Увага! Всі конференції починаючи з 2014 року публікуються на новому сайті: conferences.neasmo.org.ua
Наукові конференції
 

ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ МУЗЫКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

Автор: 
Айымжан Танибергенова (Талдықорған қаласы, Казахстан)

Ұлт ойындарының шығу тарихы жөнінде Ы.Дүйсенбаев: «Қазақта кең тараған мереке тойлардың бірі – «күзем алу». Ол «үлкен күзем» және «кіші күзем» болып өткізіледі де үлкен той, ойын сауық түрінде өтеді. Күзем алып жатқан ауылдың сыртынан тындап тұрсаң, ығы-жығы адамдар еңбек үстінде біреуі ән салып, біреулері айтысып жатқанын естисің. Жүнді шаңырақтан шығара көтере сабаған әйелдер киізді қарпығанда, яки киізді шиге орап, жон асырып, бір ауыл мен екінші ауылдың арасында домалатып теуіп жүргенде де әзіл мен айтыс өлендерді, киіз басуды бейнелейтін өлендерді айтады. «Қой басты – қой басты» - деп үлкен үйлердің алдына әкеліп ырымын алады. Сол еңбек процесінен туған кейбір халық ойындарын бүгінде театр сахнасында қолданып та жүр. Ғабит Мүсіреповтың «Қыз Жібек» пьесасындағы жүн сабау, киіз басуды бейнелейтін «Өрмек биі» осындай халық ойындарынан алынған»[1,30.б.].

Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халықтардың бірі. Бірақ ол ертеде ауызекі туып, жалпақ жұртқа ауызекі таралып отырған да, сондықтан көпшілігі бүгінгі күнге жетпей, ұмыт болып кеткен. Қазақтың ұлттық ойындары туралы қағаз бетіне түскен алғашқы деректер ХІІІ ғасырдан басталады. Оны алғаш жинап Европа жұртшылығына таныстырған Италия саяхатшысы Плано Карпини болды. ХІІІ ғасырда Европа халқына Моңғол тарихын таныстыру мақсатымен саяхатқа шыққан П.Карпини Жетісу мен Тарбағатайды басып өткен кезінде осы өңірді мекендеген ру – тайпалардың тұрмысы, әдет-ғұрыптары, ойын-сауықтары жайлы көптеген материалдар жинаған »[1,11.б.].

Ұлттық ойындар туралы алғашқы пікір айтушылар мен оның жеке нұсқаларын жинаушылардың қай – қайсысы болмасын, оны жоғары бағалап, көшпелі халықтан мұндай өрелі өнерді күтпегендіктерін сөз етеді. Осындай жылы лебіз, құнды пікір айтқан неміс ғалымы А.Гумбольд өзінің достарына жазған бір хатында: «Мен қазақ ауылында болған кезімді өмірімнің аса бір қуанышты кезеңі деп есептеймін. Себебі, көшпелі халықтың біздерге көрсеткен си – құрметі мен ойын сауықтары естен кететін шаруа емес... Мен өмірімде осындай қысқа уақыт ішінде мұндай үлкен тарихтан осынша материал жинап көрген емес едім, бірақ бұл кең дүниенің ортасында болғандықтан да солай болуы керек» - деген екен [2,30б.].

Қазақ халқының ұлт ретінде өмір сүруіне оның тілімен қатар салт-дәстүрлерінің,әдет-ғұрыптарының маңызы айрықша.Қазақтың мақал-мәтелдері жас ұрпақты ибалы болуға, әдептілікке, мінезінжақсы қасиеттер арқылы имандылық пен инабаттылыққа тәрбиелесе, ақын-жазушылардың көркем шығармалаы эстетикалық, этикалық қасиеттерге тәрбиелейді.Баланың құлағына жас кезінен бастап халықтың тәрбиелік асыл-маржандарын құйып отыру –тек мектептегі мұғалімнің ғана жұмысы емес, сонымен қатар үйдегі ата-аналардың негізгі міндеттерінің бірі болуға тиіс. Абай Құнанбаев он тоғызыншы қара сөзінде жас кезінен жақсы сөз естіп өскен бала кейін есті адам болады дейді «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап,татып ескерсе. Дүниедегі жақсы, жаманды танидыдағы,сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады». Сондықтан балаға жас кезінен бастап тәрбиелік маңызы жоғары халық ойларының кәусар бұлақтарымен сусын-дату қажет. Себебі, «халықтың даналық ойлары халық педагогикасының шамшырағы болған. Халық даналығы- мақал-мәтел, ертегі, өлең-жыр түрінде, ақын-жыраулардың, шешендердің сөздері толғау, өсиет сөздері арқылы баяндалып отырады. Осы тұрғыдан халық педагогикасының кең өрісі, қайнар көзі ауыз әдебиетінің тәрбиелік мәні зор». Сондықтан қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгертуде халық педагогикасының тәрбиелік мәні басым элементтерін кеңінен қолдану қажет. Осы арқылы оқушылардың рухани дүниесі парасаттылық пен бауырмалдыққа, адалдық пен кішіпейілдікке, ибалылық пен үлкенді сыйлауға тәрбиеленеді»[3,19.б.].

Музыка сабақтарында дидактикалық ойындарды көркем әдебиеттермен ұштастыру жұмыстары да оқушыларды тәрбиелеуде маңызы зор. Көркем әдебиет-терді оқу арқылы оқушылардың эстетикалық адамгершілік қасиеттері дамиды.

Шығармадағы кейіпкерлерді тану барысында жақсы істерге ұмытылады.

С.Рахметова музыка сабақтарында көркем шығармалардың оқушыларды

тәрбиелеудегі маңызын жан-жақты талдап көрсетеді:

1.Идеялық-саяси, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру;

2.Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру;

3.Балаларды, жас өспірімдер мен үлкендердің үлгілі, ерлік істерімен, еңбектері-мен таныстыру арқылы қоғам игілігіне адал ниетпен еңбек етуге, адамгершілікке, бір-бірін сыйлаушылыққа, адалдық пен шыншылдыққа, кішіпейіл болуға тәрбиелеу;

4.Отанымыздың мейлінше бай, көркем де сұлу табиғаты жайлы материалдармен танысу арқылы табиғатта кездесетін өзгерістер мен құбылыстарды байқай біліп, теңдесі жоқ сұлулық пен көркемдікті бағалай білуге, елін, жерін қадір тұтып, сүюге тәрбиелеу;

5.Балалардың алған білімдері мен оқу дағдыларын, шеберліктерін жетілдіру, тілін онан әрі дамыта түсу;

6. Халықтардың бостандық, бейбітшілік үшін жүргізген қаһармандық күрестерімен таныстыра отырып, Отанды сүю, бейбітшілік пен халықтар достығы рухында қалыптастыру;

7.Саналы тәртіпке, дұрыс мінез-құлық нормаларына үйрету; 8. Еңбекке қызығу, еңбекқорлыққа тәрбилеу.

Демек, 5-сыныпта музыка сабақтарында дидактикалық ойындарды оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуге негіздеу қажет. Осыған орай музыка сабағында

дидактикалық ойындар арқылы меңгерту жұмыстарының мынадай мақсаттары болуы керек:

  1. Оқушырды ұлттық болмысқа тәрбиелеу. Бұл төмендегі жұмыстар бойынша жүргізіледі:

а) дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім-тәрбие көздерімен ұштастыруда жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді, халықтың даналық, өсиет сөздерінен оқыту барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану;

ә) көркем шығармаларды дидактикалык ойын түрінде беру арқылы оқушылардың ұлттық мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын қалыптастыру;

2. Оқушыларды дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға әлемдік ізгілік пен әдептілік негіздерімен тәрбиелеу. Бұл үшін әлемдік тәрбиенің озық үлгілерін музыкаға оқыту барысында тиімді қолдану қажет. Қазақ тілі сабақтарында діни нақылдар мен өнегелік өсиеттерді үйрету арқылы оқушыларды адамгершілік құндылықтарды түсініп, оны келешек өмірінде дұрыс қолдана білуге дағдыландырылады.

Жоғарыда аталған мақсаттарды орындау үшін музыка сабағында дидактиклық ойындар арқылы оқушыларды тәрбиелеу жұмыстарын төрт жақты жүргізген дұрыс:

Бірінші бағыт-дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін, логикалық ойлауын тәрбиелеу;

Екінші бағыт – оқушыларға ізгілік - оқыту үрдісінде халық педагогикасының мол мұрағаттарын пайданалана отырып, оқушыларға ізгілік, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіру;

Үшінші бағыт-түрлі музыкалық шығармаларды пайдалана отырып, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру арқылы олардың жеке тұлғалық қабілеттерін, жат нәрседен бойын аулақ салуға тәрбиелеу;

Төртінші бағыт-оқушылардың сөздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіре отырып, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

Жоғарыда аталған төрт бағыт өзара бірлікте жұмсалып, тұтас күйінде дидактикалық ойындар арқылы оқушыларды тәрбиелеу негіздерін құрайды. Мысалы, «Жаңылмаймын жаңылтпаштан» ойыны оқушыларды сөйлеуге, дұрыс оқуға тәрбиелейді . Бұл ойында кім тез әрі жаңылмай оқыса, сол жеңеді. Бұл ойынды 5-сыныпта хормен ән айту барысында дауысты жаттықтыру барысында қолдануға болады. Оқушыларға жаңытпаштарды айтқызып болғаннан кейін, дауысты және дауыссыз дыбыстардың түрлерін тапқызу қажет.Мысалы:

«Жаңылтпаштарымен

жаңылысыңқырағандарың

жаңылысыңқырамағандарыңды

жаңылыстырмасаңдаршы».

Музыка сабағында оқушылардың дауысын жаттықтыру барысында мұндай тақпақтар кеңінен қолданылып, оқушылардың сөйлеу дикциясына тәрбиелейді»[3,14.б.].

«Мақалды дұрыс оқы» ойынын лексикадан өтілген материалдарды бекітуде қолданған абзал. Оқушылардың жасырылған нақыл сөздің мағынасы сұрыпталып, лексика туралы түсініктері нығайтылады. Бұл ойынның ережесі бойынша оқушылар қазақ халқының нақыл сөздерін, өлең шумақтарын өз бетінше іздену арқылы табады. Мұғалім ойын ойнамас бұрын оқушылырға ойын ережесін таныстырып, осы мақалға тақырыптас тағы қандай мақал білетінін айтып беруді талап етеді. Мұғалім кіріспе бөлімінен кейін тақтаға өлең шумағы жазылған тор көзді іліп қояды.

Н

І

С

Н

Д

Н

І

С

Д

Б

І

І

Е

І

З

Н

Е

Ү

З

М

Ж

Б

А

І

Ж

Т

А

А

А

Ү

С

М

А

Й

С

З

Т

Т

Ы

А

Т

О

Ы

А

А

У

Л

З

А

З

Л

Т

Д

С

Т

А

Д

Ө

С

,

Ы

С

А

Т

Ы

.

А

И

Т

Р

Қ

Л

Жауабы: «Таза мінсіз асыл тас

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз

Ой түбінде жатады».

Бұл ойын оқушылардың сөздік қорын молайтып, ізденімпаздық қабілеттерін

жетілдіреді, оларды логикалық ойлауға тәрбиелейді.Оқушылар жасырылған

Асан Қайғының өлең шумағының мағынасын, оның тәрбиелік мәнін жете түсі-

неді. Сол арқылы қазақ халқының нақыл сөздерін оқуға дағдыланады және осындай сөздерге жеңіл әуендерді қосып,ән шығарулары әбден мүмкін. «Мақал-мәтелдер айтудан жарысайық» ойыны арқылы оқушыларға тәрбиелік мәні жоғары, адамгершілік, ізгілік қасиеттерді үйрететін мақал-мәтелдердің мағынасын өздеріне тапқызып, тәрбиелік мәнін өз пікірлерімен айтып беру қабілеттері тәрбиеленеді. Бұл ойында мұғалім әрбір топтың алдына келіп, бір сөз мағынасына қарай мақал-мәтелдерді көптеп табуға жарысады

Мұғалім екінші топтың алдына келіп, ұрлық туралы бірнеше мақалдар айтуға тиіс.

  1. «Көп жортқан түлкі терісін алдырар».

  2. «Ұрлық түбі – қорлық».

  3. «Жаман ұры жанындағысына қарамайды» т.б

Осындай ойындар арқылы оқушылар сөз қадірін түсінуге дағдыланып, жаман қылықтардан бойларын аулақ салуға үйренеді. Мақал-мәтелдерді табу, оқушылардың тілін дамутымен қатар олардың әсерлі ән орындауына, сөйлеу дағдыларын да қалыптастырады.

«Жалғасын тап» ойында асырылған мақал –мәтелдердің екінші сыңарын табу арқылы оқушылар үлкенді сыйлауға, мінез-құлықтарын жас кезден бастап қадалауға, адамгершілік іс-әркеттерді орындауға тәрбиеленеді. Тәлім-тәрбиелік маңызы жоғары мақал- мәтелдедер алдын ала іріктеліп, кесте қағаздарға жазылады.

Осыған байланысты оқушылардың әуен шығаратын қабілеттері дамып, сөйлеу мәдениеті дұрыс қалыптасады.

Мұндай ойындар оқушының ой жалғастыру, сөйлемді дұрыс құрау дағдыларын жетілдіріп, шығармашылық ойлау қабілеттерін тәрбиелейді.

Қорыта келе музыка сабағында көп қолданылатын шаралар мен анаграммалар дидактикалық ойындары оқушылардың байқампаздығын, іздемпаздығын тәрбиелейді.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Алекторов Е.А. «Праздничные игры и забавы Киргизов» «Оренбургский листок» 1888. №42

  2. Атаев А.К. «Исследование эффективности применения элементов национальных видов спорта, народных игр и специальных упражнений для развития физических качеств школьников Узбекистана» Дис.канд.пед.наук Ленинград 1969.

  3. Ахметов М.Ш. «Адыгей халықтарының ұлттық ойындары» дис.пед.ғыл.канд Майкоп 1970.

  4. Ахундова С.М. «Использование азербайжанских народных игр в детских дошкольных учреждениях» дис.канд.пед.наук Баку 1975.

  5. Әлімбаева «Халық – қапысыз тәрбиеші» Алматы Қазақ ССР «Білім» 1977. 3-4 б.

  6. Бабунова Т.М. «Формирование взаимоотношений детей старшего дошкольного возраста в подвижных играх» дис.канд.пед.наук Москва 1983.

  7. Бекбатчаев Т.Ж. «Применение традиционных казахских народных игр и упражнений в системе физического воспитания в школе» дис.канд.пед.наук Алма-ата 1981.

Научный руководитель:

канддидат педагогических наук, доцент Таубалдиева Жуматай.