соттан жалтарынатын (Мексика); тұтқынға алу тыю шарасы қолданған (Беларусь), яғни іс жүзінде қылмысқа күдікті тұлғалар өздерінің сайлану құқықтарын жүзеге асыра алмайды.

Қазақстандық Конституция бұл жөнінде не дейді деп бізден сұраулары мүмкін? Иә, 33 баптың 3 тармағында сотпен әрекет етуге қабілетсіз деп танылған, сонымен қатар сот кесімімен бас бостандығынан айырылған азаматтардың сайлауға және сайлануға құқықтары жоқ деп ашық көрсетілген. Бірақ бұл өлшемдер, әсіресе, енжар сайлау құқығы жайында соншалықты жеткілікті ме?! Олай емес, сірә. Және бұл туралы Конституцияның өзінде 41 (2 т.); 51 (4 т.); 86 (3 т.) баптарында Республиканың Президентігіне, Сенат және Мәжіліс депутаттығына, мәслихаттары депутаттығына кандидаттарға қойылатын талаптары айқындалғаны айтылған.

Бұл қосымша талаптар Конституциямен айқындалған және жеткілікті болып табылады деп айтуы мүмкін. Осылай ма? Егер “Сайлау туралы” конституциялық актісіне жүгінсек, онда кандидаттарды тіркеу үшін міндетті шарттар бар екенін көреміз, мысалы, Президенттікке кандидат үшін (қандай болса да дін қызметкері болмау – 54 б. 1 т.; елдің тең көлемде 2/3 бөлігінен кем емес аймағы болып табылатын сайлаушылардың жалпы санының 2 %-нан кем емес қол жинау – 56 б. 2т.; ең аз жалақыдан мың есе мөлшерде сайлау жарнасын енгізу – 59 б. 2 т.). Сенат және Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға қосымша шарттар (қол жинау, сайлау жарнасы) “Сайлау туралы” конституциялық актінің 72 б. 1 т.; 73 б. 2 т. және 88 баптарына сәйкес бекітілген.

Және бұл кездейсоқ емес. Конституцияның өзі адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында қажетті шамада жол береді. Еске сала кететіні, бұл Конституциямен тек заң қабылдау арқылы ғана жол беріледі. Парламент билікке кандидаттарды тіркеу үшін тек Конституциялық заңмен ғана және саяси себептермен емес, ал өзінің енжар сайлау құқығын жүзеге асыру-асырмауын өздері шешетін бүкіл азаматтарға бірдей қолданылатын жаңа өлшемдер енгізді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеу Конституциямен тыйым салынған үзілді-кесілді тізім бойынша енжар да, белсенді де сайлау құқықтары жатпайды.

Осылайша, “Сайлау туралы” күші бар актісіне өзгерістер мен толықтырулар конституциялық-құқықтық аядан шықпайды. Олар қосымша:

  • азаматтардың конституциялық міндеттерін атқаруының құқықтық және ұйымдастыру кепілін күшейту, соның ішінде заңдарды сақтау және салық төлеу;

  • саяси билік пен жеке меншік, синдикализм қосылып кетпеуі үшін заңды кедергі құру;

  • сайлауда азаматтардың қылмыстық элементтердің қысымынан еркін таныту бостандығын қорғау;

  • мемлекеттің өкілетті билік институттарын оларға сыбайлас жемқорлық элементтері енбеуінен қорғау.

“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” конституциялық актінің ерекше бөлімінде енжар сайлау құқығы түсінігі айқындалды. “Сайлау туралы” актінің 4 бабының 2 тармағында “Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Парламенті, мәслихат депутаты немесе жергілікті өзін-өзі басқару органы мүшесі болып сайлану құқығы” түсіндіріледі.

Бастапқы норма қате Сенат депутатына кандидат санатын қамтымады (тек Мәжіліс депутаттары көрсетілген), екіншіден, сайлау жүйесінде 4 бап жергілікті өзін-өзі басқару органдары сияқты толық бір деңгейді қарастырмады, және бұд сөзсіз Республиканың Конституциясының 89 бабы мен “Сайлау туралы” актінің өзінің ерекше бөлімімен қарама-қайша [3, 72 б.].

Парламентарийлер заң жобасының ішінде депутаттыққа үміткерлерді тіркеу кезінде мазмұнына қарағанда - шексіз, әрекетіне қарағанда – мерзімі шектелмеген өлшемдер бар екеніне де көңіл аударды: “сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін жазаға тартылған тұлға” тіркеуге жіберілмеу керек. Және бұл нақты жауапкершілік түрі мен бастапқыда ұсынғандай өмір бойы емес, тіркеу алдында бір жыл ішінде әрекет ету мерзімімен нақтыланды. Депутаттар жобадағы және басқа да уақыт бойынша немесе өтеу мерзіміне дейін кешірілмеуі де мүмкін “сотталғандық” өлшемінің заңи дәлсіздігін жойды. Сондай-ақ, енжар сайлау құқығы үшін “тіркеу уақытына дейін” деп, кандидаттардың заң бұзуларына итермелеуге кішкене де болсын мүмкіндіктерін жою үшін, көрсету маңызды болды. Қасақана әкімшілік құқық бұзушылық үшін соттық жауапкершілікке тартылу жайында да сондай нақтылану орын алды.

Күші жойылмаған “Сайлау туралы” актінің Жалпы бөлімінің (4, 7 б.б.) және Конституцияның (бастапқыда актінің 7 б. 3 т. Конституцияның нормаларына және “Сайлау туралы”актінің өзінің Ерекше бөлімінің 70,72 – 74 баптарына қарама-қайшы келді) нормаларын ішкі келістіруге бағытталған өзгертілер мен толықтырулар енгізілді. “Сайлау туралы” актінің Ерекше бөлімінің 54 бабы да Жалпы бөлімінің 4 бабымен келістіруді қажет етті, солай болғандықтан, соңғысы өз күшін бұл актінің Ерекше бөлімінің бүкіл нормаларына жаяды және 54 баптың кейбір ережелерінде қайталануды қажет етпеді [4, 219 б.].

Ақырында, заң жобасымен жұмыс барысында Парламентте күші бар “Сайлау туралы” актіде мезгілді орындалуға тиісті 59, 73, 89, 104 және 118 баптар негізінде Президенттікке, Сенат және Мәжіліс, мәслихат депутаттығына,жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне үміткерлерді тіркеу кезінде құжаттар тізімінің толық еместігі сияқты қателік табылды.

Шынында да, неге, мысалы, автомобиль жүргізішісінің, милиционердің, нотариустың немесе басқа кәсіп мамандарынң жұмысы үшін, сондай-ақ ЖОО-на оқуға түсу үшін денсаулық жағдайы жөнінде медициналық анықтама ұсыну керек те, мемлекет басына тұру, заң шығару және жұрттың мүддесіне өкілдік ету үшін сау дене мен сау жан міндетті емес!?

Атап өтетін жәйт, заңмен көрсетілген басқа құжаттармен қоса сондай анықтаманы лайықты сайлау комиссиясына ұсыну енжар сайлау құқығын қандай да болмасын шектеуін білдірмейді. Азаматтың әрекет ету қабілеттілігі туралы мәселенің шешімі Қазақстан Республикасының Конституциясының 3 бабына байланысты соттың мойнында қалады.

Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған мезгілді заңнамалық шаралар сайлау институты және тәжірибесін жетілдіруге бағытталған. Олар адамның құқықтарын, туылғаннан берілетін универсалды табиғи емес, нақты мемлекетте азаматтың иеленетін құқығы болып табылатын, әсіресе, өкілетті билік институттарына сайлану құқығын кемітпейді.

Қолданылған әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995

  2. Қазақстан Республикасының Сайлау туралы заңы, 1995

  3. “Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясын сайлау туралы” қаулысы, 1993

  4. Котов А. К. Казахстан –наше отечество: - А-А.:1998 – 247 б.

Научный руководитель:

к.и.н., доцент, Ибрагимов Жамалидин Ибрагимович