Увага! Всі конференції починаючи з 2014 року публікуються на новому сайті: conferences.neasmo.org.ua
Наукові конференції
 

ЖАСӨСПІРІМДІК ЕЛІКТЕУШІЛІКТІҢ НЕГІЗГІ ФОРМАЛАРЫ

Автор: 
Ляззат Кабанбаева (Казахстан, Талдыкорган)

Қазір барлық елдер мен мемлекеттер бір күндікті жаһандану жағдайында өмір сүруге бейімделуде. Негізгі кіндігі еркін таңдау және жеке бастама жасай алатын жеке адам бостандығы идеясына негізделген Батыс өркениетті болып отыр. Соңғы жылдары жаһанданудың бір тетігі ретіндегі батыстану – бұл тек батыстың технологиялық жетістіктері, экономикалық өндірісті ұйымдастыру тәжірибелері мен ғылыми – техникалық мәдениетін қабылдау ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік реттеудің (адам құқығы, жеке адамның тұлғалық тұрпаты, діни сенімі, ұлттық төзімділік, әдептілік, т.б.) мәдени өркениеттік қалыптар кешенін де қабылдау екенін түсінген дәстүрлі қоғамды жақтаушылардың табанды қарсылығына тап болуда. Бұл тұрғыда негізгі келіспеушілік өркениеттердің өзара кірігуі мен ұштасып кетуіне қарсылықта болып тұр. Анығырақ айтқанда, жаһандану барысында Батыс мәдени құндылықтарының басымдық танытуы жергілікті халықтың байырғы төлтумалық сипатының жоғалуына түрткі болуы мүмкін деген қауіпке әкеліп тірейді. Өйткені, өткен ғасырдың орта шегінен айтыла бастаған өркениет бәсекесі қазір шын мәнінде ақиқатқа айнала бастады [1].

Бәсеке бүгінгі күні экономикада, саясатта, идеологияда, мәдениетте, білімде, ақпаратта, технологияда, т.б. салаларда қызу қарқынмен жүріп жатыр. Батыстың білімі, ғылымы, техникасы, технологиясы, біздер үшін өте қажет бірақ, Батыс өркениетінің қоршаған ортаға тек пайда табу көзі деп қарауға үйретуі, оны технологиялық тұрғыдан бөлшектеп сату түрінде түсіндіруі, бұл мәселе бізге үлгі бола аламайды. Сондықтан Батыс өркениетіне шамадан тыс еліктеушілік жақсылықтың нышаны емес. Айрықша мән беретін мәселенің бірі – қазіргі еуропалықтардың мінез – құлқына рухани болмысына еліктеу мен солықтау жағынан біздің қазақ жастары бәйгенің алдын берер емес. Әсіресе, ұлы Абай «Арсыз болмай мал қайда, айлакер болмай бақ қайда?» - деп таңбалап айтқандай таза қазақтар мен шала қазақтардың қоғам байлығын «заңды жолмен» талап алып, бойына сіңіріп қалу үшін азаматтық қоғам деген модельге бас ұрып, насихаттап жатуы жай нәрсе емес. Бұл танымға ұлтсызданған тоғышар пиғылдағы ұлттық буржуазия мен осы пиғылды іштей жақтаушы кейбір саяси биліктегілердің мүддесі жақын тұрғандай сезінеді [2].

Бүгінгі таңдағы егемен елімізді жатсызданудан, рухани азғындау мен еліктеушіліктен арылудағы ең басты міндеттері – қазақи рухани органын қалыптастыру, тарихи сананы тереңдету, өзіндік өркениетті, мұсылманшылдық дәстүрді жаңғырту болып отыр. [33, б.46-45].

Алайда, қазіргі уақытта жастардың арасында рухани еліктеушілік құбылысы ұлғайып, көптеген ғалымдармен зерттеушілерді толғандыруда, бұл мәселе әлі де толық шешілмеген күйінде қалып тұр. Соңғы кезде мемлекетімізде қоғамымызды нығайту үшін ұрпақтың тәрбиесіне көп көңіл бөлініп жүр. Баланың субмәдениеті – қоғамның ең әлсіз жері болып табылады[4, б.21-23].

Енді рухани азғындаудың көзі болып тұрған – еліктеушілік ұғымдарына ғылыми анықтамалар беріп көрейік. Еліктеушілік (имитация; латын тілінен аударғанда imitatio - еліктеу) – басқалардың мінез құлқын өзіне көшіру процесі. Еліктеу ерікті және еріксіз болуы мүмкін. өз әрекетін басқаның үлгісімен модельдеуге тырысу. Бұл терминді «мимикрия» терминінен ажырата білу керек. Бұл термин, сондай – ақ имитациялық әрекет механикалық түрде орындалады деп түсіндіріледі. Бұлай сипаттау қате. Мысалы, бала шешесінің әрекетіне немесе топтағы құрбылармен ойнаудағы өзара әрекет тәсілдеріне тек еліктеп қана қоймайды, мұндағы мінез – құлық өте күрделі, оған механикалық процесс деген түсінік беруге болмайды. Еліктеудің мұндай түрі бала оның топтағы әлеуметтік моделін реттейтін негізгі ережелерді білу керек деп түсіндіреді. Бұл терминді жеңілдету үшін көбінесе «үлгілеу» термині қолданылады [6, б. 576] [7] [8].

Еліктеушілік ретінде – бір ғана адам емес,бір неше адамдар тобы, кей кезде ұлт болған жағдайда еліктеушілік жүзеге асады. Мұндай еліктеушіліктің шырмауына байланған адам – қандайда бір зұлым идеялогияға мойын ұсынады. Дәлірек айтсақ қазіргі кездегі жаһандану үрдісінде жүріп жатқан батыстану саясатына басымен ауған жастар да аз емес қой. Батысқа еліктеймін деп өзінің ұлттық намысы мен мінезін, ар-ұятын ата-бабалардан мұра боп қалған салт-дәстүр мен әдет-ғұрпын түгелдей жоғалтып жатыр субмәдениеттің бұл бағытында негізгі күш ретінде – еліктеу болып табылады [9, б.25-27].

Батыстан келген, дініміз бен дәстүрімізге қайшы келетін тұрмыс – тіршілік - өмір ережелері, музыка түрлі сериалдар,әдеттер және теріс қылықтар жастарымызды ешбір қара күшсіз бағындырып жатыр. Дәл осы үрдіс - еліктеушілік болып табылады. Шынында да ұлтымыздың құрып кетуіне қазіргі кезде үлкен қауып төніп тұр. Қазіргі уақытта жастарды тәрбиелеуде, қалыптастыруда ерекше роль атқаратын фактордың біріне – БАҚ құралдарын жатқызуымызға болады. Атақты ұлтшыл Гитлер: «ұлтты құрту үшін күш жұмсау қажет емес, тек сол елдегі жастарға азғынды музыканы тыңдату қажет», - деп айтқан екен. Әсіресе, телевизияның жастарға тигізетін әсері де мол. Өсіп келе жатқан жасөспірім өзінің жүріс-тұрысын, әдет – қылығын, сөйлеу мәнерін теледидарға қарап, түзейді. Ол теледидардан тек жағымды әдеттерді ғана алмай, сонымен бірге теріс, бұрыс әдеттерді де иемденеді, телеэкрандағы жын – ойнаққа қарап бой түзейді . Қазіргі балалар – практик. Оларды таңертеңнен кешкі саған 4-5 ке дейінгі уақытын сабақта өткізіп, үйлеріне кешке оралады.Одан кейін уақытын теледидармен өткізеді. Ол аз болса компьютер, интернет бар. Интернет – жастардың жауы. Жастар «мой мирға» кіріп алады да, 4-5 сағат уақыты сонымен өткенін білмей қалады. Шын мәнінде одан алатын пайдалы ақпарат шамалы. Тек уақытты өткізуге ермек болады. Сонымен қатар олар өздерін иллюзиялық әлемінен шығара алмайды. Яғни виртуалды өмірде сүріп жүреді. Сөйтіп интернеттің шырмауында қалып, еліктей береді. Жас ұрпақты азғыруда шектен шыққан шетелдік сериалдарда телеарналарымызда аз емес. Сонымен қатар бүгінгі күнде ток – шоу жанрындағы жобалардың көптігі сондай, жеңіл өнімдердің көрермендердің құқтығы асыра қолдауға ие болып алды. Бүгінгі теле аудиторияның дені жеңілтек немесе жасөспірім бала – шалаға айналып кетпеген болар. Бұқаралық сипаттағы жобалардың болуы шарт. Бірақ бұл қазіргі уақытта элиталық көрермен үшін әлемдік арналар базарында жүріп жатқан саудаға біздің тағыда немқұрайлық танытып отырғанымызды көрсетеді [10, б.20].

Ал, еліміздің болашағы – жастар, ал олардың рухани азғындауы – ұлттың құрумен тең десек те артық айтпаймыз [11, б.12].

Жасөспірімдік шақта ересек адамға, жолдасына, өзіне баға бөлгенде білім,оның ауқымы мен тереңдігі мәнді өлшемге айналады. Осыған байланысты VII-VIII сыныптарда жасөспірімдердің бірқатарына өзінің жалпы білім дәрежесін көтеруге өнерінің өнер саласында - әдебиет, музыка, кескін, театр саласында – білім алуға ұмтылу пайда болады. Көбіне мұндай ұмтылудың негізгі жолдастарымен әңгімелескеннен шығады; олардың жан - жақты хабардарлығы арқасында әңгімелесу жасөспірім үшін қызғылықты болып,әрі оның өз білімсіздігін айқын көрсетеді. Жасөспірімнің өзін-өзі жетілдіру жөніндегі іс-әрекеті әуелде мезгіл – мезгіл, әр түрлі бағытта, ұйымдаспаған түрде болады. Білім алу жасөспірімдердің бірінде бірдей субъективті қажетті іс-әрекетке айналады. Осыған қарамастан, бәрін білсем деушілік және бәріне зейін қойғыштық - жасөспірімге тән ерекшеліктер. Ол жаңа қызықты, маңызды дегеннің бәрін қабылдауға құмар, әр алуан деректерді бірін қалдырмай сіңіріп алады, бірақ бәрін білсем деген ниетпен басым бағыты әр түрлі болуы мүмкін. Қайсыбір себептермен жасөспірімнен жасырған мазмұны оны білсем деген ниетін басым бағытты әр түрлі болуы мүмкін. Ол мазмұны оны білсем деген ынтаны арттыра түседі.

Еліктеушілік қазіргі уақытта өте көп кездеседі. Мысалы, оған жүйелік маркетингті жатқызуға болады, себебі бұл маркетингтің ұйымдастырушылары тұтынушылары арқылы баюды көздейді және ең ғажап өздері шығарған өнімдерді өздері қолданбай-ақ, оларға жарнама жасап тез ақша табуды ғана ойлайды. Осындай жүйелі маркетингтің семинарларында гипнозға түскен адамдар секілді ал деген затты шексіз ала береді, және олардың көздеріне қарасақ, психикалық ауытқуы бар, ауру шизофрениктерге ұқсайды бұның барлығы жастарымыздың сауатсыздығы мен бей мәлімдігінің салдары, осы құбылысты фанатизмге жатқызсақ шатастырамыз.

Фанатизмнің құрбанына ақыл-ойы кем адамдар мен моралдық – эмоционалдық сферасы нашар,еліктегіш адамдар жиі түседі.

Фанатизм (fanaticus –құрбандық ) - индивидтің белгілі бір сенімдерге басқа бір ешқандай баламаны қабылдамайтындай болып қалтқысыз берілгендігі.

Фанатизм – топтық психологияның феномені. Бір-біріне тәнті болудан қолдау табатын фанатиктер үшін көтеріңкі эмоциялық, өздерінің көзқарастарын қуаттайтын кез келген ақпаратқа парықтамай қанаушылық,тіпті тілектестік сынның өзін қабылдаушылық тән ].

Фанатизм екінің бірінде идеологиялық сипатта болады. Өзінің аты жоқ, тек біреудің билеумен жүрген бұл байқұстар еліктеушілікке қалай айналып кеткенін де аңғармайды. Еліктеушіліктің бір ерекшелігі – ол әлеуметтік еліктеушіліктегі программист емес адамда асқан зұлым айлакер тек пайдасын ойлайтын эгрегор болып табалады, бұл эгегор өзіне құрбан ретінде психикасы әлсіз, эмоционалды адамды іздеп табады, және сол еліктегіштерді аяғына дейін азғырады. Көбінесе, фанатизм діни сфераларда өркендейді. Осының шырмауына түскен еліктегіштер ақылдан кетіп, алдына қойған мақсатынан айрылып, отбасынан бас тартып, денсаулығына зиян келтіріп қайдағы бір идеяны алып шығуды күні-түні ойлайды[12, б.103-104].

Жаңа заман көптеген дүниелердің даму шыңына жеткен, жаңа лептің бастау алған кезеңі болды. Ол тек техникалық жетістіктер, ғылыми ашылуларға ғана байланысты емес. Сонымен қатар рухани, мәдени жаңашылдықтың да белең алған уақыты. Сондай заман нәтижелерінің бірі – фанатизмнің (табынушылықтың), психологиялық талғамдағы ұқсастықтың белгілі адамдарды ұлтына, жынысына қарамай, бір идея толқынына біріктіруі, яғни «субмәдениет» ұғымының қалыптасуы. Бұл үрдіс көп кешікпей Қазақстанға да келді. Субмәдениет өкілдерін, қала көшелеріне шықсаңыз, міндетті түрде көресіз және бірден танисыз. Өйткені олардың киім киістері де, өздерін ұстауы да, сөйлеулері де өзгеше. Жастар оларды көргенде «керемет» деп тамсанады, қызығып, еліктейді, ал үлкендер «жастар қайда барады» деп күрсінеді, енді біреулер «бәрі ерекшелену үшін» деп жақтырмай да жатады. Осылайша, сан қырлы пікірлер кете береді. Әлеуметтік жас топтарының ішіндегі жастардың проблемасы субкультура мен социокультуралық динамикасы деп қарастыру керек. Жаңа жастардың өміріне енген субкультура қоғамдағы өзгерістерге әсер ететін өз тарихын шыңдауда.

Жастар субмәдениеті - жастардың үлкендер әлеміне толықтай бейімделуі жүр­геннен соң, әрі қарай өз мәнін жоятын да­мудың белгілі бір кезеңі, яғни жеке адам дамуының өтпелі сатысы. Жастардың рес­ми емес қатынастары және олардың өз­деріне ғана тән мақсаттарын табуы жеке суб­мәдениеттің қалыптасуының себебіне ай­налады. Жастар субмәдениеті – киген киімнен, сөй­леу мәнерінен, жаргондардан және ай­р­ықша әуестенулерден көрініс табатын үл­кендер әлеміне, қоғамның ережелері мен құндылықтарына деген өзіндік қар­сы­лық. Белгілі бір субмәдениеттің өкілі болып та­­былатын жастардың психологиялық ерек­­шеліктеріне келер болсақ, ол мына бір жайттардан көрініс табады: ата-ана­ла­ры мен мектеп тарапынан болатын ба­қы­лау­лардан босауға деген ұмтылыстан, эмо­­цияға аса берілгіштіктен, жасөспірімдік әсі­­релеушіліктен, өмірге қатысты ой­ла­ры­ның тым мінсіздігінен, адамгершілік ұс­та­ным­­дарының тұрақсыздығынан, жеке ада­ми құндылықтарының қалыптас­па­уы­нан [13].

Әдебиеттер:

1.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан -2030. Қазақстан халқына Жолдауы.

2.Назарбаев Н.Ә. Менің арманым да, мұратым да – Қазақстан халқын бақытқа жеткізу.// Жұлдыз, Алматы, 2000, №, 19 б.

3.Түрікпен – ұлы Ж., Мұздыбаева Б. Жас шақтарының психологиялық ерекшеліктері. // Тәрбие психологиясы: оқу құралы. – Алматы: Зият – Пресс, 2008, 36-45 б,

4.Тойшыбеков Т. Тұмашбай Қоғамда еліктеушіліктің қалыптасуының ілкі себептері. // Мектептегі психология 2007,№2,21-23б.

5. Левикова С.И. Молодежная субкультура. 2004,

6.Педагогика және психология түсіндірме сөздігі. Алматы , Мектеп 2002.

7.Философский энциклопедический словарь. М, ИНФРА-М, 2001,576 б.

8.Ожегов С.И. Словарь русского языка. М, Русский язык 1983.

9.Лепешев Д. Зомбирование как фактор динамики процесса современной молодежной и детской субкультуры // Воспитание Школьника 2007. №3,25-27б.

10.Жанбаба Қ. Шектен шыққан шетелдік сериалдарға қашан шектеу қойылады? //Арай 2009, №3, 20 б.

11.Ақынбайқызы А.Қорғансыз қазақ көрерменін кім ойлайды? // Айқын 2010, № 38,12 б.

12. Ребер А.С. Большой толковый психологический словарь// М., 2003.103- 104 б.

13.Әбдірайымова Г. Жастардың субмәдениеті – үлкендер әлеміне жасалған қарсылық. // Интернет желісі.

Ғылыми жетекші:

ә.ғ.д., профессор Аралбаева Рысжамал Кадыровна.