Увага! Всі конференції починаючи з 2014 року публікуються на новому сайті: conferences.neasmo.org.ua
Наукові конференції
 

Бейінді білім беру жүйесіндегі болашақ мұғалімнің кәсіптік қабілетін қалыптастыру-білім беру рыногында бәсекеге қабілеттілік фактор

Автор: 
Камшат Ушакбаева (Тараз қаласы, Казахстан)

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына білім беру саясаты жөніндегі Жолдауының жөні бөлек, өресі биік. Өйткені бұл Жолдауда Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елді қатарына кіру стратегиясы жан-жақты қамтылып, баяндалған және ірі-ірі негізгі басымдықтар сараланып көрсетілген.

Соның ішінде төртінші басымдық осы заманғы білім беруді дамыту, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауды ұдайы арттыру жөнінде болып отыр. Онда «Білім беру Реформасы – Қазастанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет. Сондықтан 12 жылдық оқуға көшу шеңберінде техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарында одан әрі оқуды таңдағысы келетіндерге 12 жылдық орта білім беруді жоққа шығаруға болмайды. Адамның өмір бойы білім алуы үшін жағдай туғызуымыз керек»,- деп атап көрсетіледі. Олай болса, бүгінгі қоғам - білім бәсекесінің қоғамы.

12 жылдық білім – бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны жоғары сатыда бейінді оқытуды көздейтін бірден-бір тиімді жол. Жалпы орта білім беру жүйесін дамытудың әлемдік тәжірбиесін зерделеу, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу тек 12 жылдық жалпы білім беретін мектеп болатынын көрсетеді. 12 жылдық оқуға көшу Қазастанық білім беру реформасының стратегиялық міндеттерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді, шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «Жалпыға арналған білімнен», «Білім әркімге өмір бойы» үлгісіне сапалы түрде көшуі және әлемдік білім беру кеңістгіне жедел енуін қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік кадр саясатындағы маңызды мақсат Қазақстандық сапалы білімсіз дамуы мүмкін емес, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жоғары қарқынмен дамуын қамтамасыз етуге қабілетті, интеллектуалдық және кәсіби ресурсын құру. Қазақстан Республикасы үкіметінің 200-2007 жылдарға арналған бағдарламасы Қазастанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыруға бағытталған. Бағдарламаның қолдану кезеңіне арналған бірінші кезектегі міндеттері мен басымдықтарының бірегейі - қазіргі заманғы білім беру жүйесін дамыту және білікті кадрлар даярлау мақсаты: әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті және индустриялдық-инновациялық дамытудың қазіргі заманғы талаптарына жауап беретін тиімділігі жоғары білім беру жүйесін қалыптастыру делінген. Республикадағы жүргізіліп жатқан экономикалық өзгерістер нарық экономикасының заңдарын айырып тани білетін жоғары білімді мамандар даярлау процесінің сапалы жаңартылуын, жаңа білім стандартының проблемаларымен, мамандарды көп деңгейде және сатылы даярлауымен байланыстырып, негізінен жеке адамның рухани сауаттылығын көздейді. Қоғамның үздіксіз дамуы, әрбір аймақтың ерекшелігіне сай экономикалық құрылымын өзгерту, нарықтық қатынасты ендіру білім беру жүйесінің алдына жаңа мақсаттар қойып, кәсіби сауатты, еңбек рыногына қажетті инженерлік және педагогикалық ұлттық мамандар қалыптастыруды қажет етеді.

Нәтижеге бағдарланған жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне көшу психологиялық-педагогикалық кадрларды кәсіби даярлауды ұйымдастырудың мазмұны мен технологияларын, мақсат проблеммаларын өзектендіреді. Әдіснамалық шешімдердің бірі кәсіби дайындық мақсатты бағдарына сәйкес басшысының, мұғалімнің, мектеп психологының кәсіби-тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады.

Осының негізінде болашақ маман студентке қоғамның әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуындағы адамның шешуші ролін ұғындырып, қоғам және тұлғаның мүддесі үшін қоғамның өндіріс, ғылыми-техникалық прогресс, оқытудың жаңа типтік технологиясы, білім берудің жаңа үлгісі, мектептегі білімді реформалау сияқты жаңа қатынастарды жадына сақтауға бейімдеу керек. Демек, қоғамның дамып өркендеуі, оның әлеуметтік-мәдени этностық ерекшеліктерін толық меңгеріп, өзгерістер, жаңалықтар, ұғымдар туралы болып жатқан барлық мәселелерге мән бере отырып, салауатты өмір салтын құруда, білім беру саласындағы инновациялық үрдістің жаңа құбылыс ерекшеліктерін меңгеруде, қоғамымызды ізгілендіруде мұғалімдерге, олардың кәсіптік сапаларына, білімділігі, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қабілеттілігі, мәдениеті, парасаттылығы, т.б.қасиеттеріне байланысты екендігін, мұғалімдік мамандықтың жан-жақты білімді, шынай сезімтал болуды, шәкірттеріне шексіз сүйіспеншілікті беруді талап ететін, еңбегінің нәтижесі әр күн сайын балаларға қуаныш әкелгенде ғана жемісті болатынын ұғындыру. Мұғалімдердің саяси сауатты, жан-жақты білімді, өз бойындағы білімін оқушы жүрегіне еркін ұялата аларлықтай әдістемелік шеберлігі болуы шарт. Мұғалімнің осы талап тұрғысынан табылуы, кәсіби даярлығын, шеберлігін шыңдайтын әдістемелік кеңестің дұрыс ұйымдастырылуына байланысты. «Әрбір пән мұғалімінің педагогикалық шеберліктерін арттыра отырып, технологияны жетік меңгеру негізінде шәкірттің білімін жоғары деңгейге көтеру» ұранымен жүргізілуі тиіс.Білім жүйесін дамытуға байланысты мұғалім еңбегін зерттеп, саралап, шеберліктерін шыңдау мақсатымен түрлі семинарлар, конференциялар, шығармашылық есептер мен пән олимпиядалары, сынақтар, ашық сабақтар, бас қосулар, пікір алысу секілді игі бастамалардың орны айрықша.Мұғалімдердің шығармашылық ізденістері мен зерттеу жұмыстарына аса назар аударып, шығармашылығы шыңдалған мұғалімдерден төмендегідей топтар құруға болады.

 

 

Оқушы тұлғасына бағыттталған білім беру адамның белсенділігін, шығармашылық қабілетін, әлеуметтік жауапкершілігін, өмірде өз білімін іске асыру мүмкіндігін дамытуға қолайлы жағдайлар туғызады. Бала санасының психологиялық табиғатын, оның субъектілігін тәжірбиесін оқыту материалын игеруге пайдалану туралы Л. С. Выготский:

«Тұлғаның бойында жаңа реакциялық өзгерістер жасай алатын бірден бір тәрбиеші –организмнің өзіндік тәжірбиесі. Тек қана өз тәжірбиесінде басынан өткізгендер ғана сырты байланыс жасай алады... Сондықтан оқушының жеке тәжірбиесін ескеруге бағытталмаған, оны жоққа шығаратын, сөйтіп мұғалімді жоғары санайтын көзқарас өте жалған екенін ғылыми психология дәлелдей алады. Тәрбиелеу үрдісі оқушыны тәрбиелеуге емес, оқушы өзін-өзі тәрбиелеуге әкелетін үрдіс болуға тиіс» - деп көрсетеді.

Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының жастар саясатында (№73, 1999ж. 28 тамыз) былай көрсетілген: «Қазақстан жас буын бойында отаншылдық, іскерлік, жауапкершілік қасиеттер қалыптастырмай, жастардың ізгілікті, рухани өркендеуін, сондай-ақ өткен буынның әлеуметтік-мәдени тәжірбиесін, әлем өркениеті жетістіктерін игеруіне жол ашпай, әлеуметтік ұстанымдағы экономикасы, өзіндік мәдениеті, рухани байлығы емес» Сондықтан жастарды болашаққа бағыштап, тәрбиелеп апаратын мұғалімдерді даярлау мәселесі, қоғам қажеттілігінен туындап отыр. Мұғалімнің кәсіптік сапалары, оның білімдарлығы, оқушылармен қарым-қатынасының шығармашылық сипатта болуы, оқушыны зерттей отырып, оның психикасындағы ерекшеліктерін терең меңгере білуге үйрету, өз ісінің нағыз шебері болуға икемдеу. Мұғалім даярлау мәселесі, оның тұлғалық сапалары, кәсіптік кемелденуін қалыптастыру, педагогикалық шеберлікке барар жол, педагогикалық такт, әдеп туралы көптеген ғалымдар оны ғылыми негізде жүйелі түрде зерттеді.

Соңғы жылдары басты назар мұғалім жұмысындағы шығармашылық мәселесіне ауыса келе, коммуникативті қабілеттерді мұғалім де, оқушы да дамыту мәселері жөнінде көптеген зерттеулер жүргізіліп, педагогикалық шеберлік, педагогикалық такт, педагогикалық этика, импровизация мәселелерін жетілдіруге қатысты көптеген ұсыныстар берілді. Сонымен қатар педагогикалық-психолгиялық іс-әрекет жайында; эстетикалық сапалар; саяси жақтары; адамгершілік негіздері; музыкалық қабілеті; физиологиялық сапалары; зерттеушілік; интеллектуалдық дамуы; рухани мәдениеті; әдіснамалық негізі; жалпы білімділігі; философиялық дайындығы; кәсіптік педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті және т.б. кәсіптік ерекшеліктеріне арналған енбектер бар.

Қоғам – адам – тәрбие, зерттеушілік, ғылыми жұмыс, кәсіптік мәдениет, студенттің ғылыми ойлауын дамыту қазіргі нарықтық қатынасқа жауапкершілікпен қаруға үйрету қазіргі замандағы білім берудің жетекші идеясы ретінде қаралып келеді.

Қазіргі уақыттағы білімнің жаңа үрдісі қарқын алып, 12 жылдық білім беруге көшу тұсындағы білім беру саясатының негізгі мақсаты – қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай студенттерді мұғалімдікке дайындау және дайындық процесін ұйымдастыру, қалыптастыру, студенттердің кез келген проблеманың теориялық негізін анықтап, практикалық мәселерінің шешу тәсілдерін қамтамасыз ету мүмкіндігін ұйымдастыру. Бұл жөнінде 12 жылдық білмге көшу проблемалары ғылыми-практикалық орталықтың да жұмысы жаңа қоғам мұғалімдеріне қойып отырған талаптары – оқуға үйрету, ойлауға үйрету, жаңа шешімдер қабылдап, өз болашағын құру. Ол үшін:

  • Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру жүйесін құру;

  • білдімді практикалық шығармашылықққа ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі элементі ретінде қалыптастыру;

  • білім, сана, эмоция, қатынас, зерттеушілік, шығармашылық арасындағы қайшылықтарды жеңудің теориялық негіздемесін анықтау;

  • қоғам дамуына байланысты ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру мен формалары өзгерген жағдайда жаңа нұсқалар еліміздің әлеуметтік экономикалық даму жағдайында сәйкес құру мүмкіндіктерін анықтау.

 

Қазіргі өмірдің прогрессивті өзгерісі мен білім беру жүйесінің, білім беру мақсаты мен формаларының, оқыту мазмұны мен технологиясының арасындағы сәйкессіздік білім беру жүйесінің дағдарысқа ұшырауына соқтырады: педагогикалық білімге деген сұраныс; педагогикалық білім берудің кәсіптік деңгейін көтеру; педагогикалық білім берудің ерекшелігі мен икемділігі; педагогикалық білім берудің қоғамның талабына сай келуі, дәстүрлі технологияның тиімділігінің төмендігі; қоғамның жеке тұлға дамуының деңгейі мен дәрежесіне қойып отырған талабының өсуі; оқытудың жаңа технологиясын ендіруге; білім мазмұнын ғылыми әдістермен ұштастырып, білімді ғылыми негізде құруға кері әсер етіп отырған психологиялық кедергілерді жою білім мазмұнын анықтаудан басталуы керек. Мектептегі білім мазмұны мәдениті өркендеген демократиялық қоғамға үйлесімді жаңа адам үлгісін тәрбиелеуге бағытталуы тиіс.

Қазіргі уақытта жалпы білім қоғам талап ететін қажеттілік ғана емес, сонымен қатар жеке адамның өзіндік интеллектуалды, адамгершілік, гуманистік тұрғыдан дамуды қажет ететін, оның қоғамдық мәдени өмірге, кәсіптік еңбекке қатысып, білімін одан әрі жетілдірудің мөлшері болып табылады. Сондықтан да жалпы білім беру мектептің білім мазмұнын жаңарту үшін нақты әлеуметтік жағдайларда дамитын әрбір оқушының талғам-тілегін, оның табиғатын, биологиялық, генетикалық ерекшеліктерін, қабілет пен дарындылығын барынша ескере отырып, жеке тұлғаны шығармашылықпен іс-әрекет ете білу мақсаты басшылыққа алынады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

  2. Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасы

  3. «Бастауыш мектеп» журналы, №1, 2010

  4. «Мектеп директоры» журналы, №1, 2012

  5. «12 жылдық білім» журналы, №1, 2012

  6. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

  7. «Бастауыш мектеп» журналы, №4, 2011

  8. «12 жылдық білім» журналы, №1, 2011