Автор:
Айжан Акмуллаева, Айжан Баймұқашева (Қазақстан,Талдықорған қаласы)
Арамшөптер – адамдардың қатысуынсыз мәдени дақылдармен бірге өсуге бейімделген ерекше өсімдіктер тобы. Мәдени дақылдарды өсіру үшін адамдар қолданған агротехника жүйесі арамшөптер үшін де қолайлы болады. Арамшөптер топырақтан керекті қоректік заттар мен ылғалды бойына сіңіреді, дақылдардың өнімі мен сапасын төмендетеді. Олардың ішінде өте зияндылары карантинді арамшөптер тобы болып саналады. Сондықтан 1999 жылы шыққан Қазақстан Республикасының «Өсімдік карантині туралы» Заңы елімізде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік шараларды жүзеге асырудың құқықтық негізі мен ұстанымын белгілеп берді [1,2].
Өсімдік қорғау және карантин департаментінің мәліметі бойынша карантинді арамшөптер арамсояудың 19 түрі 180 мың гектар жерге таралған. Сондықтан күрес уақытында барлық жерлерде жүргізіліп, агротехникалық, биологиялық және химиялық әдістерді қолдану арқылы ғана жоспарланған, сапасы жоғары өнім алуға болады [3].
Талдықорған қаласы бойынша карантинді арамшөптерден жатаған у кекіре мен арамсояу (сарышырмауық) көп таралған.
Жатаған (қызғылт) у кекіре Қазақстанның барлық аумағында таралған. Көп жылдық атпа тамырлы арамшөптерге, күрделі гүлділер тұқымдасына жатады. Биіктігі 20-70 см шамасында. У кекіренің тамыр жүйесі күшті дамыған күрделі болып келеді. Оның негізгі тік және одан өсетін жанама тамырлары болады. Тік тамырдары 10 м тереңдікке дейін бойлайды. Сондықтан құрғақшылыққа өте төзімді келеді.
Тұқымдарымен және атпа тамырларымен көбейеді. Тұқыммен көбеюінің карантиндік маңызы ерекше. Тұқымдары 3-4 жылға дейін тіршілік қабілетін жоғалтпайды. Өніп шығуы үшін олар көп ылғал және жоғары температураны талап етеді. Мамыр-маусым айларында гүлдейді, маусым-шілде айларында жеміс салады.
Астық ору науқанына дейін у кекіренің тұқымдары жетіледі. Бір өсімдік 1000-2000-ға дейін тұқым бере алады. Егер егістікті у кекіре басып кетсе мәдени өсімдіктер толығымен құриды, ал орташа және сирек кездескеннің өзінде егіннің өнімділігі 3-10 есеге дейін кемиді. Себебі ол өзінің күшті дамыған тамыр жүйелері арқылы топырақты құрғатып жібереді. Арамшөптердің ішінде у кекіре ең зиян келтіретін өсімдік, онымен күресу жолдары да күрделі болып есептеледі.
Арамсояу Cuscuta S.P. – бір жылдық паразитті шөп, Қазақстанның барлық жерінде таралған. Дүниежүзілік флорада арамсояудың 274 түрі кездеседі. Қазақстанда тіркелген арамсояудың 19 түрі бар.
Қазақстанның барлық облыстарында көп тараған түрі – далалық арамсояу. Бұл шөп 200-ден астам ауылшаруашылық дақылдарына зиянын тигізеді. Мысалы, далалық арамсояу басқан қант қызылшасы өнімінің 80%-ы, пияз-сәбіздің – 85%, жоңышқа өнімдерінің 95%-ы жойылады.
Арамсояудың тұқымын жоңышқа тұқымынан ажырату қиын, осы себепті тауар өндірушілердің көп өнімдері сатуға жарамсыз болып жатады.
Арамсояу мәдени дақылдардағы зат алмасуды бұзады. Арамсояу түтікше тамырлары арқылы мәдени дақылға жабысып, ондағы органикалық, органикалық емес заттарды сорып алып, дақылды әлсіретеді, дақыл біртіндеп өсуін тоқтатып, қурайды. Арамсояу тұқымнан өседі, тарайды. Бір тұқымнан өскенде тұқымдағы қоректік заттарды пайдаланып 10-13 см биіктікке көтерілгеннен кейін, тұқымдағы қоректік зат бітеді.
Арамсояу топырақпен байланысын жояды, осы кезде оның сабақтары шыркөбелек айналып, қасында басқа шөптер болса, соған жабысып бүршік тамыршықтары арқылы қоректі заттарды сорып алып, өсіп-дами береді.
Арамсояудың улылығы гүлдеген, тұқым пайда болған кезде күшейеді. Осы кезде арамсояуда алколоид-кускутин және глюкозид, конвольвулин көптеп жинақталады. Арамсояу араласқан мал азығы шіри бастайды, өзінің бағалы нәрлілігін жоғалтады. Сонымен қатар, жануарларды ауруға шалдықтырады.
Егістікті арамсояудан арылту үшін агротехникалық шаралардың жиынтығын қолдану керек, яғни ауыспалы егісті дұрыс қолдану (дақыл алмасу), жерді уақытында, сапалы өңдеу, тұқым себу мерзімі, дақылды күтіп-баптау, тиімді гербицид беру қажет. Зерттеулер көрсеткендей, арамшөптің көбі сүдігер жыртылған жерлерде жазғытұрым жерді тырмалағаннан кейін өседі.
Қаскелең тәжірибе шаруашылығындағы қызылша егістігінде арамсояу және басқа арашөптермен күресу үшін гербицидтер қолданылады. Арамсояу жаңа өсе бастаған кезеңдерінде жас сабақтар гербицидтер әсерімен тезірек жойылады, кейін арамсояу гүлдері сарғая бастағанда, гербицидтер әсері аз болады.
Жатаған у кекіреге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары мамыр айының үшінші онкүндігінде басталады, ал арамсояумен маусым-шілде айлары аралығында жүргізілді. Гербициттердің қолдану мерзімі – сабақтанудан гүлдену кезеңі аралығына дейін. Осы жылы карантиндік арамшөптерге қарсы Ланс 24% с.е. химиялық препараты (шығын көлемі - 0,15-0,18 л/га) қолданылды. Сондықтан химиялық өңдеу жүргізілген жерге ауылшаруашылық малдардын 6-7 күн аралығында жайылымға шығаруға тиым салынғаны ескертілді.
Қазіргі уақытта Талдықорған қаласында карантиндік объектінің екі түрі тіркелген. Олар карантиндік арамшөп жатаған у кекіре мен сарышырмауық (1-кесте).
-
кесте. Химиялық препараттардың биологиялық тиімділігі (Талдықорған қаласы, 2012 ж)
№
|
Талдықорған қаласындағы карантиндік объектілер атаулары
|
Өл-шем бір-лігі
|
Залал-данған көлем
|
Өңдел-ген көлем, га
|
Препарат атауы
|
1 га кететін препа-рат
|
Қолданыл-ған препарат,
л
|
Биоло-гия-лық тиімді-лік,
%
|
1
|
Жатаған у кекіре
|
га
|
400
|
215
|
Ланс,
24% с.е.
|
0,165
|
35,475
|
92
|
2
|
Арамсояу
|
га
|
50
|
18
|
Глифосфат, 48% с.е.
|
3
|
54
|
91
|
Қаламызда осы аталған арамшөптермен жол жағалаулары, бос жатқан жерлер жоғары деңгейде ластанған. Сол себепті у кекіре мен арамсояуға қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жыл сайын жүргізілуде.
Жатаған у кекіре карантинді арамшөбіне Ланс, 24% с.е. препараты алғашқы күннен бастап жоғары тиімділік көрсетті, яғни оның биологиялық тиімділігі 92 % жетті. Бұл препараттың улылығы ұзақ мерзімге созылды. Арамсоя карантинді арамшөбіне Глифосфат, 48% с.е. препаратын қолданғанда биологиялық тиімділігі 91 % көрсетті.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :
-
Сулейменова З.Ш. Методические указания по учету и выявлению карантинных объектов. - Астана: 2009.
-
Обзор распространения вредных и особо опасных вредных организмов сельскохозяйственных культур в 2011 году и прогноз их появления в 2012 году. – Астана: 2011.
-
Жарасов Ш. «Карантинді арамшөптер және олармен күрес» Алматы: 2010 қазан № 35
Ғылыми жетекшісі:
Биология ғылымының кандидаты Акмуллаева Айжан Сейтхановна.