Увага! Всі конференції починаючи з 2014 року публікуються на новому сайті: conferences.neasmo.org.ua
Наукові конференції
 

ФИЗИКА ПӘНІНДЕ ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІҢ АЛАТЫН ОРНЫ

Автор: 
Сәуле Нұрқасымова, Тәжібай Сапарбаев (Астана қаласы Казахстан Республикасы)

Физика есебі дегеніміз - физика тақырыптары бойынша құрылған, шешуді қажет ететін сұрақтар мен проблемалар. Физикалық есептерді шығару жалпы білім беруде өте маңызды. Ең алдымен физикалық теорияның негізгі функцияларын (сипаттау, түсіндіру, болжамдау, методологиялық, жинақтау, практикалық) бейнелеп көсете алуында. Осыған байланысты физикалық есептерді шығару және оқулықтағы жаттығуларды орындау, оқушылардың физикалық ойлау қабілетін дамытып, олардың санасында дұрыс ғылыми көзқарас пен политехникалық білімді қалыптастыру болып табылады.

Физикалық есептерін шығаруда оқушылардың теориялық мәселелерді түсініп, іс жүзінде пайдалана білу керек, демек ғылым жолында еңбек ете білуі, терең ойланып, күрделі мәселерді шеше алатындай болуы қажет. Есеп шығаруда оқушылар көптеген құбылыстардың заңдылықтарын анықтайды, теорияның мағынасын терең түсініп, өмірдегі алатын орнын көреді. Күнделікті өмірде оқушылар техника жаңалықтармен танысады, физикалық негіздерін анықтайды, жалпы білімдерін көтереді, сөйтіп политехникалық білімін дамытады.

Физика пәнінен есеп шығарудың негізгі мақсаты:

- жалпы физика сабақтарында алған білімдері мен қабілетін толықтыру,қорытындылау;

- есептерінің әртүрлі типтерінің құрылымдық ерекшеліктерін талдау;

- оқушыларды есеп шығару сабақтарының әр түрлі типтерімен, бақылау жұмыстарымен және оларды олимпиадаларды өткізу істерімен, жоғары оқу орнында бар әдебиеттермен таныстыру;

- физика сабағында алған білімдерін жоғары дәрежеге лайықтау қабілетін қалыптастыруға жағдай жасау;

- әр түрлі типтегі есептерді құрастыру, шешу, тексере білуге үйрету.

Физика есебін шығаруда оқушылар физикамен бірге өзінің математикалық дайындығын жақсартады. Физика есептері математиканы жандандырады, оның мағынасын арттырады. Физика есептерін шығарумен бірге оқушылар есептеу техникасын қолдануды үйренеді.

Логикалық есептер - табиғатта жиі кездесетін оқиғалардың табиғатын анықтауға негізделген. Логикалық есептердішығару барысында оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді, еске сақтау қабілеті артады, сонымен қатар негізгі функциялары болжамдау, методологиясы қалыптасады.

Оқыту процесінің алғашқы кезеңінде логикалық есептерді шығару бір жағынан нақты құбылыстың мәнділігін көрсетеді, екінші жағынан физикалық құбылыстар жайындағы теориялық білімдерді қолданумен жүзеге асады.

Мысалы: 1- есеп. Қиярдың орамжапырақтың, балықтың тұздалуы қандай құбылысқа негізделеді?

2 -есеп. Автоматты қаламсапқа сия толтыру қандай физикалық құбылысқа негізделген ?

Кейінірек оқушылар осындай түрдегі есептерді шығару кезінде физикалық құбылыстарды көрсететін мысалдарда логикалық тәсілді қолданудың құрылымын меңгереді.

Логикалық есептердің екінші типіне қандай да бір құбылыстың себебін анықтау және түсіндіру есептері жатады.

Мысалы: 3 - есеп. Самолеттің төмен түсуі кезінде неліктен жолаушылардың құлақтарының ауыратындығын сезетіндіктерін қандай құбылыспен түсіндіруге болады?

4 - есеп. Тамызғыш(пипетка)- сұйық тамшысын алуға арналған құрал. Оның жұмыс істеу принціпінің негізін қалай түсіндіруге болады?

Логикалық есептердің үшінші типіне құбылыстарды болжау есептері жатады.

Мысалы: 5 - есеп. Бензинде, керосинде,глицеринде мұз кесегі жүзе ме?

6 - есеп. Суы, керосині және сынабы бар ыдыста үш тұтас: тығын, парафин, болат шариктер қалай орналасады?

Оқушылардың логикалық есептерді шығарудың тәсілін қалыптастыру процесі бірнеше кезеңдерден тұрады:

- құрылымдарын белгілеулі есептерді іскерлік әдісімен шығару;

- әр түрлі типтегі есептерді шығарудың логикалық тәсілінің құрылымын меңгеру;

- әр түрлі типтегі логикалық есептерді шығарудың бірыңғай құрылымын таңдау.

Қорыта келгенде, оқушылар физика есептерін шығаруға дағдыланып үйренсе, теориялық біліктерін практикамен ұштастыра алатын болады. Оқушылар мұндай дәрежеге жету үшін оның мазмұны тартымды бірақ, әрқашанда өмірге жақын болуы керек.

Есептер шығару табиғат заңдарының мағынасын дұрыс түсінуге, физикалық өрнектерді және заңдылықтарды әрқашан есте сақтауға және теориялық білімді практикада қолдануға баулиды.

ӘДЕБИЕТТЕР:

 

  1. Гольдфраб Н. И. Сборник вопросов и задач по физике. М..1987

  2. Зайцева А.М. Задачник- практикум по обшей физике . Механика под.ред. Н.В.Александрова 1972

  3. Каменецкий В.И. Орехов В.П. Методика решения задач по физике в средней школе. М.1987.

  4. Лукашик В.И. Сборник вопросов и задач по физике М. 1988

  5. Рымкеевич А.П. Рымкеевич П.А. Физика есептер жинагы. Алматы 1992.

  6. Родина Н. А. и др. Самостоятельные работы по физике в 7-8 классах М..1991

  7. Хижнякова Л.С. и др. Самостоятельная работа по физике в 9 классе средней школы. М..1993.