Автор:
Жұматай Таубалдиева (Талдықорған қаласы, Казахстан)
Өсіп келе жатқан жеткіншектерімізді мәдениетті, парасатты, білікті, көрегенді етіп тәрбиелеу, олардың дүниетанымын жоғарғы азаматтық деңгейде дамытып, қоғамымыздың ілгерілеу процесіндегі адам факторын жандандыру, ұлттық намысын қозғап, кез - келген парасатты азаматтардың, оның ішінде ұстаздардың ізгілікті ісі деп ойлаймыз.
Олай болса, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы, осы Жолдаудағы 2030 жыла дейінгі дамуымыздың ұзақ мерізімдік стратегиясы аса маңызды құжат болып табылады /94/. Бұл мемлекет басшысының салиқалы ой тізбегінен өткен жәйі, әсемдік өркенниетті дамуының қырын - сырын оқып, зерттеп жүйелеген көрегендік саясатының толыққанды жемісі болмақ. Осы тәуелсіздігіміздің баянды болуы жолында барынша еңбек етіп, елімізді өркендетіп, гүлдендіру, "Мен Қазақстанның азаматымын!" - деген ұлтжанды отандастарымыздың ардақты да, асқақ борышы болмақ. Сондықтанда, өсіп келе жатқан жас ұрпақтарымыздың жан - жақты ойлай білетін, өз елінің, халқының қамын жейтін, қоғамды алға қарай дамытатын адамгершілігі мол бүлдіршіндерін дайындауымыз керек. Сол себептен де, білім беру саласында жұмыс істейтін педагогтарымыздың алдында үлкен міндет, ауыр жүк тұр. Өйткені, қазіргі оқушыларға - егемен еліміздің болашағына, өтпелі кезеңнің көлеңкелі жақтарын өткере отырып, оған мойын үсынбай, алдымызда тұрған нарықтық экономика жағдайында мазмұнды, әрі сапалы білім беру - біздің аса жауапты міндетіміз[1,15б. ].
Мектепте мұғалімдер, үйде ата - ана, қоғамдық орында жүртшылық болып болашағымыздың оқу - тәрбие жұмысына белсене араласу - қазіргі кезеңдегі бірінші орынға қойылған мақсат, себебі, білімсіз, ғылымсыз ешбір қоғам алға жылжымайды, дамымайды.
Еліміз өркендесін десек, дүние жүзіндегі озық елдердің қатарына жетеміз десек, қазіргі ұрпаққа беретін біліміміз, тәрбиеміз соған лайықты болуы тиіс.
Қоғамның тарихи даму кезеңі адамгершілік тәрбиесінің проблемалары үнемі жаңа адам тәрбиелеу міндеттерімен байланысты болып келгенін дәлелдейді.
Сол себепті де, ең алдымен адамның рухани жан дүниесін, асыл сезімін, адамгершілік парызын, сұлулық талғамын қоршаған ортаға гумандық қатынасын қалыптастыру келелі мәселелердің бірі болып саналады.
Негізінде, гумандылық дегеніміз - мінез - құлық дағдылары мен әдеттерін, моральдық сананы мақсатты қалыптастыру немесе тәлім - тәрбиенің ықпалды әсерімен моральдық сананы қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілікті қасиеттерді дамытудың сара жолы [2,10б. ].
Сонымен, адамгершілік міндеті өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі қоғамның алдында тұрған мақсат - мүддесіне сай адамгершілік қасиеттерінің тұтастығын тәрбиелеу болып табылады. Адам бойындағы қасиеттерді психологтар: сезім, сана, сенім, мінез - құлық дағдысы деп білеміз.
Жалпы педагогика мен психология адамгершілік тәрбиесі теориясын жеке тұлға және қоғам туралы ғылымдардан бөліп қарамайды: оның ажырамас бөлігі деп есептейді. Ол философия, социология, психология мен физиологияның табыстарына сүйенеді.
Қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік жаңа жағдайға байланысты гумандағы көзқарас педагогикалық теория мен мектептің оқу - тәрбие жүйесінің келелі мәселесі жөніндегі тұжырымдамада жасөспірімдерді адамгершілік, мейірімділік пен инабаттылыққа тәрбиелеу көздеген. Осы міндетті жүйеге асыру үшін, қазақ халқының ұлттық тәлім -тәрбие және оны іске асыру жүйесіне, әдістемесіне назар аударып, ұрпақ тәрбиесінің жетістіктерін сақтау керек .
Оқушыларының гумандық қатынасын қалыптастырудағы Я.А. Коменский, К.Д. Ушинский, А.С. Макаренконы» еңбектері кезінде өзіндік орнын алған болатын. Қазіргі ғалымдардың шығармаларынан даму заңдылықтарының бір - бірімен өзара сабақтастығын ғылыми тұрғыдан байланыстылығын байқауға болады.
«Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында айтылғандай:» ...біздің өміріміздің басқа салаларында жаңалықтарға кең жол бере отырып, барлық өзгерістердің негізгі мәні адам тәрбиесі, адамның дамуы екендігін естен шығармауымыз керек" - деп көрсетілген. Осы тұжырымдама негізінде өркениетті қоғамдағы орта білім жүйесінің стратегиясы мен мақсаттары айқындалған. Оның ішінде, балалардың гумандық көзқарастары мен қатынастарын қалыптастыру да бүгінгі таңдағы гуманитаризация және гуманизация ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Осыған қатысты Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы: "Қоғамды гуманитарландыру - XXI ғасырдың табалдырығандағы өркенниетті дамудың талабы" - деп, айырықша назарға алынып отыр. Мұнда осы мақсатқа жету үшін өмірлік құндылықтар мен бағдарламалардың сындарлы жүйесін орнықтыру қажеттігіне көңіл аударылады. Ол үшін бүкіл тәлім - тәрбие, білім беру және мәдениет кешенін тәрбие ісіне тұтастай жұмылдыра отырып, жүзеге асыру міндетін орындаудың қажеттілігі көрсетіледі[3,12б. ].
Гумандылық ұғымын сипаттауда ғалымдар арасында бірізділік көрінісі кездесе бермейді. Бұл салалық ғылымдарға ғана қатысты емес, түрлі дәуірдегі түрлі көзқарастарға да тән.
Гуманизм (лат. Hummanus - иманды) - адамның қадір - қасиеті хұқын құрметтеуі, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның игілігіне, оның жан -жақты дамуына, адам үшін қолайлы қоғамдық өмір жалғасын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы.
Қайта өркендеу дәуірінде /XV, XVI ғ.ғ./ гуманизм тиянақты идеялық қозғалыс ретінде қалыптасты. Бұл кезеңде гуманизм феодализмге және орта ғасырдың теологиялық тұжырымдарына қарсы көзқарастарымен тығыз байланыста болды. Гуманистер адам бостандығын жариялады, діни аскетизмге қарсы, адам ләззаты мен өз мұқтаждарын қанағаттандыру хұқы жолында күресті. Гуманизм сезім теорияларының ең басты мәні сонда - адамдар оқиғаларға баға береді, өзінің мінез - құлық (бағалайтын) бағытын таңдайтын моральдік ұғымдарға, әртүрлі құбылыстарға байланысты яғни олардың бастан кешіретін мақұлдау немесе айыптау сезіміне негіз болады. Басқаша айтқанда гумандық сезім теориясының жақтаушылары айтқандай ой - пікірлер тиісті немесе бағаланып отырған объектілер туралы емес, осы объектілерге орай адамның бастан өткеретін гумандық сезімдер туралы ғана ақпаратты қамтыды деп есептейді[4,14б.].
Осы орайда Ресей философы А.Ф. Лосевтің пайымдауынша «Гуманизм дегеніміз - философия, филология, тарих тұрғысындағы білімдердің және ерекше өнердің жиынтығы ғана емес, сонымен бірге ол адамның ақыл - ойының ерекше бір қасиеті, еркін ойлауға деген бұрылысы» деген пікірі біршама көңіл аударарлық.
Ал, философиялық сөздіктегі (1996) анықтамада: «Гуманизм - адамның қадір - қасиеті мен хұқын құрметтеуді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасы, адамның игілігіне, оның жан - жақты дамуына, адам үшін қолайлы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы», - деп тұжырымдалған.
Соңғы кезде шыққан «Педагогикалық сөздіктегі» «гуманизм» анықтамасы да көңіл аударарлық: «Гуманизм - принцип мировоззрения, в основе которого лежит признание безграничности возможностей человека и его способности к совершенствованию, прав личности на свободное проявление своих способностей, убеждений, утверждение благо человека как критерия оценки уровня общественных отношении. В настоящее время становится одним из основных принципов педагогики» (Коджаспирова Г.М., Коджаспиров А.Ю. Педагогический словарь. М - 2000).
Бүл жерде тұлға қабілетін адами дамытудың шексіз мүмкіндігіне мегзей отырып, оның қоғамдық қатынастарының өлшемі ретіндегі қызметі де ескерілгенін аңғарамыз.
Байқап отырғанымыздай, адамның мінез - құлық, қадір - қасиеті мен қарым -қатынас тұтастығы гумандық қасиетті айқындай түседі екен. Осы ыңғайда Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің профессоры А.А. Бейсенбаева үйтқы болып, бүкіл оқу - тәрбие үрдісін пәнаралық байланыс негізінде гуманитарландыру арқылы оқушыларды гумандылыққа тәрбиелеу мектебі айтарлықтай жұмыс атқаруда.
Ғалым - педагог А.А. Бейсенбаева тарихи құбылыс ретінде гуманизм қоғам талабына сай тың мазмұнға ие болатындығын көрсетеді. Сонымен бірге, ол тәлім - тәрбие тарихында гуманизмнің абстрактылы және реалды типтеріне де нақты анықтама береді. Ал Г. Шолпанқұлова гумандық қарым – қатынас ұғымын анықтай отырып, оның құрылымдық бөліктерін көрсетіп, оларға гумандық қасиеттерді шынайы, жалған және гумандыққа жат қасиеттер деп топтастырады. В.П. Кәрібжанова диссертациялық жұмысында сенімділікті гумандық сенімділікті қалыптастыру мәселелерін және оның құрылымдылық компоненттерін анықтайды[5,22б ].
Жоғарыдағы зерттеулер негізінде біз гумандық қасмиеттерге адам бойындағы барлық ізгі қасиеттер жататынын көреміз. Адамның өзіндік ой - пікір, көзқарас, мінез - құлық, іс - әрекетінің бүкіл ортамен қарым - қатынасы арқылы көрінеді. Гумандылық анықтамасы әр дәуір арқылы беріліп келеді. Ежелгі дәуір ойшылдары да гумандылық туралы өздерінің түйінді ойларын келтіріп отырған. Бұл ерекшелік ауыз әдебиеті үлгілеріне де тән. Енді солардың кейбіріне назар аударалық. "Ер Төстік", "Тазша бала", "Алдар көсе", "Жиренше" т.б. сондай ертегі, аңыздардағы ұнамды кейіпкерлердің барлығы да әділдік, ізгілік, адамгершілік жолындағы іс - әрекеттерімен бағалы. Ал "Алпамыс", "Қобыланды", "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" т.б. жырларда ел мүддесін көздеген ерлік пен кіршіксіз махаббат тақырыбы арқылы ізгілік арқауы тартылған. Мақал - мәтел, жұмбақтар да адам бойына игі қасиеттер дарытумен бірге айнала қоршаған ортаны тани білуге, онымен үйлесімді өмір сүруге үйрететін ізгі тәрбие құралы болып табылады.
-
Тасқа жазылған көне түрік ескерткіштері - Орхон - Енесей жазбалары - халқымыздың батырлық жырларымен үндес, сарындас. Мұндағы Білте қаған, Күлтегін, Тоныкөк түркі халқының қалыптасуы мен бірігуі, қуаттануы үшін "түнде ұйықтамай, күндіз отырмай" халқы үшін қара бастың қарекетінен бастан өткізген.
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Рухани құндылықтар әлемі.әлеуметтік философиялық талдау.- (Нұрматов.С. Алматы:ФСИ,2000.180б )
2.Әл-Фараби. Трактат және өлеңдер.-Алматы: Ғылым, 1974.- 298 б.
3.Әл-Фараби. Әлеуметтік-этникалық трактаттар.- Алматы: Ғылым, 1975.-
2116.
4. Әл-Фараби. Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері. Әлеуметтік-
этникалық трактаттарында . - Алматы: Ғылым, 1975.- 456.
5.Баласағұн Ж. Құтты білік. - Алматы: Жазушы, 1986.- 3556.
6.Иассауи Кожа Ахмет. Диуани хикмет. - Алматы, 1993,- 260 6.
7.Ізтілеуов Қ., Баржақсиев Қ., Қожа - Ахмет Иассауи өмірі туралы. /«Қазақстан мектебі», №1, қаңтар, 1997. - 37-39 6