Автор:
Эльмира Есмағамбетова (Қостанай, Қазақстан)
Septoria туысына жататын саңырауқұлақтар жасанды қоректі ортада жақсы өседі және спора түзеді. Бұл мүмкіндікті түрлерді теңдестіру және культуральды-морфологиялық ерекшеліктерді зерттеу үшін пайдаланады. Н.А.Наумов «Саңырауқұлақтарды биологиялық әдіспен зерттеу әдістерінің ішінде дәлдігімен, тиімділігімен, қол жетімділігімен таза культураларды ендіру әдісіне тең келетін еш әдіс жоқ» деп жазады.
Жасанды өсіру зақымдану және морфологиялық белгілері бойынша ерекшеленбейтін түрлерді дифференциациялау үшін қолданатын қосымша құрал болып табылады [1]. Septoria туысының түрлерін дифференциациялау кезінде авторлар қауымның сыртқы түріне, сақырауқұлақтың сипаты мен өсу жылдамдығына, пикнид құрайтын көлеміне және олардың құрылу жылдамдығына, таза өсіру ортада микроконидиалды және жыныстық сатыны құрау мүмкіндігіне мән береді. Осы критерийлер бойынша, мысалы, S.nodorum және S.avenae f.sp.triticea арасында біршама ерекшелік бар, кейде ауыспалы формаға байланысты споралар көлемін айыру қиын. Культуральды-морфологиялық (КМ) белгілердің әртүрлілігі нәтижесінде, бір түрлі септориялар изоляты арасында ерекшелік байқалады [2, 1015-1028].
S.nodorum әр түрлі мәліметтер бойынша, жасанды ортада әуелі жіп шумақ пен ақ түстен қара түске дейін болатын қауым құрып, көптеген қоректі орталарда пикнидтерді жылдам құрайды. Гетероталды түр ретінде S.nodorum моноспоралы ортада қалталы сатыны құрмайды. Чапек-Докс V-8 ортасында саңырауқұлақ микроспорасының құрылуы туралы мәліметтер бар.
S.nodorum культураларының ішінде кейбірулері өте сирек жіп шумақ және көп пикнид, басқалары –қою жіп шумақ және аз пикнид құрады. Осыған сәйкес, Курпинский авторлармен саңырауқұлақтың үш негізгі культуральды-морфологиялық типті белгіледі; 1 - пикнидиалды; 2 – пикнидті жіп шумақты тип; 3 - мицелиалды. Жіктеудің жоғары деңгейін Чапек-Докстің V-8 қоректі ортасында S.nodorum культурасының ішінде бақылауға болады; біріншілері ақ түстен жасыл түске дейінгі көтерілген қауым, ал екіншілері - қызғылт түсті қауым түзді.
S.tritci көбею ерекшелігі бойынша алдыңғы түрден біршама ерекшеленеді. Әсіресе, ол жұқа гифтің аз мөлшерін құрайтын қоңыр түсті ашытқы тәріздес қауым құрайды [3, 145-161]. Кейінірек онда стром тәріздес массасы тығыз жіп шумақ құрайды. S.tritica пикнидтерін қоректі ортада алу өте қиын, олар бір-бірлеп немесе тығыз топтар түрінде құралады, және оларды табу қиынға соғады. Саңырауқұлақтардың кейбір изоляттары микроспоралар құрайды, бос немесе пикнид ішінде.
S.tritici моноспорлы изоляттартар, по данным Парелло және басқалардың мәліметтері бойынша., келесідей жіктеледі; 1 - жіп шумақты; 2 – стромпикнидиалды; 3 - ақ; 4 – ашытқы тәріздес; 5 - аралас. А.А.Санина (1991), өз кезегінде, осы саңырауқұлақ түрінің үш морфотипіне тоқталды (ашытқы тәріздес, аралас және мицелиалды) және олардың ішінен колонияның түсі және құрылымы бойынша ерекшеленетін 10 фенотипті белгіледі.
S.avenae f.sp.triticea, сипаттау бойынша, қою жіп шумақты қызғылт түстен ақшыл сұр түсті колония түзеді. Олардың ішінде пикнидсіз жіп шумақты өсірулер, мицелий астында өсетін пикнидтер, біруақытта пикнид және псевдотеций құрайтын өсірулер кездеседі. Бұл түр гомоталды болып табылады және көптеген қоректі орталарда псевдотеций құра алады. Бұл саңырауқұлақтың микроконидиалды сатысы жасанды ортада өсіруде белгілі бір температура және ылғалдылық шарттарында белгіленбеген.
Саңырауқұлақтардың культуралды белгілері таксономды шамасында жұмыс жасауы мүмкін, егер олардың ерекшеліктері белгілі бір шарттарда тұрақты болса, дәлірек айтқанда, барлық моноспорлы қауымдар бірнеше жасанды ортада өсіруден кейін бірдей культуралды сипатта болады [4, 27]. Бірақ, тәжірибеде, морфотиптер біркелкілігі сирек кездеседі, өйткені көптеген саңырауқұлақтар өзгергіштігімен сипатталады. Рафти мен оның авторластарының мәліметтері бойынша, S.nodorum моноспорлы изолят ұрпағында культуралды-морфологиялық бірдей белгілерімен өсірулер байқалмаған. Басқа да мәліметтер бойынша, морфотиптердің тұрақтылығы жасанды ортада тек 4-5 немесе 3-7 өсіруден кейін байқалған. Кейде бірінші және кейінгі генерацияда басқа типті секторымен мекендер бақыланған. Сонымен қатар, генетикалық біркелкі культураларды түтікшеде ұзақ сақтаудың нәтижесінде гетерогенді популяцияға айналуы мүмкін. Ж.Ж. Кужантаеваның бақылауы бойынша, 3 ай сақталған культуралардан гөрі жыл бойы сақталғандары көбірек өзгеретіні байқалды. Сирек жынысты спора тасымалдаушылар түрлерінде қоректік ортада мұндай өзгергіштік мутацияға байланысты деп есептейді.
Ультра-сәулелендіру және химиялық мутагендер көмегімен мутанттарды алуға болады деген мәліметтер бар. Septoria түрінің өзгергіштігінің басқа себебі, зерттеушілердің ойынша, гетерокаризтер және парасексуалды рекобинация болуы мүмкін.
Осылайша, қоректі ортада түрлердің жіктелуі және септория изоляттарына қатысты көптеген авторлар зерттеулері, патогеннің түрішілік құрылымын зерттеу үшін таза өсіру әдістерін қолдануға болатындығын дәлелдейді.
Әдебиеттер:
1 И. М. Поляков, Е. М. Шумаков, статья «Защита растений» Большая советская энциклопедия. — М.: Советская энциклопедия. 1969—1978
2 Nicolas Feau, Jerry E. Weiland, Glen R. Stanosz, Louis Bernier, Specific and sensitive PCR-based detection of Septoria musiva, S. populicola and S. populi the causes of leaf spot and stem canker on poplars/Mycological Research, Volume 109, Issue 9, September 2005, Pages 1015-1028
3 Zhonghua Ma, Themis J. Michailides, Approaches for eliminating PCR inhibitors and designing PCR primers for the detection of phytopathogenic fungi/ Crop Protection, Volume 26, Issue 2, February 2007, Pages 145-161
4 Fraaije B. A. – Hollomon, D. W. 1997. Novel DNA diagnostic technology in plant disease control using Septoria tritici as a model. In: Project report no. 245, IACR-Long Ashton Research Station, Bristol 1997, 27 p.
Ғылыми жетекші:
Ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты Бейшова Индира Салтанқызы.