Увага! Всі конференції починаючи з 2014 року публікуються на новому сайті: conferences.neasmo.org.ua
Наукові конференції
 

ТӘРБИЕЛІК ДАМЫТУШЫЛЫҚ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ МҮМКІНШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ЖОЛДАРЫ

Автор: 
Әшірбекова Айсұлу (Қызылорда Қазақстан)

Біздің еліміз қарқынды даму жолына жаңа түсіп, қоғамдық құрылымы бір сипаттан екіншісіне ауысқан өтпелі кезеңде ондай мәселелер көбеймесе, азайған жоқ. Осындай себептердің салдарынан, қазіргі кезде әлеуметтік көмекке мұқтаж болып отырған мүмкіндігі шектеулі балалар күнен күнге көбеюде.

2011 жылдың 1 қазанындағы статистикалық мәліметтер бойынша елімізде 563,1 мың мүгедек адам бар, бұл жалпы халықтың 3,4 пайызы. Оның ішінде 58 мыңы мүгедек балалар болып отыр. Бұл ретте бірінші орында қан айналымы жүйесінің аурулары - 22 пайыз, екінші орында қатерлі ісік - 17 пайыз, үшінші орында түрлі жарақаттар - 13,7 пайызды құрап отыр. Ал мүгедек балалар арасында бірінші орында туа біткен аурулардан пайда болатын мүгедектік - 34,6 пайызды құрайды. «Қазіргі таңда мүгедектіктің жасару үрдісі де байқалып отыр. 2011 жылдың 9 айында елімізде 35,7 мың адам алғаш рет мүгедек ретінде танылса, оның 75 пайызы - еңбекке жарамдылар, 19,4 пайызы – балалар. 2012жылы облыс бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар саны – 4697. Оның 47- пайызы білім беру ұйымдарымен арнайы қамтылған. Биылғы оқу жылында 10 (Қызылорда қаласында 3 мектепте, Арал ауданында 2 балабақшада, Қармақшы, Сырдария аудандарында 1 мектептен, Жаңақорған ауданында 1 мектеп және 1 балабақша базасында) логопункт ашылып, 198 (46,3 пайыз) балаға сөйлеу және жазу бағытында түзету жұмыстары жүргізілуде [1].

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың дәстүрлі Жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын үдемелі жақсартуда, сол себепті мүмкіншілігі шектеулі азаматтарға адамгершілік тұрғысынан мән беріліп, халықаралық және отандық педагогика мен медицинаның ғылыми – практикалық шектесуінде коррекциялық тәрбие жүйесін құрылды. Негізгі мақсаты - мүмкіншілігі шектеулі балаларды тұлғалық келбетінде еңбекке үйрету, өмірде өз орнын табуға баулу, өмірге икемді азаматтық тұлға қалыптастыру [2].

Балалардың қоғамдағы өз орнын табуға «Қазақ-Қытай академиясының» педагог-психолог мамандығындағы студенттері №2 дамуында проблемалары бар балалармен жасөспірімдерді сауықтыру мен әлеуметтік бейімдеу орталығында 4-15 жастағы балалармен түзету және дамыту жұмыстарын арнайы бағдарламамен жүргізді. Мүмкіншілігі шектеулі балалармен жұмыс барысында олардың өмірге деген қызығушылығы және де белсенділігінің жоғары екендігі байқалды. Ең бастысы мүгедек балаларды сәби кезінен бастап анықтап, олардың ортаға бейімделуіне жағдай жасауымыз керек. Сондықтан арнайы жұмыс тобын құрып, әр баланың қабілет-қарымын анықтап, дұрыс бағыт-бағдар беріп, жарымжан балалардың жастайынан жасық болып өсуіне жол бермеуіміз керек. Мүмкіншілігі шектеулі балалардың дамытуда тұлғалық қалыптасыуына мүмкіндіктері айқындалды, мысалы:

- баланың өздігінен күн тәртібін орындауға бейімдеу;

- өз ара жекелеген достық қарым қатынас;

- әр түрлі бағытта қабілеттілікті қалыптастыруға бейімдеу;

- психологиялық, медициналық, педагогикалық бірлестікте жүйелі қадағалау.

Жаңаша білім берудің негізгі тәжірибелік міндеттерін шешуде мектептегі жаңалықтармен дамуды, қолданылған әрекеттер мен құралдардың тиімділігін диагностикалау негізінде анықтауға болады. Осыған байланысты педагогтар өз қызметінің субъектісіне әлеуметтік психологиялық және педагогикалық мінездеме беріп, танып, білумен зерттеу әдістерін меңгерулері керек. Әр оқушыға арналған жеке даму бағдарламасы олардың өзіндік мүмкіндігін ашып, қоғамдағы азаматтық орнын табуға әлеуметтік жағдай беріледі. Мысалы, «Қазақ-Қытай академиясының» педагог-психолог мамандығындағы студенттері мүмкіншілігі шектеулі балаларға «Менің елім Қазақстан» атты кешенді іс-шара өткізді. Іс-шара барысында студенттер интерактивті технологиялар мен дамытушы көрнекілік құралдарын пайдаланды. Балаларға Қазақстан Республикасының сындарлы 20 жыл ішінде жеткен жетістіктерін көрнекілік құралдар арқылы көрсетіп, халықтық педагогика элементтері арқылы ой-өрістерін дамытуға ықпал жасалды. Бұл жерде болашақ педагог-психологтар кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында мүмкіншілігі шектеулі балалармен арнайы әлеуметтендіруге бағдарлы тәрбиелік дамытушылық іс шараларды ұйымдастырды.

Мүмкіншілігі шектеулі балалармен тәрбиелік дамытушылық іс шараларды ұйымдастыруда ойын технологиясы арқылы мүмкіншілігі шектеулі баланың психикалық ерекшеліктерін айқындау және физиологиялық психологиялық дамуы негізінде жетілдіруді қалыптастыруға педагогикалық жағдай жасау. Ұлы ғалым Д.Эльконин мүмкіншілігі шектеулі балалардың психикасының дамуында ойын жетекшілік рөл атқаратынын «жетекші іс әрекет» атты сөз тіркесімен сипаттайды[....]. Ойын кезінде балалардың ортамен қарым-қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өсіп, мінез-құлқы қалыптасады.

Мүмкіншілігі шектеулі балалармен тәрбиелік дамытушылық ойын технологиясы – бұл баланың өзін толықтай көрсетуіне табиғи жағдай жасау болып табылады. Ойын барысында жасаған қылықтары оның эмоциялары мен қорқынышарын білдіреді, психологке бала болмысы туралы жан жақты толыққанды мәлімет алуға көмектеседі.

Педагогикалық тәрбиелік дамытушылық ойын дегеніміз - баланы әдептілікке, сауаттылыққа, тұлғалық даму қабілеттіліктерін өздігінен дамытуға негізделген тәрбие құралдың бірі. Сондықтан олардың түрлері өте көп. Мысалы: тіл дамыту, тіл ұстарту, логиканы қалыптастыру, логиканы дамыту әлеуметтендіруге бағдарланған ойындар т.с.с. Педагогикалық тәрбиелік дамытушылық ойындар мүмкіншілігі шектеулі баланың ақыл - ойын дамытып, қоғамдық өмірге бейімденуге деген қызығушылықтарын арттырады.

Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу- бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын- балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі[4].

Мүмкіншілігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру жолының екінші тәсіліне Әл-Фарабидің «Оқытудың негізгі әдісі – көрнекілік» деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) тұжырымын басшылыққа аламыз. Мүмкіншілігі шектеулі балалармен жұмыс жасау барысында педагог-психологтар көрнекі құралдарды міндетті түрде пайдаланады. Көрнекілік принципі тәрбие мен білімдендіру үдерісін сабақтастықта сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара жүйелі байланыста қолданады, себебі мүмкіншілігі шектеулі балаларды құбылыстармен, обьектілермен таныстырғанда, олардың психо физиологиялық мүмкіндіктерін ескере дамытушылық әсер етеді. Бұл жерде алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, обьектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды дей аламыз. Көрнекілік құралдары арқылы мүмкіншілігі шектеулі балалардың бойындағы тұлғалық даралық қасиеттерін сонымен қатар өмірге деген құлшыныстары мен белсенділіктерін байқадық.

Мүмкіншілігі шектеулі балармен жұмыс жасау тәсілдерінің тағы бір түрі - сурет салу. Мүмкіншілігі шектеулі балалар суретті бар ынтасымен салады. Алғашында олар қағаздарға шимайларды сызады. Содан кейін отбасындағы белгілі бір мүшелерді салуға тырысады. Түрлі – түсті, ашық – жарқын қарындаштармен, бояулармен жұмыс істеу балаларды қуантады. Балалардың суреттерінен ойлау, есте сақтау үрдісінің төмен деңгейлігі және қозғалыс саласының жетілмеуі анық көрініс табады. Мүмкіншілігі шектеулі балаларға суретті салдыру арқылы ой–өрісін дамытуға, белсенділігін арттыруға, өзіндік «Мен» қалыптастыруға септігін тигізеді.

«Қазақ-Қытай» академиясының Болашақ педагог-психологтарының маман ретінде кәсіби құзыреттілігін қалыптастырып, дамыту мақсатында мүмкіншілігі шектеулі балалармен жұмыс жасау тәсілдерін педагог психолог ғалымдардың тұжырымдарына сүйене отырып анықтады. Жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдердер арқылы баланың болашаққа деген мүмкіндін, өмірге деген белсенділігін арттырып, мүмкіншілігі шектеулі балалардың бойында әрі қарай өмір сүруге деген ынтасын, белсенділігін ішкі дүниесіне үңіле отырып байқадық.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан -2050» стратегиясы.

  2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030». Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы, 1998 ж.

  3. Бап-Баба С. Психология негіздері, стр , Алматы 2012, Әлеуметтік педагогика

 

Ғылыми жетекші - С.Т.Жарбулова, пед.ғ.к.