Увага! Всі конференції починаючи з 2014 року публікуються на новому сайті: conferences.neasmo.org.ua
Наукові конференції
 

МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ

Автор: 
Лаура Ракишева, Нұргүл Жаппарова, Ләззат Жандарбекова (Қазақстан, Қарағанды)

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдіс қарқыны білім беру жүйесінің алдына оқыту технологиясын жетілдіру міндеттерін қойып отыр. Тәуелсіз еліміздің болашағы білім беру жүйесіне байланысты. Осыған байланысты педагог мамандар оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдерін зерттеп, тәжірибе жүзінде сынап келеді. Бірнеше оқыту әдістерін салыстыра қарастыру арқылы әр оқытушы оқытудың жаңа технологияларын таңдап, ой елегінен өткізіп, өздерінің сабақтарында қолданады.

Қазіргі кезде оқытудың озық технологияларын меңгермейінше қазақ тілін студенттерге жете түсіндіру мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының білімін жетілдіруіне зор көмегін тигізеді. Бұндай оқытушылардан білім алатын студенттердің де шығармашылық қабілеттері арта түседі. Сабақ барысында осындай кеңінен қолданылуы қажет әдістердің біріне ұжымдық оқыту әдісін жатқызуға болады. Бұлар студенттердің жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар студенттердің танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.

Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс тану. Жаңа педагогикалық технологиялар оқытушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуына басты рөл атқарады.

Топтық оқыту – медицина университетінде оқытудың кең тараған әдістерінің бірі. Бұл әдістің дамуына АҚШ Оклахома университеті бизнес мектебінің оқытушысы Ларри Михельсон үлкен үлес қосты. 1970 жылдардан бастап ТВL әдісіне қызығушылық медицина мектептері оқытушыларының арасында едәуір өсті. Нью-Мексика университетінің медициналық мектебі алғаш рет 2008-2009 оқу жылы адам ағзасының құрылымын, қызметі мен дамуын зерттейтін пәндер үшін (анатомия, гистология, эмбриология курсымен) осы әдісті енгізді. Студенттер жаңа әдістің енгізілуін дұрыс қабылдады, оқытудың қорытындысы бойынша студенттерді тестілеуден алынған нәтижелер сабақ берудің дәстүрлі әдісімен салыстырғанда оқыту сапасының жақсарғанын дәлелдеді.

Топтық бағытқа бағытталған оқыту технологиясы топқа бағытталған оқыту білімді жеке тұлғаға қарай бағыттай білу технологиясы «TBL» орысша кейде /КОО/ немесе «Ұжымды бағыттап оқыту» деп атайды, бұл Канадада «Обучения без границ» Центр Современной Педагогики ұйымында зерттеліп ізденіске енгізілген.

Қазіргі таңда Қазақстанда білім беру жүйесін әлемдік білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты технология деп TBL саналады. Бұл топтық бағыттап оқыту әдістерінің басты ерекшелігі: әр студенттің қабілетін, дарынын дамыту ұжымдағы әрбір мүшені оқыту және әркімге ортақ жұмыстағы бір-бірінің көмегі ізгілік пен ынтымақтастық болып табылады. Топта бағыттап оқыту әдістерінде оқытушы мен студенттің іс-әрекеті алмасып отырады. Оқытушының іс-әрекетін, қызметін ұжым атқарады. Яғни жаңа білімді меңгерту тапсырмаларды орындауда, бір-бірінің жұмыстарын саралап, бағалауда, талдауда өздері жетекшілік етеді. Оқытушы ұйымдастырушы ақыл кеңесші. Ұжымға бағыттап оқытудың негізі 30 жылдары еңбек еткен практик мұғалім А.Г.Ревиннің іздесінен туған. Оны ары қарай жаңартушылар мен ізденушілердің бірі болған ғалым В.К.Дьяченко болған. Сондай-ақ ұжымға бағыттап оқыту ғалым В.К.Дьяченко Колективная форма учебных занятий имеет особенностей как парной, так и групповой формы и в то же время это качественно принципиально новая форма. Колективное учебное занятие – это работа учащихся в парах, но эти пары не замкнутые, а откырытые каждый по очереди работает то в роли обучающего, то роли обучаемого при систематического колективной работе все ученики по очереди работают со всеми все обучают и воспитывают каждого а каждый всех- деп анықтама береді. [5,15]

Бұл оқытудың ұзақ жылдар бойы тәжірибеден қалмай өзінің тиімділігін әр кезде дәлелдеп келе жатыр: жүйелі түрде қайталанып отырылатын жаттығулар жұмыс түрлері арқылы студенттердің логикалық ойлауы жетіледі, тілі дамиды; әркім өзін еркін ұстайды, дербес жұмыс істеуге, өзбетімен қорытынды жасауға дағдыланады; өзін-өзі оқыту, бірін-бірі оқыту үдірісі жүреді; өздеріне берілген тапсырманы топ болып орындайды. Ұжымдық оқытуда тұрақты топ болмайды олар үнемі ауысып отырады. Топтағы студенттер әрқайсысы басқа топқа барып, жұмыстарын ортаға сала алады. Үнемі қозғалыс ауысып отыру бұл оқытудағы топ жұмыстарының өзіндік ерекшелігін даралайды. Оқушылар өз іскерлігін көрсетіп, пікір алмастырып, ойларын ортаға салады. Олар ойларын ортаға салуға ынтымақтастықпен бірігіп, жұмыс істеуге қорытынды жасауға қатыса алады. Зерттеу-іздену іс-әрекетіне икемделіп, топтық жұмыста оқытушы тарапынан нақты нұсқау беріледі.

Кредиттік технология бойынша әр сабақ 50 минутқа созылып 2 немесе 3 кредит қатар өтуі мүмкін. Сондықтан берілген әр тапсырманың мақсаты, мазмұны, құрылымы, оның қандай формада берілетіні жан-жақты ойластырылуы керек. ТВL – бұл шағын топтарда оқыту әдісі. танымдық іс-әрекетін толық іске қосқан белсенді тұлға. Студенттердің сабаққа белсенділігін арту үшін топты үш шағын (4-6 адамнан құрылады) топқа бөледі. Топтың жұмысын қажетті бағытқа бағыттап, тапсырмаға берілген уақытқа үлгеретіндей арнайы тапсырмалар мен сұрақтар құрастырылды. Тапсырма маңызды, қызықты, тәжірибеден алынған мәселе түрінде болу керек. Шағын топта жұмыс істеудің ерекшелігі – студенттердің ойлау қабілеті, мәселені шешу қабілеті, шешім қабылдау, өзгелердің пікірін тыңдау қабілеті және топта жұмыс істеуге дағдыланады. Сабақтың барысында «Жеке дайындығын бағалау тестісі», 15-20 тестілік тапсырмадан тұратын пәндік танымын тексеретін тестілік бақылау өткізілді. Одан кейін «Топтың дайындығын бағалау тестісі», осы тестің тапсырмасы бойынша әр топта тестілеу жүргізіледі. Екі тестің нәтижесінен кейін жалпы топтың және оның әрбір мүшесінің жеке бағасы анықталады. Сабақ барысында оқытушы бір топтан екінші топқа өту арқылы олардың жұмысын бақылап отырады. Ол кейбір жағдайларда ғана олардың жұмысына араласады.

Топта оқыту кезінде топтың әрбір мүшесіне мынадай талаптар қойылады:

  • жеке өз бетінше оқуы тиіс;

  • тақырып бойынша жеке тест орындауы тиіс;

  • топ үшін жауапты болу қажет, әрқашан дайындықпен келу керек, себебі топтың ұпайы әрбір студенттің дайындық деңгейіне байланысты болады;

Олардың білімін талқылау кезінде әрбір топ мүшесінің қатысуын саралап, барлық топ мүшелері бірдей бағаланады. Осы сабақтарды өткізу барысында студенттер сын тұрғысынан ойлану, өз әріптестерінен үйрену, топтық тестілерді өткізуде топ үшін жауапты болу, өзі оқу арқылы дайын болу мүмкіндіктеріне ие болды.

Бұл әдіс медик студенттердің зерттеу жүргізілуін, топта жұмыс істеуін, өздерінің білімдері мен дағдыларын тәжірибеде қолдануын дамытуға мүмкіндік береді.

Топқа бағыттап оқытудың тиімділігі:

  • уақыт үнемделеді, қайталау арқылы есте сақталады;

  • тыңғылықты білім алу үдірісі жүзеге асады;

  • өз беттерімен бір нәтижеге қол жеткізеді, барлығы ізденеді;

  • үнемі пікіралмасу пікірталас қатынастары болады;

Топқа бағыттап оқытуда тапсырманы орындау барысы:

Әр студент тапсырманы жеке орындайды. Топтық тестілеуден соң әрбір топ мүшелері түсініксіз сұрақтар бойынша оқытушыдан мәлімет алды. Әрі қарай әрбір топтағы студенттер алған білімдерін қолдану үшін тапсырмалар орындайды. Тәжірибелік сабақтың аяқталу кезеңінде топтар есеп берді, бұл студенттердің тапсырманы орындау барысында жаңадан не үйренгендігін көрсетеді. Әрбір топ жұмысына талдау жасалады. Осы әдістің арқасында топтық оқыту үрдісіндегі жеке студенттің және топтың үлесін, рөлін талдауға, бағалауға мүмкіндік туды. Топ болып талқылайды, қорытынды жасайды. Осы TBL яғни ұжымға бағыттап оқуда студенттердің тілі дамиды. Студенттер жүйелі жұмысқа жұмылдырылады.

Жаңа технологияларды меңгеру оқытушының кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруна көмектеседі.

«Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады»,-деген В.Сухомлинсийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір студентке сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал студент тыңдайды, қабылдайды, ойлайды т.б. таным әрекеттерін жасайды.

Қорытыта келе, тілді үйретудің жаңа технологияларын тәжірибеде кеңінен қолдану студенттің белсенділігін арттырып, оқытушының шығармашылық қабілетін жетілдіреді. Осындай тиімді әдістерді сабақта пайдалану үшін оқытушы көп еңбектеніп, ізденуі керек. Қазіргі қоғамдық өмірімізде көрініс тапқан сан- салалы сапалық өзгерістер, жаңарулар, жаңалыққа бетбұрыстар педагогтерді өз істеріне сын көзбен қарауға итермелеуде. Өйткені, студенттерге берілетін білім де, тәрбие де, дүниеге көзқарас та оқытушының іс- әрекеті, беретін білімі мен үлгі- өнегесі арқылы қалыптасады. Осындай жүгі ауыр, жауапкершілігі мол мәселелерді шешу педагог мамандардың алдына зор міндеттер жүктейді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Алдашева А. Әдістеме әлемінде. Ғылыми- әдістемелік жинақ. -Алматы, 2008. –125 б.

  2. Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. -Алматы, 2005. -240 б.

  3. Миролюбов А. Разработка теоретических вопросов системы упражнения в советской методике обучения иностранным языкам в средней школе. Под ред. Климентенко А., Миролюбова А.-М.: Педагогика, 1973. -270 б.

  4. Оразбаева Ф. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Типтік оқу бағдарламасы: Әдістеме әлемінде // ғылыми-әдістемелік жинақ. -Алматы, 2008. -145 б.

  5. Телеуов М.К., Досмагамбетова Р.С., Молотов-Лучанский В.Б., Муратова А.З., Риклефс И.М., Калиева Ш.С., Риклефс В.П. // Инновационные технологии в обучении и оценки учебных достижений студентов Карагандинского государственного медицинского университета: Монография, -Караганда, 2010. -160 б.