Увага! Всі конференції починаючи з 2014 року публікуються на новому сайті: conferences.neasmo.org.ua
Наукові конференції
 

ХИМИЯЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ

Автор: 
Гульназ Сулекешова, Раушан Кубашева, Маншук Молдагалиева (Уральск, Казахстан)

Қазіргі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі экология, табиғатты қорғау және табиғатты пайдалану болып отыр. Біздің республикамызда қоршаған ортаны қорғау саяси, экономикалық және әлеуметтік міндеттердің қатарына кіріп отыр.

Сондықтан экологиялық танымды, экологиялық ойлауды қалыптастыру этикалық қағидалардың және адамның табиғатпен қарым-қатынасының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Көптеген мәселерлер, қоршаған ортамен байланысты – экологиялық білімнің қажеттілігінің жоқтығы, адамдардың экологиялық тәрбиесінің жеткіліксіздігінің нәтижесінде туындайды. Экологиялық дағдарысты жеңудің негізгі жағдайы экологиялық білім және тәрбиелеу үздіксіз жүргізілуі тиіс.

Экологиялық тәрбиелеудің мақсаты – жағымды-құндылықты табиғаттың адамдарға қатынасын, өздігінн шектелу қабілеттілігі, қоршаған орта жағдайына жауапкершілік сезімін, адам мен табиғат арасындағы тепе-теңдікті жандандыруға дайындығы қалыптастыру. Қоршаған орта нысандарының сапасын бағалаудағы ғылыми-зерттеуді іске асыру арқылы жүреді.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы оқу үрдісінің шегінен шыға отырып, педагогикалық әрекеттің негізі түрі болып табылып, негізгі дәстүрлі әдістерді оқытудан ерекше болып келеді. Негізгі әдістемелік тәсілдердің бірі ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру студенттердің зерттеу әрекетін оқытушының шығармашылық қабілеттілігін дамыту, дағыдыны және тиімді қолдану, оқытылатын ғылымдардың әдістемелігін арттыру болып табылады [1,2]. Зерттеу сабағын өткізу студенттердің қоршаған ортаға ұқыпты қатынасын, табиғатты қорғауға бағытталу, адамдардың денсаулығын қалыптастыру, негізгі ақпараттық көзін таңдау, мағлұматтың шығармашылық стилін баяндау, компьютер, аудио-, видеотехникамен жұмыс істеуді бекіту, үлкен аудитория алдында болашақ оқытушыға тәжірибе жинақтау үшін қажет.

Химиядан экологиялық білімді студенттерге көңіл бөліп, осы үрдістердің негізінде ағзадағы және экожүйеде өтетін, химиялық реакцияның негізіне жатады. Адам ағзасына химиялық ластағыштарды бағалаудағы химияның рөлі маңызды болып табылады.

Әр түрлі токсинді элементтер, пестицидтер, радионуклидтер, нитраттардың негізгі мазмұнының тағамдардың қауіпсіздігі ерекше, әсіресе ол маңызды мәселелері тауаралмасуда маңызды болады.

Өздігінен нитраттар денсаулыққа қауіпті әсер етіп, әсіресе нитраттар мөлшерден тыс болса көкіністерде нитриттерге ауысуы, ол ағзаға зиянды әсер етеді: біріншіден, нитраттер, асқазан-ішек трактатында қанға түсіп және үшвалентті еківалентті темірге гемоглобинде тотығуы жүреді. Мұнда метгемоглобин түзіліп, мүшелерге және ұлпаларға оттегін ауыстыру қабілеттілігінен пайда болады. Метгемоглобиннің қандағы концентрациясы метгемоглобинредуктазамен әрекеттесіп, метгемоглобинге тотықсызданады.

Екіншіден, нитриттер екіншілік аминдермен нитрозоқосылыстарды түзіп, канцерогенді және мутагенді әсер ету қабілеттін арттырады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (БДҰ) FAO негізінде, нитрат және нитриттерде рұқсат етілген коцентрациядан (РЕК) ауыспауы керек. Нитраттардың тәуліктік мөлшері 3,7 мг 1 кг дене массасына, ал нитриттер – 1 кг дене массасына 0,2 мг сәйкес келеді. Бұл егер адам массасы 70 кг болса ағзаға тәулігіне 250 мг нитриттер қауіпті болмайды [3].

Адам ағзасына көкіністер және жемістермен 80% нитраттар түседі. Тағамның сапасын арттыру – «нитраттасымалдағыштар» қауіпсіз таралымын, дүкендер сатылымындағы тағамдардың сапасын арттыру және нитраттардың концентрациясын төмендету әдістерін қарастыру керек[4-5].

Көкіністердегі нитрат-иондарды анықтаудың ғылыми жұмысы және нитрат-иондардарды экспериментті санын анықтағанда – сәбіз, картофель, қызылша, қырыққабат және алмада «Салтанат» және «Ақшақар» түрлерінде, алмұрттарда «Конференция» және «Пахама» және банандардан анықталды. Аскөкте нитрат-иондардың мөлшері 33%, қырықабатта 12 %, бананда 23 % артық екендігі анықталды. Қалған жемістер және көкіністерде нитрат–иондар РЕК артық емес болды.

Осылайша, негізгі молекулярлы деңгейде адамдардың денсаулығын қалыптастырудағы химияны оқытпау, химиялық білім адам денсаулығына әсерін бағалау, химиялық экспериментті қалыптастыру дағдысының мониторингі негізінде, әр түрлі нысандардағы химиялық элементтердің мөлшерін анықтау химиялық есептерді шешуге мүмкінді береді.

Ғылыми ебектің негізінде және нитраттарды анықтау әдістемесін оқу үрдісіне, мектептерге сабақтан тыс жұмыс ретінде ұйымдастырып енгізу керек.

Әдебиет:

 

  1. Пидкасистый, П.И. Педагогика. Учебное пособие для студентов пеадагогических вузов и педагогических колледжей/ под ред. П.И. Пидкасистого. - М.: Педагогическое общество России, 2005. - 608 с.

  2. Яндыганов, Я.Я. Экология: учебное пособие/ Я.Я. Яндыганов. - Екатеринбург: Изд-во Урал. гос. экон. ун-та, 2001. - 110 с.

  3. Борисов В.А. Экологические проблемы накопления нитратов в окружающей среде, 1990. -128 с.

  4. Габович Р.Д. Припутина Л.С. Гигиенические основы охраны продуктов питания о   вредных химических веществ, 1990. - 345 с.

  5. Волкова Н. В. Гигиенические значения нитратов и нитритов в плане отдаленных последствий их действия на организм, 1980. – 290 с.