Автор:
В.Л. Еділбаева (ҚР, Қарағанды облысы)
Ұлт дегенде көпіріп,
Жарайсың, қаным, қайнадың!
Ұлтымнан мен садаға,
Бекіндім, басты байладым!
М.Шоқай
Түркістан бір күндері жаңарып, өз батырларын еске алатынын, Мұстафаға Перовскіде, не Ташкентте ескерткіш қоятынын білмеймін. Бірақ халық оған өз жүрегінен ескерткіш орнататынына кәміл сенемін.
А.Я.Шульгин.
Саяси қайраткер
М.Шоқай Түркістан халықтарының бірлігі мен тәуелсіздігі идеясын ту етіп ұстанған аса көрнекті саяси қайраткер, публицист, аудармашы, жазушы, ХХғ. бас қазақ интелегенциясының ең жарқын өкілі. Мұстафа бұрынғы күнтізбе бойынша 1890ж 25 желтоқсанда ал жаңаша есеппен 1891 жылдың 7 қаңтарында қазіргі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Сұлутөбе маңындағы Наршоқы қыстауында дүниеге келген. Қыпшақ руынан.
1902ж. Ташкенттегі ерлер гимназиясына қабылданады.
1910ж. гимназияны үздік бітіріп, Петербор университетінің заң факультетіне түседі.
1914ж Ә.Бөкейханов ұсынысымен IV Мемлекеттік думаның Мұсылман фракциясы хатшысы қызметіне тағайындалды. 1916ж Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысты патша үкіметінің аяусыз басып-жаншуына байланысты құрылған комиссия құрамына тілмаш болып кіреді.
1917ж Түркістан автономиясы құрылып, сыртқы істер министрі болып тағайындалады. Шілде айында бірінші жалпы қазақ құрылтайына қатысып, «Алаш» партиясын құру туралы шешімге дауыс береді.
1917ж маусым айында Ташкент қаласында «Бірлік туы» газетін шығарады. Саяси қызметі осы 1917ж басталды. Ол Мәскеуге құрылтай мәжілісіне Түркістаннан жіберілген болатын.
Мұстафа Шоқай Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі еді.
1917ж көктемінде Түркістан мұсылмандары Орталық кеңесіне (Тurkistan Musilmsndari Merkezi Surasi) төраға болып сайлануымен ұласып, бұл кеңеске башқұрт Ахмет Заки Уәлиди Тоған хатшы, өзбек Мүнеууер Қари, Махмут Қожа Бекбұды, Ұбайдұллах Қожа сияқты кісілер мүше болған.
1918ж 2 қаңтарда М.Тынышпаев қызметінен кетіп, бас министр болып Мұстафа Шоқай тағайындалады. Ақпан айының басында большевиктер қару күшімен Түркістан автономиясын құлатады. Осы жылы 18 сәуірде Мария Гориномен некелеседі. 1919ж Кавказға барады. Кейін Грузия астанасы Тбилис қаласында тұрып, «Біртұтас Түркістан республикалары» туралы мақалалары «Вольные горцы» апталығында «На рубежке» атты оысша журналда басылады. өз мақалаларын тікелей өз атымен және «М-Жанай», «Желил» деген бүркеншек аттарымен жариялайды.
1921ж ақпанда Тбилисиге большевиктердің кіруіне байланысты қаланы тастап, Стамбулға келеді.
Осы жылдың орта шенінде Францияға Париж қаласына қоныс аударады. 1927ж Стамбулда Зәки Валидидің бас редакторлық етуімен «Жаңа Түркістан» журналын ұйымдастырады. 1929ж түркістандықтар тілінде «Яш Түркістан» журналы шығара бастады, өзі редакторлық етті. Бұл журнал 1939ж дейін ІІ дүние жұзілік соғыс басталғанша шығып тұрды. Кейбір шетелдіктердің Түркістан жөнінде жазған кітаптарына да Мұстафа Шоқай көмектескен. Мәселен «Түркістан» деген атпен шыққан R.Olzscha мен C.Cleinow бірігіп жазған 434 беттік кітаптың 363 беттен 409 бетке дейінгі бөлігін М.Шоқай жазған.
Ол жеке еңбектер де жазып 1928ж Парижде француз тілінде “Chez Les Soviets en Asie Centаle” 1935ж «Түркістан советтік әкімшілік астында» 1937ж «1917ж естеліктерінен үзінділер» деген кітаптары жарық көрді.
М.Шоқай Париж, Лондон, Берлин, Варшава қалаларында түрлі жиналыстарды, орыс пен қытай қоластындағы Батыс пен Шығыс Түркістан жөнінде лекциялар оқыды.
1924 ж Түркістан Ұлттық одағы ұйымына мүше болады. 1927 ж Украина мен Кавказ халықтарының Европадағы өкілдері құрған Прометей одағына кіреді. 1934 ж шілдеде Парижде Кавказ, Түркістан және Украина халықтары достық комитеті деген атпен ұйым құрылып, ұйым басшысының орынбасары болып М.Шоқай сайланды.
Батыс елдерінде М.Шоқай А.З.Валиди, Ә.Топчибашы, М.Расулзаде, Г.Исхаки, С.Максуди түрік халықтарының тарихы мен мәдениетінің білгірлері ретінде қабылданады. Олардың үйлерінде әйгілі француз ғалымы П.Пеллио, Э.Блоше, Г.Ферранд ағылшын профессорлары Э.Браунд, Д.Росс,болып тұрған.
М.Шоқайдың 30-40 шақты бүркеншек аттары болған. Аз, Акбер, Али, А.Юсупов, Дау, Даут, Жанай, Жанаев, Кара Мурза, Кипчак оглы, Омар оглы, Мусулманин, Садык Нури, Хакимжан, Мен, Бакинский корреспондент, фон Тәңірберді т.б.
М.Шоқай қазақ, орыс, француз, түрік тілдерін білген. Мақалаларын шоғатай ғана емес, түрік шағатай тілінде де жазған. Стамбулдағы Кочин униветситетінің профессоры Тимур Қожа оғланда М.Шоқай қолы қойылған. Ағылшын түрік сөздігі болған.
Мұстафа Шоқай –тайпалық танымның, тіпті ұлттық пайымның шеңберінен шығып кеткен, кең ауқымды ойлайтын ірі тұлға.
Шоқай армандаған тұтас Түркістан аймағы.
Батыс Түркістан, Шығыс Түркістан және Оңтүстік Түркістан деп үшке бөлді. Мұндағы Шығыс Түркістан қазіргі Қытай аумағындағы Шыңжаң өлкесі. Оңтүстік Түркістан қазіргі Ауғанстан территориясы, ал Батыс Түркістан немесе Ұлы Түркістан бүгінгі Орта Азия және Қазақстан аумағынқамтып жатқан ұлы дала. Шоқай түрікшіл болғанымен саяси тұрғыда Тұран идеясына күмәнмен қараған. Мәселен, әйгілі түрікшіл Нихал Атсызбен айтысында Шоқай Тұран идеясын «Саяси және жағрафиялық тұрғыдан жүзеге асуы мүмкін емес құр қиял» деп бағалаған.
М.Шоқай Түркістанды тұтас мемлекет емес федерация түрінде құру қажет деп білген.
1934ж Лондонға барған сапарында ағылшын парламентінің депутаты У.Д.Алленмен жүздеседі, халықаралық қатынастар жөніндегі король Институтында, Азия қоғамында француз тілінде баяндама жасайды.
1935ж Парижде кеңес үкіметінің қылмыспен әшкерелеген «кеңестер билігіндегі Түркістан» еңбегі жарық көрді.
Ал енді М.Шоқайдың шет елдердегі ізбасарлары туралы әңгіме қозғағанда алдымен профессор, доктор Таһир Шағатай мен доктор Абдулуахап Октайдың атын атамау мүмкін емес.
1922ж Бұқара халық республикасынан Германияға оқуға жіберген студенттер. Бұл кісілер Парижде тұратын М.Шоқай нұсқауымен Берлинде «Жас Түркістан» журналын шығарған. Бұлар М.Шоқай қайтыс болған соң «Жас Түркістан басылымдары тізбегі» атымен Түркияда 22 кітап шығарды. М./Шоқайдың қайтыс болғанына бір жыл толуына орай «М.Шоқай альбомын» шығарды. М.Шоқайды көрген ізбасарларының бірі –қазақ Қарес Қанатбай.
Екінші дүие жүзілік соғыс кезінде Берлиндегі «Милли Түркістан» комитетінің хатшысы, соғыстан кейін Мюнхенде құрылған «Түрік елі Түркістан ұлт-азаттық комитетінің» төрағасы болған Қарес Қанатбай соғыс кезінде дәлірек айтқанда бір ай бұрын М.Шоқайды көріп сөйлескен.
1917ж желтоқсанда М.Шоқай Орынборда өткен ІІ-ші жалпы қазақ съезіне қатысып, съезд сайлаған Алашорда өкіметінің құрамына енеді. Сөйтіп ол жаңа құрылған мемлекеттің мүшесі болады. Оның себептері туралы не айтуға болады? Біріншіден Қоқанда Түркістан автономясы жарияланып, үкіметі құрылғанда М.Шоқайұлы айға жетер-жетпес мезгілде Алашорда үкіметінің өмірге келерін білген жоқ еді және оны ойлауға уақыт ағымы мұрсат берген жоқтын.
Екіншіден Алашорда үкіметінің құрамына енуге келісім беруі орынсыз деп айту қиын. Өйткені Алашорда үкіметін сайлаған желтоқсан съезі.
«Бір айдың ішінде Алашорда Түркістан қазағын бүкіл Алашқа қосып алды, қосып ала алмаса да бір айдан кейін халыққа білдіреді» деген шешмі қабылдады.1917ж дүрбелең тұсында қазақ зиялылары арасында қазақ елінің мемлекеттік тұтастығы жөнінде ортақ пікір болған жоқ.
М.Шоқайдың Түркістанның біртұтас идеясын жүзеге асыру жолындағы іс-қимылдары:
1. Түркістан автономиясын құру және автономия арқылы азаттыққа жету мәселелерін белгілі грузин қайраткері Чхеидземен сұхбаттасқан (1917ж июнь) кезінде айтады. Ал 1917ж 10 желтоқсанда оны құрып үлгереді.
2. Уақытша үкіметтің қасынан Түркістан істері жөніндегі Комиссариат құру. Бұл ұсынысын Керенский толық қолдайды.
3. Түркістандағы орыс әскерлерін татар-башқұрт әскерлерімен алмастыру;
4. Түркістандық жастарды әскер қатарына шақырып, өз армиясын құру;
5. Жұмысшы солдат кеңестерінің қылмыстарын барынша әшкерелеу және оған тиым салу;
1941ж тамызда мұсылман және түркі тектес тұтқындармен айналысатын комиссия төрағасы болып тағайындалды.Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде фашистік тұтқынға түскен әр түрлі елдер өкілдері ішінде сан жағынан тұтқынға түскен әр түрлі елдер өкілдері ішіндегі сан жағынан ең көбі кеңестік тұтқындар жалпы саны 5,7 миллион болған. (« Наука и жизнь » журналы №12 1987ж)
Кеңестік тұтқындардың жағдайының ауырлығы, тірі қалу үкіметімен немістер құрған ұлттық құрамаларға кіруге итермелеуі мүмкін. Осы құрамаға кіруге 968000 ниет еткен. Оның ішінде түркістандық 180000 болған.
1941ж күзде кеңестік тұтқындардың жағдайын байқау үшін құрылған комиссияға Гайбель басқарған комиссияға М.Шоқаймен бірге татар, өзбек, т.б.халық эмигранттары кіргізілді.
И.А. Дугас айтуынша, ұлттық легиондар құру туралы алғашқы құпия бұйрық 1941ж 30 желтоқсанда берілген (бұл кезде Шоқай қайтыс болған). Бұл бұйрық берілуіне себеп болған 1941ж күзде түрік генералы Эрклиттің Гитлермен кездесуі болған
1941ж 27 желтоқсан күні Берлинде Виктория ауруханасында жұмбақ жағдайда қайтыс болды.
М.Шоқай денесі Берлиндегі мұсылман бейітінен мәңгілік орын тапты. Ал Түркістан көсемінің 20 жылға жуық өмірі өткен Франциядағы Ножан-Сюр-Марн қаласында тұрған үйі жанында мемориалдық тақта орнатылды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Туркестан под властью Советов (к характерситике диктатуры пролетариата) П., 1928; Таңд., 1,2т. А.,1998; 1999;
-
Октай А.,Түркістан: ұлттық қозғалыстар және Мұтсафа Шоқай, Ст., 1955 (түрік тілінде);
-
Шоқай Мария, Естеліктер, Ст., 1997;
-
Қойгелдиев М., «Тұтас Түркістанның» идеясы және Мұстафа Шоқайұлы, А., 1997;
-
Из истории Российской эмиграции письма А.-З.Валидова и М.Чокаева (1924-1932гг.) сост.С.М.Исхаков,М.,1999;
-
Садыкова Б., Мустафа Чокай,. А., 2004;
-
Абдуахаб Қ.,Мұстафа Шоқай: өмірі, күресі,шығармашылығы А.,2004;
-
Ахмет Заки Уәлиди Тоған Hatiralar естеліктер Ыстамбул 1969, 144б;
-
Хасан, Оралтай Алаш-Түркістан түріктерінің ұлт-азаттық ұланы Стагбул 1973ж 79-80 беттер
-
И.А.Дугас Санадан сызылғандар кеңестік соғыс тұтқындары Гитлер мен Сталин арасында Париж 1994ж 302-303 беттер
-