Автор:
Нәзгул Әужанова (Талдықорған, Қазақстан)
Тәрбие беру бағытында биология пәнінен сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Оның көптеген түрлері мен формалары бар: пікірталас, биологиялық әдебиеттер мен басылымдарға шолу, тақырыптық кештер, рөлдік ойындар, компьютерлік биологиялық ойындар, ғалымдармен кездесу, конференциялар, табиғат туралы көркемсуреттердің, биологиялық плакаттар байқауылары, биологиялық кештер, туған өлке табиғатын зерттеу, мектеп мұражайының жұмыстары, ауызша журнал өткізу т.б. [1].
Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты сабаққа қарағанда әлдеқайда кеңірек, олар оқушыларды жан-жақты дамытуға бағытталып, сабақтағы материалдарды саналы, тез ұғып қабылдауына жетелейді.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың биология пәндерінен алған білімдерін дамытуға және тереңдетуге, оқу үрдісінде олардың белсенділіктерін арттыруға, материалды тез меңгеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар белгіленген әдебиеттерді оқуына, қарапайым тәжірибелер жасай білуге, өз өлкесінің экологиялық жағдайына бақылау жүргізуге үйретеді.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың жан-жақты ойлауы мен іскерлігін арттыру бағытында жүргізілетін педагогикалық білім, экологиялық тәрбие беруде басты орын алатын жұмыстар бағыттарының бірі [5].
Оқыту үрдісінде биология пәнінен сыныптан тыс жұмыстар жүргізу арқылы төмендегідей нәтижелерге жетуге болады:
- пәнаралық байланысты жүзеге асыру;
- оқушылардың таным үрдісі жандандырылып, білім алу және олардың біліктілігін қалыптастыруды;
- оқушылар биологиялық ғылыми терминдерді жетік меңгереді;
- табиғатты аялай біледі.
Сыныптан тыс жұмыстар мемлекеттің білім беру саясатына сәйкес әрі оқу жүйелерінің жоспарларына сай өткізу мерзімі белгіленіп, жоспарлануы тиіс. Оның үстіне оқушылардың жас ерекшеліктері, сынып деңгейлері қатаң түрде ескерілуі қажет. Мәселен, төменгі сыныптар үшін: «Су – тіршілік көзі», «Өсімдіктер әлемі», «Жан-жануарлар әлемі», «Біздің кішкентай достарымыз», «Құстарға қамқорлық», т. б. тақырыптарды таңдау ұтымды болса, ал, жоғары сынып оқушылары үшін белгілерлік тақырып күрделене түседі.
Мәселен, «Табиғат қорғау заңын оқып үйренейік», «Сирек аңдар мен құстарды қорғау», «Біз және экология», «Арал мен Балқаш тағдыры», «Каспий теңізі неге көтерілді?». «Полигондар зардабы», «Қызыл кітап», «Әлемдік және жергілікті химиялық проблемалар», т.б.
Сыныптан тыс биологиялық тәрбие беруде кинофильмдердің, киносюжеттердің, мұражайлардың рөлі ерекше. Табиғат және экология туралы фильмдер оқушылар үшін үлкен әсер қалдырады. Мәселен, «Балқаш тағдыры», «Планетадағы тіршілік», «Қазақстан қорықтары», «Табиғат және адам денсаулығы», «Қар барысы», т.б. кинофильмдер және бейнефильмдер.
Бағдарламаға сәйкес биология пәнінен сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырылады. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы биология ғылымының қол жеткен табыстарын дидактикалық талдау мынандай негіздерге сай анықталды:
Оқушылармен сабақ уақытынан тыс жүргізілетін көпшілік жұмыстардың бірі – биология кештері, мысалы «Табиғат рекордтар кітабы».
Дайындалу кезеңі.
Мұғалім алдын ала тапсырма береді: ғылыми-танымал әдебиеттерді оқу және белгілі тақырыпқа материал таңдау. Келесі тақырыптарды ұсынуға болады: «Ең үлкендер, ең кішілер», «Ең улы, ең күшті» және т.б. Бұл «Табиғат рекордтар кітабының» бір беті болады [2, 3].
Егер, іс-шара екі сыныпқа қатар өтетін болса, онда әр сыныпқа аталған кітаптың бір бетін дайындау беріледі. Мұғалім жүргізушімен бірге жанкүйерлер үшін сауалғы сұрақтарын дайындайды.
Балалар залды безендіреді, кәде-сый, марапаттау құжаттарын және әділқазылар үшін аттестациялау беттерін дайындайды.
Қатысушылар музыкалық нөмірлер ойластырады, егер шығармашылық топ болса, танымал әуендерге сөз жазылады, костюмдер тігіледі, өздері көрсететін жануарлардың бетпердесі жасалынады.
***
Жүргізуші: Сәлеметсіздерме! Бүгін осы залға келгендерді қарсы аламыз. Бүгін біз әлемде жоқ кітапты шығарамыз. Бұл кітап «Табиғат рекордтары», біз өте қызықты тірі ағзалар туралы мәлімет жазамыз. Қазір бізге бұл кітаптың бірінші бетін оқуға мүмкіндік туып тұр.
Командаларды рет-ретімен шығу үшін жеребе тартуға шақырылады. Жүргізуші әділқазы алқаларымен таныстырыды. Бағалау белгілері туралы түсіндіреді. Олар мынадай:
-
Ғылымилығы.
-
«Табиғи рекорд кітабын» беттерін рәсімдеу.
-
Қатысушылардың әртістілігі.
Байқауға қатысушылармен көрермендерге сауалғы болатынын, жүргізуші хабарлайды. Әрбір дұрыс жауапқа – сыныптағы командаға қосымша ұпай қойылады.
I – ші кезең. Сауалғы (викторина) өткізілуі.
ІІ-ші кезең. «Ең, ең, ең» әрбір команда хабарлайды.
ІІІ-ші кезең. «Табиғат рекордтар кітабының» беттерін рәсімдеуді бағалау. Үш кезеңнің қортындысын шығару.
ІV-ші кезең. Музыкалық сәлемдеме.
V-ші кезең. «Бұл шын ба?» – байқау.
Қортынды шығару. Жеңімпаздарды мадақтау.
Осы кешке арналған мынадай қосымша материал пайдалануға болады.
«Ең, Ең, Ең ...»
Әлемдегі ең аз өмір сүретін гүл – амазонкалық лотос. Ол таңертең гүл ашып, жарты сағаттан кейін өледі [4].
Ең ұзақ өмір сүретін орхидея. Оның гүлі 80 күндей сақталады.
Ең көңілді ағаш Арабияда өседі. Адам көңілсіз болғанда оның жемісін (бұршақ сияқты қара тұқымдар) жесе, шегі түйлгенше күле береді (күлкісі 20-30 мин. созылады).
Ең өзгеше сейсмограф – королдік наурызгүл гүлі. Ол вулканға жақын жерде өседі. Бұл гүл вулкан атқылайтын кезде гүл ашып, сол жерде тұратын тұрғындарды қауіп-қатер болатынын ескертеді.
Ең жеңіл ағаш – бальс – Оңтүстік Америкада тропикалық орманда өседі. Бальса ағашының ұзындығы 5-6 м. болса да, оны бір адам оңай көтере алады. Норвегиялық ғалым Тур Хейердал бальс ағашымен Тынық мұхиты жүзіп өтті.
Ең ауыр ағаш ол – пиратинера (Pyrathinera), ол оңтүстік Америкадағы Британдық Гвианада өседі. Ол кепкенен кейінде оның тығыздығы 1,36 г/см.
Ең суыққа төзімді гүл тәрізді өсімдік – альпалық ясколка (Cerastium alpinum), Локвуд аралында да кездеседі, Гренландияның солтүстік жағасында орналасқан оның ұзындығы – 830 с/ш.
Оңтүстік гүлі – Леннос аралындағы бәйшешек, ол Горн ойына жақын орналасқан. Оның оңтүстік аралында Антрактиданың мұзы ғана жатыр.
Ең үлкен өсімдік гүлшоғыры – Бромелиевий тұқымдасына жататын, ол Боливияда өседі. Сыбыртқы гүлшоғыры 8 мың ақ гүлден, оның диаметрі 2,4 м және ұзындығы 10,7 м тұрады. 80-90 жылда өмірінде бір рет гүл ашатын өсімдік. Өсімдік гүл ашқаннан кейін өледі.
Әлемде ең үлкен жануар – көк кит. Оның ұзындығы 33 м жетеді, салмағы 190 тонна. (Жаңа туған баласының ұзындығы 7-8 м, салмағы 3 тонна). Китті таразыға салып теңестіру үшін отыз бес африкалық піл керек. Бірақ жердегі ең үлкен жануар – ол піл. Оың орташа салмағы 5-6 тонна. 1974 жылы 12 тонналық піл өлтірілген.
Ең кішкентай жануар – жарғанат, Таиландта өмір сүреді. Оның салмағы бар болғаны – 2 грамм.
Ең үлкен қолтырауын – 8 м. 23 см. Ол Луцон (Филиппины) аралында өлтірілген. Ол өзінің үлкендігімен көптеген адамдарды қырған.
Ең үлкен кесіртке – варан, ұзындығы 3 метр Комодо (Индонезия) аралында кездеседі.
Ең кішкентай кесіртке – ергежейлі геккон 36 миллиметр (Батыс Үнді).
Ең үлкені жылан – анаконда (ұзындығы – 8 м). Құрлықтағы жыландардың ішіндеге 6 метрге жететін шұбар питон (Индонезия). 1912 жылы осыған ұқсайтын, ұзындығы 10 м. жететін питон ұсталынды.
Ең үлкен бақа (салмағы 3 кг. аса, ұзындығы 34 см) Африкада (Камерунда) мекендейді.
Ең үлкені жәндіктердің ішінде – голиаф қоңызы (Экваторлық Африка). Оның салмағы 100 г жетеді.
Ең үлкені көбелектердің ішіндегі – Королева Александра – 28 см жетеді (Жаңа Гвинея). Үш есе кіші – 8-10 см жететін рекордсмен Европалық махаон.
Ең үлкені әлемдегі құстардың ішінде – африкалық голиаф түйеқұсы (салмағы 156 кг). Салмағы бойынша екінші орында африкалық дрофа және шипун аққуы (18 кг). Кезуші альбатрос қанатының ұзындығы (3,15 м) бойынша бірінші орында.
Ең кішкентай құс – колибри. Европадағы одан кішкетай құс – королёк (9 см, салмағы – 4-6 г.).
Ең биік жануар (әлемдегі) – жираф – 6 м. жетеді.
Жылдамдықтар. Бұнда рекордсмен сапсан-қыраны: Сағатына 350 км құлдырап ұшады. Дегенмен еркін ұшудан ең жылдамы (170 км/сағ) – азиаттық стриж. Жақын арақашықтықта ең жылдам жүгіретін – гепард (100 км. сағат). Арғымақ аттардың рекорды – 70 км.
Ұзақ өмір сүретіндердің арасында Жапонияның тоғандарының бірінде мекендейтін – карп. Ол 228 жыл өмір сүрген. Сейшель аралында 152 жыл өмір сүріп жатқан тасбақа тіркелген. Аквариумдардың бірінде жыланбалық 88 жыл өмір сүрген. Иттердің ғасыры – 15 – 20-25 жыл және 5 айға дейін ұзақ өмір сүрген овчарка (Австрия) болып табылды. Жылқы тұқымдасының арасынан 1760-1828 жылдар аралығында, яғни 62 жыл өмір сүрген «Старый Билл» атты жылқы. Ол 57 жыл Англияның бір каналында баржа тасыған.
Ең көп топтасатын сүтқоректілер Техас елінде Бракен үңгірінде мекендейтін жарқанаттар. Олардың 20 миллион тұқымдасы бар. Ал құстардың арасында ең көп топтасатын африкалық ткачик болса, жәндіктерден саранча (250 миллиард саранчаның бірге топтасқан үйірі тіркелген, ол үйірдің салмағы шамамен 508 тоннадай болды).
Жер бетінде ең өсімтал жануар ретінде бәрімізге белгілі сұр тышқанды айтуға болады. Жыныстық жетілуі 25 күн ішінде. Олар 6-8 тышқаннан жылына 17 рет ұрпақ алып келеді.
Ең үлкен гүлшоғыры – әлемді мойындатқан атақты француз флорашылары Анси қаласында 1986 жылы 19 қыркүйекте 11,23 метрлік биіктіктегі гүлдесті жасап шығарды. Гүлдестені жасауға 9299 дана гүл және 36 шебер 335 сағат бойы үздіксіз жұмыс жасаған екен.
Ең ұзын алқа – «Айдын алқа тағыпты» деген халық әнін естігенде ойына көп нәрсе оралады. Алқаны айдан жасағанша, гүлден неге тоқымасқа? 1985 жылы 27 мамырда Ұлыбританияның Челмсфорд қалаының 16 шаруа қызметкерлері 7 сағат ішінде дәстүргүлден 2,12 шақырым (км) алқа тоқып алғаш рет рекордтар кітабына енген.
Ең көлемді жапырақ – әлемдегі ең үлкен жапырақ раффия пальмасынікі. Оның әрбір жапырағының ұзындығы – 20 метрден асатын көрінеді.
Ең алғашқы өсімдік космоста – космоста алғаш рет гүлдеп, тұқым салған арабидопсис өсімдігі. Ол топырақсыз, сусыз, тек ауада ғана тамырланып, 40 күн тіршілік еткен. 1982 жылы жерді қойып космоста гүл өсіруді қолға алған Ресейдің «Салют -7» космостық станциясы еді.
Ең үлкен күлгін ағаш «Бэнкс ханым» атты күлгін ағаш АҚШ–тың Аризона штатында өседі. Оның әр бұтағының жуандығы 101 см, биіктігі – 2,74 м. Ол сол жерден 499 м2 орын алып тұр. Күлгін ағаштың бұтақтарының астына 68 дана тіреу қойылған, яғни ағаштың саясына 150 адам еркін сияды. Ал осы күлгін ағашты ғана суғаруға мыңдаған шақырымнан құбыр тартылса, кала емшесін 1984 ж. Шотландиядан әкеліпті.
Ең ірі жәндік – құсқанат көбелек пен тауыскөз атлас, олардың ені – 300 мм.
Ең ұзын жәндік – таяқша (палочник), ұзындығы – 400 мм.
Ең биікке секіргіш жәндік – бүрге, ол өз бойынан 130 есе биіктікке секіре алады.
Ең жүйрік жәндік – тропикалық тарақан – сағатына – 5 км.-ден астам жүгіре алады.
Ең жылдам ұшатын жәндік – инелік, ол олжасының артынан қуғанда сағатына – 90 км. шапшандықпен ұшады.
Ең еңбекқор жәндік – құмырсқалар, олар күні бойы өз денелерінің салмағынан бірнеше есе ауыр заттарды тасиды. Көлемді илеулер салады.
Әдебиеттер:
-
Аужанова Н.Б., Паршикова Е.В. Организация и проведение внеклассной работы по биологии. Материалы Республиканской научно-практической конференции молодых ученых и студентов «Молодежь стратегический потенциал Казахстана»: Сборник, Т. 2. – Талдыкорган, 2008. – с.88-92.
-
Аужанова Н.Б. Внеклассная работа по биологии. Учебное пособие. – Алматы: Даир, 2008. – 240 с.
-
Аужанова Н.Б. Методика организации и проведения внеклассной работы по биологии. Учебное пособие. – Алматы: Даир, 2010. – 187 с.
-
Әлимқұлова Р., Тәртенова M. Қызықты ботаника. – Алматы: Мектеп, 1979.
-
Жүнісова К., Әлимқұлова P., Жұмағұлова К. Биология: Әдістемелік құрал. – Алматы: Атамұра, 2002.