Ынталандыру, сезімін ояту.
Ізденістер, ұйымдастыру
Үнтаспадан көрсету
Сергітулік сәт
Ойын
Тірек сызбасы
Қорытындылау
Өзін-өзі бағалау
|
Психологиялық сәт. Шаттық шеңбері.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарайды саған да.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарайды маған да.
Шуақты нұр төгіп,
Көңілді кетті көтеріп.
-Балалар жылдың қай мезгілі?
Оның ерекшеліктеріне тоқталу, әңгімелеу. Өткен сабақты естеріне түсіріп, қайталау.
- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешуін тапсаңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы ашылады.
Кезікті бір жануар
Үстінде екі тауы бар
Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар
Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Бірақ тағы сақалы бар.
Төрт бұлағы-сүт, баға білсең-құт.
Шайнақтайды сағыз, сүттің кені нағыз.
Қамыс құлақ, тостаған тұяқ
Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ.
Балалар назарын үй жануарларының суреттеріне аудара отырып, аттарын ататып, төлдерін сұрау? Адамдарға пайдасы жөнінде әңгіме жүргізу.
-Балалар біз жылқы малын көлік ретінде пайдаланамыз, етін жейміз, қымызын ішеміз, өйткені ол денсаулығымызға өте пайдалы екен.
-Төрт түліктің төресі- түйе. Оның еті тамақ, шұбаты-сусын.
-Ал сиырдың еті, сүті пайдалы. Сүтінен айран, ірімшік, құрт, май, қаймақ жасалады екен.
-Қой төрт түліктің ішіндегі момыны. Қойдың еті, сүті, майы, терісі пайдалы. Жүнінен киім-кешек, алаша, кілем тоқылады.
- Ал ешкінің мінезі жеңіл ұшқалақ, тастан- тасқа секіріп, тыным таппайды . Оның сүті, түбіті пайдалы екен.
-Балалар осы төрт түлік малдың әрқайсысының пірі қамқоршысы бар, бәріміз төрт түлік малдардың төлдерін атайықшы, жылқы баласы- құлын, сиыр баласы- бұзау, қой- баласы қозы, түйе –баласы бота, ал ешкі- баласы лақ екен.
-Балалар сендер төрт түлік туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
-Ал мен сендерге төрт түлік туралы мақал-мәтелдер айтып берейін.
Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл-көсір.
Қой жүрген жерде береке,
Қыз жүрген жерде мереке.
Түйенің жолы үлкен,
Аттың жөні үлкен.
-Жарайсыңдар, балалар сендер көп нәрсені біледі екенсіңдер. Мен сендерге Мәдіхат Төрежанов аталарыңның «Құлын, қозы, лақ.» әңгімесін оқып берейін.
Жаз. Өрісте лақ, құлын, қозы кездесе кетті. Іші пысқан олар бірігіп ойнамақ болды. Әуелі нендей ойын қызық екенін талқыға салды.
Сөзді ақ лақ бастады.
-Ойынның қызығы – тауға шығу. Тастан-тасқа секіру. Әрі қан тарайды, әрі етті боласың.
Қошақан лақтың сөзін жаратпады.
-Секіріп, атылып ойнау – ойын емес. Ойынның қызығы – қошқарша сарт-сұрт сүзісу. Әрі күшің толады. Әрі бұлшық етің қатаяды.
- Сендердің ойындарың көңілге қонбайды. Ойнаған соң шапқылап, жарысайық. Тұра қалып тебісейік – деді құлын.
Үшеуі қызыл кеңірдек болып ұзақ керісті. Ақыры келісе алмай, әрқайсысы өз жөндеріне кетті.
Әңгіме мазмұнына түсінік беру.
Сергіту сәті:
Қуыр – қуыр қуырмаш,
Балапанға бидай шаш.
Әй – әй балақан,
Жамандықтан қаш.
Д/о: «Қандай үй жануары жоқ?»
Тақтаға үйдің суретін ілу, балалар үй жануарымен дала жануарының арасынан үй жануарларын тауып тақтаға іледі.
- Балалар сендер қандай үй жануарларын білесіңдер?
- Үй жануарларының адамға қандай пайдасы бар ?
-Әңгімені қандай үй жануарларының төлдері туралы екен?
-Дұрыс айтасыңдар.
Балалардың іс-әрекетін, ойындағы белсенділігін атап өтіп, мадақтап, сабақты аяқтау.
|
Шеңберге тұрады.
Қыс мезгілі.
(Түйе)
(Қой)
(Ешкі)
(Сиыр)
(Жылқы)
Түйе - малдың үлкені,
Жылқы – малдың үркегі.
Сиыр – малдың сүттісі,
Қой – түліктің құттысы.
Ботақаны нардың,
Жарға неге бардың.
Тілерсегің дірілдеп,
Секіре алмай қалдың.
Мынау тұрған бұзау,
Алдыңда тұр – ожау.
Ұнататын тамағы,
Шекер емес тұз – ау!
Асау мінез құлыншақ,
Желбірейді тұлыншақ.
Жуасуды білмейсің,
Аңғал мінез ұрыншақ.
Мынау тұрған лақ,
Салпаңдаған құлақ.
Су ішетін жері,
Сылдырлаған бұлақ.
Балалар мұқият отырып, тыңдайды.
Сергіту сәтін айта отырып сөзіне қарай қимыл-әрекет жасайды.
Балалар дидактикалық ойынды ынтамен ойнайды.
Жылқы, сиыр, қой, ешкі, түйе.
Балалар жауабы.
Құлын, қозы, лақ.
|