Автор:
Айжан Серік (Караганда, Казахстан)
Кәсіпорынның заңды және жеке тұлғалар алдындағы кредиторлық қарыздары бухгалтерлік есеп жүйесінде міндеттемелер деп аталады. Кәсіпорынның бұл міндеттемелері қатарына – еңбекақы кіреді. Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі және қосымша деп аталатын екі түрге бөлінеді. [6. с. 57]
Негізгі еңбекақы- жұмысшылар мен қызметкерлердің нақты жұмыста болған уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төмендегі аталғандар жатады:
- Мерзімді және кесімді еңбекақы.
- Сыйлықтар мен сыйақылар.
- Үстеме сыйлықтар.
Қосымша еңбекақы - еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген , жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады. [5, с. 34]
Жұмыс беруші, еңбек және коллективті келсім шартқа және заңға сәйкес, жұмыстың көлемі мен сапасын, әрі қиындығын ескере отырып, жұмыскерге еңбекақы төлеуге міндетті. Жекелей еңбек пен коллективті жұмыс нәтижесіне қарай ақы төлеу мүмкіндіктері де қарастырылады. Жеке еңбек келісім шартында, міндетті түрде еңбекақы төлеу шарттары қарастырылады. Еңбекақы көлемін жұмыс беруші тағайындайды және оның мөлшері заңмен бекітілген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.
Еңбекақыны есептеу әр мекеменің өзі қабылдаған штаттық кестесінің негізінде, еңбекақы төлеу жүйесі мен формасына сай, жұмыс уақыты табелін толтыру арқылы жүргізіледі. [1, с. 19]. Кез келген мекемеде қызметкерді жұмысқа алу, босату үшін немесе іс- сапарға жіберу үшін мекеме басшысының бұйрығы керек. Еңбекақы есептеген кезде бекітілген ставка бойынша жеке табыс салығы, сонымен қатар, зейнетақының жинақтау қорына аудару үшін 10% көлемі ұсталып қалынады. Еңбекақы қорына байланысты әлеуметтік салық пен қамсыздандыру жарнасы есептеліп, оны ұйым төлейді. Еңбекақы ұсталуға тиісті міндетті төлемдер ұсталып болғасын, төлем ведомосы бойынша еңбеккерге төленеді.[3, с. 8]
Төлем ведомосын төлеу уақытын көрсете отырып, мекеме басшысы бекітеді. Ведомосты жабар кезде , кассир немесе бухгалтер, әртүрлі себептермен төленбей қалған соманы тексеріп және оларға « төленді » деген штамп басылады. Ведомость бойынша төленген еңбекақының сомасы, кассалық шығыс ордердегі және кассалық кітаптағы сомаға сәйкес келуі тиіс. Еңбекақы бойынша есептесу 3350 « Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді алашақтар қарызы » деп аталатын счеттар тобында жүргізеді. Еңбекақы жүйесіндегі негізінен екі түрлі формада қолданылатыны белгілі – уақытына қарай және өнім көлеміне қарай төлеу жүйесі.
Мысалы Қазақстан Республикасының колледждерінде еңбеккерге сыйақы ретінде ақшалай қаржы төлеу, жұмысты ықтиятты түрде орындап, оның сапалы, тез арада атқаруын ынталандыру үшін сыйақы беру қолданылады. Колледжде еңбекақы төлеу жүйесінде қосымша , еңбеккерге жыл қорытындысы бойынша материалды үстемелер төлеу шарттары қарастырылады. Колледжде жыл қорытындысы бойынша төленетін материалдық көтермелеулер, сыйақы төлеудің қосымша бір түрі болып табылады және еңбек ұжымы, ұжымдық келісім шартта көрсетедің және жүмыс берушінің актілерінде арнайы қарастырады. Еңбекақы негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді. Негізгі еңбекақы еңбекақының басты бөлігі есебінде лауазымдық жалақылардан тұрады. Қосымша еңбекақының элементтеріне лауазымдық жалақыға қосымша берілетін сыйақылар мен материалдық ынталандырулар, басқа да түрдегі төлем ақылар жатады.
Еңбек туралы заңға сәйкес, ұжымдық келісім шарт бойынша, колледждің еңбеккерлеріне жалақы ай сайын кем дегенде бір рет төленуге тиісті. Еңбекақы бойынша , оны есептеп, рәсімдеу үшін пайдаланылатын регистр, ол есептеу ведомосы болып табылады. Аналитикалық есептің бұл регистрі әрбір табель нөмері, жұмыскерлердің категориясына сай және еңбекақы түрлері мен одан ұсталатын сомалар бойынша жеке жасалынады.
Колледжде еңбекақы беруі былай іске асады еңбекақы бойынша бухгалтер еңбекақыны есептеп міндетті ұсталымдарды ұстап банкке, яғни жеке тұлғалардың есеп карточкасына аударады. Аударылған ақша 2 сағат көлемінде әр еңбеккердің карточкасына келіп түседі. Колледжде қызметкерлер мен жұмысшыларға еңбекақы негізгі еңбекақы және мерзімді еңбекақы бойынша есептеледі. Өйткені бұл оқу орнында сағаттық мұғалімдер де бар. Олардың жалақысын есебіне мысал келтірсем:
№1. Мұғалім А –ның жалақысы штаттық кесте бойынша 65 000 тг деп белгіленген. Ақпан айында 20 жұмыс күні болды. Мұғалім А-ның жалақысын негізгі еңбекақы бойынша есептеймін.
МЗЖ= 65 000*10%=6500тг
ЖТС= ( жалақы –МЗЖ — ең төменгі жалақы)*10%
Осы формулаға сала отырып жеке табыс салығын табамыз.
ЖТС= (65 000тг- 6 500тг- 15 999)*10% = 4250,1тг
Алатын жалақысы:
65 000 тг- 6500тг – 4250,1=54 249,9тг
Әлеуметтік салық ( жалақы қоры- зейнетақы жарнасы)*11%
65000-6500*11%=6435 тенге. Соның ішінде әлеуметтік жарна 5% =321,75
Әлеуметтік салық 6435- 321,75= 6113,25
Дт
|
Кт
|
Сомасы (тг)
|
8113
|
3350
|
65 000
|
3350
|
3120
3220
|
4250,1
6 500
|
3350
|
1010,1030
|
54 249,9
|
8113
|
3150
|
6113,25
|
8113
|
3210
|
321,75 [4, с 3]
|
№2. Мұғалім Б-ның 1 сағаттық жалақысы – 463тг. Ақпан айында ол 48 сағат жұмыс істеді. Мұғалім Б-ның жалақысын сағаттық ставка бойынша еңбекақы төлеу жүйесі бойынша жалақы мөлшерін анықтаймын.
463тг* 48сағ=22 224тг
МЗЖ= 22 224*10%= 2 222,4тг
ЖТС= (22 224тг- 2 222,4тг- 15 999тг)*10% = 400,26тг
Алатын жалақысы:
22 224- 2 222,4- 400,26=19 601.34 тг
Әлеуметтік салық ( жалақы қоры- зейнетақы жарнасы)*11%
22 224-2 222,4*11%=2200,176 тенге. Соның ішінде әлеуметтік жарна 5% =110,0088
Әлеуметтік салық 2200,176- 110,0088= 2090.1672тг
Дт
|
Кт
|
Сомасы (тг)
|
8113
|
3350
|
22 224
|
3350
|
3120
3220
|
400,26
2 222,4
|
3350
|
1030
|
19 601,34
|
8113
|
3150
|
2090.1672
|
8113
|
3210
|
110,0088
|
Шаруашылық операция мазмұны
|
Дебет
|
Кредит
|
Қызметкерге кассадан жалақысы берілді
|
3350
|
1010
|
Жеке табыс салығын ұстау (10%)
|
3350
|
3120
|
Жеке табыс салығы бюджетке аударылды
|
3120
|
1030
|
Зейнеткерлік жинақтау қорына міндетті түрде аудару үшін ұсталған зейнеткерлік жарналар (10%)
|
3350
|
3220
|
Еңбекақыдан несие сомасы ұсталды
|
3350
|
1252
|
Мекеме кассасынан алынған несие
|
1252
|
1010
|
Еңбек ақы есептеу
|
7210,8113
|
3350
|
Еңбеккерлердің карт-счетына аударылған еңбек ақы сомасы
|
1040
|
1030
|
Әдебиттер тізімі:
-
ҚР «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Заңы. 17.07.2009 №188
-
«Қазақстан Республикасындағы аудиторлық әрекет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 28.08.2009 №192-IV
-
«Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заң. 10.12.1999
-
Бухгалтерлік есеп шоттарның үлгі жоспары. ҚР Қаржы министрлігі 2007ж №185
-
Абленова.Д.О. Аудит негіздері/ Оқулық-Алматы 2005ж
-
Қабылова.Н.Қ. Бухгалтерлік есеп/ Оқу құралы-Астана 2008ж
-
Нұрсейітов.Е.О. Ұйымдағы бухгалтерлік есеп/ Оқу құралы-Алматы 2009ж
Ғылыми жетекші:
Экономика ғылымдарының магистрі Ламбекова Айгерім Нұрланқызы.