Автор:
Индира Имангаликова, Бахтыгул Базарбаева (Астана, Казахстан)
«Денеі сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі»
(Әбу – Насыр Альфараби)
Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Ғалымдар атап көрсеткендей, уақытша жасалатын және адамды тым шаршататын жаттығулар адам пульсын нормадан 80–90% - ке түзетеді. Нәтижесінде жүректегі оттегіні сіңіруі шұғыл көбейеді, бұл өз кезегінде адамның атеросклероз ауруына шалдығуын тездетеді.
Халықаралық Десаулық Сақтау Ұйымы адам денсаулығына келесідей анықтама береді: «Адам денсаулығы – бұл тек қана аурулардың немесе физиологиялық дефектілердің жоқтығы емес, соған қоса оның физиологиялық, рухани және әлеуметтік жағдайының үйлесілімділігі». Барлық аурулар жүйке жүйесінен басталады деген сөз бар. Дәл осы рухани және әлеуметтік денсаулық болып табылады. Бірақ әрбір адам алкогольден, темекі шегуден және жұмыстан бас тарта алмайды.
Көптеген жылдар бойы ұзаққа созылатын спорттық денсаулық пен жастық шақтары туралы айтылып келеді. Алайда кейінгі жылдары орташа өмір сүру ұзақтығы қысқарады, табиғи өсім төмендеп, өлім саны көбейіп кеткеніне қарағанда, бұл денсаулық пен жастық шақ қайда? Аурулар саны да күрт өсіп кетті, әсіресе жүрек қантамыр ауруларын айтуға болады. Бұл адамдардың бала кезіндегі спортқа тым алыстауының тәтижесі емес пе екен? Ия, шын мәнінде бүгін ғалымдар адамдар өмірінің ұзақтығын қысқартатын көптеген факторларды анықтады: экстремалды климаттық жағдайлар, космостық сәуелелену, қоршаған ортаның ластануы, дұрыс тамақтанбауы, гиподинамия, зиянды әрекеттер, еңбек жағдайлары және т.б.
Халық санының өсуі, оның сапасы, деннің саулығы мемлекет әл – ауқатының дамуына мұрындық болады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде соның 4 негізгі күшін аттап көрсетті. Оның бірі – жер үстіндегі байлық деп отырғанымыз – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы. Әрбір мемлекеттің болашағы, оның азаматтары. Ал әрбір азаматтың денінің саулығы, бұл мемлекеттің де саулығы болып табылады. Бұрын соңды денсаулықты күту әр адамның жеке шаруасы деп қарастырылса, қазіргі таңда бұл мемлекеттік деңгейге дейін көтерілген проблема болып отыр. Себебі соңғы жылдары экономикалық және экологиялық себептерге байланысты.
Қазақстан азаматтарының денсаулығы нашарлап кеткені мәлім. Бұл орайда елімізде азаматтардың денсаулығын түзетуге үлкен жұмыстар атқарылуда. Емханалар салынып, спорттық кешендер мен мектептер ашылуда. Сонымен қатар мемлекеттік бюджеттен қаржы құйылып, көптеген жұмыстар атқарылуда. Теледидарлар арқылы спирттік ішімдіктердің, нашақорлық пен темекінің зияны мен әкелетін қасіреті жөнінде жарнамалар мен роликтер және т.б. көптеген нұсқаулар көрсетілуде. Бұның бәрі халықтың санасын, өз денсаулығына деген көзқарасын өзгертуге үлкен ықпал етуде. Сондықтан да атқарылып жатқан шаралар мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар мемлекетіміздің саулығының кепілі деуге болады. Сонымен қатар Президентіміздің алдағы жылдардың ішінде 100 аурухана салуға берген тапсырмасы.
Елбасымыздың өзі спорттың көптеген түрлерімен шұғылданып, халыққа үлгі көрсетуі, тағы бар. Қайткен күнде де, азаматтардың денсаулығы ең бірінші өздеріне байланысты. Зиянды әдеттерге әуестенбей, өз денсаулықтарын күтіп, спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанса ғана дені сау және ұзақ өмір сүре алады. Жылдан – жылға спортпен шұғылданатын жастар да, үлкендер де көбеюде. Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтын салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.
Денсаулық - адам өміріндегі баға жетпейтін ең бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. «Бірінші байлық – денсаулық», деп текке айтпаған. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті. Әркім өзінің денсаулығына жауапкершілікпен қарап, оның өмірі үшін маңызды екенін білуі керек. Ауруды ағзаларға жолатпау – адамдардың өз қолында.
Пайдаланған әдебиеттер:
-
Егорова И.М. / / «Денсаулық зор байлық» МН: ВЭВЭР, 2006. – 160 бет.
-
Кирилла И / / Энциклопедия жинағы және электрондық нұсқа.
-
Поляков В.А. / / Психология М: РНАУМПКЛ, 2006. – 327 бет.
-
Панова О.И., Меньшева А.Ю., оликов А.Г.// Әлеуметтік педагогика 2005. – 189 бет.