Увага! Всі конференції починаючи з 2014 року публікуються на новому сайті: conferences.neasmo.org.ua
Наукові конференції
 

АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ «МАХАББАТ» КОНЦЕПТІСІ

Автор: 
Назира Сайбекова (Алматы, Қазақстан)

Мақалада қарастырылатын негізгі мәселе: «махаббат» концептісі. Мақаланың негізгі бағыты ағылшын және қазақ тілдеріндегі «махаббат» концептісі. Концепт дегеніміз не? Концептінің лингвистикадағы мағынасы. «Махаббат» концептісі және оның лингвокогнитивті сипаты және түрлері.

Тірек сөздер: махаббат концептісі, сүю, жақсы көру, объективті махаббат, тұлғааралық махаббат.

Кез-келген халықтың көне замандардан бері қалыптасқан өзіндік болмыс бітімі, салт-дәстүрі, материалдық және рухани мұралары- сол халықтың ғұмыр жолының айнасы. Өткен замандардан жеткен мұралары – бүгінгі ұрпақ үшін тек тарихтың қарапайым куәгері ғана емес, сонымен бірге қазіргі сан тарау мәдениетіміздің бой көтерген берік тұғыры да.

Концепт терминінің теориялық негіздерін ғалымдар Д.С.Лихачев, Н.Д.Арутюнов, Е.С.Курбяков, А.Н.Мороховский, Н.К.Репцев, В.В.Колесов, А.П.Бабушкин, В.А.Маслов, А.Л.Туревич, А.Вежбицкая, Ю.А.Степанов т.б. ғалымдардың ізденістерінде өзіндік қырларынан көрінген.Концепт адам санасындағы ұлттық бірліктерді, психикалық ресурстарды, адам білімі мен тәжірибесі арқылы жинақталған ақпараттық құрылымды, ментальдық лексиконның, концептуалдық жүйенің адамзат психикасында бейнеленген барлық әлем бейнесінің оперативті мазмұндық бірліктерін түсіндіреді.

Бүгінгі таңда лингвистика ғылымында концепт терминінің қарастырылуы
лингвистика мен философияның өзара бір-біріне деген әсерінің күшеюіне байланысты туындаған. Логикада “концепт” термині “ұғым, түсінік” терминдерімен тең. Ресей тіл білімінде “концепт” термині алғаш рет ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында пайда болды.

Концепт ұғымы адамзат іс-­әрекеті нәтижесінің мазмұны, тәжірибе мен білім мазмұнын бейнелейтін ұғымдар, әлемді тану процесі туралы танымдарға жауап береді. Концепт- латынша "conceptus" көптеген формалардың мазмұнын өзіне жинақтаушы және солардың бастауы дегенді білдіреді. Концепт терминінің мағына ауқымының кеңдігі соншалықты, зерттеуші тарапынан оған берілген анықтамалар әрқилы және сан алуан. Негізінен бәрінің ой­-пікірлері концепт деген ұғымға саяды [1,42].

Ал, «концепт» ұғымы дегеніміз – адам санасына тұрған орта, дін, мәдениет, жалпы айтқанда, дүниетаным негізінде белгілі-бір ұрпақтан өзгеріссіз беріліп отыратын құндылық [2,31].

Н.Д. Арутюнова мәдени концептілер туралы былай дейді: «Каждое из этих слов обладает своими законами, сочетаемости, своим лексиконам, фразеологией, риторикой и шаблонами, своей областью референции, и поэтому, описывая и анализируя «язык» каждого культурного концепта, мы открываем доступ к соответствующему понятию».

В.В.Колесов концепт ұғымын қазіргі зерттеулерде кездесетін мәдени концепт ұғымымен байланыстыра келе былай деп жазады: «Концепт» ­сөздің мағыналық толығуының негізгі нүктесі әрі дамудың ең соңғы шегі. Мәдени таңба ретіндегі сөз мағыналарының даму нәтижесіндегі

алғашқы мағына –соңғы нүкте, яғни қазіргі мәдениеттегі қатары молайған ұғым концепт бола алады. Концептілер ұлттық дүниетаным, мәдениет негізінде қалыптаса отырып, ұлттың ұлт болып айқындалу белгісі ретінде де маңызды және олар тілде де көрініс тапқан, яғни белгілі­-бір концепт төңірегінде тілдік белгілер оның мән-мағынасын ашуда бірден­бір маңызды орын алады. Концептілерге талдау жасағанда, әр тілде мәдени-ерекше концептілер басым болады [3].

Белгілі зерттеуші ғалым Ш. Елемесова:” Концепт базалық когнитивтік маңыздылық ретінде мәнді пайдаланылатын сөздермен байланыстырушы концептуализация процесінің мазмұнды бірлігі ретінде шындықтың адам миында бейнеленуі''-деп атайды [4,85].

Мәдени концептілердің беретін ұғымын, семантикалық қырларына талдау жасау арқылы жеке адамнан бастап, қоғамдық топтардың, бүкіл бір ұлттың, халықтың ой-өрісін, өрісінің, дүниетанымының ерекшеліктерін айқындауға болады.

Мәдени концептілер белгілі­-бір халықтың, ұлттық мәдениетін, салт дәстүрін, дүниетанымын түсінудің кілті. Олар халықтың өзіндік мәдениетін өз ішінен ұғынуға көмектеседі. Мәдени концептілерді талдау арқылы ұлттық мәдениеттің даму қалпын, оның қазіргі өмірдегі жай күйін білеміз. «Мәдени концепт» ретінде танылатын тілдік бірліктің концепт құрудағы өзіндік лексиконы, синонимдік қатары, ассоциациялық байланысы бар және семантикалық өрісі кең атауларды білеміз. Солардың бірі ретінде «Махаббат» ұғымын қарастыруға болады.

Бұл мақалада қазақ және ағылшын тілдеріндегі күрделі эмоцияларды білдіретін «махаббат» концептісі негізге алынды. “Махаббат” концептісінің негізгі логикалық моделі мынадай: сүю, жақсы көру, жан тәнімен шексіз сүю, махаббаты үшін барлығына да даяр болу.

«Махаббат» концептісі туралы ғасырлар бойы ер кісілер мен әйел кісілердің ұғымы әртүрлі болды. Ер кісілер махаббат ұғымын логикалық және шынайы түрде қабылдаса, әйел кісілер романтикалық түрде қабылдады. Диан Эккерманстың «The Natural History of Love» атты кітабында Рим дәуірінен қазіргі таңға дейін махаббат концептісінің әртүрлі екендігін сипаттаған кезде екі жыныс өкілі ажырап, бөлінгендігін айтады. Эккерман сонымен қатар, ер кісілер мен әйел кісілер үшін ережелердің де әртүрлі болғандығынан хабардар етеді. Ағылшын тіліндегі «Beauty and the Beast» ертегісі әйел идеясындағы романтикалық, христиандық, үнсіз және платондық махаббаттың керемет мысалы болып табылады. Мысалы:

In Beauty and the Beast, Beauty exhibits christian love. The Beast is physically repulsive and frightening; but somehow Beauty manages to see pass his physical exterior. Someone who has been indoctrinated with the ideology of Christianity would be able to accept a monstrous looking creature as the Beast. Christianity teaches its followers to love the afflicted, sick and the ugly. Christianity instills in its followers to love everyone for their spiritual interior and not their physical exterior [5].

Махаббат концептісі екіге бөлінетіндігін төмендегі кестеден көруге болады.

Кесте 1

Ағылшын тіліндегі махаббат концептісі

Қазақ тіліндегі махаббат концептісі

Love can be:

  • Impersonal love;

  • Interpersonal love.

Impersonal love: A person can be said to love an object, principle or goal if they value it greatly and are deeply committed to it.

Interpersonal love: Interpersonal love refers to love between human beings. It is a more potent sentiment than a simple liking for another. Such love might exist between family members, friends and couples.

Махаббат түрлері:

  • Объективті махаббат;

  • Тұлғааралық махаббат.

Объективті махаббат: Адамзаттың бағалауына байланысты затты, қағиданы немесе мақсатты жақсы көруі жатады.

Тұлғааралық махаббат: Тұлғааралық махаббат адамдар арасындағы махаббат болып табылады. Махаббаттың бұл түрі жанұя мүшелері, достары және жұбайлар арасында кездеседі.

Тұлғааралық махаббатқа байланысты ағылшын тілінде келесі мысалды бере кетсем:

Love is not attraction. One does not fall in love with a person based on their physical appearance. In other words, love at first site does not exist in a healthy reality. It may be a euphorically awesome experience, but it is not love. And that is not to say that you should avoid such a feeling. Quite the contrary. What else is life for if not to enjoy in such a magical way. Unfortunately, many people's lives are seriously damaged when they label the overwhelmingly pleasurable feelings that they are experiencing as a result of such a strong attraction as love. When this happens, goals are changed, priorities are changed, values are changed…all based on a feeling. An emotion. Most often, this emotion fades rather quickly, or is not reciprocated…and the person feels the other end of the emotional spectrum. If you equate a physical attraction to someone, it will be important for you to realize that this is not love. Until you have come to know the person within that body; until that person comes to know you…what you are experiencing is not love. It may be admiration, affection, attraction, desire…heck, it may even be desperation…but attraction is certainly not love.

Әлемнің бейнесінде физикалық субъект– эмоцияның иесі.
Эмоционалды күй субъектінің еркінен тәуелсіз болады және ішкі сезіммен тікелей байланысты. Осылайша тұлғааралық махаббатқа байланысты сөздер пен махаббат тәрізді зат есімдер Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» атты романында сыртқы әсерлер арқылы болғандығын дәлелдейтін мысалдарға толы болып табылады [6]. Әдебиет әлемінде мәңгілік тақырыпқа айналған «махаббат» мәселесі бұл романның асыл арқауы... азіргі жастарымыздың да жанын тербеген, жалпы адам баласына тән мөлдір сезімді өзек еткен шығармадан мысал ретінде үзінділер беріледі.

Мықты жүректі мекендеген ескі махаббат та осыған ұқсайды - өшсе де орын бермей, қоламталанып жатып алады; оны жалынды жаңа махаббат қана тықсырып шыға алады.

Ұлы Отан соғысында біз жауды қаруымыздың - самолеттің, танктің, артиллерияның құдіретімен жеңдік, - деп ойладым мен онан әрі. –Сол сияқты алаулаған асыл махаббаттың күшімен де жеңдік.

Біздің жүрегімізде Отанға, анаға, сүйген жарға деген шексіз махаббат болды. Соңғы күш алдыңғының қуатты қозғаушысына айналды да, өлім мен өмірдің арпалысындай айқаста біз жеңіп шықтық.

Меніңше, махаббат – дүниедегі барлық күштің көзі, барлық қуаттың бұлақ –бастауы. Онсыз еш жерде жеңіс жоқ.

Ендеше, қыздар, махаббаттың мөлдір бастауы – сендерді көргенде қалай тебіренбейін, қалай қуанбайын мен!

Өзіңді уыз махаббатыммен сүйгенім үшін кеш.

Махаббат пен сана бірін –бірі тыңдамайтынын, әрқайсысы тек өз дегенім ғана болсын дейтінін мен бірінші рет осы кеште ұққандай болдым.

Махаббат бар жерде көз жасы қоса жүреді.

Адамның өмірі қысқа болғанымен, махаббаты ұзақ өмір сүреді.

... Мені махаббаттың улы жыланы шақты аямай. Жаныма дәрі, дертіме шипа сен ғана!

Еркектер әлімен күшті болса, әйелдер махаббатымен мықты.

Әйел махаббаты -ең күшті махаббат.Әйел махаббаты -әлемнің тұтқасы.

Жоғарыда аталған романдағы махаббат концептілерінің басым көбі тұлғааралық махаббатқа арналғандығын және зат есім сөз табына жататындығын көруге болады. Махаббаттың түрлеріне байланысты бөлген концептілер кездеседі: уыз махаббат; асыл махаббат; шексіз махаббат; ескі махаббат; жаңа махаббат.

Қорыта келгенде, кез -келген елдің дүниетанымында орын алған «махаббат» концептісінің түрлері ажыратылып, ерекшеліктері көрсетілді. Концепт терминіне байланысты мәселелерге соңғы жылдары көп көңіл бөлінуде және мәдениетпен, салт -дәстүрмен байланысты, жалпы барлық дүниетанымға байланысты көптеген пікірлерді табуға болады. «Махаббат» концептісі әр халықта әртүрлі түсініктермен берілетіндігін, ол жайында әрқилы пікірлер бар екендігін көруге болады.

Қолданылған әдебиеттер:

1.Жампейсова Ж.М.ҚР ҰҒА-ның хабаршысы, 2005.- №8. «Ақ» және «Қара»

концептілерінің әлеуметтік мағыналары.

2. Ислам А. ҚР ҰҒА –ның хабаршысы.Тіл әдебиет сериясы. «Өмір»

концептісінің тілдегі көрінісіне лингвомәдени сараптама, 2003.-№ 4.

3.Күшпаева М.Т.Тары концептісінің семантикалық құрылымы мен

лингвомәдени мазмұны.­2003.Дис.жұмыс.

4.Елемесова Ш. Көркем мәтіндегі ұлттық мәдениеттің тілдік релеванттары.

Канд.дис. Алматы 2003-128б.

5. Ackerman, Diane. A Natural History of Love. New York: Random House, 1994.
6. Ә.Нұршайықов. Махаббат қызық мол жылдар. – Алматы: Атамұра, 2002. -320 бет.