Автор:
Дәулетұлы Еркін (Қазақстан, Талдықорған)
Контрабанда сөзі италян тілінен аударғанда contro- қарсы bando- үкімет жарлығы деген сөзден шыққан. Сөзбе сөз алғанда контрабанда «үкімет жарлығына қарсы» дегенді білдіреді.
Қазіргі түсінікте контрабанда кез келген заңсыз жолмен тауарларды және өзге де заттарды кеден шекарасынан алып өту .
Соңғы жылдарда бұл қылмыс ұйымдасқан және көлемді түрде болуына байланысты өсуде және қоғам мүддесіне зор шығын әкеліп, қылмыстың азаюна еш шара әсер етпеуде. Соңғы жылдарда бұл қылмыс ұйымдасқан және көлемді түрде болуына байланысты өсуде және қоғам мүддесіне зор шығын әкеліп, қылмыстың азаюна еш шара әсер етпеуде. 1988 ж. республика тергеу органдарында 1 ғана қылмыстық іс қозғалса, 1989 ж -12, 1991 ж- 21, 1993 ж- 40, ал 1995 жылы сотқа 117 іс түссе, 1996 ж- 142 болды.
Бұл жағдайда ерекше теориялық және практикалық мүдделікті контрабандамен күреске бағытталған шаралар көрсетеді, өйткені олар біздің еліміздегі шынайы құқықтық мемлекет ретіндегі экономикалық, әлеуметтік және рұхани құрылыстың аспектілерімен тығыз байланысты, қоғам мен жеке тұлғаның мүддесін қорғайды.
Кеден және басқада органдардың толық бақылау жасамауының нәтижесінде елімізден кедергісіз шикізат өнімдері, металл түрлері шет елдерге шығарылса, заңсыз спирт, темекі өнімдері және сапасыз азық түлік түрлері енгізілуде, сонымен қатар тарихи мәдени құндылығы зор заттарды да сату істеріде көптеп кездеседі. Аталмыш қылмыстың өсуі аса ірі көлемдегі өнімдер мен тауарлардың, шикізаттардың тоналуымен салық төлеуден қашу және қызметтік қылмыс сияқты істермен тығыз байланысты болуымен түсіндіруге болады.
Контрабандамен байланысты қылмыстың құрылымы әртүрлі дәрежеде өтеді: тауарларды тасымалдау ірі жүкті авто көліктермен, теміржол вагондарымен, транспорттық самолеттармен жүргізіледі және де кедендік бақылаудан жалған құжат сияқты айла шаралар арқылы өтіп кетеді.
Қазақстан мен Ресей арасындағы құқық қорғау органдарының бірлесу келісім шарт жасауы контрабандалық күреске қарқынды күш береді.
1998 ж қазанда Қазақстан Республикасымен Ресей Федерациясы арасында «Байқоңыр комплексі территориясында тәртіп сақтауды қамтамассыз ету туралы құқық қорғау органдары арасында бірлестік» туралы келісім шарт жасалынды. Құжат ұйымдасқан қылмыс пен бірлесіп күресуге мүмкіндік берді. Мысалы, Қызылорда облысының ҰҚК мен РФ ФҚҚ мен бірігіп Байқоңыр қаласында аса ірі көлемдегі есірткімен қару жарақ контрабандасымен айналысатын халықаралық қылмыстық топ іс шараларын ашты [4,12].
Қазақстандық контрабандалық шолу шет елдік ұжымдастармен байланысын кеңейітті, бақылау жасалынатын тұрақтар қатары өсті. Нәтижесінде Бразилиядан Алматыға және Ресейдің басқада қалаларына героин мен какоин тасымалдау ісіне тосқауыл жасалынды.
Қазіргі кезде ТМД елдерінің аймақтық кеден қызметінің бірлестігі контрабандалық есірткі туралы ақпарат алмасу ісі бойынша орталықта Москва офистерімен және ТМД елдеріндегі офистермен табысты түрде жұмыс жасауда. Қазақстан ТМД елдерімен есірткіге бақылау жасау ісі бойынша халықаралық комитет құру жобасын жасауда.
Осылайша құқық қорғау органдары арасындағы байланыс контрабандамен және басқада қылмыс түрлерімен күрес жүргізуде оңтайлы нәтиже бермек.
Ірі қылмысты топтар өзінің тауарларын легелды жолмен жасағандай етіп бетін жауып, әр түрлі фондтар, ассосациялар, біріккен кәсіпорындар, кішігірім жекеменшік кәсіпорындар мен біріккен ұйымдар шектеулі жауаптылықпен, сонымен қоса подакциздік тауарды мемлекеттік льготамен корумпирдік байланысты қолданып подакциздік тауарды мемлекетке кіргізу мен шығаруға бағытталған контрабандамен байланысты қылмыстар структурасы барлық деңгейде оның бастамасынан сонына дейін өзгерістер болады. Мұндай жағдайда техникалық талғамдығы мен көлікпен өзгеру жағдайы ескеріледі.
Сараптаманың қорытындысы бойынша оперативті берілген белгілер бойынша, қылмыстық істер бойынша материалдары мен ғылымдар зерттеуі бойынша контрабанданың келесі үлгілері көрсетілген.
Ұйымдастырылған консперативті сипатдеме контрабандаға қойылған механизмнің функциаларының бөлігі (оның ішінде, қылмыстық структураның ұйымдастырушысы мен орындаушысының амандығын тілейтін(безопасность), көліктердің апарып- әкелуі, байланыс, контрабанданың заттарын өткізіп жүзеге асыру;
Белгіленген сақтау орнында контрабанданың жасырын орнын ашу;
Кедендік құжаттарды немесе кез-келген документтерді жалған пайдалану, декларативті тауар аттарын өзгерту, саның жасыру және бағасын төмендету;
Заңсыз ұйымдастырылған жұмыстары үшін ұсталған контрабандалық топтың істерін ашу;
Жалған экспорт және реэкспорт мемлекеттік арқылы жалған құжаттау;
Өзінің қызмет бабын пайдаланып қылмыс жасаған адам;
Әрқашанда өзінің жоспарларын іс- әрекеттерін пайда табу мен жоспарлау;
Мемлектаралық және халықаралық партнерларының болуы және олармен сөз байласуы.
Аталғанның барлығы контрабандамен күресу жайында іздестіру шараларымен іс қағаздарын жүргізу ішкі істердің жедел аппараттары күресу қажет.
Осы сияқты контрабанда халықаралық және мемлекетаралық сипаты бар, әкімшілік-территориялық бірлігі, аудандардың, облыстардың және мемлекеттердің шегінен шығады. Олардың консперациялық бастамасы бар, сонымен қоса, олардың ұйымдастырушылары қатысушыларының саның азайтпақ ойы бар. Контрабанданы тауып ашу-өте ауыр процесс. Сондықтан да контрабанданы алдын ала ескеру ұйымдастырылуы өздерінің құқық қорғау органның контрабандамен күресу терең білімділікті талап етеді.
Сондықтан да контрабанданы алдын ала ескеру ұйымдастырылуы өздерінің құқық қорғау органның контрабандамен күресу терең білімділікті талап етеді.
Егер, қолданған тәсілдерге қарамастан, кез- келген адам коррупцияға жол берсе не оған қатысса. онда оған контрабанданы құруға дайындалуға жол бермеуіміз керек.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі контрабанданың 2 түрін анықтап көрсетті.
1. Экономикалық контрабанда, ең алдымен, мемлекеттің экономикалық мүддесіне нұқсан келтіреді, себебі, біріншіден - әкелінетін және шығарылатын тауарларға белгіленген алымдар мемлекеттік бюджетке түспейді.
Екіншіден, елдің экономикасы үшін өте қажетті болғандықтан сыртқа шығаруға тыйым салынған тауарлар (стратегиялық мақсаттағы шикізат) әкетіледі. Қосымша объектісі - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын кесіп өту ережесі.
Егер қылмыс заты қылмыс объектісінің аясына енетін оның бір қыры болатын болса, объект пен предмет бірі бірінен ажырағысыз егіз ұғымдар болатын болса, онда қазіргі кездегі қылмыс затының ұғымы ол талапқа толық жауап бермейді. Сол себепті, бұл проблемаға өзгеше қырынан келу ләзім.
Экономикалық контрабанданың затына және субъектісіне байланысты оның факультативті объектілеріне қоғамдық қауіпсіздІк, мемлекеттік органдардың қызметі, Қазақстан Республикасының саяси мүддесі, Қазақстан халқының денсаулығы, қоғамның моральдық бастауы, Қазақстан халқының тарихи мәдени мұралары жатады.
Қылмыстың заттары - тауарлармен басқадай заттар. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" заң күші бар Жарлығының 18-бабыңың 18-тармағына сәйкес, тауар дегеніміз"- материалдық дүниенің кез келген материалдық заты, оның ішінде валюта, валюталық құндылық, қуаттың электр, жылу немесе басқа түрлері.
2. Айналыстан алынған немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы. Айналыстан алынған немесе айналысы шектелген заттардын контрабандасы қылмысының қылмыстық заңның қоғамдық қатынастармен қорғалатынымен байланыстырады, қоғамдық қауіпті әрекетке бағытталған және зиян келтіру немесе зиян келтіреміндеп қорқыту арқылы пайда болады.
Келесі бір қылмыс затының түсінігі бойынша, қылмыс объектісіне қол сұғуды жүзеге асыру үстінде қылмыскер тікелей ықпал ететін сыртқы әлемнің материалдық заттары ғана қылмыс затын құрайды. Бұл орайда объект қашанда зардап шеккенмен немесе шегуі мүмкін болғанмен қылмыс заты зардапты әр уақытта шеге бермейді.
Қорыта келгенде, контрабанда республикадағы көмекші экономикалық негіз болып табылады және криминалды кіріс көзі болып табылады және бұған елдің белгілі бір бөлігі қатысады. Контрабандамен күресу жедел іздестіру және профилактикалық жұмыстар жүргізуді талап етеді. Контрабандаға қарсы құқық қорғау органдарының жұмысын күшейту керек.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. “Уикипедия” сайты.
2. Юридическая газета. – 1997. – № 12 с 15
3. Ю.И. Зеленский "Контрабанда – язва империализма" Москва, 1985, стр. 270
4. Казахстанская правда – 1999- № 17 с 20
5. Алиев Р.М. Совершенствование правоохранительной системы, осуществляющей борьбу с экономической преступностью // Научные труды Академии финансовой полиции. Вып. 2. А., 2001. С. 250.
6. Ералин А.Н., Пименов А.В. О некоторых проблемах борьбы с контрабандой в Республике Казахстан // Научные труды Академии финансовой полиции. Вып. 2. А., 2001. С. 234.
7. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" заңы
8. ҚР ҚІЖК 13.12.197ж 15.02.2012ж соңғы өзгерістермен толықтырулар енгізілген.