Увага! Всі конференції починаючи з 2014 року публікуються на новому сайті: conferences.neasmo.org.ua
Наукові конференції
 

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІПТІК ҚАЖУ МӘСЕЛЕСІ

Автор: 
Марат Кусмиденов, Гульдана Аскапов, Саржан Сатабаева (Павлодар, Казахстан)

Жеке тұлғаның эмоционалды-психологиялық кәсіп күш-қуатынан айрылу синдромына (кәсіптік қажу) психология саласындағы зерттеушілер XX ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап өз назарын аударды [1,2,3,4,5,6].

Қазіргі кездегі нарықтық экономика және бәсекенің күшею жағдайында педагогтардың әрекеттері көптеген ұйымдастыру, экономикалық, әлеуметтік–психологиялық түрлі стрес факторларына ие болумен түсіндіріледі.

Бұл факторлар, әсіресе, дене шынықтыру мұғалімінің жұмысында байқалады. Ресейлік еңбек гигиенасы институтының зерттеулері бойынша дене шынықтыру мұғалімдерінің жұмысы кәсіптік зияндылығына қарағанда, ең зиянды түрлерінің бірі болып табылады.

Өз кәсіптік ісінің өзгешілігіне байланысты оларға тұрақты түрде барлық нормалардан асатын айқай-шу әсері тиеді, ауа температурасының кенеттен өзгеруіне ұшырайды, спортзалдар өте жиі шаң, инфекция және арам тамақтық аурулар қайнары болып қалады, ал сабақтардың жоғары жарақаттығын есте сақтасақ, онда түсінікті қандай стрес жағдайында дене шынықтыру мұғалімдері жұмыс істейді.

Еңбек жағдайлары. Біріншіден ол әрекетшілік көрсеткіштері және орындайтын жұмысының мөлшері[1]. Көптеген зерттеушілер айтуы бойынша, көтеріңкі(жоғары) жүктеме, мерзімнен тыс, кәсіптік лауазымдық міндеттеріне жатпайтын жұмыс, жұмыс күнінің жоғары ұзақтығы, спорттық залдардың керекті құралдар және инвентармен жеткілікті емес жабдықталуы, осы да кәсіп күш-қуатынан айрылуына жағдай жасайды. Спорттық залдардың жетіспеушілігіне байланысты, кей-кезде бір залда екі-үш сыныптың, әр түрлі жастағы оқушылар сабаққа қатысады, солай болғандықтан дене шынықтыру үш сабақтың артықшылығын іске асыруға мүмкіндік болмайды. ҚР Еңбек кодекспен белгіленген 40-сағаттық жұмыс аптасы, дағдыдағыдай анағұрлым асып кетеді. Мұғалімнің өте төменгі әлеуметтік статусы, лайықты тіршілік етуін қамтамасыз етуге жетпейтін еңбекақысы, мектеп әріптестері арасындағы төменгі рейтинг, сонымен қатар эмоционалдық ойрандаушылыққа(рухы түскен адам) мүмкіндік туғызады және психикалық бұзылуына әкеліп соқтырады.

Еңбек мазмұны. Бұл мұғалімнің оқушылармен қарым қатынастардың сапалық және сандық аспектілері: осы байланыстарының жиілігі, саны, тереңделік дәрежесі. Оқушылардың үлкен саны, сабақ мазмұның қауіптілігі, оқушылардың әрекеттерін жетімсіз бақылауына әкеліп соқтырады, бұл да кәсіп күш-қуатынан айрылуының манызды құрастырушы бөлігі.

Қарым қатынастардың жиілігіне, санына және тереңделік дәрежесіне байланысты дене шынықтыру мұғалімдері эмоционалдық - дүбірлі қызметкерлер түріне жатады.[2 ].

Кәсіп күш-қуатынан айрылуы мұғалімнің ондай психикалық күйін сипаттайды, қашан ол өз еңбек пәніне келеңсіз сезіммен қарайды.

Кәсіп күш-қуатынан айрылудың объективті және субъективті себептері болады.

Объективті себептер бұл әріптестер арасындағы қарым қатынастардың эмоцианалды қиыншылықтар, оқушылармен тартысты жағдайы және т.б.

Субъективті себептер оқушылармен араласу кезінде эмпатия, күйзеліс және т.б. эмоциялар негізінде педагогтардың психологиялық қажуымен сипатталады [6].

Кәсіп күш-қуатынан айрылуы синдромның үш компоненті белгілейді:

Эмоцианалды қажуы төмендеген эмоционалдық жай-күйінен, немқұрайдылық немесе керісінше эмоцианалды жалығумен сипатталады. Осы жай-күйінде мұғалім ішінен мотивацияланбаған зерігу мен босап қалғандай болып жүреді.

2. Деперсонализация – басқа адамдармен, әріптестермен, әкімшілікпен ара қатынастың өзгеруі, оқушылармен қатынасындағы көтеріңкі ашушаңдық білдіру.

3. Редукция(өз жетістіктерін жеңілдету) өз жұмысына қызықшылықты жоғалту, өз іс міндеттеріне немқұрайлы қарау[6].

Жоғарыда айтылғанға сүйене, түсінікті қалай манызды осы қалыпты уақытында біліп алу және де алдына алу мен қайта қалпына келтіру шараларды дайындау.

Біздің ойымызша, эмоцианалды - психологиялық кәсіп күш-қуатынан айрылу синдромның пайда болу себептерін, факторларын және механизмін білу негізінде, ұйымдастырылған алдына алу шаралары, дене шынықтыру мұғалімнің жұмыс тиімділігін көтеруге, педагогикалық ұжымның ішіндегі қарым қатынастарын үйлестіруге және де ең бастысы мұғалімнің психологиялық денсаулығын жақсартуға көмектеседі

 

Әдебиеттер:

1. Колесников Л.Ф. Резервы эффективности педагогического труда. – Новосибирск, 1985.

2. Форманюк Т.В. Синдром «эмоционального выгорания» как показатель профессиональной дезадантации учителя. - // Вопросы психологии, 1994, №6.

3. Львова Ю.Л. Социально – педагогические проблемы развития профессиональной и общественной активности учителя. – М., 1998.

4. Романова е.С., Горохова М.Ю. Личность и эмоциональное выгорание. - // Вестник практической психологии образования, 2004, №1.

5. Филина С.О. О «синдроме профессионального выгорания» и технике безопастности в работе педагога и других специалистов социальной сферы. - // Школьный психолог, 2003, №36.

  1. Гафиатулина Ж.Х. Синдром эмоционально – психологического выгорания педагога. Материалы международной научно-практической конференции «Проблемы сохранения и укрепления здоровья молодого поколения: психолого-педагогический подход». – М., 2008.