Увага! Всі конференції починаючи з 2014 року публікуються на новому сайті: conferences.neasmo.org.ua
Наукові конференції
 

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА КРЕДИТТІК ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Автор: 
Сауле Нұрқасымова, Роза Аканова (Астана қаласы, Казахстан Республикасы)

Eлбacының «Жaңa әлeмдeгі жaңa Қaзaқcтaн » aтты жолдayындa: «Біз бүкіл eліміз бойыншa әлeмдік cтaндaрттaр дeңгeйіндe caпaлы білім бeрy қызмeтін көрceтyгe қол жeткізyіміз кeрeк» дece, оcы жолдayдың ІІІ тaрayы, он ceгізінші бaғытының жeтінші тaрмaқшacындa: «Aқпaрaттық тeхнологиялaр мeн aқпaрaтты тaрaтyдың жaңa ныcaндaрынa бaғыттaлғaн мaмaндaндырылғaн білім бeрy бaғыттaрын құрy міндeті дe aлдымыздa тұр» дeлінгeн [1].

Eгeмeнді eліміздің тірeгі бұл - білімді ұрпaқ болып caнaлaды. ХХІ ғacыр - білімділeр ғacыры. Қaзіргі кeздe біздің қоғaм дaмyдың жaңa caтылaрынa көшy үcтіндe, бұл кeзeң ақпараттық тeхнология кeзeңі, яғни компьютeрлік тeхникa жәнe оғaн бaйлaныcты бaрлық ақпараттық тeхнологиялaр мұғaлімдeр қызмeтінің бaрлық caлacынa кіріп, оның тaбиғи ортacынa aйнaлып отыр. Білім бeрyдeгі ақпараттық тeхнология ұғымы «оқытyдың жaңa ақпараттық тeхнологиялaры», «қaзіргі aқпaрaттық оқытy тeхнологиялaры», «компьютeрлік оқытy тeхнологиялaры» жәнe т.б. тіркecтeрімeн тығыз бaйлaныcты болып тaбылaды.

Қазіргі кездегі жоғарғы оқу орнында кредиттік технология негізінде оқыту жүзеге асырылып келеді. Осының оқу нәтижесінде оқу пәндерін оқытудың әр түрлі формаларын ұйымдастыруында сағаттардың бөлінуіне өзгерістер енгізілді. Жалпы алғанда, дәрістік курстар сағаттары көлемінің азаюы және оқу курсы мазмұнының үлкен бөлігі студенттердің өздік жұмысына берілгені байқалады. Орта мектептің жоғарғы сыныптарында дәрістік сабақ беру тәжірибесі бірінші курс студенттерінің бірден дәрістік сабақтарға көңіл бөлуі, ғылыми дайындық деңгейінің төмендеуін, сонымен қатар олардың семестр бойы орындайтын жұмыстарының жүйелілігі мен біртектілігін бұзылмауына әкелетінін көрсетеді.

Педагогикалық және әдістемелік әдебиетті талдау қазіргі кездегі жоғарғы оқу орнындағы (ЖОО) дәрістің негізгі функцияларын бөлуге мүмкіндік берді.

Біріншіден, дәрістің ақпараттық функциясы. Оның мағынасында арнайы іріктелген және ерекше түрде құрастырылған оқу материалын студенттерге беру жатыр. Бұл функция қазіргі кезде маңызды өзгерістерге ұшырады. Ол дәстүрлі дәрістің негізгі функциясынан қосымшаға айналды. Қазіргі кездегі дәріс пән туралы ғылыми білімдер жүйесін беруге емес, студенттерге материалды өздігінен жүйелеуге, оны түсінуіне және күрделірек мәселелерді шешуіне бағытталған. Қазіргі дәрісте ақпаратың өзі маңызды емес, ғылыми ойдың даму процесін қолма-қол бейнелейтін жаңа ғылыми мәліметтердің болуын қажет ететін дәрістің анализі маңызды.

Екіншіден, дәрістің дүниетанымдық (әдіснамалық) функциясы. Студенттердің жалпы дүниетанымдық ұстанымдарының қалыптасу функциясы оқытылып жатқан ғылыми саласы бойынша ғылыми көзқарастар мен пікірлердің қалыптасуымен байланысты болды. Дәріс студенттерді ғылыми ойлау зертханасына кіргізіп, ғылыми білімдердің негізін қалайды, зерттеудің әдісі мен әдіснамасымен таныстырады.

Үшіншіден, дәрістің әдістемелік (дайындаушылық, ұйымдастырушылық) функциясы. Оның мағынасы студенттер іс-әрекетіне әдістемелік басшылық етуде жатыр. Бұл функция ғылыми логика арқылы, сонымен қатар дәріс үстінде оқу материалымен жұмысы және сабақтың басқа түрлерімен ұйымдастыру сұрақтары бойынша әдістемелік ұсыныстар арқылы жүзеге асырылады. Әдістемелік функциясы дәрісті елеулі қылып, оның оқу процесінің басты буындарының бірі қылатыны үшін аса маңызды болып келеді. Оқу процесінің әр түрлі көптеген формалары мен әдістерінің болуына қарамастан тек қана дәріс күрделі таным процесінің барлық элементтерін біріктіріп, педагогикалық мақсаттарға жету үшін процестерді ұйымдастырып бағыттайды.

Білім беру ортасында дәріс маңызды орынға ие, өйткені тек дәрісте ғана процестің алуан түрлі элементтері қатаң жүйеге біріктіріледі, ғылымның әдіснамалық негіздері беріледі және оқытылатын мәселенің мазмұнды аспектілері айқындалып, дамытылады және толықтырылады, сонымен қатар студенттерді өздік жұмыс арқылы оқуға ынталандыруға болады.

Төртіншіден, дәрістің мотивациялық функциясы – студенттерде оқытылатын пәнге және нақты берілген тақырыпқа, оқу процесіне қатысты дұрыс мотивацияның пайда болуы. Дәріс теориялық материалға және алдағы практикалық әрекетке, терең өздік жұмысқа қызығушылықты қоздыруы қажет. Тиісті қызметті орындауға студент саналы түрде өз еркімен баруына қол жеткізу қажет, студент өздік жұмысы бойынша тапсырмаларды өз еркімен қабылдауы шарт.

Бесіншіден, дәрістің дамытушылық функциясы. Ол студенттердің танымдық белсенділігінің қалыптасуыменен байланысты болады, дәрістік оқытуын жүргізуді өзіндік шығармашылық таным процесі ретінде қажет етеді. Міндеті – студенттерді ғылыми ізденіс процесіне қосу, оларды алынған нәтижелерге өздігінен мойындануына әкеліп, олармен бірге осы процесті қайтадан түсіну. ЖОО-дағы кез келген дәріс тақырыпты ұғыну үшін қажетті белгілі бір ғылыми ақпараттар көлемін беруі тиіс, бірақ сонымен қатар студенттер алдында ғылыми білім дамуының шығармашылық мағынасын ашатын мәселелерді қою қажет. Әдетте дәрістің ғылыми мәселелігін және де оқыту немесе әдістемелік деп атайтын мәселесіе қарастырады. Бірінші жағдайда дәріс кезінде қазіргі кезде ғылымның толық ашылмаған, бірақ осы уақытта қарастырылып жатқан құбылыстар туралы талдау жөнінде айтылады. Бұл жағдайда дәрісте ғылыми тұжырымдамалардың талдауы, зерттеудің жолдары жіне ықтимал, мүмкін болатын нәтижелері беріледі. Оқыту (әдістемелік) мәселелігі дәріс үстінде студенттерге ғылымда белгілі, бірақ студенттердің танымдық қызметі процесін ұғыну үшін қажетті сұрақтарға өздігінен талдау жасауға мүмкіндік беретін сұрақтарды қою арқылы көрінеді. Дәріс оқушы бұл әрекетімен аудиторияны дербес зерделі әрекеттке итермелеп, өзі жақсы меңгерген, бірақ студенттеріне әлі таныс емес материал негізінде аудиторияның танымдық елсенділігін бағыттайды.

Алтыншыдан, дәрістің бағыттаушылық функциясы. Ол функция әр түрлі қайнар көздерден, яғни дәріс, практикалық сабақ, оқу және ғылыми әдебиеттері және т.б.-дан алынған ақпарат ағынына студенттерді бағыттайды. Ғылыми әдебиетке шолу жасай отырып, ғылыми мектептердің мағынасын аша отырып, теориялық ережелерді талдай отырып, дәріс оқушы негізгі және маңызды мәселені белгілейді, қажет еместі, артықты шегеріп тастауға көмектеседі, ғылыми ақпаратты нақты жүйеге келтіріді.

Дәріс оқыту процесінің маңызды кезеңі – оқу материалын жалпы бағыттау, оқытылатын пән туралы бастапқы түсініктің қалыптастыру кезеңі және білімді игеру процесіне қатысты қамтамасыз етушілік сипатта болады. Дәріс оқытудың негізгі мақсаты ол оқу ақпаратын болашақта меңгеру үшін студенттерде бағыттаушылық негіздірін қалыптастыру болып табылады, яғни дәріс – оқу материалының қабылдануын, оны алғашқы мүшеленуін және оқытылатын пән туралы бастапқы ұғымдардың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Осы аталған айғақтар дәрісті оқу процесінің орталық элементі екенін білдіреді. Барлық оқыту жүйесінің жұмыс жасау қабілеті бағыттаушылық негіздің сапасына байланысты болып келеді.

Дәріс бағыттаушылық функциясын атқару үшін дәрістік материалды реттеу үшін мынандай амалдарды қолдануға болады:

- ғылыми іздену реттілігі, симметриялылық, ақпараттық материалдың жіктелуі;

- жалпы қолданылатын <блоктарды> құрастыру;

- оқу алгорифмдері мен тану алгорифмдерін пайдалану;

- өзара пән және пән аралық байланыстарды қолдану;

- материалды беру әдістері мен формаларын өзгерту жолымен материалды жіктеу видеоматериалды, құрылымдық логикалық ойлау қабілеттілігі, физикалық білімдерінің құрылымдылық элементтерін оқытудың жалпы жоспарларын қолдану жәнежаңарту т.с.с.

Мәліметтің топтастырылуы немесе оның жалпыланған блоктармен берілуі іс жүзінде расталады. Жекелеген факторлардың көп болуынан танымның негізгі міндетінің, яғни оларды есте сақтау жолдарын шешу қиынға соғады. Егер де әрбір айғақтар жиынтығын қандай да бір тұжырымдама немесе біреудің айтылған сөзі, жалпыланған формула << біріктірсе >> бұл міндет әлде қайда жеңіл болар еді.

Дәрістің бағыттаушылық функциясын тірек конспектілерін қолдану арқылы күшейтуге болады (В.Ф.Шаталов әдістемесі бойынша ). Бұл жағдайда тірек конспектісі студенттерге негізгі тіректі ұғымдары және олардың өзара байланысты ,тәуелділігі , есте сақтауға ыңғайлы сөздің немесе символдық белгілерді қолданумен болатын кіріспенің реттілігі бар ақпараттарды оқына ұсынылатын жалпыланған мағыналы қаңқа ретінде болады.

Осылайша қазіргі уақытта жоғары мектеп өмірінде дәріс өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Ол білім негіздерін жалпыланған түрде қарастырудың және оқу материалдарын бағыттаудың айтарлықтай үнемді әдісі болып келеді. Курстардың кейбір бөлімдері мен тақырыптарды студенттедің өзіндік оқуы үшін өте қиын болып келеді және дәріс әр түрлі жолдар және түсіндірулерге нақты және объективті баға беру үшін қажетті болады. Кредиттік оқыту технологиясы шартында дәрістің келесі функцияларына ерекше көңіл аударған дұрыс:

1) мотивациялық; 2)бағыттаушылық; 3) дамытушылық; 4) дүниетанымдық; 5)әдістемелік; 6) ақпарттық.

 

Әдебиет:

1. 1.http://www.akorda.kz/ Қaзaқcтaн Рecпyбликacының Прeзидeнті Н.Ә.Нaзaрбaeвтың Қaзaқcтaн хaлқынa Жолдayы;

Ахметова Г.К.,Исаева З.А.,Педагогика .-Алматы, 2006.

2.Петровский А.В. и др. Основы педагогики и психологии высшей школы.-М.,1986.

3.Выбор форм организации обучения в вузе / Сост. Володарская И.А.,Кохановская Л.С.,Таранова Р.И. – Йошкар –Ола,1998.