Автор:
A.Х.Рахимжанова, Г.Ф. Нурбекова (Астана, Казахстан)
Білім беру порталының көмегімен бірыңғай оқу қауымдастығына оқушылар мен оқытушылар бірігеді, курс мазмұнын басқару мүмкіндігі, оқуды жобалауы, қолдауы және бақылауы бар оқуды басқаруға жаңаша көзқарас қалыптасады.
Қашықтықтан оқыту жүйесін құрастыруға көмек көрсететін бағдарламалық өнімдерді сипаттау үшін келесі терминдер қолданылады:
LMS (Learning Management System) – оқытуды басқару жүйесі;
ҚОЖ (қашықтықтан оқыту жүйесі) – LMS терминінің ресейлік аналогы (кең мағынада қолданыла алады – қашықтықтан оқыту бойынша қызмет көрсету жөнінде аппараты-бағдарламалық және онымен байланысты ұйымдастырушылық кешен іспетті);
Learning Portal (E-learning Portal) – оқу порталы (корпоративті немесе жұрт алдындағы веб-сайт). Корпоративті сайт корпоративті білім алу мүмкіндіктеріне қол жеткізуге, оның ішінде LMS арқылы, рұқсат етеді. Оқу бағдарламаларына қол жеткізуге руқсат беретін қалың жұртқа арналған ашық сайт болуы мүмкін.
Жылдар бойы мультимедиялы CD-ROM дискілерінде ұсынылған дәстүрлі компьютерлік оқыту электронды оқыту формасында басым түрі болды. Соңғы жылдары жағдай E-learning технологияның еншісіне ауыса бастады.
Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқыту жүйелерінің кең тараған түрлері мыналар:
1. «Прометей»;
2. «Моодус» (Moodle);
3. Microsoft Learning Gateway;
5. «WebProfessor» және т.б.
“Прометей” қашықтықтан оқыту жүйесі – бұл бағдарламалық қабық, қашықтықтан оқытуға және Интернет желісінде тыңдаушыларды тестілеуге, сондай-ақ, виртуалды оқы мекемесінің қызметін басқаруға арналған. Білімнің кез келген саласы бойынша кез келген деңгейде (орта білім беру, жоғары оқу орны, аспиратура, біліктілікті арттыру курстары, кез келген арнайы курстар) оқытудың толық айналымын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
“Прометей” қашықтықтан оқыту жүйесін келесі дүниелер үшін қолдануға болады:
1. іштей, сырттай білім беру және экстернат шеңберінде тыңдармандарды оқыту;
2. ішкі корпоративті оқыту мен қызметшілерді сынақтан өткізуді ұйымдастыру.
Жүйенің ерекше қасиеттері ретінде жүйенің Қазақстан Республикасындағы білім беру үрдісінің спецификасын ескеретіндігін айтуға болады. Сонымен қатар, жүйенің тағы бір өзгешелігі – қатынастар нарығында (баға/қызметтілік, жедел техникалық қолдау, тұтынушылар санының шектелмеуі, интуитивті түсінікті интерфейс, қызмет етудегі жеңілдік) үздік болуы.
“Прометей” қашықтықтан оқыту жүйесі Интранет арналары мен Интернет арқылы қашықтықтан ақпаратты жібереді және алмасады. Тасымалдаушы іспетті оқытушының жарым-жартылай немесе толық болмаған уақытта заманауи технологиялар жоғары сапалы білім беру қызметтерін көрсетеді.
Модульді объектіге бағытталған оқу ортасы(Моодус) – оқу және әдістемелік материалдарды құрыстыру және Интернет/Интранет желілерінде орналастыруға, осының негізінде оқу үрдісін ұйымдастыруға арналған бағдарламалық орта. Жүйе қашықтықтан оқыту курстары мен web-сайттарын Moodle арналған ашық еркін таратылатын бағдарламалық қамтамасыз ету пакетінің базасы негізінде қалыптастырылған.
Жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқыту жүйелерін қолданудың мынадай тиімді жақтарын атап өтуге болады:
-
“Моодус” қашықтықтан оқыту жүйесі заманауи педагогиканың жетістіктері ескеріліп (оқушылар арасындағы әрекеттестікке көңіл бөлу, талқылау) жобаланған;
-
оқытушы web-интервейсінде түрлі тестілерде көп рет қолдануға арналған сұрақтарды қамтыған мәліметтер базасын жасай алады;
-
тестілер автоматты түрде бағаланады (және сауалдық “құны” ауысқан жағдайда қайта бағалана алады);
-
cауалдардың түрлілігі қолдау табады: иә/жоқ, біреуін таңдау, бірнешеуін таңдау, ашық формадағы сұрақ, сәйкес келуі және т.б.;
-
студент кез келген сәтте өз қызметінің нәтижесін көре алады;
-
білім беру бағдарламасы, нақты курс деңгейінде жекелеген білім беру траекториясын құру үшін саймандар ұсынады;
-
жүйе иілгіш құрылғыларының арқасында белгілі оқу мекемесінің ерекшеліктеріне жеңіл бейімделеді.[26]
Microsoft Learning Gateway.
Мiсrоsоft Learning Gateway (МLG) бүкіл оқу үрдісін кешенді автоматизациялау мәселесінің шешімі іспетті. Ол келесі талаптарды қанағаттандырады:
1. кешенділік, яғни оқытудың барлық кезеңдерін және оқу үрдісінің барлық қатысушыларын (оқушылар, оқытушылар және ата-аналар(жетекшілер) қамтиды;
2. даяр болу, яғни оқу мекемесінің сұраныстарына бейімді болу, ол құрылғыларды өзгерту көмегімен де, қосымша компоненттердің көмегімен де іске асуы мүмкін;
3. оқушылар мен оқытушыларға арналған пайдаланушының қарапайым және түсінікті интерфейсі;
4. форум, шапшаң хат алмасу жүйесі (Instaпt Messaging), аудио- және бейне конференциялар арқылы студент пен оқытушы арасындағы қарым-қатынас нұсқаларының ең үлкен санын ұсыну.
5. оқушының үлгерімін бақылауын мүдделес жаққа (ата-ана немесе жетекшілер) ұсыну.
MLG оқу үрдісін автоматизациялаудың кешенді жүйесін ұйымдастыру үшін Microsoft-тың бірнеше өнімдерінің функционалын біртұтас қылады, ол оқушыларға, оқытушылар мен ата-анарға (жетекші) ақпарат пен қызмет көрсетулерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
«WebProfessor»
“Tamos Business Solutions” (TBS) ЖШС компаниясымен ұсынылған қашықтықтан оқытудың оқу үрдісін ұйымдастыру мәселесінің шешімі (кейс технологиясы) Tamos Development Ltd қазақстандық компаниясының WebProfessor бағдарламалық өніміне негізделген.
WebProfessor бағдарламалық өнімі “Қашықтықтан оқытудың техникалық және бағдарламалық құралдары. Жалпы техникалық талаптар” 34.016.– 2004 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес келеді және студенттерге оқу-әдістемелік және оқу-әкімшілік ақпаратты қамтыған беттері бар, білім беру ұйымы (оқытушылар) мен студенттердің арасында екі жақты байланыспен қамтамасыз ететін білім беру порталы (веб-сайт) болып табылады.
WebProfessor қашықтықтан оқытуды жоғары оқу орнының жергілікті желісінде, сонымен қатар Интернетте өткізуге мүмкіндік береді. Жергілікті желілерде жүйе іштей оқып жатқан студенттерді оқытуға және тестілеуге қолданылады.
Қазақстан университеттерінде оқу процесін қолдау үшін кредиттік технология бойынша оқытудың «PLATONUS» автоматтандырылған жүйесі орнатылған. Жүйе университеттің әр қызметкері мен студентіне жеке виртуалды кабинет береді.
Өзінің логині мен паролін пайдаланып, студент академиялық күнтізбеде көрсетілген тіркеу кезеңі бойы пәндерге жазылады. Пән силлабустарымен, оқытушылардың жеке сараптамаларымен және таңдаған мамандығы бойынша типтік оқу жоспарымен танысып, студент жеке виртуалды кабинетте пәндер мен оқытушыны таңдауына болады.
Бұл жүйеде мемлекеттік стандарттарға сәйкес, қашықтықтан оқытудың кейс технологиясы үшін барлық функциялары жүзеге асады. Жүйе тапсырушының тілегімен қосымша модульдермен жабдықталуы мүмкін.
Білім беру порталын құруға білім беру порталын даярлау және орнату, сондай-ақ, жүйені енгізу жатады.
Педагогикалық жоғары оқу орнындағы қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін осы немесе өзге жүйені таңдау жүйенің ұсынылған мүмкіндіктерімен реттеледі. Барлық бағдарламалық қабықтар мультимедиялы ресурстар, электронды оқулықтар, виртуалды зертханалар ұйымдастыруға, форумдарда, телеконференцияларда қарым-қатынас орнатуға, білім беру субъектілерінің телекоммуникациялық жобалық қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл студент-педагогтерді оқыту үшін өте маңызды.
Әдебиеттер:
-
Д.Ш. Матрос, Д.М. Полев, Н.Н. Мельникова. Управление качеством образования на основе новых информационных технологий; М:; 2001; 30-33 б.
-
Под ред. Е.С. Полат. Дистанционное обучение: Учебное пособие для вузов.– М., 2008