Увага! Всі конференції починаючи з 2014 року публікуються на новому сайті: conferences.neasmo.org.ua
Наукові конференції
 

АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ, АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ

Автор: 
Алия Онгарбаева (Талдықорған, Қазақстан)

Ақпараттық жүйелер- үлкен көлемді ақпаратты сақтауға, реттеуге және талдауға арналған құралдар кешені. Ақпараттық жүйелер электронды және электрондық емес болады. Электронды емес ақпараттық жүйелерге:

  • Библиотекадағы каталог;

  • Ауруханадағы регистратура;

  • Кітапхана.

Электронды ақпараттық жүйелерге:

  • Кәсіпорынның кадрлар бөлімінің деректер қоры;

  • Ұялы телефондағы жазба кітапшасы;

  • Интернет желісі.

Ақпараттық жүйелер 3 түрі белгілі:

  1. Деректер қоры – үлкен көлемді құрылымданған ақпаратты сақтауға арналған жүйе (шаблон бойынша ендірілетін ақпарат) анықталған типті. Жалпы ДҚБЖ –деп құру, енгізу және ДҚ қолдану процестерін қолдайтын кез-келген программалық өнімді айтуға болады[1,48б]. Деректер қорына келесі ақпараттық жүйелер жатады:

    • Кітапхана каталогы;

    • ауруханадағы регистратура;

    • Ұялы телефондағы жазба кітапшасы;

    • кадрлар бөлімінің деректер қоры.

  2. Білімдер қоры – құрылымданбаған түрлі типті үлкен көлемді ақпаратты сақтауға арналған жүйе. Білімдер қорына келесі ақпараттық жүйелер жатады:

    • кітапхана;

    • Интернет желісі.

  3. Ақпараттық аналитикалық жүйе- ақпаратты сақтауға және сақталатын ақпаратты талдауға арналған

    • Exсel;

    • STATISTICA;

    • SPSS;

    • 1С бухгалтерия;

    • 1C предприятие.

Барлық электрондық ақпараттық жүйелер сақталуы бойынша екі классқа бөлінеді:

  1. Файл-сервер технологиясы бойынша жұмыс жасайтын желілік емес ақпараттық жүйелер. Бұл жүйелер жеке тұрған компьютерде компьютерлік желіні қолдануынсыз жұмыс жасайды[2]. (Excel, STATISTICA, SPSS);

  2. Желілік ақпараттық жүйелер клиент-сервер технологиясы бойынша жұмыс жасайды. Бұл жүйе компьютерлік желіге жалғанған компьютерде жұмыс жасайды. (Интернет).

Клиент-сервер технологиясының файл-сервер технологиясынан айырмашылығы ақпаратты сақтау әдісінде, файл-сервер технологиясының маңызы келесіде шектеледі- ол жұмыс жасайтын бір компьютерде сақталады (жергілікті) ақпараттық жүйе және деректер интерфейсінде.

  1. Желі клиенті болып желіге жалғанған қолданушы компьютерлері табылады. Клиенттер серверге шығуды желі арқылы алады. Кейде желі клиенті клиенттік компьютерлер деп аталады.

  2. Желі сервері – желіні басқаратын компьютер. Сервердің барлық ресурстарына желі клиенттеріне қол жетімді, яғни сервердегі кез-келген деректердің өзгеруі желінің барлық клиенттеріне көрініп тұрады.

Клиент-сервер технологиясы бойынша тұрғызылған ақпараттық жүйелерде ақпарат серверде сақталады, ал ақпараттық жүйе интерфейсі клиенттің компьютерінде сақталады ол арқылы ақпараттық жүйе қолданушылары деректерге шыға алады[3, 87б].

Файл-Сервер технологи ясының артықшылықтары мен кемшіліктері :

Клиент-Сервер технологи ясының артықшылықтары мен кемшіліктері :

+

өңдеу жеңілділігі;

+

деректерді синхронизациялау жеңілділігі;

+

компьютердің желіге тәуелсіздігі

+

аппараттық қамсыздандырудың төмен бағасы (мықты тек сервер болуы керек);

+

санкциаланбаған шығудан жоғары қорғаныс;

+

деректер құрылымын оперативті өзгерту;

-

бірнеше компьютерде деректердің оперативті емес жаңартылуы;

-

санкциаланбаған шығудан төменгі қорғаныс;

-

бұл жүйеде жұмыс жасайтын компьютерлердің бағасының қымбаттығы;

-

компьютерлік желіге тәуелді;

-

деректер құрылымын өзгерту күрделілігі.

-

бағасының қымбаттылығы.

Ақпараттық жүйелердің негізгі түсініктері

Кез-келген ақпараттық жүйе не деректер қоры (оны құру көзқарасынан алғанда) программалау тілдерінде үш компоненттен тұрады:

  1. Деректер ф айл ы - жергілікті компьютерде немесе серверде орналасқан өзіне деректер құрылымын ендіретін файл. Деректер құрылымына кестелер, сұраныстар және фильтрлер, сонымен қатар сақаталатын процедуралар, қолданушы функциялары, диаграмма және триггерлер;

  2. Байланыс о бъект і –деректер файлы мен ақапарттық жүйе интерфейсі арасында байланысты ұйымдастыратын программалау тілінің объекті;

  3. Ақпараттық жүйе ин терфейс і – аяққы қолданушымен жүйенің әсерлесуін жүзеге асыратын құралдар кешені. Ол клинттің де сервердің де компьютерінде орналасуы мүмкін.

АЖ клиент-сервер технологиясы бойынша өңдеу бірнеше этаптан тұрады:

  1. Компьютерлік желінің серверіне серверлік ДҚБЖ орналастырылады (Мысалы, Microsoft SQL Server, MySQL, Oracle), ДҚБЖ серверлік бөлігі орналастырылады. Егер web-интерфейс таратылса, онда серверге web-сервер программасы орналастырылады (Мысалы, Apache);

  2. Егер клиенттік қосымша таратылса, онда желінің барлық клиенттік бөлігіне клиенттік бөлік орналасады (бұл қадам міндетті емес және ақпараттық жүйе қолданушылары серверді басқару мүмкіндігіне ие болған жағдайда орындалады);

  3. ДҚБЖ-ның серверлік бөлігі, ДҚБЖ-ның клиенттік бөлігі және web-сервер бапталады;

  4. Деректер құрылымы анықталады (кестелер арасындағы байланыстар мен деректер бағандарының типі), сонымен қатар сұраныстағы бірінші және екінші кестелер анықталады;

  5. Серверде сервер тарапынан орындалатын кестелер мен сұраныстар құрылады. Сұраныс құрудан бұрын кестелер алғашқы деректермен толтырылады. Сақталатын процедуралар мен қолданушы функциялары, диаграммалар және триггерлер құрылады;

  6. Клиенттік қосымшаны қолдану жағдайында бағдарламалау тілдерінің көмегімен байланыс обьектілері құрылады олар кестелерге, сұраныстарға және сақталатын процедураларға жалғанады[4,54б]. Және де оларға серверде орындалатын сұраныстар мен сақталатын процедуралар құрылады.;

  7. Формалар құрылады;

  8. Есептер құрылады;

  9. Жүйе нақты деректермен толтырылады.

АЖ кестесін құру мен толтыруда үш ережені сақтау қажет:

  1. Кестеде қайталанатын жазбалар болмауы қажет.Ол индекстік баған қоюмен қол жетімді, яғни жазбаларды сорттау;

  2. Кестеде бірдей баған атаулары болмауы керек.;

  3. Кестені толтыруда ереже болмауы керек.

Бұл ережелерді қанағаттандыратын ақпараттық жүйе нормалданған ақпараттық жүйе не деректер қоры деп аталады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Базы данных А.Д.Хомоненко, В.М.Цыганков, М.Г.Мальцев Санкт-Петербург КОРОНА принт 2007г.

2. www.intuit.ru

2. Delphi 7 Хомоненко А.Д. БХВ-Петербург 2008г.

3. Базы данных С. В. Глушаков, Д. В. Ломотько АСТ 2002г.

4. Базы данных. Разработка приложений Л. В. Рудикова БХВ-Петербург 2006г.