Увага! Всі конференції починаючи з 2014 року публікуються на новому сайті: conferences.neasmo.org.ua
Наукові конференції
 

ВИРУСТАР-ӨСІМДІК АУРУЛАРЫН ҚОЗДЫРУШЫЛАР РЕТІНДЕ

Автор: 
Құралай Бөксенова, Жадырасын Нұрбекова, Максим Сутула (Астана, Қазақстан)

 Вирустар – адамдарда, жануарларда және өсімдіктерде инфекциялық ауруларды тудыратын, жасушалық құрылымы жоқ және тек қана тірі иелік ағзада көбейе алатын, кішкентай (субмикроскопиялық) қоздырғыштар. Өсімдіктерде паразиттелуге қабілетті шамамен 600-дей вирус түрлері бар. Вирустық аурулар дәнді және бұршақ культураларында, сонымен қатар астық және жеміс өсімдіктерінде кең таралған. Вирустар пасленовты туысына жататын өсімдіктер түрлеріне-картоп, қызанақ, темекіге өте үлкен зиян келтіреді. Темекідегі біркелкі жапырақтардың боялмауымен сипатталатын мозайкалық ауруды зерттеу арқасында 1982 жылы вирустар ашылған болатын. Бұл жаңалықтың ашылу приоритеті орыс ғалымы Д. И. Ивановскийге тиесілі, ол сонымен қатар, вирустардың өте кішкентай мөлшерін анықтады және олардың жұқпалы ( инфекциалы ), көбеюге қабілеттілігін (жинақталу ) және арнайы жасушаішілік қосылыстарды (қазір оларды Ивановский кристалдары деп атайды ) анықтады. [1]

Өсімдік аурулары – өсімдік ағзасында әр түрлі себептердің әсерінен – түрлі ауруларды қоздыратын және ортаның қолайсыз жағдайларынан болатын процесстер, функциялардың бұзылуынан көрінеді (фотосинтез, тыныс алу,пластикалық заттардың синтезі, нәрлі заттардың және су ағысының), ағза құрылымы және өсімдіктің мерзімінен бұрын өліміне немесе жеке мүшелерінің зақымдануына алып келеді.Өсімдіктердің вирустармен инфицирленуі ешқандай экономикалық маңыздылыққа ие болмауы мүмкін (потивирустар, томбусвирустар). Сонымен қоса, бірнеше қатар өзге вирустар ауылшаруашылық дақылдарға үлкен зиян тигізуде. Бұл аурулар жемістік культураларды және жүзімдерді, бақшалық және бидай культураларын зақымдай отырып, жылыжай өндірісіне және алқаптарға зиянын тигізіп отыр.

Өсімдік вирустарының сипаттамасы

Вирусты бөліктердің пішіндері. Вирусты бөліктер ( вирион) әртүрлі вирустарда әртүрлі пішінге ие. Көптеген фитопатогенді вирустар таяқша тәрізді (темекі теібіл вирусы, қиярдың ақ мозайкалы вирусы және т.б) немесе жіпше тәрізді (А1-картоп вирусы, жуа мозаикалы вирусы, қант қызылшасының вирусы), дегенмен олар шар тәрізді немесе көп өлшемді болуы мүмкін (қызанақ күлгін вирусы, шиенің сақина тәрізді дақ вирусы, жүзімнің қысқа мұртшалы вирусы), сонымен қатар олар бацилла тәрізді (бидайдың кесінді мозайкалы вирусы, картоптың сары бойшаңдық вирусы) бола алады. Вирусты бөліктерінің өлшемдері олардың құрылымына және пішініне, вирус түріне , даму фазаларына байланысты болады. Жасушада пайда болуынан кейін өмір сүруін тоқтататын ескі вирус пішіндері келесідей өлшемдерге ие болады: темекі теңбіл вирусының вирионы 300x15 нм, жасыл қатпарлы (ағылшын)   қияр мозаикалық вирусы (Cucumis virus 2) 280x16 нм, картоптың Х-вирусы 520x10 нм, қызылша мозаикалық вирусы     730x60 нм. Өріктің Х-вирусының шар тәрізді пішінге ие, вирионы 50нм, турнепс сары мозаикалық вирусы 20 нм, қиярдың қарапайым (егістіктік) вирусы (Cucumis virus 1) 35 нм. Қазіргі кезде өсімдік ауруларын тудыратын бірнеше вирустар бар. Оларға жалпы сипаттама төменде келтірілген [2].

Қияр мозаикасы. Қоздырушысы- Cucumber mosaic virus. Вирус in vitro жағдайында бөлме температурасында 18 сағаттан 14 тәулікке дейін инфекциялы болып табылады, 5 –тен 15°С-қа дейін температурада 2–5 айға дейін инфекциялығын сақтайды. Қиярдың құрғақ мозаикалық жапырақтарында инфекция 5-тен 60 күнге дейін сақталады, 35°С-та қиярдың мозаикалық жемістерінде 30 күнге дейін сақталады. Өсімдік ҚМВ-мен зақымдалғанда жапырақтардың өзектеріннің арасында, кейде өзектерінде де сары-жасыл дақтар пайда болады. Бұл дақтар ҚЖҚМВ-мен зақымдалғандағыдай жапырақтың қою бөліктерінен анық бөлінбейді. Жас жапырақтарда деформация болады және олардың мөлшері кішірейетіндері байқалады. Жапырақ ұштары және сабақ аралықтары кішірейеді. Жемістерде көбінесе симптомдар байқалмайды, дегенмен кейде ашық түсті дақтар байқалады. ҚМВ табиғатта тұрақты циркуляциясы бар қарапайым табиғи-ошақтық вирусқа жатады. Оның резерваторлары жабайы және мәдени өсімдіктердің көптеген түрлері болып табылады. Бір жылдық және көп жылдық өсімдіктер ішінде вирус дельфиниумде, аквилегиде, настурцида, фиалкада, люпинде, цинниде, календулада, примулада, лобелиде, петунияда, глоксинияда, георгинияда, гладиолусде, флоксада, лилияда, нарциссте, каннада бар екені анықталды. Көкөністертер ішінен қиярдан басқа, қызанақты, бұрышты, бұршақты, саумалдықты, петрушканы, укропты зақымдайтыны анықталған. Вирус шырын арқылы және механикалық жолмен көптеген шіркей түрлері арқылы да тасымалданады. Вирусты жабайы өсімдіктерден мәдени өсімдіктерге белсенді емес жолмен тасымалдай алатын шіркейлердің 20-дан астам түрлері бар. Біздің мемлекетімізде эпифитиялық жағдайды Aphis gossypii, A. fabae, A. craccivora, Myzus persi­cae секілді шіркей түрлері анықтайды. Тасымалдаушылар болған жағдайда үлкен өсімдік–иелерінің шеңберіне ҚМВ өте тез таралады. Қияр тұқымдары арқылы вирус тасымалданбайды. Вирус инфекциялылығы тұқымды өсімдіктердің өнімділігін төмендетеді. Жылыжайлық қиярлардың ҚМВ-мен зақымдалған жағдайда өнім 50–96% дейін төмендейді және өнім өсімдік түріне және зақымдану кезіндегі өсімдіктің жасына байланысты болады. Вирустың таралуын және зияндылығын төмендету үшін төмендегідей шаралар қолданалады:

  • Культиверленуші өсімдіктерді инфекция көздерінен кеңістіктік изоляциялау

  • арап шөптерді –вирустар резерваторларын жою

  • вирустарды тасымалдаушылармен күресетін химиялық заттарды қолдану

  • төзімді сорттарды қолдану

Қызанақтың вирустық аурулары

Украинада қорғалған грунттарда қызанақтарға ең көп таралатын вирус бұл- қызанақтың мозаикалық вируссы болып табылады ( ҚМВ). Дегенмен, қазіргі уақытты негізінен ҚМВ-на төзімді қызанақ гибридтері қолданылса да, қызанақты бұл вирустан қорғау әлі де сақталынған. Стресстік факторлардың әсерінен, аралас инфекциялар немесе вирустың жаңа штаммдары шыққан жағдайда қызанақтың ҚМВ-на төзімділігі жоғалады. Соңғы жылдары шетел зерттеушілері Pepino mosaic virus, Tomato yellow leaf curl virus, Pelargonium zonale spot virus  және т.б. вирустар әсерінен болған қызанақтағы эпифитті жағдайды ерекше атап өтті, осыны Украинадағы қорғалған жерлерде вирустық аурулар фитомониторингин жүргізгенде есепке алу керек екендігін көрсетеді. Қызанақ мозаикасы тұқымдарымен берілетін қызанақ ауруы. Қоздырушысы- Tobacco mosaic virus. Вирустың өсімдік-иелері өте көп. Украина және Ресей мемлекеттерінің әртүрлі аудандарында жылыжайлық қызанақ өсімдіктерінде мозаикалардың, жемістердің ішкі некроздарының әртүрлі түрлері кездеседі. Қызанақтың ҚМВ-мен зақымданғандағы белгілер қандай?

Жасыл мозаика. Ең көп таралған аурулардың бірі болып табылады. Ауру өсімдіктердің жапырақтары қою-сары және ашық-сары аралас түске ие болады, жемістерінде кейде сары дақтар пайда болады. Вирус мозаикасының белгілері үстіңгі және ортаңғы жапырақтарда дамиды. Төменгі жапырақтар түстерінің өзгеруі физиологиялық себептермен, қартаю процестерімен байланысты болады, сондықтан төменгі жапырақтардың зақымдалу белгілері вирустық инфекцияның белгілері болып табылмайды. Энационды мозаика. Энацийдің жапырақ тәрізді өсінділеріне спецификалы жапырақтардың төменгі жақтарында түзіледі. Олар вирус секілді пішінге ие, олардың мөлшері шамамен 1 см болады. Бұл түзілулер мозаикалық жапырақтарда деформация түрінде пайда болады. Энационная мозаика — қызанақтың ҚМВ-мен зақымданған кездегі ең зиянды формасы болып табылады. Бұл түр өсімдіктердің вируспен зақымдалуында анық маркер болып табылатынын ескере кеткен жөн. Вирустық сипаттағы бастапқы патология белгісіз.

Сызықтылық (штрихтілік). Жапырақтарда, сабақтарда жалпақ және жіңішке

сызықтар, штрихтар түрінде өлген ұлпа бөліктері пайда болумен сипатталады. Жемістер де зақымдалуы мүмкін- олар беттік некрозды дақтармен жабылуы мүмкін. Ауру қызанақты өсіру кезінде режим бұзылған дамиды ( температураның кенеттен ауысуы, жарықтың жетіспеуі, өсімдіктерге азоттық қоректің жетіспеуі) ВМТ + Х- картоп вирусы, ВМТ + қияр мозаикалық вирусы. Бұл кезде ауруды ҚМВ–мен зақымдалғаннан өзгеше «қиын» немесе «екі қабатты сызық» деп атайды. Қызанақ жемістерінің ішкі некроздары. Зақымдалған жемістерде ең алдымен, олардың негіздерінде, жемістің ішінде емес, жоғарғы бөліктерінде өлген қоңыр бөліктер пайда болады, дегенмен олар жасыл жемістерде анық көрінеді. Күмәнді жағдайларда жемістің ішкі зақымдалуын нақты анықтау үшін жемісті сабаққа бекінетін жерінен кесіп тастау қажет. Ішкі некроз белгілері бар жемістер көбінесе қараңғы және ылғалды ауа жоғары болған жағдайда төменгі қабат жапырақтарының астыңғы жақтарында пайда болады. Осындай жағдайдағы ҚМВ-ның көрінуінде жапырақтарда ешқандайдай белгілер көрінбеуі мүмкін. Ауру қызанақ тұқымдары, топырақ арқылы, сонымен қатар әртүрлі инфекциялық қарым-қатынастарда тасымалднуы мүмкін. ҚМВ-мен күресі шаралары-төзімді сорттарлың сау тұқымдарын қолдану. Шіркейлермен тасымалданатын қызанақ аурулары. Шіркейлермен тасымалданатын қызанақтың бірнеше аурулары белгілі. Олар қияр мозаикасы, аспермия (тұқымсыздық) және т.б. Қияр мозаикалық вирусы жөнінде толығырақ жоғарыда сипатталған. Қызанақ өсімдігінің зақымдалуының негізгі белгілері-жапырақтардың жіпше тәрізді және папоротник тәрізді болуы. Аурудың бұл белгілері ҚМВ–мен салыстырғандағы жапырақтардың жіпше тәрізді белгілеріне қарағанда сирек кездеседі. Қынақтағы ҚрМВ және ҚМВ әсерлері арқылы пайда болған белгілер арасындағы негізгі айырмашылық-ҚРМВ тудырған жапырақтарда жіпшелердің пайда болуы кезінде энациялар пайда болмайды. ҚМВ-ның Қызанақ жемістерінің тамырларында некроз тудыратын және өсімдіктің ең төбесін өлімге әкелетін некротикалық штамдары бар екені белгілі. Қызанақ аспермиясы (ҚАВ). Қоздырушысы — Tomato aspermy virus.Қазіргі уақытта бұл ауру Европа, АҚШ, Жапония, Аустралия мемлекеттерінде белгілі. Бұл ауру Латвия, Эстония мемлекеттерінде жақсы зерттелген. Қызанақтың аспермиямен ауруы Ресей, Украина және Армения мемлекеттерінде тіркелген. ҚАВ-ның бірнеше штаммдары сипатталған. Бұл вируспен зақымдалған жағдайда қызанақ жапырақтары деформацияға ұшырайды, мозаикалы болады, өсімдіктердің өсуі тоқтайды, бұтақтанады. ҚАВ-мен зақымдалған қызанақ жемістерінің түзілуі күрт төмендейді. Ауру көбінесе жылыжайларда кең таралған, инфекция көзі декоративтік өсімдіктер болып табылады. Күресу жолдары- қызанақты декоративтік өсімдіктерден кеңістік алшақтату, вирус тасымалдаушылары-шәркейлермен күресу. Қызанақ өсімдігінің төбесінің сарғаюы. Қоздырушысы – Tomato yellow top virus. шіркейлермен тасымалданатын қызанақ ауруларының түріне жатады, дегенмен ол әлі Украина мемлекетінде тіркелмеген. Қызанақтың бұл ауруы whitefly тасымалданады. Қызанақ жапырақтарының хлоротикалық қатпарлануы. Қоздырушысы- Tomato leaf curl. Ең алғашқы мәлімет 1993 жылы Калифорниядан келген, 1994 жылы ол Түркменстанда ВИЗР мамандарымен және Түркменстан мекемелерімен толықтай зерттелген болатын, 1997 жылы вирус Солтүстік Каролина және Италия-ның қызанақ жылыжайларынан бөлініп алынды. Украинада тіркелмеген. Зақымдалған өсімдіктер өлшемдерінің кішіреюімен, қатты деформациялануымен, жапырақтарының ұсақтануымен сипатталады. Өзектер арасындағы ұлпалар әжімделген, түссізденген, бұл белгілер соның ішінде жапырақтар шеттерінде айтарлықтай дәрежеде байқалады. Сонымен қатар, жиі гүлдердің түсуі байқалады, діңгектерімен салыстырғанда олардың құрылысы өзгермейді. Түспеген жемістер өте ұсақ және қатты болады, егер олар қатты зақымдалса вегетациялану кезінде де өзгермей, осы қалыпта қалады. Вирус қызанақты өсімдіктің барлық даму кезеңдерінде зақымдайды; эпифитотитті зақымдалу көбінесе тұрақты орынға көшеттерді отырғызғаннан соң шамамен бір айдан кейін пайда болады. Сондықтан өнімнің түсуі шамамен 17-ден 100%-ға дейін болуы мүмкін. Вирус қызанақтан басқа, картопты, салатты, петуняны зақымдайды. Вирус жылыжайлық Trialeurodes vapora­­­riorum whitefly-мен беріледі. Whitefly (Bemisia spp.) басқа түрлерімен вирус механикалық жолмен берілмейді. Иммунды сорттар дәне гибридтер алынбаған. Зақымдалу деңгейі белгілі бір деңгейде қызанақты себу уақытына байланысты [3].

Вирустардың өсімдіктерде таралуы. Вирустық бөлшектер жасушадан жасушаға плазмодесма арқылы тасымалданады, осы жол арқылы вирустық нуклеин қышқылдары да транспортталады, флоема зақымдануы кезінде вирустық бөлшектер қоректік заттар арқылы бүкіл өсімдік бойына таралады, соның салдарынан өсімдіктің жүйелік зақымдануы болады, өсімдіктің гүлденуі кезінде генеративтік мүшелерге қоректік затардың көп мөлшерде берілуі байқалады, сол кезде вирустар төменнен жоғары қарай таралады, аз мөлшерде вирустар ксилема ұлпасы арқылы таралуы мүмкін [4].

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Мишустин Е.Н., Емцев.В.Т. Микробиология.-3-изд.,перераб.и доп.-М.:Агропромиздат,1987.-368с.:ил.-(Учебники и учеб.пособия для высш.учеб.заведений).

  2. Ю.А.Чикин.Общая фитопатология (часть 1):учебное пособие.- Томский госуниверситет-Томск,2001-170с

  3. Журавлев И.И. Болезни цветочных культур-Ленинград: изд. Ленинградского университета, 1973.

  4. Нетрусов А.И.,Котова И.В. Микробиология, Вирусология 2006 г

 

Ғылыми жетекші:

 

биология ғылымдарының кандидаты, РhD, профессор Омаров Рүстем Тукенович.