Автор:
Сулушаш Тусупбекова, Айгерим Ламбекова, Динара Сыздыкова (Қарағанды, Қазақстан)
Халықаралық қаржы нарығындағы, ұлттық қаржы бағамынын төмендеуі, қаржы резервінің азаюы, мемлекеттіңтөлейтін балансы және тез арадағы сауданың төмендеуімен байланысты, ұлттық ақша бірлігінің тұрақты құндылығының заңды дәрежеде төмендеуі, құнсыздануы.Девальвация ашық және жасырын деп бөлінеді. Ашық девальвация заңи тұрғыда танылған девальвация, алтын қорынан өтелмейтін көлемде қағаз ақшаларды айналыстан алу немесе айырбастау есебінен валютаның ресми бағамын төмендету, гиперинфляциядан кейін валютаны тұрақтандыру әдісі. Жaсырын девальвация — ресми жария етілмеген девальвация, мемлекеттің құнсызданған ақша купюраларын айналымнан алмай-ақ ақша өлшемінің нақты алтын баламын төмендетуі.Ал бүгінгідей әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында девальвацияның артықшылығы мен кемшілігі де бар. Бірінші жағынан, әлемге түгелдей жайылған қаржы дағдарысының әсерінен несие нарықтары құлдырап, мұнайдың және басқа да шикізаттардың бағасы төмендеді. Бұл жағымсыз құбылыс Қазақстанның ұлттық экономикасынан да айтарлықтай сезілуде. Елімізде қолма-қол валюта ағынының азаюынан қаржы көлемінің өсу қарқыны төмендеді. Сондай-ақ несиеге деген пайыздық мөлшерлеменің жоғарылауы мен халық табысының азаюы тауар сатып алушылардың белсенділігін төмендетті.Екінші жағынан, девальвацияны қолданудан әуелі өнеркәсіптік өнімнің, содан соң тұтынушылар нарығындағы бағалардың өсімі баяулайтыны белгілі. Мәселен, салыстырып қарасақ: 2008 жылдың қаңтар-қарашасында инфляция 9,2 пайызды құраса, 2007 жылы қаңтар-қарашада 16,5 пайызды құраған көрінеді. Яғни, бұл процесс экономикалық тұрақтылықты сақтауға септігін тигізеді деген сөз. Алайда, қазіргі жағдайда теңге бағамын төмендетуді бірте-бірте жүзеге асырған дұрыс. Себебі, девальвация экспорттың өсіміне жол ашып береді. Импорттық тауарлардың бағасы өскенімен, олардың отандық тауарлармен бәсекелестігі төмендейді. Яғни, импортқа белгілі бір дәрежеде шектеу қойылады.
Сондықтан, еліміздегі экономикалық ахуалды жақсарту және отандық өндірісті дамыту үшін доллардың бағамын көтеру тиімді болады. Девальвация сондай-ақ отандық өнеркәсіпке өз нарығымыздағы шетелдік компанияларды ығыстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әлемдік дағдарыспен күрес аясында Үкімет экспортқа бағытталған салаларды дамытуды, аграрлық сектордың белсенділігін арттыруды ойлап отыр. Бұл жерде бізге девальвация қажет! Өйткені теңгенің бағамын төмендету саудалық сальдоны жақсартып, бізге капиталдың ағылуына мүмкіндік береді. Девальвацияның артықшылығын бірнеше рет осы тәсілді қолданған Ресейдің тәжірибесінен көруге болады. Соңғы күндері, әсіресе, Григорий Марченко қызметінен кеткелі, «теңгенің бағамы әлсірейді, алда девальвация күтіп тұр» деген сыбыстар көп айтылуда. Ал Марченко кетерінен бұрын девальвация болады деген дақпыртқа сеніп, ынғайсыз жағдайда қалмау керектігін және мұнай бағасының халықаралық нарықтардағы бағасы жоғары болып тұрғанда теңгенің құнсызданбайтынын мәлімдеген болатын. Кейбір сарапшылар Марченконың кетуін осы алда күтіп тұрған девальвациямен байланыстырады. Бірақ бұндай мәлемдеменің негізсіз айтылғаны анық. Марченко «девальвация, егер көршіміз ресейліктер өз рублін девальвацияға ұшыратса ғана, біздің теңгеге де әсер етуі мүмкін, оған мұнайдың халықаралық нарықтағы бағасының төмендеуі ғана ықпал ете алады. Әзірше , мұнайдың таяу жылдары өз позициясын беретін түрі байқалмайды. Сондықтан алдымен мұнай бағасының беталысына қарай болжам жасауы тиіс» деген болатын. Бірақ Марченко тек сыртқы факторларды ғана есепке алды, ішкі нарықтағы валюталық саясатқа талдау жасамады.
Жақында ғана Мұнай-газ министрі Ұзақбай Қарабалин көмірсутек бағасына төніп тұрған қауіптің жоқ екендігін айтты. Оның Kazenеrgy еуразиялық форумында айтқан пікірі бойынша 2030 жылы мұнайдың бір баррелі 150 доллардан айналуы мүмкін. Ал осы онжылдықта бір баррель 120 доллар деңгейіне дейін көтерілуі ықтимал екен. Шындығына келгенде, әлем қанша жерден энергияның балама түрлерін тауып, оларды қолданса да, мұнай мен газ әлі де талай жылдар бойы негізгі қуат көзі болып қала беретініне сөз жоқ.
Қарабалин мырзаның айтуынша, АҚШ қатты көмірсутек өндірісін белсендіре түсуге ұмтылуда. Өйткені бұл мақсат елді мұнай экспортын алға шығаруға ықпал етпек. Қытай болса, жетекші экспортшылар қатарына енді, алдағы 10 жылда ол осы салада көшбасшылық рөлді атқаруды көздеп отыр. Министрдің мәліметтері алдағы уақытта мұнай бағасының құлдырамайтынына сенім артса, ресейлік және америкалық сарапшылар мұнайдың алдағы 5-10 жылда бағасы 80 долларға дейін түсуі мүмкін деген болжам жасауда. Олар тіпті 2013-2014 жылдары мұнай бағасының 100 доллар төңірегінде ары-бері құбылып тұратынын айтқан болатын. Өздеріңіз көріп отырғандай, 2013 жылдың аяқталуына аз ғана уақыт қалды, ал мұнай бағасы болса, 110-117 доллардан түскен емес. Ресейлік және америкалық сарапшылар 2015-2016 жылдары мұнай бағасының нағыз топалаң түсуі басталатынын хабарлайды. Жалпы, мұнайға деген сұраныстың құлдырайтыны жайында белгілі сарапшы Степан Демураның айтқан болжамдары бар. Оның айтуынша,нағыз девальвация халықаралық нарықтардағы мұнай бағасының құлдырауынан бастау алады. Бүгінде Қазақстан экспортының алпыс пайыздайы мұнайға байланысты және ол қаржы нарығындағы табысты сала болып есептеледі. Соңғы жарты жылда ғана қара алтын бағасының 3 есеге дейін арзандауы бағамдық бағаларды қайта қарауға мәжбүр еткен.Ал кейбір отандық сарапшылар теңге девальвациясының бүгін-ақ басталып кеткенін алға тартуда. Инновациялық экономика ғылыми-зерттеу институтының директоры, сарапшы Мағбат Спанов теңге девальвациясының басталуының нышандарын еліміздегі салықты көтеру туралы шаралардан байқауға болатынын айтады. Оның пікірінше, мемлекет белгілі бір инфрақұрылымдық жобаларға резервтер іздестіруде, ал екінші бір жобаларды біржола жауып тастамақ. Себебі теңгенің долларға шаққандағы бағасы күн сайын 10-20 тиынға өзгеруде. Тағы бір сарапшы, экономика ғылымдарының кандидаты Ілияс Исаев елдің ішіндегі валюта саясаты өзгеруі керек дейді. «Марченко девальвацияға не апаруы мүмкін дегенде тек сыртқы факторларды ғана атап айтты. Мұнайдың халықаралық бағасы мен ресейлік рубльдің құнсыздануы – бұл тек сыртқы факторлар ғана. Ал теңгені байқайтын болсаңыздар олардың қатысынсыз күн өткен сайын құнсызданып бара жатқанын байқау қиын емес. Жалпы, девальвация дегеніміз, бірнеше жүздеген теңгеге өсіп кетеді деп қабылдамау керек. Өткен жылдары бір доллар 149 теңгеден айналса, биыл ол 154-ке дейін өсті. Теңгенің құнсыздануы ішкі нарықтағы тауарға, оның бағасының өсуіне байланысты жүріп келеді. Яғни бұл ақырындап тоқтаусыз жүріп келе жатқан процесс [3, 98 б.]. Айта кететін бір жайт, тек қана теңге емес, барлық мемлекеттің ұлттық валюталар осылай құнсыздану үстінде. Осыларды ескергеннің өзінде, біздің еліміздің ішкі нарығында теңгені осыншалықты құнсыздандыруға жол бермеуге шамамыз жетер еді. Ал оған мүмкіндік бермейтін мәселе – өте жұмсақ валюта саясаты. Әлемдік тәжірибеде ұлттық валютаны ішкі нарықта қорғау деген мәселе бар. Ал біз оның барлық құралдарын алып тастадық. Мұның да себебі бар [1, 25 б.]. Сырттан инвестиция тарту үшін жұмсақ валюта саясаты керек болды. Ал шетелден инвестиция тарту үшін біз неге жұмсақ валюта саясатын жүргізуге тиіспіз дегенге келетін болсақ, экономиканы дамытуға, жаңа технологиялар мен техникамен жабдықтау үшін орасан қаржы қажет. Өзімізде ондай қаражат жеткіліксіз. Экономикамыздың дамуы баяу, іштен қаржыландырушылар табылмайды. Банктердің бетін нақты секторларға бұрылмай отыр. Жалпы теңгенің құнсыздандыруға жол ашып отырған бірнеше ішкі факторлар мыналар: біріншіден, тауарлар мен азық-түлік бағаларын бақылаусыз бос жібергеніміз, екіншіден, айырбас пункттерінің иелерінің қалаған бағамды қоя салуы, үшіншіден, теңгенің ішкі нарықтағы айналымының шеңберінің тарылуы, төртіншіден, коммерциялық банктердің тізгінін бос қоюымыз. Ішкі нарықта доллардың барған сайын теңгенің айналымын тықсырып бара жатуының белгілері анық байқалады. Көлік, пәтер, жер міндетті түрде доллармен сатылады. Неге ішкі нарықта доллармен сауда жасауымыз керек дегенге сұраққа келетін болсақ, бұл адамдардың психологиялық тұрғыда долларға тәуелділігін көрсетеді. Яғни психологиялық фактор. Коммерциялық банктерге бақылауды бос қоюымыздың себебі де белгілі, олар проблемалық портфельдің астында қалып отыр. Тапқан табыстары арқылы мемлекеттің экономикасын акөмектері жоқ. Бізде банктердің бас менеджерлері (банк иелерін былай қойғанда) айына 30 мың АҚШ доллары мөлшерінде айлық алады екен. Ондай еңбекақы Америка банкирлерінде де жоқ. Олар осындай қомақты мөлшерде алатын айлықтары үшін, экономиканы дамытуға өзүлестерін қосу керек. Яғни жүйелі квалюталық саясатжасау қажет. Шетелдерден инвестиция тартуға жұмсақ валюталық саясатты қолданған дұрыс, ал іштегі валюталық саясатқа жұмсақтық жасаудың еш қажеті жоқ. Қорыта келгенде, девальвация мұнайдың халықаралық нарықтағы бағасына ғана емес, алдымен ішкі валюталық саясатқа да байланысты құнсызданады. Бізде сол процесс бүгінде жүріп жатыр. Ішкі нарықтық факторларды болдырмау үшін. Ұлттық банк валюта саясатын нығайтуы керек. Кейбір мамандар сыртқы факторлардан әзірше келер қауіп жоқтығын негізге ала отырып, экспортқа шығаратын өнімдеріміздің бағасы төмендеп отырмағанын айтады. Ресеймен екі ортада қауіп барына олар келісуде. Ресей рублінің долларға шаққандағы бағамы 6-7 пайызға төмендеді. Кей кездеріол 10 пайызға да жетіп жығылды. Яғни бізге орыс валютасының әсері тиіп тұрғанын осыдан да білуге болады. Оның үстіне қазіргі кезде олжақтан келетін тауарлардың көлемі де ұлғая түсуде. Біздің ішкі өніміміз олардыкімен салыстырғанда бәсекеде ұтылыңқырайды. Біз теңгені тек долларға ғана шағып отырмаймыз, яғни мультивалюталық кәрзіңкенің ішінде ресейлік рубль де бар. Яғни Ресей рублі девальвацияға ұшыраса, Қазақстан да өзінің бәсекеге қабілеттілігін сақтау мақсатында сондай шараларға баруы мүмкін екен. Өйткені біз Кедендік одақтың мүшесіміз, бір кемедегінің жаны бір дегендей, бізге әсер етері сөзсіз. Сарапшылардың айтуынша, тағы бір себеп,елде нақты экономикалық теңдестірілген экономикалық саясаттың болмауының әсері [2, 78 б.].
Ұлттық банк тарапынан бүгінгідей жағдайдан пайда табамын деушілерге тосқауыл қою керектігін айтты. Халық арасында қобалжулардың күшеймеуі үшін бірқатар жұмыстар атқарылу керек.Халық арасында дүрлігу, қобалжу болмауы қажет. Бүгін күні бойына осы процесті бақылағанымызда, ешқандай келеңсіздіктің жоқтығына көз жеткіздік. Республика бойынша доллар қорыжеткілікті. Кейбір банктерде шектеулі мөлшер ғана бар. Алайда тұрғындар сұранысын қанағаттандыратын мөлшердегі валюта табылады. Осыған байланысты дүрбелең туғызудың қажеті жоқ. Ертеңгі күні мұнай бағасы көтерілгенде, теңгенің тұрақтылығы да қалыптасады деген пікірлер де айтылуда.Девальвация – заңды үдеріс. Бұл – алдымен отандық өндірушілерге, оның ішінде экспорттаушыларға тиімді құбылыс.Сонымен еліміздегі бұл келенсіз жағдайдың орын алуына байланысты мамандардың әр түрлі пікірлері мен болжамдары, сонымен қоса бұл экономикалық процестің болуының ішкі және сыртқы факторлары даатап айтылды. Әр тараптаптар өз позициясын ұстануда. Бұл мәселе әлі де талқыланып, сұрақ үстінде тұрған маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б.
-
Банк терминдері мен ұғымдарының қазақ сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы - Алматы: Экономика, 2006.
-
Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007.
Интернет көздері:
-
http://tonykok.kz
-
http://www.aktobegazeti.kz/
-
http://www.inform.kz