Увага! Всі конференції починаючи з 2014 року публікуються на новому сайті: conferences.neasmo.org.ua
Наукові конференції
 

ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТАНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

Автор: 
Зауре Қанапьянова (Талдыкорган, Казахстан)

Ақпараттық технологияларды қолдану жұмысты автоматтандырады, өңделіп жатқан ақпараттың көлемін үлкейтуге мүмкіндік туғызады. Осы аймақтағы компьютерлік технологияларды қолданудың бір бағыты – білім беру сапасын арттыру үшін қолдану болып табылады. Интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажетті ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдары – презентациялар, флипчарттар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, «Активті экран» кешенін қолдану оқыту үрдісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.

Инновациялық оқу жұмысы оқу процесіне нәтижелі білім алуға бейімдейтін, жаңа технологияларды орынды енгізумен тұжырымдалады. Бұлар – кабельдік және спутниктік теледидарлар, бейнеконференциялар, телефорумдар, телемарафондар, портфолио сияқты инновациялық технологиялар, оқудағы және тәрбиелеудегі, өмірлік дағдыларды қалыптастыру жөніндегі тренингтер, соның ішінде әлеуметтік тәлімдегі және т.б. жеке-дара жетістіктер. Инновациялық тәсіл оқу процесіне – тіршілік және әрекет етудің даму динамикасы ерекшелігіне, қашықтан оқудың өзгешелігіне және жеке тұлғалардың, қоғамның және мемлекеттің талаптары мен әлеуметтік пайдалы білім алуына, сеніміне, мінез-құқықтың сапасы мен өзгешелігіне, тәлім тәжірибесі мен қатынасына негізделген жаңалық енгізуге бағыттайды. Негізгі әдістемелік инновациялар бүгінгі таңда оқытудың интерактивті әдістерін қолданумен байланысты. «Интерактив» сөзі бізге ағылшын тілінің «interact» деген сөзінен келген. «Inter» - бұл «өзара, «act» - әрекет ету дегенді білдіреді. Интерактивті сөзі – өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлде кіммен (адаммен) не болмаса әлде немен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режимінде болады. Демек, интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, оның барысында оқытушы мен оқушының өзара әрекет етуі жүзеге асырылады.

Интерактивті оқытудың мәні мынада, оқу процесі іс жүзінде барлық оқушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуы тиіс, олардың осыған байланысты не біледі, нені ойлайды түсінуге және рефлекстеуге мүмкіндігі болуы тиіс. Таным процесінде оқушылардың біріккен іс-әрекеті, әркім өзінің жеке-дара үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді білдіреді, білімдерін, идеяларын, іс-әрекет тәсілдеріналмасу жүргізіледі. Және де бұл мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады, ол тек қана жаңа білім алуға мүмкіндік беріп қоймайды, таным әрекетінің өзін де дамытады, оны қызметтестік пен кооперацияның әлде қайда жоғары нысандарына ауыстырады.

Интерактивті әдістердің мәндік ерекшелігі, сипаттамасы – бұл субъектілердің өзара әрекеттестігінің бір бағыттағы белсенділігінің жоғарылығы, қатысушылардың өзара әрекеттестігі, рухани бірігуі [1].

Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» - деп атап көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу – тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.

Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік – бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге «мұғалім - оқушы» жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ, мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық дифференциалдық болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие.

Қазіргі таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде. Білім берудің ақпараттандыру процесі пән мұғалімдеріне жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды. Өз іс-тәжірибемде интерактивті құрылғылардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс-шаралардың қолданудың маңызының зор екенін байқадым.

1. Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану.

2. Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық іс-әрекетін компьютерлік ойындар және т.б.) сабақта жиі қолдану.

3. Проблемалық зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдімтерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру.

4. Жаңа ақпараттық технология құралдыран пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық-техникалық базасын жетілдіру.

Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып,оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде –өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінге таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.

Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады [2].

Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал.

ACTIVstudio PE программасы арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.

ACTIVstudio бағдарламасын іске қосқаннан кейін, таза ақ бет ашамыз – ол флипчарт деп аталады.

Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.

Жаңа флипчарт құру.

Жаңа флипчарт құру үшін, Меню – Флипчарт – Құру командасын орындау керек. Содан кейін параметрлер менюінің тізімінен өлшемі таңдалады.

Экран өлшемі. ACTIVstudio алдыңғы экранның көлеміндегідей жаңа флипчарт құрады. Мысалы: компьютерде 640х480 пиксел орнықтырылған болса, онда флипчарттың көлемінің ені - 640, ал биіктігі - 480 пиксел болады. Бұл өте ыңғайлы және экранның көлемін білуге мүмкіндік береді.

800х600. Стандартты флипчарттың көлемінің ені - 800, ал биіктігі - 600 пиксел болады.

1024х760. Стандартты флипчарттың көлемінің ені - 1024, ал биіктігі - 760 пиксел болады.

Баптау... Сұхбат терезесінің көмегімен флипчарт бетінің көлемін құруға мүмкіндік береді

Флипчартты жабу.

Тақырыптың оң жақ шетіндегі «Жабу» батырмасын басу керек. Флипчарттағы кез келген өзгерістер сақталмаған болса, онда сақтауға сұраныс шығады.

Сақталған флипчартты ашу.

Меню - Флипчарт - ...ішінен Ашу командасын орындағанда келесі параметрлердің бірін таңдау қажет:

Менің Кітапханам ресурсының бөлімінен «Менің флипчарттарым ... ресурсым» бумасына өту. Флипчарт файлын таңдап, онда Ашу батырмасын шерткеннен кейін жаңа флипчарт ашылады.

Қорыта келгенде, интерактивті тақтаны оқытуда пайдалануда кейбір себептер айқындалды: біріншіден, терминдер мен басқа да ақпараттарды тақтаға жазу, сол сияқты графиктік элементтерді сызу көп уақыт алады. Сонымен қатар, кейде тақтадан өшіп қалған бейнелерге байланысты сұрақтар туады, сол кезде оларды қайтадан сызуға тура келеді. Интерактивті тақта мен оның құралдарын пайдаланғанда алдыңғы жұмыстың ешбірін өшірмей-ақ кез келген уақытта пайдалануға болады; егер сабақ кезінде қандай да бір оқушы экрандағы барлық ақпаратты көшіріп немесе тапсырмаларды орындап үлгермесе, онда ол интерактивті презентациялардағы қажетті материалды қайта шығарып алып, сабақтан кейін де орындауына болады; оқушылардың кейінірек берілуге тиісті ақпаратпен сабақ басталар алдында танысып алуға мүмкіндігі бар; түсті ерекшелеу, қаріпті өзгерту, анимация және т.б. көмегімен оқушының назарын басты мәселеге аудартуға мүмкіндік бар.

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. Е.С.Полат, М.Ю.Бухаркина, М.В.Моисеева, А.Е.Петров. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: учебное пособие для студентов пед.вузов и системы повышения квалификации педагогических кадров, под редакцией Е.С.Полат – Академия, 2001. С.272

  2. Әсел Құрманғалиева,№9 орта мектептің мұғалімі «Интерактивті құралдарды қолдану әдістері», Информатика негіздері ғылыми-әдістемелік журналы №3 2011ж Б. 5-6.