Автор:
Серікбол Шыныбаев (Талдықорған қаласы, Казахстан)
Қазақ әндеріндегі философиялық ой тереңдігі үнемі дидактикалық мәселелермен қапсырыла қапталдасқан. Қазақ әндерінің қай жанрын алмасақ та, өнегелі өсиет арқылы, ізгілікті мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, байсалды мінез-құлыққа, сақилы ақылдыққа насихаттап отырады. Сонымен бірге, қазақ тарихын, өмір сүру тіршілігінің сан қилылығын, қоғамдық қөзкарастарын, ақыл-ойының жиынтығын танытады. Казақ әндерінің дидактикалық, танымдық касиеті негізгі ерекшеліктерін тағы бір қырынан көрсетеді.
Қазақ халық әндерінің жанрлары да көп. Оларды жүйеге келтірілген жіктемелер де баршылық (А.В.Затаевич, Б.Г.Ерзакович, Т.Бекқожина, З.Қоспақов, т.б.) Жіктемелердің бәрін өнертану саласында толық қолдауға болады. Ал педагогикалық салада оларды осы қалпында пайдалануға болмайды, өйткені олар әндердің тәрбиелік мүмкіндіктерін жан жақты ашып көрсетуді шектейді. Біздің пайымдауымызша мектеп практикасында мазмұнды пайдалану мақсатында қазақ әндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін былайша жүктеген дұрыс сияқты:
- тұрмыс салт әндері (бесік жырлары, балалар мен жастар әндері);
- еңбек, шаруашылық, кәсіп әндері (бақташылық, төрт түлік мал туралы әндер, дикан, егіншілік әндері, аңшылық, саяткерлік әндер, жұмысшы әндері);
- үйлену әндері (той бастар, той тарқатар, жар-жар, беташар, қоштасу, сыңсу, құдалар әндері);
- ұлыс әндері (жарапазан); діни әдет-ғұрыптар тудырған әндер (бәдік, бақсы, сарыны);
- жаналазау әндері (естірту, жұбату, көңіл айту);
- нақиялы әндер (алғыс, бата, тілек, жұмбақ, мысал-әжуа, күлдіргі мысқыл әндер);
- қиял-ғажайып әндер (аңыз әндер, өтірік өлеңдер);
- сатиралы юморлық әндер (әзіл-калжың, мысқыл, күлдіргі әндер);
- тарихи әндер;
- әлеуметтік теңсіздік әндері;
- эпикалық шығармалар (терме, толғаулар);
- айтыс әндері;
- лирикалық әндер.
Казақтың халық әндері жоғары тәрбиелік мүмкіндіктерімен, азаматтық идеяларының өркениеттігімен, болмастығы көзқарасты әсерлі бейнелеуімен, көркемдік айырмашылығымен оқушылар назарын өзіне аударады[1,12б.].
Қазақ әндерінің музыкалық-поэтикалық кұрылымының күрделілігі, жас буынның ой-сезімі мен танымдылығына әсер етуші күштерінің сан қилы болып келуі, оның өнер түрінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болып келеді.
Ал біздер сөз еткелі отырған оқушьшардың музыкалық-эстетикалық дамуын жетілдіруде ән тәрбиелік мүмкіндіктерін нәтиежелі пайдалану қазақ әндерінің өзіндік бітім-тұлғасын, мазмұнын түп төркінін, көркемділік мәнерін жете білмейінше, ойдағыдай жүзеге асырылмайды.
Қазақ әндерінің ерекшеліктері әдебиет саласында А.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, Б.Уақатов және басқа зерттеушілердің еңбектерінде талданды. Педагогикалық зерттеулерде қазақ әндерінің ерекшеліктері жөнінде арнайы еңбектер болғанымен, осы мәселе төңірегіндегі ой-пікірлер мен пайымдаулары С.А.Ұзақбаеваның, А.Нұғыманованың, М.Х.Балтабаевтың, Ж.Өтемісовтың, ізденістерінен байқауға болады.
Ән синкреттік өнер. Оның бойында біртұтас бірлікте сомдалған. Ән өнерінің әсер етуші механизімінің күрделігі, біздің оның негізгі ерекшелігі синкреттілігіне байланысы зор.
Қазақ әндеріндегі философиялық ой тереңдігі үнемі дидактикалық мәселелермен қапсырыла қапталдасқан. Қазақ әндерінің қай жанрын алмасақ та, өнегелі өсиет арқылы, ізгілікті мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, байсалды мінез-құлыққа, сақилы ақылдыққа насихаттап отырады. Сонымен бірге қазақ халқының тарихын, өмір сүру тіршілігінің сан қилылығын, қоғамдық қөзқарастарын, ақыл-ойының жиынтығын танытады. Яғни, қазақ әндерінің дидактикалық, танымдық қасиеті оның негізгі ерекшеліктерін тағы бір қырынан көрсетеді.
Біздер қазақтың халық әндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін талдағанда жоғарыда аталған зерттеушілердің ән жанрларын классификациялауына сүйеніп педагогикалық мақсатпен жүйеленді.
Тұрмыс салт әндері адам баласының өмірге келіп ержетіп, есеюі, қаза болуы сияқты елеулі кезеңдерге, уақиғаларға байланысты туындаған. Нәрестенің өмірге келуі, әр шаңырақты қуанышқа толтырып, шілдехана жасалып, ат қойылған. Кіндігі түскен баланы 5-6 күннен соң бесікке салып, түрлі ырым-жоралғылар жасалған. Ал бесікке салынған баланың өсіп жетілуіне бесік жырларының тәрбиелік маңызы айрықша болады. Бесікке салынған бөбек анасының сүйіспеншілікке толы, жанға жағымды нәзік әуеніне балқып, тәтті ұйқыға кетеді. Бесік жырларының құрылымы қарапайым болғанымен, сазы жан тебірентер мамыражай, әрі көркем болып, жас сәбидің нерв жүйелеріне, жалпы психикасына жағымды әсер етіп, көңіл-күйін орнықтырады. Ананың бесіктегі нәрестесін уата отырып айтқан игі тілектері, болашаққа деген жақсы үміттерін сүтімен, әлдиімен ерте бастан-ақ құлағына құйылып ержетеді[2,22б.]
Балалар мен жастардың әндері көшпелі өмір сүрген халықтың күнделікті тіршілігіне байланысты туындаған. Балалардың өздеріне қоршаған табиғаттағы жан-жануарлармен, құстардың дыбысын, іс-әрекеттерін қызық көріп бейнелегендері „Асау мәстек”, „Қоғый гөк”, „Соқыр теке” және сол сияқты түрлі ойын элементтерінде кездеседі. Осы ойындардың әндері де бала табиғатына сай, ойнақы, көңілді, ширақ болып келуі олардың музыкалық-эстетикалық қабілеттерімен, мәнерлеп ән салу дағдыларын дамытуға септігін тигізіп отырған. Ал „Қамажай” сияқты жастардың ауыл арасындағы той-томалақ, алдыбақан және басқа ойындарында айтылатын әндері оларды әсерге бөлеп, әнге деген ынта-ықыласын қанағаттандырып, сүйіспеншілігін арттырады. Балалар мен жастар әндерінің бәріне тән ерекшеліктері олардың ойнақылығы, эмоциялық көңіл көтеріңкілігі, дидактикалық мән мағынасы күнделікті оқу тәрбие жұмыстарында пайдалануға өте қолайлы жағдай жасады [2,22б.]
Еңбек, шаруашылық, кәсіп әндері мазмұны жағынан бірнеше түрге бөлінеді және тақырыбы мен поэтикалық тексі орындалатын еңбек, шаруашылық түріне байланысты болады. Қазақ халқының негізгі кәсіпшілігі төрт түлік малмен байланысты болғандықтан, оның өмір тіршілігінде үлкен орын алғаны белгілі. Халық төрт түлік малды құт санаған және Шопан ата – қойдың, Жылқышы ата – жылқының, Сексек ата – ешкінің, Ойсыл қара – түйенің, Зеңгі баба – сиырдың пірі ұғынып табынған. Аңшылық, саяткерлік әндері жігіттің арманы болған жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр тазы, сұлу қызға деген ғашықтық сезім арқау болып, мінсіз сұлулық, шынайы мөлдір сезім, жан-жануар, табиғат сұлулығын дәріптейді.
Егіншілік әндері Наурыз мерекесіне байланысты тақырып елеулі орын алды. Сабантой кезінде "Кеусен", Ат желі" сияқты речтативті әндер айтылған.
Жұмысшы әндері Қарағанды, Қарасақбай, Жезқазған, Риддер шахталары мен рудниктері иелерінің зорлық-зомбылығы, жұмыскердің ауыр еңбектері, көрген мехнаты тақырыптары арқау болған. Оған "Ауыр еңбек астында", "Ақшамды бермей қойды ғой" тәрізді әндерін жатқызуға болады.
Үйлену әндері – қазақ халқының от басының тағдырына, жас буынның өсіп, мұрат-мақсатына жетуіне, арман-қайғысына ортақ әндер. Үйлену әндерінің алуан түрлері жасалып, халықтың тұрмыс тіршілігіне, әдет-ғұрпы мен салт-санасы, ой сезімі мен арманниетін білдіретін танымдық мәні елеулі. Әдет-ғұрыпқа байланысты бұл әндердің өзі жар-жар, сыңсыма, қоштасу, жұбату, беташар, той бастар түрінде айтылады. Халықпен бірге жасасып, өркендеп келе жатқан бай салт-дәстүрінің ішіндегі өміршеңі – келін түсіру той-томалағы. Бұл жоралғы халқымыздың қадір қасиетін, өнеге өрісін, тұрмыс тіршілігін сонымен қоса адамгершілік-этикалық қағидаларын танытады [3,25б.]
Халықтың педагогикалық шарттары мен талаптары беташарда мол көрініс береді. Жаңа түскен келінге тойдың ең көңілді кезінде өнеге түрінде айтылады. Беташар әдетте "Келін, келін келіп тұр, келін үйге кіріп тұр" деп басталып, келінге келген үйі мен бүкіл ауылдың адамдарын таныстарып, олардың өмірдегі, ауыл арасындағы алатын орны мен беделі, мінез ерекшелігі әзіл мен нақыл сөздермен айтылады.
Ұлыс күндері еңбекпен тығыз байланысты әндер айтылады. Қазақ халқы ұлыс күнін "жыл басы" санайды. Бұл күндері жастар ойын-сауық құрып, қарт-қариялар еңбек адамдарына бата береді. Отбасы ішіндегі қатынастардың өзіндік ерекшелігі ретінде, біріншіден, балаларға деген мейірімділік, екіншіден, белгілі бір дәрежеде өктемдік орын алды. Ата-аналарды, үлкендерді, туыстық байланыстарды терең құрметтейтін ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер үлкендердің беделін қамтамасыз етті. Тәрбиедегі қаталдық пен талап етушілік – халық тәрбиесінің негізі болып саналуы да міне осыдан. Жақсы қасиетттерді дарысын деген ниетпен жас балаларға әйгілі ақын, әнші-күйшінің, шешеннің атын қою сияқты алуан түрлі ырымдар ел өмірінде орын алды. Сол тәрізді кіндік шешенің әншілік, күйшілік, ақындық, адамгершілік қасиеттері балаға мұра болып қалады деген наным бар. Әсіресе, осы қасиеттерді бағалайтын ата-аналар болашақ кіндік шешені алдын ала белгілеп отырған. « Дауысы зор - әнші болады, саусағы ұзын – күйші болады» деген ойлар мұның айқын дәлелі.
Ішкі отбасылық қатынастардың өзіне тән ерекшелігі ауылдың айтулы оқиғаларына (мерекелер, кездесулер, айтыс, жиын-тойлар т.б.) туыстас отбасылардың бірге қатысуына жағдай туғызды. Көбіне ауылға атақты күйші, жыршы, әншінің немесе өзінің талантымен, шапағатымен өте аты шыққан адамның келуі барлық туыстас отбасыларының балалары мен жастарын қонақ күткен үйге жинауға себеп болды.
Мұндай жағдайларда балалар мен жастар ауыл оқиғаларын сырттай пайымдаумен шектеліп қана қоймай, оған белсене араласып отырған. Өйткені мұндай кездесулер мен мерекелер тіпті жанама қатысудың өзі ой тудырып, тәжірибе алмасуға, халық шығармашылығының таңдаулы үлгілерін күндегі тұрмыс қажетінде пайдалануға түрткі болады.
Туыстық байланыстардың беріктігі арқасында бір адамның қабілеті мен таланты туыстас отбасыларының ортақ игілігіне айналды. Олар бұл игілікті үнемі жетілдіріп, өзінен кейінгі ұрпақтың бойына сіңірді[4,12б.].
Бір сөзбен айтқанда, қазақ халқының тәрбие саласында пайдаланған талаптары олардың дәстүрлерінен орын тапқан. Олар – балалар ойындары, шығармашылығы, баланың дүниеге келуін (шілдехана), бесікке салуын, қырқынан шығаруын, белгілі бір жасқа толуын (туған күн) мерекелеу, алғашқы қадамына сәттілік тілеу (тұсау кесу), сүндетке отырғызу, алғаш ат жалын тартып мінуі (тақымқағар), жарысқа, күреске түсуі, той жоралғысы, (« Той бастар» , « Жар-жар» , « Беташар» , « Сыңсу» , « Қыз ұзату» ), көктемінің келуін мейрамдау (Наурыз), кісі қазасына байланысты салттар (Жоқтау), алыс сапарға шығарып салу, туыстар, көршілер арасындағы әртүрлі тойлар (« Соғым» , « Шеке» , « Бие бау» және т.б.) қонаққа бару, қонақ қабылдау, айтысқа әртүрлі ойын-сауықтарға қатысу, Алман жарыс, Бәйге жарыс, Көкпар тарту, Қыз қуу, Теңге алу, Қазақша күрес және т.б.
Осы айтылған салт-дәстүрлердің әрқайсысы тәрбиенің өзінше бір құралы, тәсілі немесе әдісі ретінде қызмет етті.
Қолданған әдебиеттер:
-
Наурыз мейрамы күндері жарапазан айтылады. Жарапазан "Шахарзабан" – парсы тілінде шахар кезуші, тақыр, күлдіргі ақын деген ұғымды береді. Бізде ол үй арасында кезіп жүріп ән айтушы болмақ. "Тұсында Педагогика Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Дарын – Алматы. 2004.
-
Төлеубекова Р.К. Адамгершілік тәрбиесінің негіздері - Алматы: 1991,25б.
-
Дүйсембінова Р.Қ. Қазақ әндерінің тәрбиелік мәні. Жинақ. Алматы, 2005
-
Ахметова М. Ән өнері және уақыт - Алматы: "Өнер" 1993.
-
Құлманова Ш.Б., Б.Р. Сүлейменова, М.А. Оразалиева Қазақ орта мектебінің 1,2,3,4 сыныптар музыка сабағына арналған хрестоматия - Алматы, 1995. Республикалық баспа кабинеті.
-
Ақатаев С. Қазақтың кәдуілгі қара өлеңі. Қазақстан әйелдері. – 1986, №1
-
Дүйсембінова Р.Қ. Музыкалық білім беру педагогикасы, Талдықорған, 2006.
Научный руководитель:
кандидат педагогических наук, доцент Таубалдиева Жуматай.