Автор:
К. Ж. Абдрахманова, Н. А. Мейрамова, А. К.Тұрғанбаева (Қарағанды, Қазақстан)
Біздің ойымызша, жастарды тек қана бар нәрселердің біреуін ғана таңдау керек деген ойдан алшақтату керек. Таңдау ол тек қана бір ғана қызметтің айналасында ғана жасалмайды, ол адамның өзінің өмірлік позициясын таңдауы: адам достарды, жұмысты, қарым - қатынас түрлерін, өзін-өзі көрсету жолдарын таңдайды. Азаматтық қоғамда адам өз үкіметін таңдайды. Таңдау жасай алатын адамды ғана азамат әрі тұлға деп атай аламыз.
Сарапшылар жастардың электралды белсенділігіне байланысты сұрақтарға жауап бере отырып, саяси мінез-құлыққа әсер ететін жастардың сайлауға қатысуының екі түрлі дәлелін көрсетеді. Біріншіден, бұл прагматикалық дәлелдемелер. Бұл мінез-құлық дәлелінің мақсаты, өз жағдайларын қоғамдық институттарға әсер ете отырып жақсарту. Ал екінші дәлел ол идеологиялық. Мұнда жастардың бойын олар өмірін қиюға дайын идея билейді. [1. б. 10]
Жастарды сайлауға қатысуға шақырудың ең көп тараған екі түрін ажыратуға болады: ауызша және жазбаша.
Жазбаша формасы кітапханада жұмыс жасау, әртүрлі әдебиеттерді оқу, кең таралған саяси әдебиетті оқу сияқты тәсілдермен айқындалады, яғни біз жазбаша және электронды құралдармен жұмыс жасаймыз. Ауызша форманы біз есту мүшесi арқылы қабылдау, теледидар көру, радионы тыңдау, алуан түрлi талқылауларға қатысу т.б. арқылы бiлдiреміз.
Әрине, сөз жоқ, бірінші кезектегі шаралар жас адамдардың құқықтық санасына бағытталуы керек: бұл қоғамның электоралді белсенділігі олардың құқықтық мәдениетінің төмендігін көрсетеді, сондықтан олардың сапалы және түбегейлі жоғарылату керек.
Ортақ мәдениеттi жоғарылату және тәрбие беру жалпы сыртқы ортадан ақпарат алу көмегімен болады, осылайша құқықтық мәдениет те жоғарылайды. Бірақ, жас адам сайлау жүйесі туралы не біледі, егер де оған ешкім айтпаса өз бетімен ешкім де ақпарат қарап ізденуге тырыспайды. Сондықтан, тәрбие мен білім алуда бұрмаланулар болмас үшін, олармен кәсіби мамандар айналысулары қажет. [2. б. 17]
Ол үшін, алуан түрлi саяси жүйе туралы, сайлау жүйесі туралы айтатын жастарға арналған ұйымдар, сайлау комиссиялары мүшелерімен, басқа да адамдармен сұхбаттасуға арналған клубтар мен мекемелер құру керек.
Негізінде, балаларды тәрбиелеу барысында жетекші рөлді жанұя мен мектеп ойнайтыны жалпыға мәлім. Сондықтан да, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін жоғарылататын шараларды көбірек өткізу қажет. Осылайша, жастардың сайлау учаскесіне барып дауыс беруге қызығушылығын оятқан сұрақтарға жауап бере отырып, респонденттер басты фактор ретінде «ата-аналары мысал болғандықтан сайлауларға араласу» (респонденттердiң 85% дауыстары), яғни жастардың саяси социализациясының маңызды факторы ата-аналары мысал ретінде болатын фактор.
Саяси социализацияның маңызды институты жоғарғы мектеп болып табылады. Қазіргі кездегі жастардың саяси мінез-құлықтарына әсер етіп жатқан студенттердің әлеуметтік құрылымының өзгеріске ұшырап жатқандығын ескермеуге болмайды. Бұл қаншалықты маңызды?
Біздің ойымызша, бiрiншiден, өткiр қоғамдық сұрақтарын қарқынды талқылауда және сұрақ жауаптар ұсынылатын әр түрлi саяси күштерарқылы осы сұрақтарға жауап беретін жастардың саяси санасының ортақ активизациясы байқалады.
Екіншіден, өздігінен шындыққа көз жеткізуге тырысу, бұрын жаңа қажеттiлiктер мен қызығушылықты тудыратын ойлар ер балалар мен қыздардың саяси ойлауымен қиылысады.
Үшіншіден, саяси процестерден хабардар болуының жоғарылауы жас адамдардың әрекетінде тiкелей бiлiнедi: конформизм азаяды, қоғамдық қайшылықтардың түсiндiрмесiнiң дәстүрлi сұлбаларын қайта бағалайды, пайда болатын сұрақтардың жаңа батыл шешiмдерiн қарқынды iзденiстер арқылы қабылдайды.
АҚШ - та волонтерлiктiң тәжiрибесi кең таралған, яғни жастардың риясыз әр түрлi ерiктi және қоғамдық жобаларға қатысуы. Қазақстанда бұл тәжiрибе мемлекеттiк, саяси ұйымдарда әлi үлгi ала алмады, сондықтан, жастар қоғамы саясатқа деген көзқарастары едәуiр шала. Нәтижесінде, жастар қоғамының әлеуметтiк қуаты қоғамға қарсы форманы қабылдайды.
Сайлау алдындағы уақытта адамдарға ақпараттың зор ағыны келіп түседі, бұл сайлау жүйесі туралы білмейтін адамға үлкен қиындықтар туғызады. Сондықтан да оны жүйелендіру керек. Ал ол үшін жүйелі ағарту жұмыстарын жүргізу керек. Белгiлi жайт, жас адамдар (90% шақты ) сайлаулар туралы ақпараттың едәуiр бөлiгін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алады, әсiресе теледидар бағдараламаларын көру арқылы алады. [3. б. 15]
Сондықтан, жүйелi апта сайын болатын, мемлекеттiк құрылым мәселелерін, сайлаулар, құқықтық жүйенi талқылайтын, және азаматтың мiндетi, сайлаушымен манипуляциялау әдiстерi, «қара Пиар» түрлері және тағы басқа мәселелерді талқылайтын арнаулы теле жоба құру керек. «Білім - күш» деген мақал бар емес пе, егер адам бiлімді болса, өзiн манипуляция жасап, алдауға жол бермейтіні баршаға аян.
Сонымен қоса, студияға белгiлi кәсiби саясатшылармен шоу-кәсiпкерлiк әртiстер, спортшылар, ғылым қайраткерлерiн шақыру керек, өйткенi жас адамдардың әрқайсысы белгілі бір адамды үлгі тұтатыны белгілі, әрі олар табынатын адамдарға қарап өз пікірлерін құрады. Осылайша, ақпарат алу барысында жинақталған білім бір жүйеге келтіріледі, және ол білім сарапталады.
Біздің ойымызша, жастарға заң шығару бастамасына құқық беру керек. Бүгінгі таңда, олар өз күштеріне сенбейдi және олардың саясатқа, сайлауларға деген көзқарасы негативтi.
Тәрбиелiк жұмыс тұлғаның дара құқықтық санасын, жұртқа белгiлi заңды қағидаларды және қоғамды, мемлекет жауап беретiн талаптарға деген қызығушылықтың барлығын түсiнушiлiкке дейiн көтередi. Құқық сарынымен, заңдылық, құқықтық бiлiм берумен, позитивтi заңға, құқыққа көзқарас қалыптастырумен тәрбиелеу, құқықтық мәдениетте, құқықтық мемлекеттi құруға мүмкiндiк туғызған тұлғаның құқықтық белсендiлiгiнде өз соңын табады. [4. б. 23]
Түрлi векторлық үрдiстердiң жастар ортасында әсер етуі: бозбалар мен қыздар қоғамының бiр бөлiгi топтасып, өз мәселелерін наразылық жолымен шешуге тырысады, көп бөлігі өз қызығушылықтарын билік органдарына көрсету үшін саясатқа барады, ал бір бөлігі неофашисттердің қатарына қосылады.
Әрине, кез-келген қоғам азаматтардың эмоционалды реакциялары бойынша динамикалық болып келеді. Дегенмен салыстырмалы үрдiс талдауында өздері туралы анық мәлiмдейдi: жастар әлеуметтiк, азаматтық және саяси белсендiлiктi жетiлдiредi. Жастардың ойын, шабытын, өмірдегі нақты бағытты таңдауы мен сезімдерінің құрылуы үшін, олардың серпiнді уақыт ішінде өзгеріп отыратын мәселелерін үнемi зерттеп отыру керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Ромашов Р. А. Правовая культура молодежи и правовой нигилизм в молодежной среде/ Ромашов Р.А// История государства и права. – 2006.— № 2.
-
Зубок Ю.А, Чупров В.И О формировании правовой культуры молодежи в России и Беларуси/Ю.А Чупров, Ю.А Зубок// Социологическое исследование.— 2006.- №6
-
Межуев В.М. Выступление на «круглом столе» по теме «Власть, демократия, привилегии» // Вопросы философии. 2005. № 7
-
Ивойлов И. В. Управление правовой социализацией молодежи/И.В Ивойлов// Право и образование. – 2003.— №5.