Увага! Всі конференції починаючи з 2014 року публікуються на новому сайті: conferences.neasmo.org.ua
Наукові конференції
 

БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ КӘСІБИ ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚАСПЕКТІЛЕРІ

Автор: 
Назым Жанатбекова (Толдыкорган, Казахстан)

Еліміздегі жоғары кәсіби білім берудің көп деңгейлі құрылымы және жоғары мектептің халықаралық білім беру жүйесіне жоспарлы интеграциялануы, жоғары оқу орнын қазіргі заманның талаптарына сай басқару мәселелері жаңа тәсілдерді талап етеді. Болашақ мұғалімдердің кәсіби шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуына, олардың білім беруде кредиттік технологияны енгізу шарттарында кәсіби хабардарлығының бейімделуі жоғары оқу орындарында оқу процестерін ұйымдастыруда сапалы өзгерістердің қажеттілігін көрсетеді.
Республикамыздың Білім және ғылым министрлігі “Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын” дайындап [1], көрсетілген кезеңдердегі білім қызметкерлері мен білім беру мекемелерінің міндеттерін анықтаған болатын.
Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне енуі жоғары оқу орындары Халықаралық стандарттау ұйымы (ISO – International Standard Organisation) дайындаған 2000 жылғы нұсқаудағы ISO 9000 стандарттар сериясының талаптарынан кем түспейтін, ұлттық ерекшеліктеріміз ескерілген сапалы білім беру қызметін ұсынғанда ғана мүмкін болады. Себебі, біздің ғасыр - білім, ғылым және сапа ғасыры. Осы үшеуі элитарлық білімнің негізі болып табылады. Біз жоғары оқу орындарын тек білім беруші мекеме деп қарайтын біржақты түсініктен арылып, оның ғылымның бастауы және кіндігі деп түсінгеніміз жөн, өйткені, элитарлық білімді ғылым жетістігінсіз беру мүмкін емес, ал оның деңгейін анықтайтын өлшем - сапа. Ендеше, жалпыға бірдей жоғары білім беруден элитарлық жоғары білім беруге біртіндеп көшуіміз қажет [2]. Біздің қарастырып отырған көкейкесті мәселеміз болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау болғандықтан, осы сала туралы баяндаймыз.
Заманның жаңа даму сатысында білім беру жүйесі қоғамның жаңа экономикалық саясат, әлеуметтік және интеллектуалдық деңгейіне сай келуі тиіс.

Осыған орай кәсіби білімнің мақсаты, мазмұны және оны оқыту тәсілдері қайта қаралып, оқу жүйесін реттеу, жетілдіру, ұйымдастыру мәселелері зерттеліп, өз шешімін табуды қажет етеді.
Жаңа тұлғаны тәрбиелеу мен оқытуда жоғары мектептің алатын орны ерекше. Оның қызметі үнемі жетілдірілуде. Жаңа заман талаптарына сәйкес жоғары мектептің дамуы көптеген қоғамдық- әлеуметтік мәселелерді шешуді қамтамасыз етуі қажет.

«Білім деңгейін жетілдіріп, дамытпаған ел ХХІ ғасырда жоқ болып кетуі ықтимал». 2006 жылғы Жолдауында Мемлекет басшысы: «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі», 2007 жылғы Жолдауында «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі – тиісті білім мен іскерлік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі тиіс»- деп қадап айтса, 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында бұл ойлары әрі қарай жалғасын тауып жатыр: «Жоғары білім сапасы ең жоғары ха¬лық¬аралық талаптарға жауап беруі тиіс. Елдегі ЖОО-лар әлемнің жетекші универ¬си¬теттерінің рейтингіне енуге ұмты¬лулары керек» - деп атап көрсетті.
ХХІ ғасырда тиімді білім беру жүйесін жасайтын жас ұрпақтың ақыл ой және рухани потенциалын барынша дамытуға мүмкіндігі бар ұлт қана озат бола алады[3].
Бүгінгі таңдағы жоғары білімнің мақсатына жаңаша түсінікпен қарасақ, оны дамытудың басты стратегиялық бағдары - өмірге жауапкершілікпен қарайтын, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, шығармашылық ойлауға дағдыланған, іскерлік қабілеттілігі биік, гуманистік ойлауы басым, заманауи білім беру технологияларымен қаруланған, адамгершілік қасиеттері мол білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру болып табылады.
Жоғары мектептің негізгі бағыттарының маңыздысы арнайы кәсіби білім беру, сондықтан білім беру болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесінің дамуына өз үлесін қоса алатын бірден-бір фактор болып табылады. Ғылым мен техниканың дамуы болашақ мұғалімдерде ақпараттық-компьютерлік кәсіби білім мен іскерліктердің дамуына, құзырлылықтың қалыптасуына баса назар аударады. Болашақ мұғалімдердің бойында ұйымдастырушылық қызметі, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландару, берілген жауапкершілікті орындау, ұжымда адамгершілік, психологиялық ахуалды ұстап тұру қабілеттерін қалыптастыру ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Білім мазмұнын жаңарту жоғары мектеп реформасының негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Республикамыздың жоғары оқу орындары үшін мемлекеттік білім стандартының концепциясын жасауда ол республиканың біртұтас білім кеңістігінің моделін айқын анықтауға мүмкіндік береді. Жоғары оқу орындарының міндетін, қажетті білім деңгейінің кепілдігін дүниежүзілік мәдени ағарту кеңістігіне интеграциялануды қамтамасыз ету секілді маңызды проблемаларды шешу.
Кәсіби білімді дамытудың алғашқы негіздері: жаңа білім философиясы; қоғам және адам туралы ғылымдар (білім психологиясы, әлеуметтану және тағы басқалар); тәжірибе теориясы (педагогика білімі менеджменті және жобалау.)
ЖОО-ғы болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығы оқу жылдары кезінде кәсіби шеберлікке мақсатты даярлаумен қоса, педагогикалық шығармашылық қызметке дайындаумен тікелей астарласуы тиіс. Ол болашақ мұғалімнің жалпы мәдени (өмірге көзқарас), методологиялық (психологиялық-педагогикалық), пәндік блоктарды меңгеруін қамтамасыз етеді.
Жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдері ішінде математика, информатика пәндері мұғалімінің алатын орны ерекше. Мектептегі математика, информатика пәндері оқушының ойлау қабілеті мен жалпы білім дәрежесін дамытуда және тәрбиелеуде әрі жетекші, әрі жауапты орын алады. Математиканы, информатиканы мектепте оқыту оқушыларға қоршаған ортаны танып білуді үйретеді, логикалық ойлауы мен танымдық қызметтерін, шығармашылық, қабілеттерін, қалыптастыруға ұйытқы болады, оқушының зейіні мен байқағыштығын, ұқыптылық пен дәйектілік, дербестік пен жоспарлылық сияқты еңбек мәдениетін дамытуға ықпал етеді, дүниге ғылыми көзқарасын қалыптастыруға жағдай туғызады.
Ал, бүгінгі таңда өз бетінше дербес, сыни тұрғыда ойлайтын, туындаған проблемаларды көре білетін және шығармашылықпен шеше білетін адам қажет. Қазіргі қоғам – ғылым мен техниканың, технологиялардың қоғамы. Ал, оның азаматтары өз бетінше белсенді қимылдауға, шешім қабылдауға, өмірдің өзгермелі жағдайларына икемділікпен бейімделуге қабілетті болуына мүдделі. Сондықтан, қазіргі қоғамдағы білім берудің мақсаты– адамның интеллектуалдық және адамгершілік тұрғыда дамуы. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін болашақ мұғалім бойына мектепте қызмет ететін маман ретінде оларға білім беру жүйесінің стратегиялық бағыты айқын көрсетілуі тиіс. Оған оқу процесінің тиімділігі, сабақтардың жүйелілігі мен сапасы, бағдарламаның орындалу барысы білімнің тереңдігі бүкіл оқу тәрбие жұмысын дұрыс жоспарлауға игі ықпал етеді.
Болашақ мүғалімнің кәсіби бейімделу аясына негізінен мыналар кіреді: кәсіби бағдар, кәсіпке дайындық, кәсіби орнығу, мамандық бойынша студенттердің білім алу ерекшеліктері, еңбек жағдайлары. Бірақ, әр түрлі бейімделу түрлері маманның қалыптасуына әр түрлі әсер етеді. Оның ең негізгісі кәсіпке бейімделу болып табылады.
Болашақ мұғалімдерге қойылатын қазіргі заманғы талап тек таңдап алған мамандығы бойынша білімі бар мамандарды ғана емес, сондай-ақ еңбекті автоматтандыру үшін заманауи ақпараттық технологияларды қолдануға қабілетті мамандарды талап етеді. Оқу үдерісін ұйымдастыруда заманауи білім беру технологияларын қолдану қазіргі оқыту әдістерінің ерекше белгісі болып табылады.
Педагогикалық ғылымның жаңа бағытта өрбуі, білім беру жүйесінде жоғары дәрежелі, жан-жақты сапалы біліммен қамтамасыз ету арқылы ұлттық, мемлекеттік саяси, экономикалық және ел мүддесі тұрғысынан туындаған мәселелерді шеше алатын жоғары дәрежелі мамандарды даярлауды талап етеді.
Болашақ мұғалімдердің ақпараттық-компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалану даярлығын жүзеге асырушылардың көпшілігі өз зерттеулерінде ақпараттық-компьютерлік технологияларды оқытудың барлық кезеңдерінде, сонымен қатар кез-келген формаларында (дәрістер, семинарлық, лабораториялык, практикалық сабақтар, аудиториядан тыс және т.б.) қолдану керек екендігін көрсетті. Болашақ мұғалімдердің ақпараттық-компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға және оның құралдарын жасауға даярлау жоғары білім берудің заманауи талаптарының көкейкесті мәселелерінің бірі болып табылады.

Қорытындылай келе, қазіргі кезде ғылым мен техниканың жетістіктерін, заманауи білім беру технологияларын кәсіби маман даярлау процесінде пайдалану маңызды екендігі, ал бірақ сол негізде болашақ мұғалімдерге білім беру әлі де жеткіліксіз екендігі айқындалды. Бұл бағытта болашақ мұғалімді кәсіби даярлаудың арнайы тұжырымдамалық бағыт-бағдарының негізін анықтап, құрылымдық-мазмұндық моделін ұсыну қажеттігі туындайды.

ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 39 Қаулысы.
2. Беркімбаев К.М. Жоғары оқу орнында ISO 9001-2001 халықаралық стандартын енгізудің ерекшеліктері. МНП конференция "Новые образовательные технологии в ВУЗе: теория и практика", 2012 г., МКТУ им. Х.А.Ясави, г.Туркестан.
3. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. - Астана: Елорда, 2012. – 48 б.
4. Сластенин В.А. Формирование личности учителя в процессе профессиональной подготовки.- М.: Педагогика, 1912. - 236 с.