Увага! Всі конференції починаючи з 2014 року публікуються на новому сайті: conferences.neasmo.org.ua
Наукові конференції
 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРІСІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Автор: 
Айнур Кереева (Талдыкорган, Казахстан)

2012 жылы ҚР Президенті өзінің кезекті Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстан Стратегиясы - 2050» бағдарламасында «Әлемдік халық саны өсуінің жоғары қарқыны азық-түлiк проблемасын шиеленістіріп отыр. Бүгіннің өзінде әлемде миллиондаған адам ашттыққа ұшырап, миллиардқа жуық адам тағамның ұдайы жетіспеушілігін бастан кешіруде. Тамақ өнімдерін өндіруде революциялық өзгерістер жасамаса, бұл үрейлі цифрлар өсе түспек. Біз үшін бұл сын-қатер астарында орасан зор мүмкіндіктер» [1].

Қазақстан экономикасының түпкiлiктi нарықтық экономикаға көшуі еліміздің агроөнеркәсіп саласына кері әсерін тигізді, себебі ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріс көлемінің тез төмендеуіне ықпал етті. Нарықтық экономикаға көшу кезеңінде ауыл шаруашылығы өндірісінің жылдам төмендеуінің кесірінен халықтың азық-түлікті тұтыну деңгейі үштен бірге төмендеп кетті.

Барлық тұрғындарға жақсы және салауатты өмір сүру үшін қажетті көлемде азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі және экономикалық қол жетімділігі еліміздегі тұрғындардың демографиялық өсуіне әсер етеді.

Ауыл шаруашылығы - Қазақстанның дамуында бірден бір бастапқы бағытының бірі. Бірінші кезекте, осы сектордың еліміздегі халықты қажетті өнімдермен, бірінші қажеттіліктермен, сатылымымен қамтамасыз етілетіні белгілі. Екіншіден, Қазақстан жер көлемі бойынша жер жүзінде 9 орында, ауыл шаруашылығына қолайлы жері көп, агроөндірістік нарығы әлемдік деңгейде дамуда бәсекеге қабілетті мемлекет болып саналады. Үшіншіден, ауыл шаруашылығымен мемлекеттіміздегі халықтың 43 пайызы тығыз

байланыста. Бірақ, нарықтық қарым-қатынастарға өту кезеңі экономикамызға пайдадан гөрі шығынды көбірек әкелді.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі – қаржылық-шаруашылықтың қызметіне, ауыл шаруашылығында шаруашылықпен айналысатын субъектілердің өнім сапасын, табыс әкелуін, үнемділігін және өнімділікті жоғарғы дәрежеде қамтамасыз ете алу мүмкіндігі. Халық шаруашылығының аталмыш саласының тиімділігі ауыл шаруашылығында нақты және мүліктелген еңбек шығынының төмен болуымен және ауыл шаруашылық өндірістен өнімнің ең жоғарғы мөлшерде алынуымен сипатталады.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі төмендегідей көрсеткіштер жүйесінің көмегімен өлшенеді: еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, өзіндік құн, тиімділік, ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігі және т.б.

Тиімділікті нәтиже арасындағы қатынас сияқты және сол нәтижеге кеткен шығындар ретінде анықтауға болады.

Экономикалық тиімділік барлық қоғамдық өндірістің нәтижелілігін бағалау үшін пайдаланылады.Барлық халық шаруашылығының көзқарасы бойынша шектеулі ресурстарды ұтымды пайдалана отырып, қоғам өзінің талап-мүдделерін, қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету жағдайы тиімді болып саналады.

Тиімділіктің критерийі өндірістегі халық шаруашылығының мақсаты, ауыл шаруашылықтарына көрсетілетін қоғамның объективті экономикалық заңдарын талап ету. Ол өзіне өндірістің тиімділігін көтеруге арналған іс-шараларды экономикалық бағалау принциптерінің негізін енгізеді. Тиімділік көрсеткіштері – бұл тиімділік критерийіне толығырақ сипаттама береді. Ауыл шаруашылығы өндірісінің қол жеткізген деңгейі нақты экономикалық көрсеткіштерінің көмегімен сипатталады.

Тиімділік критерийінің мазмұны мамандандырумен байланысты және кешенді сипатының мақсатты көрсетуін экономикалық әдебиеттерде басты тиімділік критерийі деп атайтын ауылшаруашылық өндірісінің тиімділік критерийімен толық сәйкес келеді.Қарқындандыру тиімділігі ылғи нақты саласының тиімділігінің өзгеруі және олардың үйлесуі арқылы білдіреді. Бұл дәл сол мақсат пен құрал-жабдық бірлігінде бұл мақсаттарға жету үшін ауыл шаруашылық өндірісінің басты критерийінің бірлік мазмұны және мамандандырылған тиімділік критерийі, сондай-ақ жалпы және қарқындандырудың тиімділігін зерттеудің бастапқысы негізінен заңды және ауыл шаруашылығын мамандандыру сол ғылыми-теориялық позициялары қарастырылған [2,23б.].

Кешенді талаптарға сүйене отырып, қазіргі заманғы шарттарда ауыл шаруашылық кәсіпорындарындағы өндіріс тиімділігінің басты критерийі және оның мамандандыруы, жалпы ауыл шаруашылығына қажетті өнімдерді алу еңбектің аз шығынымен жер ауданының өлшемімен және материалдық құрал-жабдықтарды өндірістегі оның өлшемін білдіреді. Аталмыш критерийде жердің маңызды өнімділігін қолдану оның өнімді жасауындағы ерекше рөлінің күшіне және нақты және өткен уақыттағы заттанған еңбектің шығын тиімділігінің артуына қажеттілік. Тиiмдiлiктің басты критерийі өзіндік үйлесімді екi бағытты көрсетеді: шектеулі ресурстарда ең жоғары өнімді алу және өндірістің кепілді көлемдер өнімдердің өзіндік құнын барынша азайту.

Әрбір осы көрсеткіштер өндіріс ресурстарын пайдалану бойынша өзіндік экономикалық ақпарат әкеледі. Сонымен жер алқаптарының өлшеміне жалпы және тауарлық өнімдер өндірісі ауыл шаруашылығында жерлерді маңызды құрал ретінде пайдалану деңгейінен сипаттама береді. Бұл көрсеткіштердің арақатынасы мемлекеттік жоспардың тапсырысын орындауда ішкі шаруашылық ресурстарын жұмылдыру дәрежесі жөнінде шаруашылықтың тауарлығы туралы толық көрініс береді.

Жер алқаптарының өлшемі жалпы шығыс пен таза кірісті экономикалық жақтан талдайды. Нақты еңбектің өнімділігі туралы өнімді жалпы және тауарлық өнімдердің жалпы еңбек шығынына қатынасына қарай талқылауға болады. Бұл көрсеткіш бір адамға күніне үстеме өнім бөлігінің шығына таза кіріс жасау позициясымен түсіндіріледі. Таза кіріс өлшемдері жалпы өнімділік шығындарына қатысты және ауыл шарушылығына тағайындалған негізгі өндірістік қорлар мөлшері, жер алқаптарының өлшемдеріне шығыс мен таза кіріс көрсеткіштері жиынтығымен экономикалық шарттарды және кең көлемді өнімділік және халық шаруашылығының одан әрі дамуына сипаттама береді. Көрсетілген көрсеткіштер тізбегінде негізгі өндірістік қорлардың қызмет етуінің құнына ауыл шаруашылық өнімдерінің шығысына қатынасын анықтайтын қор қайтарымы көрсеткіші де бар. Аталмыш көрсеткіштер жүйесі негізгі айналымдағы өндірістік қорлар, еңбек, жерлерді пайдалану дәрежесі беріледі. Ал бұл басқа да ескерілмеген себептер мен жағдайлар өндірісті қайта құруда, не салалардың пайда болуы ауылшаруашылық өндірістің тиімділігі мөлшерінің өзгеруі арқылы түсіндіріледі.

Көптеген экономистер аталған көрсеткіштер жүйесінің мамандандыруға ықпалы жеткіліксіз деп есептей отырып, бұл жүйені басқа ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдардың маңыздылығы жағынан сипаттама бере алатын көрсеткіштермен толықтыруды ұсынады. Жүйені толықтыратын көрсеткіштер қатарына мыналар жатады:

- тауарлық өнім бойынша мемлекеттік жоспарды орындау;

- өнімділік және еңбек ақысы;

- ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігі және ірі қара өнімділігі;

- өнімнің өзіндік құны;

- күрделі салымдардың тиімділігі [3,55б.].

Ауыл шаруашылығын мамандандыру тиімділігінің бағасын өңдеудің әдістері серпінді және статикалық аспектіде қоғамдық, коллективтік және жеке тұлға қызығушылығына қанағаттандырарлық іс-шаралардың ықпал ету шамасының сипатын қамтамасыз етуі қажет. Ғылыми-техникалық ілгерілеу негізін өндіріс тиімділігі құрады. Экономикалық тиімділіктің критерийі қоғамдық жеке адамдардың қажеттілігін толық қанағаттандыруы және ресурстарды ұтымды пайдалануы болып табылады.

Тиімділікті жоғарылататын факторларына төмендегіделер жатады:

1. Қажеттіліктердің өсімі және күрделенуі

2. Өнімнің сапасына талаптың күшеюі

3. Ресурстардың өндірісін шектеу

4. Экономикалық потенциалды ұтымды пайдалану.

Нәтиже – бұл өндірістің мақсатын іске асырушы, соңғы нәтиже, қандайда бір үрдістің нәтижесі.

Тиімділік нәтиже қандай жағдайда жетістікке жететіндігін көрсетеді.

Тиімділік = нәтиже / шығындар

Тиімділіктің өсу қарқыны бұл тиімділікті тудыратын шығынның өсу қарқыны жоғары болуы қажет.

Экономикалық тиімділіктің көріністері:

1. Халық шаруашылығының саласы ретінде ауылшаруашылығының тиімділігі

2. Жеке кәсіпорындарда ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігі.

3. Ішкі шаруашылық бөлімшенің өндірісінің тиімділігі.

4. Жеке ауыл шаруашылық саланың тиімділігі.

5. Ауылшаруашылық дақылдарының тиімділігі және түрлері

6. Жеке шаруашылық шаралардың тиімділігі.

Экономикада тиімділіктің астында пайда бар екені белгілі. Салаларда, тауар жіктелмейді, бұл таза табыс.Біз ұсынып отырған өлшемдердің тиімділігінің әдістемелік негіздері көрсеткіштермен сипатталады. Олардың деңгейін анықтағанда келесі көрсеткіштер пайдаланылады:

- технологиялық тиімділікке: өнімнің өндірісінің көлемдері, техникалық деңгейдің және өндірістің жарақтанғандығының көрсеткіштері, технологияның (айталық, ауыл шаруашылық дақылдың өнімділігі) дамуының деңгейі және т.б;

- экономикалық тиімділікке: өзіндік құн, баға, пайда, тиімділік, төлемпаздық, қаржылық тұрақтылық,

- әлеуметтік тиімділікке: жан басына шаққандағы өндіріс, меншікті өндіріс есебіне әр адамға шаққандағы азық-түлікті табыстың және халықтың еңбекпен қамтуының деңгейі, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерімен және баспанамен қамтамасыз ету және тағы басқалар;

- экологиялық тиімділікке: агроландшафты сақтау көрсеткіштері, табиғи ресурстарды пайдалану, қоршаған ортаны қорғу, игерушіліктер табиғи қамба, күзеттің табиғи қоршаған орта, экологиялық көрсеткіштер және тағы басқалар.

Агроөнеркәсіп кешені күрделі құрылымнан тұратындықтан кешеннің дамуы мен қалыптасу барысындағы мәселелерді шешуі біздің пікірімізше, оның салалары мен кәсіпорындарының қалыптастыратын айқындалған көрсеткіштер жүйесі қажет.

Агроөнеркәсіп өндірісінің қалыптастыру тиімділігінің көптеген көрсеткіштерін келесі топтарға бөлуге болады:

- негізгі өлшемдерге жатқызылатын және табиғи және құндылығы;

- құбылыстың қай жағындағы операциялар, процесстер өлшенуіне байланысты сандық және сапалық;

- көлемді және салыстырмалы - пайдалануға байланысты жеке алынған көрсеткіштер немесе олардың ара-қатынасы;

- индивидуалды және жалпылаушы – біріктіру құбылыстарының дәрежесі бойынша;

- өзгеше және жалпы құбылыстардың ерекшеліктеріне байланысты;

- жеке және бірлескен – талқылау деңгейіне байланысты (кәсіпорын, сала).

Барлық көрсеткіштер жүйесінде агроөнеркәсіп өндірісін дамыту мен қалыптастыру, экономика нарығын қалыптастыру процестеріне негізделген дәстүрлі және принципиалды жаңа тапсырмалар кешенін шешу үшін тағайындалған жиынтық түріндегі өзіндік көрсеткіштер топтамасы [4,156б.].

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы 14 желтоқсан 2012ж //http://www.akorda.kz

2. Молдашев А.Б. «Проблемы развития АПК Казахстана». / Выступление на

радио, НИИ экономики АПК и развития сельских территорий, 14.02.2005

3. Есполов Т.И., Бельгибаев К.М., Сулейменов Ж.Ж. Аграрная экономика. Алматы, 2005. – 345 с.

4. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятий АПК. – Минск: Новая заря, 2003. - 695 с.