Автор:
Ғаламат Әребаев (Ақтөбе, Қазақстан)
Тілдің даму тарихы сол елдің тарихымен тығыз байланысты болуы тиіс. Бұл оймызды мына пікірмен қуаттаймыз: «История языка и история народа переплетаются самым тестным образом. Язык должен изучаться в неразрывной связи с исторей народа, которому принадлежит данный язык.»[1.4б.]
Араб тіл білімі дамуы дінмен байланысты. Құранды зерттеп, мұсылман халықтарына насихаттаудан басталады. Араб лингвистикасы өз бастауы VII ғасырдан алады. Осы тұста Араб жерлері халифатқа бірігіп, ислам діні күллі Орта Азияға таралды.
Дәстүрлі араб тіл білімі теория ретінде басрлық (Басра қаласы), куфалық (Куфа қаласы), бағдаттық (Бағдат қаласы), анадолы (Испания) және сирия-мысырлық мектептерде қалыптасты. Басра мен Куфа мектептерінің арасында араб тіл білімінің грамматикасы жөнінде өткір полемикалар болды. Басра өкілдері классикалық Құран тілін қолдаса, Куфалықтар синтаксис саласында біраз өзгерістер мен түзетулерді қалады. Кейін уақыт өте келе Араб халифатының мәдени орталығы Бағдатқа ойысты. Бағдаттық грамматика зерттеулерінде алғашында Куфа мектебінің қағидалары үстемдік етсе, кейін Басралық мектептің ұстанымдары келді.
Араб тіл білімінің дамуына тек қана араб елінің үлесінде болмады. Сонымен қатар халифат құрамына кірген елдердің мәдениеттің дамуына белгілі бір деңгейде өз ықпалын тигізді. «Арабская культура явилась результатом активного взаимодействия многих цивилизованных народов халифата, которые восприняли язык как орудие культурного творчества»[1.5б.] Соның ішінде араб ғалымдарының басым көпшілігі араб емес. Араб халифатында ғылым мен мәдениеттің ең дамыған алтын дәуірі Аббаситтер билеген дәуірге сай келеді. Ағылшынның атақты шығыс зерттеуші ғалымы Е.Браунның көрсетуінше, осы «дәуірде» дүниеге танылған 45 араб ғалымдарының 30-ның ұлты араб емес, басқа халықтардың өкілдері болған[2.14б.] Міне, араб тіл білімі дамуына үлес қосқан түркілік ғалымдар жайында сөз болмақ.
Отырар ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әбу Нәсір әл-Фараби. Араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар) қаласында отырарлық әскербасының отбасында дүниеге келген.
Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді. Әл-Фараби парсы, грек тілдерін үйренеді, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды. Фараб пен Бұқарада бастапқы білім алған соң әл-Фараби өз білімін жетілдіру мақсатында Бағдатқа аттанады. Фарабидің дүниетанымының қалыптасуына Мерв мектебінің ғылыми дәстүрлері мен философиялық бағдарлары өз әсерін қалдырды. Бағдадта әл-Фараби ғылым мен әртүрлі пәндерді оқиды. Білімге деген құштарлығының арқасында әл-Фараби сол уақыттағы ғылым мен білімнің ордасы саналған Дамаск, Халеб, Каир, Шаш, Самарқан, Бұхара, Мерв, Нишапур, Рей, Хамадан қалаларында да болып, білімін үнемі жетілдірумен болды.
әл-Фарабидің лингвистикалық көзқарастары тілді адам ойнының жемісі, оны қоғамдық құбылыс деп таныған болатын. «Екінші ұстаздың» трактаттарында көптеген тілге қатысты ойларын көреміз. Ол фонетика мен логиканы байланыста қарады. Тілдің тікелей салаларына байланысты келелі пікір білдірді.Оны төмендегі тұжырымнан да байқаймыз: «....мы находим наряду с освещением традиционных вопросов, касающихся непосредственно разделов языка (фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) и его связи с другими видами наук и искусств (логика, риторика, каллиграфия, музыка, поэтика), различные проблемы теории языкознания (определение языка, проблема языка и речи, формы существования языка, знаковая природа языка, проблемы развития и изменения языка, связь языка и мышления, взаимоотношение формы и содержания языка, роль языка в обществе, функции языка, происхождение и природа языка, языковая норма и др.)»[3]
Тіл білімін ғұлама ғылымдардың бастысы деп таниды. Өзінің әйгілі «Китаб ихса аль-улум» («Книна классификаций наук») еңбегінде ғылымдарды бес түрге жіктеп, оның алдыңғысының қатарына тіл туралы ғылымды қояды, оны жеті бөлімге жіктейді: 1. Жай сөздер туралы ғылым; 2. Сөз тіркестері мен сөйлем туралы ғылым; 3. Жай сөздердің заңы туралы ғылым;4. Сөз тіркестері мен сөйлемдер заңы туралы ғылым; 5. Дұрыс жазу заңы туралы ғылым; 6. Дұрыс оқу режелері; 7. Өлеңжасам турасында.
Араб тіл білімінде фонетиканың алатын орны ерекше. Ғалымдар бұл құбылысты саз өнерімен байланыстырады. Осы тұрғыда әл-Фараби өзінің «Музыканың үлкен кітабы» (Китаб əл-мусики əл-кабир) атты трактатында фонетика саласы жөнінде сөз етеді. Фонетиканы грамматиканың бір саласы ретінде кейінірек дамығанда музыка теориясынан шығарып тасталмағаны байқалады. Мұнда ғалым сөйлеу дыбыстарына тоқталып, өзінің лингвистикалық ой-тұжырымдарын жасайды.
Ғалым бабамыздың трактаттарындағы тіл және ойлау тұжырымдары логика, философиямен астасып жатса, фонетика туралы пікірлері саз өнерімен ұштасса, әрине лингвистикалық ғылыми негіз болмауы мүмкін, бірақ сол ғылыми негіз тудыруға бастау болған Фараби трактаттары дей аламыз.
Келесі араб тіл біліміне өз үлесін қосқан Әбу Нәсір әл-Фарабидің жерлесі Әбу Нәсір Ысмайыл бин Хаммад әл-Жауһари. Әл-Жауһари араб тіл білімінде лексикография саласына көп еңбек сіңірген ғалым. Оны ғалым В.А. Звегинцев өзінің қысқаша очеркінде төмендегідей бағалайды. «В области лексикографий успешно работал аль-Джаухари, поистине заслуживший за свои обширные познания прозвище «имама лексикологий» ».[1.61б.]
әль-Жауһари Бұхара, Мәрі, Нишапур, Рей, Хамадан секілді қалаларда болып, кейін Бағдатқа келген. Көптеген араб тіл білгірлерінен дәріс алып араб тіл білімінің дамуына жан-жақты үлес қоса бастайды. «Әл-Жауһари Ираққа келгеннен кейін нағашысының ақыл-кеңесімен Басралық филологтар Әбу Зайд ас-Сирафи мен Әбу Әли әл-Фарисиден араб тілі мен әдебиетінен дәріс алады. Әл-Жауһаридің Басраға баруы кездейсоқ емес. Ислам діні бүкіл Шығыс елдеріне тарап, бірте-бірте араб тіліне өзге жұрт лұғатынан да сөздер ауыса бастағанын байқаған ғалымдар Құран тілінің тазалығын ойлап таджуид (фонетика), тасриф (морфология), наху (синтаксис) деп аталатын тіл ғылымын зерттейтін ілімдердің негізін қалаған»[4.40б.]
Әл-Жауһаридің бізге қандай еңбектері жеткені туралы сөз етсек, ортағасырлық оқымысты Әбу Мансур ас-Сағалиби өз еңбегінде ол «ақын еді» деп келтіреді. Өзінің алғашқы еңбегі «Китаб әл-Арудта» («Өлең өлшемі жайлы кітап») араб поэзиясының өлең өлшемін терең талдап, өзіндік теория жасауға тырысқан. Бұдан көретініміз ғалым тек қана ақын емес, әдебиет теоретигі.
Тіл біліміне қатысты осы еңбектен кейін араб білгірлері әл-Жауһаридің «Китаб әл-мұқаддима фи-н-наһу» («Грамматикаға кіріспе кітап») жазғанын айтады. Бірақ өкініштісі, араб поэзиясына қатысты еңбегі мен грамматика жөнінде еңбегі біздің дәуірге жетпей қалған.
Отырар перзенті араб тіл білімінің лексикография саласына көп еңбек сіңірді дедік. Оны дәлелдейтін тағы бір еңбегі «Тадж әл-луға уа сихах әл арабийа» («Тіл тәжі және араб (тілінің) ақиқат лұғаты») болатын. Ғалымдар арасында қысқартылып «ас-Сихах» («ақиқат», «дұрыс», «заңды») деп аталып кеткен. Ә.Дербісалин бұл сөздікте араб сөздері қазақ, орыс тілдеріндегідей бастапқы әріпке емес, сөз түбірінің алғашқы әрпіне байланысты орналастырылады дегенді айта келіп, сөздіктен мысал келтіреді: «Мысалы жалпыға таныс мадрасатун деген сөзді алайық. Араб тілінен бейхабар кісі сөздіктен оны әдетте «м» әрпінен іздегенімен таба алмас еді. Ол үшін сөз түбірін білу керек. Аталған сөздің түбірі дараса етістігі. Ол «оқу», «зерттеу» деген мағына береді. Осы етістіктен енді дарсун-«сабақ», муддарисун-«оқытушы», мадрасатун-«мектеп», «училище» іспетті бірнеше зат есім туындайды. Сөйтіп соңғы төрт сөздің түбірі айналып келгенде «дараса» екен. Сондықтан да сөздіктен әуелі осы етістікті табу қажет» [4.43б.]
Бұл сөздікке арабтың 40 000 сөзі енген. Жалпы сөздікке В.А. Звегинцев былай баға береді: «Если сравнить «Сыхах» с большим словарем Ибн Дурейда и тем более с «Книгой Айна» Халиля, тотчас бросится в глаза превосходство первого в ясности изложения и методе расположения материала » [1.61б.] Жалпы алғанда ғұлама араб тіл білімінде өзіндік орны бар лингвист екенін көреміз.
Түркі халқының ХІ ғасырда өмір сүрген дарынды перзенттерінің бірі Махмұт Қашқари. Махмұт Талас-Шу алқабындағы Барысхан қаласында туған. Ғылым жолын іздеп Бұхара, Нишапур, Мерв қалаларына барады. Аталған қалалардағы білім қанағаттандырмай Бағдат қаласына сапар шегеді. Мұсылман мәдениетінің жері саналған қалада Махмұт ерекше білім алып шығады.
Қашқаридің түркі халықтарына мәлім «Диуан лұғат ат-түрк» (Түркі сөздерінің жинағы) атты еңбектің авторы. Бұл еңбек араб лингвистикасында тосын жаңалықтар алып келді. Сонымен қатар тек қана араб тіл біліміне емес, жалпы тіл білімі тарихына да қатысты біраз жаңалықтардың негізін салып кетті.
« «Диуани» түрікше-арабша сөздік болғанымен, автор сөздерді түсіндіріп, оның мағынасын анықтау үстінде басқа түркі тайпалары тілінде кездесетін мағыналық ауытқулар мен дабыстық өзгерістерді салыстыра отырып, оларға шолу жасайды. Сондықтан да М. Қашқариды түркітануда бірінші болып салыстыру тәсілін қолданған ғалым. «Сөздіктен» бір-екі мысал келтірейік: «яғма, тухси, қыпшақ, ябағу, татар, қайжумул және оғыздар; әрқашан (за) ны сөз ішінде (йа)-ға айналдырады және ешқашан (заль)-мен айтпайды. Сондықтан олардан басқалар қайың ағашын қазің десе, бұл тайпадағылар қаjің дейді»[2.31]
Салыстыру тәсілінен бөлек жас грамматистер айтқан алғашында тілдер көп ерекшеленбей айырмашылық жекелеген әріптердің өзгеруі мен түсіп қалуы нәтижесінде пайда болған. Мұнда автор қазіргі лингвистика деңгейіндегі жетістік деп танылатын терең ойларын білдірген. Жас грамматистердің жоғарыдағы пікірлеріне төмендегі мысал дәйек: Guzz (түркі тайпасы) және Qifčaq әрбір j әуелі ʼ (айн) немесе ž атауға, етістікке айналады. Мысалы, älkin jälkin (жиһанкез) немесе iliy suv jiliy suv(жылы су) түрікшесінің орнына беріледі» [1.70б.]
Сонымен қатар фонетика, морфология саласын салыстыра зерттеулері «сөздікте» белгілі деңгейде жүргізілген. Европалық тіл білгірлерінің негізін қалады деп жүрген жалпы тіл біліміндегі кейбір категорияларының бастауы ХІ ғасырда болғанын ұмытпауымыз керек. Жалпы лингвистикада салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін Ф.Бопп қалады деген пікір орныққанмен, М. Қашқари еңбегінің өз деңгейінде орны табылары анық. Бұл жөнінде араб тіл білімін зерттеген В.А.Звегинцев былай дейді: «Достижения арабских филологов, развиваемые ими теорий постепенно проникают в систему европейской науки о языке, превращаясь в ее существенный компонент. Понятия корня и флексий, занимавшие такое видное место в теориях европейских ученых, непосредственно предшествовавших созданию принципов сравнительно-исторического языкознания а затем и работах самого Ф. Боппа, были заимствованы у арабских языковедов»[1.78-79б.]
Осы пікірдің өзі М.Қашқаридің тек қана араб тіл білімі деңгейінде емес, жалпы тіл білімі көлемінде орнын көрсетіп берді.
Түркілік ғалымдар араб тіл білімінен сусындап, дамуына үлес қосу арқылы жалпы тіл білімінің бастау негізіне арқау болғанын еңбектері дәлелдейді.
Пайдаланған әдебиеттер:
-
Звегинцев В.А. История арабского языкознания.Краткий очерк(издание третье). Москва, 2007г.
-
Қайдаров Ә., Оразов М. Түркітануға кіріспе:оқу құралы. Алматы, 1992 ж.
-
www.enu.kz/repository/repository2013/ofilosofsko.
-
Дербісалин Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. Алматы, 1995 ж.
Ғылыми жетекші:
филология ғылымдарының кандитаты, доцент Аитова А.Н