Автор:
Майра Нургалиева (Астана, Казахстан)
Сөздердің синтаксистік байланысы туралы түсініктің берілуі, бәрімізгі ортақ синтаксистік теория. Синтаксис-сөз тіркесінде, сөйлемде, сөйлемдегі сөздердің мағыналық және интонациялық тұтастығында /синтагма/ сөздердің байланысуын, олардың сөйлеу процесін қалыптастыруын қарастырады. Осы жалпы мағынада сөздердің мағыналық байланысы, олардың синтаксистік тәуелділігі туралы түсінікті қалыптастырады.
Синтаксистің негізгі қызметі сөйлем құрылымы болса, сол сөйлем құрудағы конструкциялық құралдар коммуникация процесінде қайтадан құрылып оты- рылады.
М.Балақаев: «Сөз басқа сөздермен әр түрлі тәсілдер арқылы байланысқа түсу арқылы сөз тіркестері жасалады»-дейді» [1 с. 333].
Коммуникативті байланыс құруда синтаксистік құралдарды, олардың әрқай-сысының ролін анықтау және іздестіру арқылы, синтаксистік құрылымды се-мантикалық тұрғыдан қарастыру барысында ғана, синтаксистік құбылыстар-дың жүйелену принципі туралы сөз қозғауға болады. Осы сөйлеу барысында синтаксис пен семантиканың өзара байланыста болады. Сөйлеу байланысын қалыптастыруда сөздің жеке лексикалық мағынасы емес, мағына тиянақты-лығы бар единица маңызды рол атқарады. Бұл единицалар морфологиялық, семантикалық және функционалды белгілерімен сипатталады. Осы мәселені анықтауда, синтаксистік жүйенің ішкі құрылымдық принципі айқындалады.
Осы конструкциялық құралдарды қолдана отырып, сөздердің шектеулі жиынтығы құрылады. Осы шектеулі жиынтықпен берілген ойға сәйкес не туралы айту керектігін, орнын, уақытын, және айтылу шарттарын білдіріп, нақты сөйлеу әрекеті жүзеге асырылады. Адам санасында пайда болған түрлі түсі-ніктерді, басқа заттар мен құбылыстар туралы түсініктермен салыстырыла қарастырылуы, сөйлеу байланысының құрылуы синтаксистік единица арқылы орындалады. Барлық синтаксистік единицалар иерархиялы қатынаста болады. Ең аз конструкциялық құрылымда коммуникациялық сатыға дейін екі атауыш сөздің грамматикалық және мағыналық жақтан бірігіп синтаксистік байланыс құратынын байқауға болады.
Г. А. Золотова синтаксистік байланыс түрін анықтаудың және оның коммуни-кацияны жүзеге асыруындағы ролін анықтаудың маңыздылығына тоқталып өтеді [2, с. 31].
Егер сөздің байланыс құрудағы оның синтаксистік қасиеті мен сөз форма- сының синтаксистік қасиетін қарастырсақ:
А/. Олардың кейбіреулерінің лексико-грамматикалық қасиеті сөздің және сөз формаларының өзінде болып, тек синтаксистік құрылымда сөздердің арасын- дағы қатынаспен беріледі.
Ә/.Ал кейбіреулері сөз арасындағы қатынастарда көрініп, синтаксистік конст- рукцияда жасалады.
Олай болса, сөздің лексико-грамматикалық қасиеті, оның басқа сөздермен байланысу сипатына және синтаксистік тіркесімділігіне әсер етеді. Лексика тұрғысынан қарастырғанда, сөздер синтаксиске қатысты әр түрлі айқындала- ды.
Сөздер семантика-грамматикалық құрылымына қарай, атаушы сөздер және көмекші сөздер болып бөлінеді. Атауыш сөздер номинативті функция атқара- ды. Ал көмекші сөздер грамматикалық мағыналары мен қызметіне қарай функционалды қатынаста үш топ құрайды. [3, с. 562 ].
А/. Сөз формасын құрастырушы демеуліктер, грамматикалық мағына үстей-тін, модальды-экспрессивті сипаты, семантикалық мүмкіндігі мол сөздер.
Ә/. Жалғаулықтар. Сөз бен сөзді, жай сөйлем мен күрделі сөйлемді салалас- тыра байланыстырады.
Б/. Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді сабақтастыра байланыстырады.
Ал атауыш сөздер /дербес мағыналы/ сөз таптарының лексико-грамматика-
лық категорияларына бірігеді. Осы бірігу мен айырым әр сөз табының син-таксистік функциясының негізгі белгісі болып қызмет атқарады. Бірақ жүйе-дегі шындық болмыс қатынасының координаты,/жазықтықтағы не кеңістікте-гі нүктенің орнын анықтайтын шама, сол құбылыстың адам санасы арқылы орын алған коррелятивті координатамен сәйкес келмеуі мүмкін. Сөз табын-дағы әр атауыш сөз лексико-грамматикалық топ ретінде, кейде бір топтағы болмыс құбылыстарының біртектілігін немесе басқа сөз таптарымен форма-
да талдап қорытылған түсінікті бейнелеп, негізгі семантиканы сипаттайды.
Осындай негізгі мағына зат есімдерге-заттылық, сын есімдер үшін-заттың белгісі, етістіктерге қимыл мағынасы тән. Алайда, болмыс категориясының біртекті еместігін көрсететін алғашқы құбылыс, жалпы тілдік категорияда белгілі бір белгілері негізінде топтастырылып, талдап қорытылуы мүмкін.
Мысалы: «Дала бұлыңғыр». (Т.М. 374 б).
«Күн күркіреп, найзағай жарқ етті». /Ш.А.117 б/.
Бұл тіркестер табиғат құбылысының белгісі туралы хабар беріп тұр.
Алайда, заттық категорияда тек заттардың атауы ғана емес, белгі атаулары да болады.
Мысалы. Жарыс, ұйқы, тыныс, мәре сөздерін алсақ, бұл сөздер қимылдың белгісінің атауын білдіреді. Ал белгілік мағына тек заттың сапасының атауын ғана қалыптастырмайды, сонымен қатар, заттың меншіктік, құралдық, обьек-тілік белгісін де береді.
Мысалы. «Сарыбастаудағы қызының үйіне кетті» /Т.М. 244б/.
Сондықтан зат есімдердің деректі, дерексіз, жалқы, жалпы деп бөлінуінің өзі, олардың белгілі бір мөлшерде синтаксистік қасиетінің ұқсас еместігін көрсе- теді. Зат есімдер берілген құбылыс категориясын тура атауда қызмет ететін сөз таптарымен қатынасқа түсіп, болмыс құбылыстарының әр алуан атаула-рын заттық категорияға енгізеді. Алайда, сөз таптарының бір-біріне қатысты-лығы, олардың грамматикалық қасиетіне әсер етпейді. Қимыл мағынасында-
ғы зат есімдер аналитикалық тәсілмен, тікелей көмекші етістіктер арқылы қимылдың уақытпен байланыстылығын /сан есіммен/ көрсетіп, сол қимыл-
дың модальды-фазистік өзгерушілікті, бір істің басталғанын, жалғасқанын, аяқталғанын білдіреді.
Мысалы: Оқу жылы басталды. Күзде оқуын жалғастырады. Келесі күзде оқуын аяқтай- ды. Жиналыс бесте басталып, жетіде аяқталады.
Сапалық сын есімдер өздігінен функциолана алмайды да, тіркесу үшін заттың сапасын, оның сандық өзгерісімен көрсетеді.
Мысалы: «Одан әрі қар басқан егістік, кең дала». /Т.М. 247б/.
Кең дала-даланың көлемі. Аса биік үй-заттың сандық өзгерісі.
Сапалық мән, сол сапаның білінуін немесе сапа дәрежесінің реңктік өзгерісін көрсетеді. Қимыл атауы мен етістіктердің синтаксистік қасиеті, қимылдың жалпы мағынасы ретінде жақындасады. Сын есімдер мен зат есімдердің тиісті синтаксистік қасиеті, сапаның жалпы мағынасымен жақындасады. Етістік түріндегі сапа мағынасы, сапаның білінуін немесе сапа дәрежесінің реңктік өзгеруіне ие болады.
Мысалы: «Дала қараңғылана бастады». /Ш.А. 97Б/.
«Қараңғы қоюланғанша малын жайғады». /Т.М. 348б/.
Таңға жақын дала ағара бастады.
Сөздердің синтаксистік қасиеті сөз таптары мен сөйлем мүшелері тұрғысы-нананықтау, синтаксистік құрылым үшін тиімсіз. Тұрлаулы мүшелердің син-таксистік мүмкіншілігі жан-жақты. Етістіктер мен есімдер сөйлем мүшелері-нің ролін өздерінің формаларының жиынтығымен орындайды. Олай болса, сөз таптары қандай амалмен, қандай конструкция түріне қатыса алатынын,
атап айтқанда, синтаксистік мәнділігі туралы айту қиын.
Сол сияқты көмектесуге дайын, кетуге әрекеттену, келуге тырысу, оқи бастады бұлар синтаксистік құрылымда қимыл мағынасындағы сөздермен құрылымдық-семантикалық өзгерушілікті /модификатор/ білдіреді.
Егер сөз тіркесі екі атауыш сөздің бірігуі десек, онда мына тіркестерді кетуі, келуі мүмкін, оқығым келеді, ойынның соңы бұлар екі толық атаудың бірігуі емес, бір құбылысты көрсететін белгілі бір семантикалық топ.
Егер осы «бол» көмекші етістігін әр түрлі формада қойып салыстырсақ:
Мысалы. Ол жазушы. Енді көмекші етістіктермен:
А/. Ол жазушы болатын. Ол жазушы болғысы келеді. Ол жазушы болуы мүмкін.
Осындағы көмекші етістіктер бастапқы моделге қатысты берілген белгіге шақтық, модалдық модификацияны қосып отырады. Сонымен қатар тек тип-тік мағына емес, олардың берілу амалдары да өзгеріссіз қалады. Сөз семан-тика мен морфологияның өзара әрекеті негізінде, әр трлі формада сөз тіркесі
мен сөйлемде көріне алады.
Сөйлем моделінің компоненті көмекші етістіктерсіз де, синтаксистік құры- лым бере алады. Мысалы. Ол ақын. Ол ұстаз.
Егер көмекші етістіктерде жақтық категория аталмаған жағдайда, сөйлем компоненті бола алмайды. Бастауыш пен баяндауыштың «матасуындағы» морфологиялық белгілердің көмекші етістіктермен берілуі, олардың синтак- систік ролі дербес деуге негіз жоқ.
Көмекші сөздердің басқа бір түрлері синтаксистік синонимдердің құры- лымдық негізінің жасалуына тірек болатыны аңғаруға болады. Болмыстың тура және жанама белгілену амалдарын анықтап айыру, сөйлем моделінің си-нонимдік құрылымымен байланысты. Модель ең аз тілдік құралдармен си-патталады, Заттың белгісін беретін сөйлем моделі ең аз атау мен сын есімнен тұрады. Менің анам қайырымды. Осы негізгі моделмен синонимдес сөйлем құруға болады.
Менің анам қайырымдылығымен ерекшеленеді. Менің анама қайырымдылық тән. Менің анама тән қасиет-қайырымдылық.
Негізгі сөз бен көмекші сөздердің арасындағы байланыс, таза синтаксис- тік емес бір жағынан, олар морфолого-семантикалық. Сондықтан көмекші сөздердің әр түрлілігі және негізгі сөз бен көмекші сөздің арасындағы кейбір мәселелер әлі де анықтап, қарастыра түсу қажет. Сөздердің көмекші қызмет атқаруы, сөз формасының қасиеті емес, сөздің өзінің оның лексико-грамма-тикалық қасиеті. Ал бұлар басқа синтаксистік формада сөйлемнің құрылым- дық компоненті ретінде көріне алады.
Мысалы, Ағаштың бір талын сындырып алдым.
Осы берілген мысал, заттың белгісін немесе екі заттың кеңістіктегі бір-біріне қатынасын көрсетеді. Етістіктерсіз келген жағдайда, етістіктер жалпы беретін мәліметті тұтас емес, тек бөлшегін ғана, яғни заттың белгісінің бар болуын ғана көрсета алады. Бұндай жағдайда етістіктердің лексикалық мағынасы то-лық мағына бере алмайды. Толық семантикалы сөздің синтаксистік байланы-сы.
Етістіктерсіз келген жағдайда, етістіктер жалпы берілетін мәліметті тұтас емес, тек бөлшегін ғана, яғни заттың белгісінің бар болуын ғана көрсете ала-ды. Бұндай жағдайда етістіктердің лексикалық мағынасы толық мағына бере алмайды.Толық семантикалы сөздің синтаксистік байланысы дербес болады. Егер сөз мағыналарын абсолютивтік және релятивті деп, қарастырып, сөздің лексико-грамматикалық қасиеті оның тіркесімділігіне қалай әсер ете- тіндігін анықтау үшін, сөздердің мағынасын осы екі түрге бөліп, талдау жасауға бола-ды.
А/. Абсолютив мағыналы сөздерге, жеке тұрып өз алдына мағына бере ала-тын сөздер жатады.
Мысалы. Үстел, жел, дем алу, қуаныш, отыр, жүр.
Жазу үстелі. Суық жел. Терең дем алу.
Сол сияқты басқару, меңгеру, қызығу, сүйсіну етістіктері туралы да айтуға бо-лады. Сонымен қатар, бүтіннің бөлщегін беретін жарты, сала, сектор сөздері.
Абсолютивтік және релятивтік мағыналары жеке сөздер мен сөз топтары-ның арасында ғана емес, әр түрлі мағыналар арасында болады. Мысалы. Оқу, тігу, жазу етістіктері нақты мағына берсе, ал, абсолютивтік мағынада бейім-ділік, іскерлік қабілетті білдіреді. Сөз семантикасы, берілген обьективтілік
мағынаның әр түрлі дәрежесін көрсетеді. Сөздердің синтаксистік тәуелділі-гінің үш түрін анықтауға болады.
А/. Мағыналары жеткілікті/абсолютивті/ сөздер жабық семантикалы болып келеді. Секіру. Отыру. Күн. Жер. Ұйқы. Ә/. Ал релятивті сөздер ашық семан-тикалы болып, белгілі бір формамен толықтыруды қажет етеді. Мысалы. Қатысу /неге?/. Қорқу /кімнен?, неден?/. Беру /нені?/. Тарату /нені?/.
Иелену /нені?/. Б/. Белгілі бір мағынаны қажетті мағына беретін формалар қатарымен толықтыруды қажет ететін ашық семантикалы сөздер.
Әдебиеттер:
1. Балақаев М. Қазақ тіл білімінің мәселелері. –Алматы, 2008-587с
2. Золотова Г.А. Очерк функционального синтаксиса русского языка.-Москва, 2009-350с.
3. Қазақ грамматикасы. –Астана, 2002-783 с