Автор:
Бағила Мұратбек (Ақтөбе, ҚР)
Бағалауыштық пен құндылықтар тұрғысынан зерттеу қазақ тіл білімінде көп таралмаған, тек соңғы кездердің жемісі. Әлеуметтік бағалауыштық құбылыс сөз мағынасында болатын компоненттердің бірі. Дегенмен, бүгінгі таңда сөздің семантикалық құрылымындағы бағалауыштықтың орны толық анықталмай отыр,- деп профессор Б. Момынова өз еңбектерінде баса көрсетеді. Баға – адам баласына тән логикалық категория. Тіршілік иелері арасындағы басқа жанды-жансыз заттар ондай қасиеттен алыс. Бағалауыштық- әлеуметтік категория ғана емес, бағалауыштық- адам санасымен бірге пайда болатын психикалық құбылыстардың қатарынан орын алады. Сол себепті бағалау дегеніміз, тіл + ойлау + шындық немесе ақиқат (реальды өмір) трихотомиясының нәтижесі болса, ал бағалаудың семантикалық категориясына бағалауыштық жатады. Сондықтан да баға – адам санасында үнемі тоқтаусыз жүріп жататын процесс және ол адамның ойлау қабілеті арқылы іске асатын интеллектуалды-психикалық акт болып табылады. Қолданыс кезінде сөзге қосымша үстемеленетін, әлеуметтік топтың, жеке адамның, бір сөзбен айтқанда, субъектінің зат пен құбылысқа, іс-әрекетке беретін бағасы бағалауыштық лексика қатарын құрайды.
Бағалауыштықтың құрылымдық жүйесін жан-жақты зерделеген Е.М. Вольф (Вольф Е.Ф. Функциональная семантика оценки. М.Наука -1985), М.Г. Ивин (Ивин Г.Н. Основания логики оценок. М.Изд.МГУ-1970); Е.С.Кубрякова, В.Н. Телия т.б. сынды ғалымдар болды. Қазақ тіл білімінде бағалауыштық туралы, дұрысын айтқанда, сапа интенсивтілігі жөнінде орыс және қазақ тілі материалдарын салыстыру негізінде ғалым З.Қ. Ахметжанова жан-жақты зерттеу жүргізді. Ол өзінің «Функционально-семантические поле русского и казахского языков» (Алматы, Наука, 1989) деген еңбегінде сапа мөлшерін сын есімдердің ерекше тобы болатындығына тоқтала кетеді: «В исследованиях по русской морфологии не раз отмечалась не однородность группы качественных прилагательных обращалась внимание на особую группу оценочных (или по терминологии-градуальных) прилагательных способных выражать меру (степень) качества (Арбатская Е.Д., Арбатская И.Д. О лексико-семантических классах имен прилагательных русского языка\\ ВЯ., 1983,1 )» [1, 134б.]. Сонымен қатар сапа интенсивтілігінің төрт бірдей мөлшерін белгілейді: «Для общей характеристики интенсивов качеств достаточно выделение четырех степеней интенсивов качеств достаточно выделение четырех степеней интенсивности: чрезмерной, выскокой, усиленной и слабой» (Мартынов В.В. Категории языка М.,1982). Әрине, ғалым ізденісінің жемісі бағалауыштық категория жете зерттелетін еңбектерде басшылыққа алына отырып, әрі қарай тереңделетініне күмән жоқ. Сонымен бірге, көрсетілген еңбекте газет лексикасы бағалауыштығы жалпы бағалауыштық категория тікелей және жеке сөз етілмейтіндігін ескерту керек.
Ал, ғалым Е.Вольф болса, бағалауыштықтың логика-семантикалық құрылымы синтаксистік қызметімен қабыспайды деп модальдық қалыпқа жатқызады. Бағалауыштықтың модальдық қалыбын жасауға қажетті элементтер:
-
Жеке адам я болмаса социум ретінде танылатын бағалаушы эксплициннті немесе имплицивті субъект (бағалау субъектінің көзқарасы, дүниетанымы арқылы жүзеге асады);
-
Баға берілуге тиіс объект (адам, зат, құбылыс, оқиға т.б. мен бағалаушы зат);
-
Баға шкаласының басталар нүктесі мен бағалауыштық стереотиптер.
Бағалауыш сөздер арасындағы семантикалық байланыс бағалауға негіз болатын тиісті объектінің белгілерін аспект етіп алудан басталады. Бағалау құрамына бағалауыштық мотив, баға критерийі, классификатор және денитенцификатор енеді [2. 149б. ].
Бағалауыштықтың құрамы күрделі. Айталық, бір зат есім екінші бір затпен салыстыра бағаланатын болса, салыстырылып тұрған зат немес соның бір белгісі элемент ретінде бағалауыштықтың құрамына енеді. Бағалау кезінде объект түгелімен емес, субъектіге маңызды болып белгілі бір бөлігі, аспектісі ғана алынуы мүмкін. Бұл бір объектінің әр түрлі бағалануына себеп болады.
«Биылғы қыс қалың қарлы, боранды болды» (субъект- қыстың объективті бағасы осы аталған табиғи ерекшелігімен сипатталатындықтан, мұндай кезде баға беруде еркіндік болмайды), бірақ «қыстың суық, қарлы, боранды болуы» көп жағдайда жолаушы, малшы, жалпы алғанда адамға ауыр тиеді, сондықтан адамдар тарапынан болатын субъективті тұрғыдан баға беру еркіндігі беріледі. «Теңсіздік-буржуазиялық өмірдің бір көрінісі» дегенде, теңсіздік социалистік өоғам көзқарасы тұрғысынан жағымсыз бағалауышты сөз болып тұр, ал капиталистік қоғам жағымсыз элемент аталмайды, яғни теңсіздік бір ғана аспектіден бағаланып тұр [1, 79б]. Бұл мысалдардан бағаланушы объектінің субъектіге бағынбайтын ерекшеліктері, объективті белгілері болатындығын байқауға болады.
Хабарлау мақсатына қарай бағалауыштықты жеткізу құралдары бейтарап немесе экспрессивті болады. Объектінің бағалылығы практикалық жағынан маңызды болмаса, бағалауыштықтың эмоциялық бояуы басым түсіп, субъектінің объектіге деген эмотивтік қатынасы анық білінеді: Мына өмірде ащы суға сылқия тойып алғандай масаң болып, ырқ-ырқ еткен, дойыр мінезді, доғал әкімдерді көрсек, обал-сауапты білмейтін масыл мансапқұмарларды көргендей боламыз
Аталмыш категорияның бағлаушы субъектісі (коннатациялық субъект) үш түрлі функция атқарады:
-
Бағалап отырған затты, процесті, құбылысты танып білу арқылы іске асатын танымдық функция;
-
Өз тарапынан баға бере алуы функциясы ( бағалаушы адамның затты, құбылысты және адам мен оның іс-әрекетін бағалауда практикалық бағыт-бағдарының болуы арқылы іске асады);
-
Прагматикалық іс-әрекетпен байланысты эмотивті-квалификативті функциясы.
Бағалауыштықтың бір бөлшегі ретінде эмоционалдылық доминат болса, ақпарат құралдары коммуникациялық қызметінде оның тыңдаушыға, адресатқа әсерін пайдаланды.
Барлық бағалауыштық категориялар оң\ жағымды және кері\\ жағымсыз деп екіге бөлінеді. Бірақ бұл категорияларға қосымша бейтарап бағалау түрі бар. Сол баға мен бағалау тілдік құралдар арқылы іске асып жататындықтан, басшылыққа алынуға тиіс бағалаудың жасалу жолының үш түрлі тәсілін Д.Бикертон төмендегідей тілдік конструкциялар арқылы көрсетеді:
-
Адам+артефекат: иненің көзінен өткендей, иненің жасуындай зияны жоқ, т.с.с
-
Жануар+адам: қасқыр жігіт, аққудың көгілдірігіндей қыз, ұыран жігіт т.с.с.
-
Абстракт+жанды нәрсе: қасқыр жігіт, іс-әрекет: тұрмыс өзгертуде, уақыт өтуде, т.с.с.
Бағалауыштық лексика- қазақ тіл білімінде арнайы нысанға айнала қоймаған тілдік құбылыстардың бірі. Сондықтан да баға, бағалау категориясы, оның табиғат, тілдік құралдары- алдағы уақытта түбегейлі зерттеуге сұранып тұрған мәселелер.
Қазақ тіл білімінде ғалым М.Оразовтың «Қазақ тілінің семантикасы» еңбегінде эмоциялық мағынаға талдау жасай келе, әрқашанда объектив дүниедегі заттардың түйсік арқылы қабылданған информациясы адам ойының, санасының елегінен өтіп жататындығы, оған белгілі баға берілетіндігі шындық деп атап көрсетеді .
Бағалауыш лексика, бағалауыштық лексика және жалпы термин жөнінде тілші-ғалымдар А.Алдашев, О.Бүркітова, Б.Момынова, т.б., газет тілінің ерекшеліктеріне қатысты қолданған Ф.Жақсыбаева, Ш.Нұрғожина, З. Құрманәлиева, Б.Сағынова, Д.Бекзат, Ғ.Танабаева, А.Бақытов сынды зерттеушілер өз еңбектерінің аясында баға, бағалау мәселесіне тоқталып өтеді.
Мәселен, О.С. Ахманованың пайымдауынша: Линвистикалық терминдер сөздігінде «бағалау» ұғымы «Оценка-.. суждение говорящего, его отнашение из основных или неодобрение, желание, поощрение и т.п.-как одна из основных частей стилистической коннотации» делінеді [3, 58б.]. Аталған сөздікте бағалау категориясы сөйлеушінің сөйленуге қатынасын білдіретін категория ретінде танылады.
Қ.Есенова мынадай анықтама ұсынады: «Баға не бағалай сөйлеу салты дегеніміз-сөйлеушінің нысанаға алған нәрсе жөніндегі мақұлдау, қарсылық, ықылас не тілек т.б. түріндегі көзқарасын білдіретін пайымдауы, стильдік қосымша мағына мен мағыналық реңктің негізгі бір түрі» [4, 66б]. Ал зерттеуші Ш.Нұрғожина бағалауыштық туралы «... под оценочностью, следовательно, нужно понимать имеющееся в слове отрицательное или положительное отношение говорящего к объекту речи»- деген болатын .
Б.Қ.Момынова «бағалауыштық- сөйлеушінің өз тарапынан құбылыс пен затқа, іс-әрекет атауына берген бағасы-көзқарасы, оған деген қарым-қатынасы» деп тұжырымдайды [4, 134 б]. Бұл анықтамалардың барлығынан да бағалау ұғымы құндылық ұғымымен байланысты екені көрінеді. Бағалау сөздерінің функциональды-стилистикалық сипаттамасын бағалауды семасиологиялық аспектіде қарастыратын және лексикалық мағынаның коннотативті бөлімінің құрылымында бағалауыштық компоненті болады дейтін зерттеушілердің бәрі де дерлік қарастырады.
Баға беретін пікірлердің иллокутивті функцияларының алуан түрлілігі «әлем бейнесінде» «адам факторын» бірінші орынға қоятын бағалау категориясының прагматикалық сипаты бағалауды зерттеудің прагматикалық функциясы жайында қазақ лингвистиері М.Оразов, Б.Момынова, Ғ.Хасановтың еңбектерінде лексикалық мағына мәселесіне қатысты термин ретінде аталып өтілген. З. Ерназарова «Сөйлеу тілі синтаксисінің прагмалингвистикалық аспектісі» деген зерттеу еңбегінде прагмалингвистика мәселесі жөнінде сөз қозғаса, Ф.Жақсыбаеваның «Газет мәтінінің прагматикалық функциясы «Қазақ тілінде шығатын газет материалдары бойынша» атты диссертациялық жұмысы прагматика саласын зерттеуге арналған құнды еңбектерінің бірі. Бағалау мағынасын прагматикалық тұрғыдан қарасатыру нәтижесінде.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Смағұлова Г.Н. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілер-Алматы Қазақ университеті,1998.-200 бет
-
Қалиев Ғ, Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы: «Сөздік- Словарь»,2006.-264 бет
-
Хасанов. Ғ.Қ Лексикалық мағына- Орал: Оқу-баспа кабинеті. 2005.-185 бет
-
Момынова Б.Қ. Тілдегі жаңа бағыттар мен типтік қатынастар:Оқу құралы.Алматы: «Арыс»,2009.-160 бет